Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Читайте также:
  1. A) қол жетімді тұрғын үй және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту
  2. D) үйсіз-күйсіз адамдарды, көше жезөкшелерін және ұсақ қылмыскерлерді
  3. D) Материалдық және рухани
  4. XIV – ғ.және XV ғасырдың басындағы Мәскеу княздығының архитектурасы.
  5. Адам және саясат
  6. Бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
  7. Бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау

 

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымдастырушылық, техникалық, жылутехникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және басқа да ережелер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар мен критерийлерді белгілейді және міндетті түрде:

– кәсіпорын мен оның бөлімшелерінде еңбектің қорғалуын ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды тағайындауды;

– түрлі жұмыс орындары үшін (кеңсе қызметкерлерін қоса алғанда) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін;

– қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізу тәртібін;

– қызметкерлердің кәсіби дайындығын, физикалық жай-күйін, денсаулық жағдайын ескере отырып, іріктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;

– кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы мен өндірістік нысандарды пайдалану ережелері бойынша барлық талаптар мен нұсқаулықтарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруды;

– еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуді;

– құрылыстардың, ғимараттардың, көліктер мен тетіктердің, пайдаланымдағы басқа да өндірістік нысандардың техникалық күйінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылап, ұдайы тестілеуден өткізуді қарастыруы тиіс.

Еңбекті қорғау жүйесі, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және саниталық-сауықтыру іс-шараларының 3-5 жылдық кешенді жоспарларын қарастыруы тиіс. Олар заңнамаға сәйкес, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізгі бөлігі болып табылады.

Еңбекті қорғаудың мақсаты қызметкерлердің жазатайым жайттарға, апатты жағдайларға ұшырауы мен кәсіби ауруға шалдығуын азайтуға тырысып, сондай-ақ еңбектің максималды өнімділігі жағдайында қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп, денсаулық пен адам өмірі үшін қауіпті әрі зиянды өндірістік факторларға жол бермеу болып табылады. Қызметкерлерді жарақатқа немесе кәсіби ауруларға ұшырататын факторлар қауіпті өндірістік факторлар болып табылады. Оларға мысалы, жылжымалы тетіктер мен қызып тұрған нысандар мен т.б. жатады. Ауруға шалдықтыратын немесе еңбекке жарамдылық қабілетін төмендететін, мысалы ауадағы зиянды қоспалар, шуыл, діріл, электр магниттік сәулелену зиянды факторлар болып табылады.

Еңбек кодексінің 15-бабының 25-тармақшасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы28 қарашадағы № 1225 Қаулысымен Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.

Қағидаларға сәйкес, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлердің, басқарушы қызметкерлер мен өндірістік ұйым өкілдерінің тізімі, қауіпсіздік техникасына үйретілетін жұмыстар мен кәсіптердің тізімі құрылады. Оқыту нысанын жұмыс беруші кәсіп, жұмыс түріне, өндіріс ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігі жағдайларына қарай белгілейді.

Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден етуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімді тексеруден сәтті өткендер Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында жарамды болатын белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.

Ұйымдарда басшы қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақытылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

Жұмысқа қабылданған адамдар жылына кем дегенде бір рет міндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi.

Оқытуды жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi. Бiлiмді тексеру нәтижесi емтихан комиссиясының хаттамасымен ресiмделедi.

Жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы құрылады.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторы кiредi.

Бiлiмiн тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес куәлiк немесе хаттамадан үзiндi көшiрме берiледi.

Қызметкерге нұсқама беру бойынша жұмыс еңбек шарты жасалғанда жүргізіледі. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, осындай жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс (Еңбек кодексінің 310-бабы). Мұндай жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін жүзеге асады. Еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби іріктеу үлкен маңызға ие. Оның мақсаты – өндірістік үдеріске қатысуға физикалық мүмкіндіктері бойынша жарамсыз тұлғаларды анықтау.

Қызметкер нұсқама беруден өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі. Нұсқама берудің бірнеше түрі бар: кiрiспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты (ағымдағы).

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама бiлiмi, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе бұл мiндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргiзедi.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика жүзiнде көрсете отырып, еңбек қауiпсiздiгi стандартының талаптарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi тиiстi қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып, әрбiр жұмысшыға жүргiзiледi.

