Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам аурулала – қарапайымдылардың диагностикасы

Систематика Диагностикалық белгілері
1) Protozoa типі – қарапайымдылар Тобы Sarcodina – саркодтар тобы Түрі Entamoeba histolytica Дизентериялық амеба – амебиаза қоздырғышы 2) Тобы Flagellata – талшықтылар Отряд Protomonadina – бір талшықты Түрі Trypanosoma gambiense Трипаносома – трипаносомоз қоздырғышы (африкандық ұйқы ауруы). 3) Түрі Leishmania donovani Висцеральды лейшманиоздың қоздырғышы. 4) Түрі Leishmania tropica м/а L. tropica minor м/а L. tropica major Тері лейшманиозының қоздырғышы. 5) Отряд Polymastigina – көп талшықты Түрі Lamblia intestinalis Лямблия – лямблиоз қоздырғышы. 6) Түрі Trichomonas hominis Ішек трихомонадасы - трихомоноза қоздырғышы. 7) Түрі Trichomonas vaginalis Қнап трихомонадасы – урогенитальды трихомоноз қоздырғышы. 8)Тобы Sporozoa – споровиктер тобы Отряд Coccidia – кокцидиялар Түрі Toxoplasma gondii Токсоплазма – токсоплазмоз қоздырғышы. 9) Отряд Haemosporidia – қан споровиктері Түрі Plasmodium vivax – үш күндік безгек ауруының қоздырғышы. Түрі P. ovale – үшкіндік типі бойынша Түрі p. malaria – төрт күндік безгек қоздырғышы. Түрі P. falciparum – тропикалық безгек қоздырғышы. 10) Тобы Infuzoria – инфузория тобы Түрі Balantidium coli Балантидий – ішек балантидиаздың қоздырғышы. Forma magna – үлкен патогенді форма, forma minuta – кіші вегетативті, цисталары домалақ, қабықшасықалын, 1-4 ядролары. 13-40 мкм, денесі майысқан, бір талшығы, ундулярлы мембрана. Лептомонадалық формасы (москитте): 1 талшығы, денесі бір жағынан сұйірленген, лейшманиальды формасы: денесі сопақша, талшығы жоқ. Висцератропты лейшманийға құсас. 10-18 мкм, алмурт тәрізді, екі жақты симметриялы, 2 ядро, органоидтары жұп, ядролар арасында тірек жіпшелері, 4 жұп талшықтары. 5-15 мкм, сопақша формасы, аяқ жағы сүйірленген тікенекі, тірек өзегі аксостиль, 4 талшығы, ундулярлы мембрана. Ішекке ұқсас,бірақта ірі – 30 мкм дейін. Формасы апельсиннің бөліктері сияқты, 4-7 мкм, бір жағы үшкірленген онда сорғышы – коноид (см. циста, ооциста). Паразиттің құрылысының ерекшеліктері тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты. Жұмыртқа тәріздес формасы, ұзындығы 30-200 мкм, кірпікшелермен жабылған, органоидтары тән инфузорийлерге.  

 

Студенттердің өзіндік жұмыстары:

Жұм. 1 а) Жасыл эвглена (Euglena viridis), б) вольвокс (Volvox globator).

об.40х

Микроскоппен қарап, суретін салып, келесі белгілерін көрсетіңіз: 1- жарық сезгіш көзшесі, 2-жиырылғыш вакуолі, 3- хроматофор, 4-ядро, 5- резервуары, 6- талшығы. Жасыл эвгленаның денесі иірілген жіпше тәріздес болады, ол суға тірелгендей осі бойынша қозғалады. Осының бәрі эктоплазмадан құралған, иірілген жіпшенің айналуынан пайда болады.

Б) Белгілері: 1-вольвокстың аналық колониясы, 2-жас колония, 3-вегетативті дарасы, 4- ядро, 5-протоплазмалық көпіршік, 6-хроматофор.

