Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып бойынша қосымша информация: негізгі түсініктер.

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. E) негізгі және қосымша
  4. II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер
  5. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  6. Parliament бренді бойынша 2012 жылға Leo Burnett жұмыс көлемі
  7. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі

ММУ Ф 4/3-05/03

Ж. 14 маусымдағы № НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

 

 

Тақырып 1: Паразитизмнің жіктелуінің биологиялық негізі. Қарапайымдылар типі, жалпы сипаттамасы және медициналық маңызы.

 

Пәні: Медициналық паразитология

 

Мамандығы: 5В130100 - Жалпы медицина

Курс: 3

 

 

Құрастырушы:

Б.Н.Дюсенбекова

 

 

Қарағанды 2014 ж.

 

Кафедраның отырысында талқыланды және бекітілді

 

№ _2_ хаттамасы «_02_» _09_____2014

 

каф. меңгерушісі ____________________Б.Ж. Култанов

 

 

Тақырып 1: Паразитизмнің жіктелуінің биологиялық негізі. Қарапайымдылар типі, жалпы сипаттамасы және медициналық маңызы.

Мақсаты: Студенттерді қарапайымдылар типіндегі әр түрлі кластарды ұйымдастырудың күрделенуімен, паразитизмнің негізі биологиялық жіктелуімен, систематикасымен, морфологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Қарапайымдылар типі өкілдерінің медициналық маңызы және тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін оқу.

Оқыту мақсаты:

1. Кәдімгі амеба мысалында қарапайымдылардың құрылысын және тіршілік әрекетін оқу.

2. Саркодтылар класының өкілі – дизентериялық амебаның медициналық маңызын оқу.

3. Талшықтылар класының өкілдері – лямблияның, лейшманияның және трипаносоманың медициналық маңызын оқу.

4. Жасыл эвглена мысалында талшықтылардың құрылысын және тіршілік әрекетін оқу.

5. Кірпікшелілер класының өкілі – балантидияның медициналық маңызын оқу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Паразитизмнің экологиялық жіктелуін беріңдер.

2. Қарапайымдылар типінің жіктелуін беріңдер.

3. Кәдімгі амеба мысалында қарапайымдылардың органоидтарын, жалпы ұйымдасу белгілерін және тіршілік әрекетін атаңдар.

4. Кәдімгі амебаның дизентериялық амебадан айырмашылығы неде?

5. Қарапайымдылар типінің әр түрлі кластарының өкілдерінің ұйымдасуындағы күрделенудің қандай белгілері байқалады?

6. Неге өсімдік талшықтылары жануарларға жатады?

7. Адамда ауру тудыратын саркодтылар мен талшықтылардың арасындағы патогендік түрлерін атаңдар.

8. Қарапайымдылардың тіршілік циклі немен сипатталады?

9. Адам өмірінде және биогеоценоздағы қарапайымдылардың рөлін атаңдар.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тематический семинар: сабақтың тақырыбын талдау және талқылау, тестілеу, жүйелік семинар: оқылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу дискуссиясы: берілген тақырып сұрақтары бойынша, білімді бекіту.

 

Ұсынылған әдебиет:

Негізгі:

1. Әміреев С., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ.: Медициналық паразитология: Оқулық.-Алматы: Кітап, 2005.-442 б.

2.Дюсенбекова Баян Нестеровна М Медициналық паразитология Қарапайымдылар типі: оқу құралы; КГМУ, 2009. – 37 б.

Қосымша:

1. Барышников Е.Н.: Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с. Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с.

2. Виноградов А.Б., Глумов С.Г., Афонина Т.Д.: Медицинская паразитология: Учебное пособие для медвузов.- Ростов н/Д: Феникс, 2006.- 290 с.

3. Пехов А.П. Биология: мед.биология, генетика и паразитология: Учебник/ А.П. Пехов. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. – 656 с.

4. Утибаева Р.А: Учение академика Е.Н.Павловского о природной очаговости болезней человека и животных: учеб.- метод. пособие.- Караганда: КГМА, 2007.-120с.

5. Шабалова Н.П. Ложь и правда о паразитах – М. Издательский дом Роса, 2009. 190 с.

 

Тақырып бойынша қосымша информация: негізгі түсініктер.

