Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Амангелді газ кенорны

Амангелді газ конденсаты кен көзін игеру жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынып, жүзеге асырылып, ел игілігіне берілді. 2003 жылы 23 қазанда оның іске қосылу салтанатына Елбасы арнайы қатысты. Мұның өзі елімізде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарышты қадамның бірі болды. Алып жоба «ҚазТрансГаз» АҚ, осы жұмысты игеру үшін құрылған «Амангелді газ» серіктестігі және басқа да бұрғылаушы құрылыс компанияларының табанды еңбектерінің нәтижесінде белгіленген мерзімде пайдалануға берілді. Міне, облыс тұрғындары және өндіруші компаниялар, басқа да кәсіпорындар Амангелдінің сапалы табиғи газын он бір жылдан бері тұтынып келеді. Бүгінде мұнда өндірілетін газ көлемін арттыра түсу үшін геологиялық-барлау жұмыстары жемісті жалғастырылуда.

Амангелді - Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойысындағы газ кенорны. Жамбыл облысында, Тараз қаласының солтүстігінде 165 км жерде орналасқан. Құрылым 1974 жылы сейсмобарлаумен іздестіру бұрғылауын жүргізуге дайындалды. 1975 жылы газ бұрқағы атқылап, кенорын ашылды. Кен сыйыстырушы құрылым оңтүстік-шығыс қанаты біршама тікшіл келген брахиантиклин қатпар болып табылады. Өлшемдері (-1920 м-лік изогипса бойынша) 7x3 км, амплитудасы 240 м-ге жуық. Өнеркәсіптік газдылығы жоғарғы турне, төменгі визе, төменгі Серпухов жікқабаттарының және төменгі пермь бөлімінің шөгінділерімен байланысқан. Қойнауқаттық күмбездік типтегі жоғарғы турне жатынының биіктігі 12,5 м. Газ су жапсары шартты түрде -1776,5 м-лік белгіде қабылданған. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 50 м, оның тиімдісі 5,6 м. Қойнауқаттың күмбезді литологиялық қалқаланған төменгі турне жатынының шартты түрде қабылданған газ-су жапсары -1939 м-лік аюсолют белгіде, биіктігі 236 м. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 30 м, оның тиімдісі 19 м. Жинауыштар кеуекті және жарықшақты-кеуекті типтес. 11,5 мм-лік шайбадағы газдың алғашқы шығымы 213,4 мың м3/тәу болды. Қойнауқаттың қалыңдығы 6-8 м. Серпухов әктастарындағы қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған газ жатынының күмбездегі ең аз тереңдігі 1722 м, биіктігі 120 м. Газ-су жапсары шартты түрде - 1426 м-лік белгіде қабылданған. Екі-төрт қойнауқаттан тұратын газ горизонтының жалпы қалыңдығы 20 м-ден 26 м-ге дейін жетеді, оның тиімдісі 10,4 м. Кеуекті және ұралы-кеуекті типтердегі жинауыштары бар. Төменгі пермнің сульфатты-галогендік, терригендік шөгінділеріндегі жатын қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған типке жатады. Күмбездегі оның жатыс тереңдігі 850 м. Газ-су жапсары -782 м-лік белгіде қабылданған. Жоғарғы турне-төменгі визе шөгінділеріндегі газдардың құрамы мен мөлшері мынадай (%-бен): метан - 67,25-86,2, этан - 4,52-10,53, пропан - 2,86-5,2, изобутан - 0,42-0,57, н-бутан - 0,82-0,95, т.б., 30 г/м3 дейінгі мөлшерде конденсат бар екендігі анықталды. Серпухов жікқабатына тиесілі жатында 81 - 0,45% метан, 9,99% этан, 3,0% пропан, 0,38% изобутан, 0,54% н-бутан т.б. бар. Конденсат мөлшері 12,85 г/м3. Конденсатта 0,016%-ға дейін күкірт бар. Төменгі пермь жатындарындағы газдар құрамы мен мөлшері былайша сипатталады (%-бен): метан - 9,47-26,05, этан - 0,21-1,97, пропан - 0,02-0,49, изобутан - 0,03-0,05, н-бутан - 0,07-0,09 т.б. Жатындардың режимі серпінді газарынды болып келген. Кенорын 2003 жылдан игерілуде.[1]


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кен орнының болашақтағы маңызы | Кен орнының технологиясы және оның ерекшеліктері | Табиғи газдарды күкіртті қосылыстардан және көмірқышқыл газынан тазарту | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | Орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Кен орнының барланған газ қоры

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)