Читайте также:
|
|
Өндірістен келетін газдың құрамында бөтен қоспалар: қатты бөлшектер (құм), ауыр көмірсутектердің конденсаттары, су булары, күкіртсутек, көмірқышқыл және инертті газдар кездесуі мүмкін.Газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады.
Газды механикалық қоспалардан тазарту газ құбырларының және КС, ГРС жабдықтарының және тұтыну жабдықтарының сызықтық бөліктерінің ластануы мен эрозиясын болдырм ау үшін жүргізіледі.
күкіртсутек, көмірқышқыл және инертті газдар кездесуі мүмкін.
Газдың құрамында қатты бөлшектер компрессордың тетіктерінің тез тозуына әкеледі. Қатты бөлшектер құбырдың бойындағы арматураларды және өлшеу бақылау приборларын бітеп тастайды, құбырдың көлденең қимасын кішірейтуі мүмкін. Сұйық бөлшектер құбырдың астыңғы бөлігіне жиналуы да құбырдың көлденең қимасын кішіреюіне және құбырдың, басқа да метал қондырғылардың таттуына әкеледі.
Табиғи газды тазалау аппараты.
Механикалық қоспаларға ұңғыдан газ ағынымен ілесіп шыққан тау жыныстардың бөлшектері, магистралды құбырөткізгіштің құрылысынан қалып қойған қалдықтар, сұйық конденсат және су жатады.
Жұмыс жасау принципі бойынша газ механикалық қоспалардан тазалауға арналған аппараттар екі топқа бөлінеді:
Шаңнан құрғақ тазарту принципі бойынша; бұл аппараттарда шаңның айырылу негізінен гравитация және инерция күштерді арқасында жүзеге асады; оларға циклонды шаңұстағыштар, гравитациондық сепараторлар және әр түрлі фильтрлер (керамикалық, металлокерамикалық, т.б.) жатады.
Шаңнан сұйық тазарту принципі бойынша; бұл жерде газдан айырылатын шаң жуғыш сұйықтық арқылы өтеді; бұл сұйықтық регенерациядан және тазартудан кейін қайта аппаратқа қайтарылады; оларға вертикальды и горизонтальды майлы шаңұстағыштар жатады.
Майлы шаң ұстағыштар сфералық түбі бар тік цилиндрлі ыдыс болып табылады. Шаң ұстаңыш үш бөліктен тұрады: Төменгі жуңыш А бөлігі, онда майдың тұрақты деңгейі әрқашан ұсталып тұрады; орта шөктіру Б бөлігі онда газ майдың ірі бөлшектерінен ажырайды және жоңарыңа босату бөлігі В онда газды майдан түпкілікті тазарту жүреді.
Үрлеуді қыс кезінде тәулігіне бір реттен кем емес етіп немесе май деңгейінің өсуне байланысты, егер оның деңгейі нормалды деңгейден 24 сағатқа жетпей асып кеткенде жүргізіледі. Шаң ұстағыш толық тазартуды жылына 3-4 рет люк аркылы жүргізеді.
Газды тазарту қондырғысының құрамына майлы шаң ұстағыштардың тобына басқа, жұмыс істеген майларды қайта пайдалану мақсатымен оны тұндыру үшінарналған тұндырңыштар кіреді. Май аккумуляторы шаң ұстаңыштарды жаңа май құйып дайындау үшін қажет. Аккумуляторлардан шаң ұстағыштарға майды беру жоғарғы белгілердің айырмашылығына өздігінен ағу арқылы жүзеге асады, өйткені аккумулятор мен шаң ұстағышта қысым олардың арасындағы кранды ашумен теңкстіріледі.
Шаң ұстағыштардың диаметрімен санын, олардың жұмысының қалыпты жағдайларын, тасымалданатын газдың жобалақ көлемін, шаң үстағыштардағы оның жылдамдығын және олардың біреуі периодты түрде жөндеуге шығарылып тұруын есепке ала отырып анықталады. Шаң ұстағыштардың біреуі істен шыққанда, қалңандарына түсетін жүктеме 33%-дан аспау керек. Аккумулятор мен тұндырғыштардың сыйымдылықтарын бір шаң ұстағыштың май бойынша сыйымдылыңына тең деп алады.
Тік майлы шаң ұстағыштардың өткізу қаблеті берілген қысымда жану түтіктеріндегі газ ағынының жылдамдығымен шектеледі, ол газдың «жұтылу» жылдамдығынан аспау керек. Бұл шаң ұстағыштардың массасы мен өлшемдері өте үлкен. Сондықтан, металл шығынын жіне габариттік өлшемдерін азайту үшін көлденен және шар тәріздес сұйықтық шаң ұстағыштардың және ортадан тепкіш циклондық шаң ұстағыштардың құрылымдары жасалған.
Бірсекциондыгравитациондықсепаратор
1-шығыс келте құбыр, 2- кіріс келте құбыр, 3- люк, 4- сепараторды үрлеуге арналған келте құбыр
Газды тазалау кенорыннан тұтынушыға дейін бірнеше сатыдан өтеді. Ұңғыдангазағыныменілесіпшыққантаужыныстардыңбөлшектерініңшығуынболдырмауүшінфильтрменжабдықтайды.