 

Амебиаз немесе дизентерия амебасы - диаррейлы тобынан созылмалы паразитарлы ауру, дизентерия амебасымен шақырылады және тоқ ішектің ойық жаралануымен сипатталады. Оның қоздырғышы қарапайым - Entamoeba histolytica. Entamoeba histolytica болып есептелінеді. Оның даму циклінде вегетативті кезеңі және тыныштық немесе циста кезеңі бар. Циста сыртқы орта факторларының әсеріне тұрақты, нәжісте температурасы 13-17С 15- күнге дейін және оданда көп сақталуға мүмкін, ылғалды жерде – 8-з күнғе дейін, бірнеше күн жеміс, көкөністерде, ұй заттарында сақталынады. Қайнатқанда, кептіргенде өледі. Аурулар ауа райы ыстық аймақтарда кең таралған. Индия, Колумбия және Мексикада дизентерия амебасының бауырға күрделі абсцесстер асқынуымен 40 млнға жақын адамдар азап шегеді.

Адам ағзасына амебалардың түсуі клиникалық белгілердің көрінуіне әкелмейді, ондай адамдар амебаның тасымалдаушылары болады, сондықтан маңайындағыларға қауіпты болуы мүмкін. Ауру тасымалдаушылар нәжіспен бірге сыртқы ортаға амебалардың цисталарын шығарады, олар адамнан адамға кір қолмен, күнделік қолданатын нәрселер арқылы беріледі. Кір тамақпен, мысалы, жуылмаған көкөністермен, сұмен (ашық су қоймаларынан су ішкенде, шомылғанда) амеба цисталарын жұтқанда зақымданады. Амебалардың цисталары кір қолмен және шыбындар арқылы да қөректі заттарға түседі

Патогенез. Жұқтыру Entamoeba histolytica –ның цисталарымен және тек қана энтеральды жолменен өтеді. Цистада хитинды қабырғасы және 4 ядросы болады. Цисталар асқазан сөлінің тұз қышқылының әсеріне резистентті, тұрақты. Соқыр ішекте цисталар трофозоиттарды құрайды, олар – амебоидпішінді және анаэробты жағдайларда көбее бастайды. Осы кезеңде иесіне ешқандай зақым келтірмейді. Себебі паразиттерде митохондриялар немесе ферментті Кребс циклі болмағандықтан, амебалар өзінің өмірі үшін глюкозаны этанолдан ферменттейді.

Амебалар бөліп шығаратын протеиндерде болады: цистеин-протеиназалар, олар клетка-аралық матрикстің ақуыздарын ыдырата алады, паразиттің мембраналық бетіндегі- лектин сыртқы мембрананың карбогадразасың байланыстырады эпителиоциттермен және эритроциттермен; протеин – амебопора деп белгіленген цитоплазманың эпителиоциттеріне ішкі мембраналарына өтіп, оларды лизирлейді. Амебопора – бұл кішкентай ақуыз молекулылары, өздерінің құрылысы жағынан NK лимфоцит-киллер-ге сәйкес келеді. Диаррея түрінде өтетін ауру тек 10% ретіндеамебиазбен зақымдалған адамдарда дамиды. Болжам бойынша генетикалық жағынан 2-і әртүрлі амебалар болады деп есептелінеді; ауруды шақыратын Entamoeba histolytica және патогенді емес Entamoeba dispar. Вирулентті және вирулентті емес амебалардың цисталарында құрылымдары бірдей болады. Бірақ анықталған трофозоидтарда жутылған эритроциттердің болуы ұлпалы инвазияның вирулентті паразиттері Entamoeba histolytica –ның морфологиялық көрсеткіші болып есептелінеді. Бір апта бойы (кейде бірнеше ай) амебалардың цисталары ешкандай аурудың клиникалық көрінісің көрсетпей адам ағзасында болуы мүмкін, бұл – инкубациялық кезең деп аталады. Ауру біртіндеп басталады. Әлдің кетуі, тәбеттің төмендеуі, кейде іштің ауруы байқалады. Дәрет жиіленеді (тәулікте 10-15 рет). Нәжісі сұйықталады, ол шыны тәріздес, сұйық және қан, қанмен аралас болуы мүмкін.. Науқастың температурасы қалыпты. Кейде (көбінесе балаларда) ауру жедел басталады: іштің қатты ауруы, дәреті жиі, нәжістері қанаралас, тілі аппақ, уыттыну құбылысы байқалады (әлсіздік, бастың ауруы, лоқсу құсу). Жабық түрінде жалпы жағдайы жақсы болады, стертом. Кейде іштің кебуі ғана, іштің шұрқырауы, қоймалжын сұйық нәжіс байқалады. Ауру қайталанумен сипатталады.