Қайталама нұсқаманы қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді жұмысшының есіне түсіріп, нақты жағдаяттар мен заңбұзушылықтарды талдау мақсатында кем дегенде жарты жылда бір рет өткізеді.

Жоспардан тыс нұсқама технологиялық үдеріс өзгерген, қызметкер басқа жұмыс орнына ауыстырылған, еңбек жағдайы өзгерген, еңбекті ұйымдастыру ережелері өзгерген, жаңа техника енгізілген, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде өткізіледі.

Жоспардан тыс нұсқама бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгiн бұзған кезде жүргiзiледi.

Мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамаларды рәсімдеу және қолдану ережелеріне сәйкес, аса қауіпті жағдайдағы жұмыс өндірісі кезінде жүргізіледі. Наряд-рұқсатнама – бұл ұйымның жұмысты қауіпсіз өндіруіне жазбаша түрде берген өкімі. Онда барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғалар көрсетіледі. Осылайша, жұмыс берушінің жауапты тұлғасы жұмыс бастар алдында бригадаға жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқама беруі тиіс.

Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргiзiледi, авария, табиғи және басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресiмделетiн жұмыстарды жүргiзу кезінде өткізіледі.

Еңбек қауііпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеуде кадр бөлімі мамандарының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №157-б бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту қағидаларын басшылыққа алғаны жөн.

Нұсқаулықты әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен тізбеге сәйкес жұмыс орындарына жүзеге асырады. Тізбені еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау комитеті мен қызметкер өкілдерінің қатысуымен жасайды. Нұсқаулықтар, жабдықты жасаушы-зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамаларында, сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық құжаттамаларында жазылған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленеді.

Нұсқаулықтың мәтіні аталмыш жұмыс орындалатын төмендегі жағдайларды ескере отырып, технологиялық үдерістің тізбегіне сәйкес баяндалады:

1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;

2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы тиіс.

Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты адаммен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды адамдармен және ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісуден кейін жұмыс беруші бекітеді.

Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегiмен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады.

Қанағаттанарлықсыз бiлiм көрсеткен қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi және нұсқаманы қайта өтеді.

Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқаманы тiркеу журналдарын нөмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып бередi.

Қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының нұсқаулықтары мен талаптарын сақтауға, жұмыс уақыты кезінде арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға міндеттенеді.

Қауіптілігі жоғары жұмыстағы қызметкерлер ауысым алдында медициналық куәландырудан өтеді. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 Қаулысымен бекітілген. Тізімге қаралудың жиілігі белгіленген (жұмыс ауысымының алдында 30 минут немесе 1 сағат бұрын) 30 кәсіп түрі енген. Олардың ішінде тұрақты және тұрақты емес жолаушылар мен жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер бағдарларында жұмыс істейтін автокөлік құралдарының жүргізушілері, қазандық операторлары, атом реакторлары мен 220 Вольт және одан да жоғары кернеулі қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін персонал, жерасты жұмысшылары, локомотив машинистері мен машинистердің көмекшілері т.б. бар. Медициналық тексеріп-қаралудан бұлтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын кәсіпорындардан апатты ескертіп, оның салдарын жою бойынша арнайы бағдарламалардың қабылдануын талап етеді. Осы мақсатта өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң, кәсіпорындарға қажет болған жағдайда апат пен өндірістегі жағдаяттарды жайылтпай, салдарын жоюға жіберілетін арнайы қаржылық және материалдық қор құруды ұсынады. Қауіп-қатерді азайту мақсатында, әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасы мен қорғаныс құралдары бойынша қағидаларды, нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды қолдануы тиіс. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық түйткілді жағдаяттарда жылдам шара қабылдау үшін, апатты жағдай орын алған кездегі барлық әрекеттер туралы хабардар болуы тиіс.

Жоғары қауіптілікпен байланысты мамандықтар мен жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықты қайта қарау, кем дегенде 3 жылда бір рет жүргізіліп тұруы тиіс. Нұсқаулық мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:

– заңнамалық келісімдер, мемлекеттік стандарттар және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгергенде;

– жаңа техника мен технология енгізілгенде;

– өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды зерделеудің нәтижелері бойынша.

Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 7474 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Амангелді газ кенорны | Кен орнының барланған газ қоры | Кен орнының болашақтағы маңызы | Кен орнының технологиясы және оның ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Табиғи газдарды күкіртті қосылыстардан және көмірқышқыл газынан тазарту| Орытынды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)