Екіншісатыдагазжерүстісепараторларданөтеді. Бұл сепараторларда газдан сұйық пен конденсаттан және шаңнан тазартылады.
Циклонды шаң ұстағышта газды тарату орталықтан тепкіш күшпен тамшылық ылғалмен қатты бөлшектерді шетке қарай лақтыру негізделген. Сепарауияланған ылғал мен қатты бөлшектер циклонның дренаждық құрғату конусы бойынша аппараттың төменгі бөлігіне тұнады, ол жерден автоматы түрде дренаждық жалғастық арқылы кетеді. Газды тазалау кенорыннан тұтынушыға дейін бірнеше сатыдан өтеді. Ұңғыдан газ ағынымен ілесіп шыққан тау жыныстардың бөлшектерінің шығуын болдырмау үшін фильтрмен жабдықтайды.
Екінші сатыда газ жерүсті сепараторлардан өтеді. Бұл сепараторларда газдан сұйық пен конденсаттан және шаңнан тазартылады.
Циклонды шаң ұстағышта газды тарату орталықтан тепкіш күшпен тамшылық ылғалмен қатты бөлшектерді шетке қарай лақтыру негізделген. Сепарауияланған ылғал мен қатты бөлшектер циклонның дренаждық құрғату конусы бойынша аппараттың төменгі бөлігіне тұнады, ол жерден автоматы түрде дренаждық жалғастық арқылы кетеді.
Газды тазартудың үшінші сатысы магистралды құбырөткізгіштің сызықтық бөлігінде және компрессорлық станцияларда жүргізіледі. Сызықтық бөлікте конденсат жинақтағыштар қойылады. Себебі толық емес сепарациядан кейін газда сұйықтық болуы мүмкін.
Газдыңциклондағықозғалысы
1- газшығысы, 2-газкірісі, 3-механикалыққоспалар
Конденсат жинақтағыштардың арасында ең көп қолданылатыны – «кеңею камерасы» типіндегі конденсат жинақтағыштар.
Олардың жүмыс істеу принципі құбыр диаметрінің үлкеюі кезінде газ ағынынан сұйық тамшыларының ауырлық күшінің әсерінен түсуіне негізделген.
«Кеңею камерасы» типіндегі конденсат жинақтағыш
1-газқұбыр, 2- Кеңеюкамерасы, 3- қаттылыққабырғалары, 4- конденсатағыпкетугеарналғанқұбы
Шаңұстағыш.
Фильтрлі сепаратор.
Төмен температуралы айыру қондырғыларда газды салқындату газды құрғату үшін кеңінен қолданылады. Салқындату температурасына сәйкес төмен температуралы айыру тәсілі арқылы 80 нен 100 % дейін ауыр көмірсутектерден айыруға және қажетті шық нүктесіне дейін құрғатуға болады.
Практикада төмен температуралы айыруды қолданады (ТТА). Бұл айыруда қабаттық қысымды өзгерту (газды дросселдеу) арқылы және жасанды салқын арқылы температуралардың ауытқуларын алады.
Поршендік или турбиндік детандер газды жоғары салқындатуға және төмен температуралы айыру қондырғылардың жұмыс жасау ұзақтығын ұзартуға мүмкіндік береді.
Ауада салқындату аппараты.
Күкіртсутектен тазартылған газ түссіз және иіссіз болып келеді. Сондықтан оның ағындыларын байқау өте қиын болып келеді. Газ тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны одоранттайды, яғни оған жағымсыз иіс береді. Ол үшін газ құрамына арнайы одоранттарды енгізеді. Бұл одоранттардың жану өнімдері зиянсыз болуы, газбен химиялық әсерлеспеуі және коррозия тудырмауы керек. Одоранттар бағасы жағынан арзан болуы керек. Осы талаптарды этилмеркаптан қанағаттандырады. Газды одоранттауды бас және газ таратушы станцияларда жасайды.
10-ГКНА типтіагрегаттауаппараты.
Газотурбиналық қондырғының жану өнімдерінде ауадағы оттегінің 80%-на дейін оттегі болады. Себебірегенеративтігазотурбиналыққондырғылардаауаныңартықкөлемініңкоэффициенті 7-гедейінжетеді.
Қосымшажанукамераларынорнатуарқылыыстықгаздарағынындакезкелгенөндірістікотындытиімдіжағыпжәнешығугаздарыныңжылуынпайдалануарқылыотынныңжылуынпайдаланукоэффициентінарттыруғаболады.
Егергазотурбиналыққондырғыныңжобалауыкезіндеутилизациялауқондырғыларынпайдалануқарастырылса, ондаоларгазотурбиналыққондырғыныңпараметрлерінтаңдауғаәсерінтигізеді.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 528 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кен орнының болашақтағы маңызы | | | Табиғи газдарды күкіртті қосылыстардан және көмірқышқыл газынан тазарту |