Морфология. Амеба ішектің қуысында мүшелердің құрылымдық өзгеруі болмағанда да табилуы мүмкін. Амебалардың сыртқы ортаға протеолиттік ферменттердің (трипсин және пепсин) бөлу қабілеттігінің арқасында ол ішектің қабырғасына жақындап, эпителийдің зақымдануына әкеледі.Ал бұл оның мүшенің сұйық қабатының астына өтуіне әкеп соқтырады. Ағзаға одан әрі өтуі гиалуронидаза, т.б. факторларымен анықталады. Амеба еңген жерлерінде көлемі әртүрлі жаралар пайда болады. Жаралы – некротикалық өзгерістер соқыр ішекте өте жиі және қатты көрінеді (жаралы созылмалы колит). Бірақта бүкіл тоқ ішек бойы және ішектің басқа бөліктерінде жаралар пайда болуы мүмкін. Жаралардың түбі құрылымсыз детритпен қапталған, онда қан пигменттері анықталады, сонымен қатар көп бактериялар көрінеді. Әріқарай мүшенің некротизирленген ұлпасымен қабаты бар, ол эозинофильді, базофильды бөліктері кішідисперсты ядроларының ыдырауымен көрсетілген. Лейкоциттер мұнда көбінесе болмайды. Амебалар көбінесе некроздың терең қабатында байқалады. Максимальды саңы некроздың шек ара бөлігінде мүшенің сақталып қөлған ұлпаларында, сонымен қатар соңғыларында анықталады. Клеткалық реакция көбінесе мононуклеарлы, көп емес. Амебалар қан тамырларының құысына, қабырғасына өтуі мүмкін, ол тамырларының бөлігінде тромбоз пайда болуы мүмкін.

Регионарлы лимфатикалық түйіндері біраз ұлкейген, бірақта амебалар онда табылмайды. Бірақта екінші ретті инфекция қосылғанымен инфильтрат нейрофилдерден пайда болады, ірін түзіледі. Кейде колиттің флегмонозды және гангренозды түрлері дамиды. Жаралардың жазылу нәтижесінде ішектің қабырғасының өзгеруіне әкелетін тыртықтар пайда болады. Ішектің макроскопиялық шырышты қабықшасы бірдей емес қанға толы, қансырау аймақтары байқалады. Оның қатпарлары қалынданған, онда көлемі әртүрлі жаралар көрінеді, кейде олар бір-біріне қосылады. Шырышты бетінде жаралар көтеріңкі, ал жедел процессінде олар қызыл жиекпен қоршалған. Ішектің қабырғасының кесіңдісінде ойықты дефект сақталған шырышты қабаттың астына таралатындығы көрінеді. Амебаның гематогенді таралуы көп кісілерде қақпалық вена арқылы бауырдың зақымдануымен, көбінесе оң жоқ бөлігінің өзгеруімен байқалады. Мұнда жекелі немесе көптеген некроздың ошақтары пайда болады, олар шартты абсцесстер деп аталады. Ішекте өтетін процесске ұқсас. Әр түрлі ішекті және ішектен тыс амебиаздың асқынуы ажыратылады. Ішекті асқынулардан - жараның перфорациясы, қан өту, стенозды түйіршіктердің пайда болуы жаралар жазылғаннан кейін, зақымдалған ішектің айналасында (перитифлиттер) ісік тәріздес қабыну инфильтраттардың дамуы өте қауыпті. Ішектен тыс асқынудың өте қауыптысы бауырда және бас миында абсцесстердің пайда болуы болып есептелінеді.

 

Лейшманиоз – бұл клетка ішілік қарапайым паразитімен шақырылатын созылмалы жұқпалы аупу, терінің зақымдануымен, шырышты қабықшаның және ішкі мүшелердің бұзылыстарымен сипатталады. Лейшманиоз Орта шығыстың, Оңтүстік Азия, Африка және Латин Американың эндемикалық ауруларына жатады. Оның таралуы эпидемияға ұқсас. Мысалы, оңтүстік Судан трагедиясында бірнеше жұз адамдар аурудың висцеральды формасынан өлді. Американдардың бірнеше мың солдаттары жұқтырды лейшманиозды Иракта әскери операция кезінде код атымен «Шөлдегі дауыл». Лейшманиоз басқа инекциялар сияқты клетка ішілік микроорганизмдермен мынадай микробактериялар, гистоплазма және трипаносома СПИД-пен ауратын ауруларда өте жиі айқындалады және қатты асқынады.