Вольвокстар – бір жасушалық және көп жасушалық ағзалардың арасындағы байланыстырушы таптар болып табылатын, колониальды талшықтар. Аналық колониясы жас колониялардан құралған. Жас колонияларда вегетативті особьтарының саны 4-16 дейін жетеді. Volvox globator колониясы, шар перифериясының бір қабаты астында орналасқан, бірнеше мың вегетативті даралардан тұратын, үлкен шар тәрізді колонияларды құрады. Колонияның ішкі бөлігі шырышты сұйықтыққа толы. Даралар бір бірімен цитоплазмалық көпіршіктер арқылы байланысады. Суда, колониялар, бөлек даралар талшықтарының қозғалысы арқылы жылжиды.

Жыныссыз көбею, колонияның ішіне қарай кіріп кеткен және митотикалық жолмен көбеетін, бөлек даралар арқасында жүзеге асады. Аналық колония өлгеннен кейін, жас колониялар өз бетінше өмір сүре бастайды. Күзде генеративті жасушалардың арқасында микро- және макрогаметалар түзіледі. Қосылғаннан кейін зиготалар түзіледі. Колониальды талшықтылардың эволюциялық маңызы бар, себебі олар көпжасушалылардың түзілу сатысы болып табылады.

Жұмыс 2. Дизентерия амебаның тіршілік циклі (Entamoda hysfolituca).

Кестені қарап шығып, белгілерін жасаңыздар: 1- циста, 2- трофозоидтар, 3- форма minuta, 4- форма mango, 5- ұлпалы форма. Оқулықтардан, дәрістерден және оқулық құралдардан алған білімдерді пайдалана отырып, дизентерия амебасының құрылысын қарастырыңыз.

Жұмыс 3 Тері лейшманиозы (Ltischmania tropica).

Об. 40*

Микроскоппен қарап шығып, суретін салып белгілерін жазыңыз: 1-иесінің ұлпалы жасушасы, 2- лейшманийлер, 3- цитоплазма, 4- ядро, 5- блефаропласт, 6- жасуша ішілік формасында талшығы жоқ.

Оқулықтардан, дәрістерден алған білімді пайдалана отырып лейшманийдің құрылысын қарастырыңыз.

Жұмыс 4

Об 40* Трипаносома (Tripanasoma equperdum).

Микроскоппен қарап шығып, суретін салып, белгілерін жасаңыз: 1-ядро, 2- талшық, 3-ундулярлайтын мембрана.

ТМД – да адам трипаносомозы кездеспейді. Казахстанның Оңтүстігінде жануарлардың трипаносомозы кездеседі.

Жұмыс 5 Вагинальды трихомонада (Trychomonas vaginalis).

Об 40*

Микроскоппен қарап шығып, суретін салып, белгілерін жасаңыз: 1- талшығы, 2- ядро, 3- ундулярлы мембрана, 4- аксостиль, 5- цитоплазма.

Жұмыс 6 Лямблия (Lamblia intestinalis).

Об 40*

Микроскоппен қарап шығып, суретін салып, белгілерін жасаңыз: 1-ядро, 2- сорғыш диск, 3- аксостиль, 4-талшықтары. Лямблияны қарастырғанда, екі жақты симметриялы вегетативті алмұрт тәрізді формасына көңіл аударыңыз. Жасушаның екі жақты симметриясын, екі денелерінің жартысында орналасқан аксостиль мен жұп органоидтар құрады. Сорғыш дискісі бекіту мүшесі болып табылады.. Талшықтың негізі базальды денеге бекиді (блефаропласт). Инцистирлену ішектің төменгі бөлігінде белсенді өтеді.

 

 

Жұмыс 7 Ұсынылған бейнелерді суреттеу: сипаттама, қарапайымдылардың тіршілік циклі, пайда болдыратын аурулары, клиникалық симптомдар, диагностикасы,алдын-алу және емдеу әдістері.

 

Рисунки

 

Сурет - 11 Сурет - 12

 

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студенттердің өзіндік жұмыстарының нәтижелерін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып бойынша қосымша информация: негізгі түсініктер.| VIII. Write an essay on the topic “My biography”. Speak on the topic learnt.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)