Лейшманиоз қоздырғышы – талшықты паразиттер Leischmania тұқымдас. Лейшманийлар сілекейі паразиттің инвазивті қабілетін арттыратын москиттер шаққан кезде беріледі. Амастиготаның ену тереңдігі (лейшманийдің инвазивті түрі) және дененің ішінде таралуы лейшманийдің түріне байланысты. Лейшманийдің түрі біріншіден мекендейтін аймағына байланысты болады. Мысалы, аурудың терілік түрі Leischmania major және Leischmania aetiopica шақырылады, олар Африкада, Азия, Орта Шығыста кездеседі. Сәйкес терілік түріне американдық континенте көрсетілген Leischmania mexicana және Leischmania braziliensis. Leischmania braziliensis аурудын шырышты – тері формасының себебі болуы мүмкін. Аурудың висцеральды түрі бауыр мен көкбауырды зақымдайтын Африкада, Азияда және Орта Шығыста кездесетін Leischmania chagasi шақырылады, ал Латын Америкада және субтропиктарда Солтүстік Американың - Leischmania donovani- мен.Лейшманийдің тропизм себебі паразиттің өсуі мен тіршілігіне қолайлы температураға байланысты. Аурудын висцеральды түрін шақыратың лейшманийлер, 37о С өседі, ал тері және шырышты-тері ауруларын шақыратың паразиттер тек қана 34о С-де өседі.

Патогенез.

Лейшманийлер ағзаға түскенде микрофагтармен фагоцитозға ұшырайды. Макрофагтың ішінде олардың түрлері трансформиленеді, өзгеріске ұшырайды және амастиготтар пайда болады, олардың талшықтары болмайды, бірақ бір жалғыз органелла, митохондрияға ұқсас сақталады, ол кинетопласт деп аталады. Лейшманийлердің амастиготалары – бұл жалғыз қарапайым паразиттері олар макрофагтың фаголизосомаларында көбейеді және тіршілігін жасайды, оларда рН 4,5. Амастиготалар фагрлизосомаішілік қышқылдан протон тасымалдағыш АТФ-аза арқылы қорғалады. Ол паразиттер үшін рН6,5 қолайлы ортаны сақтайды. Лейшманийлерде өздерінің вируленттігіне өте маңызды өздерінің сыртқы бетінде екі кең гликоқосылғыш липидті якорлары болады.Олардың біреуі берілген липофосфогликандармен, онда гликолипидтер болады, олар құрастырады тығыз гликокаликсті және байланыстырады С3b немесе iC3b. Макрофагтармен фагоцитирленген амастиготалар рецептор комплементтері СR1 (LFA-1) және CR3 (Mac-1-интегрин) арқылы ыдыраюна қарсы келеді, комплемент С5-С9 арқасында.Оттекті радикалдары жою және лизосомалды энзимдердің активтілігін төмендету нәтижесінде липофосфогликандар фаголизосома ішінде паразиттерді қорғай алады. Екінші гликоконъюгат – бұл мыршқа тәуелді протеиназа, ол комплементті және басқада лизосомальды энзимдерді ыдыратады. Лейшманиоздың ауырпалдылығы иесінің иммунды реакциясымен анықталады. Адекватты – иммунды бақылауда құрастырылады кішкентай гранулемалар Т-лимфоцит-хелперлерден және макрофагтардан азғана паразиттер санының болуымен. Әлсіреген ағзаларда айқындалады кең диффузды инфильтраттар, амастиготалармен толық макрофагтармен көрсетілген

Лейшманий амастиготалары ағзадан шығарылады иммунды реакциялары арқылы. CD4+ лимфоциттер (Т-хелперлері Th-1-класс) өндіреді паразит – спецификалық интерферон – g- ды, ол с TNFa-мен бірге, макрофагтармен өндірілетін, фагоциттерді қоздырады паразиттерді жоюға оттегінің токсикалық метаболиттері арқылы немесе азод қышқылымен (немесе бірігін). Иммунды жауабының реттеуінің төмендеуі кезінде, аурудың асқынуы байқалады.

Лейшманиоздың төрт клиникалық-анатомиялық түрлері ажыратылады:

-висцеральды

-тері ошақты

-шырышты-терілік

-терілі-диффузды

Висцеральды лейшманиоз «кала-азар» атымен белгілі, хинди тілінде «қара-қалтырама» деп аталады. Соңғы аты аурудың аяқ кезінде байқалатын терінің гиперпигментациясы себепті берілген. Ауру науқас адамнан және кейбір үй жануарларынан, жабайы жануарлардан мысалы иттердең, қасқырлардан, түлкілерден жұғады.

Инкубациялық кезеңі 10-21 күннене 1 жылға дейін (көбінесе 3-6 ай) созылады. Терінің түсі балауызды түрі бозды-жер түстіден қара түстісіне дейін өзгереді. Лейшманийлердің амастиготалары ағзаға өтіп барлық мүшелердің макрофагтардың толтырып, жүйелі ауыр ауруларды шақырады, ол бауыр мен көк бауырдың үлкеуімен, лимфаденопатиямен, қалтырау және салмагының күрт жоғалуымен сипатталады. Көкбауырдың салмағы 3 кг дейін, ал лимфотүйіндері диаметрі 5 см дейін жетеді. Көк бауырдың архитектоникасы анық емес. Лейшманиймен толтырылған көп түрлі макрофагтар кездеседі. Бауырдың алғашқы кезеңдерінде дистрофикалық өзгерістер көрінеді, соңынан цирроз дамиды. Макрофагтардың лейшманийлермен көптілігі сұйек майында ішек-қарын жалында, бүйректе,ұйқы безінде және жұмыртқаларда байқалады. Аурудың атына тән терінің гиперпигментациясы көрінеді. Бүйректің алғашқы кезеңдерінде иммунды комплекстері және дамиды мезангиопролиферативті гломерулонефрит, келе жағдайда- амилоидтың түзілуі айқындалады. Асқынуына екінші ретті бактериальды инфекцияларды жатқызуға болады, олар көбінесе аурулы өлімге әкеледі. Сонымен қатар летальды қан ағу болуы мүмкін тромбоцитопенияға ұқсас.

Тері лейшманиозы. Тері лейшманиозы тағы «пендиндік» жара,тропикалық жара деп атайды. Тері лейшманиозының 2-і түрі белгілі - қалалық және ауылдық..Қалалық типінде тері лейшманиозымен зақымдану ауру адамнан және иттен болады. Инкубациялық кезеңі 2-8 ай (сирек 3-5 жылға дейін) болады. Москиттің шаққан жерінде (жиі бетте) қолдарда жалғыз қоңыр қышмалы папула (лейшманиома) көрінеді, ол біртіндеп үлкиді. 5-10 айдан кейін папуланың орнына денгелек пішінді жара дамиды шеттері тығыз және ірін бөліп шығару. Сирек 2-3 жаралар шығады. 2-3 айдан кейін олар жазыла бастайды, жаралардың орнында тыртықтар пайда болады. Ауру 1-2 жылғы созылады. Микроскопиялық зерттегенде жаралардың шетінде гранулемалар көп гигантты жасушалырымен және азғантай паразиттерімен көрінеді. Ауыл типті тері лейшманиозыда зақымдану жиі болады ұлкен құмды саршынақтан, жұқа саусақты соршынақтан және тағы басқа жабайы кішкентай жануарлардан. Инкубациялық кезеңі 1 аптадан 2-і айға дейін өтеді. Ауру жедел басталады. Теріде (беттің, қолдың, жиі аяқтың) лейшманиомалардың көп түрлілігі көрінеді іріндік (фурункул) сияқты. Аурудың бірінші аптасында пайда болады жаралар. Олардың пішіндері дұрыс емес, шеттері тығыз. Олардың түптері сары түсті, ірің шығарып тұрады. Жаралардың жазылуы 2-4 айдан кейін басталады, олардың орындарында тыртықтар пайда болады. Ауру 3-6 айға дейін созылады.

Шырышты- терілік лейшманиозы Leischmania braziliensis-пен шақырылады, тек қана американдық континентте кездеседі. Сұлы жаралы немесе жаралы емес зақымдану контурлары анық түрде болмайды, жұтқыншақта немесе мұрын қылқанының шырышты-терілік жалғауында, ануста немесе қнапта дамиды. Микроскопиялық зерттеуде аралас қабыну инфильтраты көрінеді, олардың гистиоциттеріне паразиттер кіреді, лимфоциттер және плазмоциттер. Кейінрек қабыну реакциясы гранулематоздыға айналады, паразиттердің саны азаяды. Зақымдалған жерлері біртіндеп тыртықтанады (рубцуются). Бірақта біраз уақыт өткеннен соң процесстің реактивациясы болуы мүмкін.

Диффузды – терілік лейшманиазы. Бұл сирек кездесетін түрі тек қана Эфиопияда және Африка, Венесуэла, Бразилия және Мексикада анықталады. Ауру жалғыз түйіндерден басталады. Содан кейін бүкіл дене бойынша түсініксіз түйіндер түрі көрінеді, сүйел тәрізділерге ұқсас. Оларды жиі шатастырады лепромалармен, сондықтан көбінесе аурулар лепрозорийға жатқызады адекватты онда олар адекватты еле алмайды.

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Requirements for the materials of Article| Адам аурулала – қарапайымдылардың диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)