Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай өндiрушi кәсiпорындарды сумен қамтамасыз ету

Читайте также:
  1. Дәріс - Мұнай және оның пайда болуы. Жасанды сұйық отынның түрлері – 1 сағат
  2. Мұнай газының құрамы мен қасиеті
  3. Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері
  4. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
  5. Мұнай, газ және суды жинаудың қазіргі жүйелері
  6. Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері

Мұнай кәсiпшiлiгi ең iрi су тұтынушылардың бiрі болып табылады. Қазiргi кездегі мұнай кен орындарындағы тәулiктiк су шығыны жүздеген мың текше метрге жетеді. Қабаттың мұнай бергiштiк коэффициентiн едәуiр ұлғайту үшін және мұнай ұңғыларының фонтандау мерзiмiн ұзарту мақсатында кенiшке су айдайтын қабат қысымын ұстаушы цехтар суды ең көп тұтынушылар болып табылады.

Өнiмдi қабаттарға айдалатын су мөлшерi көптеген факторларға тәуелдi болады және арнайы есептеулермен анықталады. Игерудiң алғашқы екi кезеңінде қабат қысымын бастапқы деңгейде ұстап тұру үшiн қабатқа айдалатын су мөлшерi қабат жағдайына келтірілген қабаттан алынған мұнай мен судың жинақталған мөлшерiне тең болуы қажет, яғни тепе-теңдiк сақталуы керек:

(10.1)

 

мұндағы Gсу және Gқоспа – сәйкесiнше айдалған су мөлшерi мен қабат жағдайына келтiрiліп алынған мұнай мен қабат суы қоспасының мөлшерi, к – судың ағып кетуiн ескеретiн коэффициент [3]

● нұсқа (контур) iшiне су айдау кезiнде к =1,1;

● аудандық су айдау кезiнде к =1,2;

● нұсқа сыртынан су айдау кезiнде к =1,5

Қабат қысымын ұстаудан басқа, кәсiпшiлiкте тұщы судың көп мөлшерін әр түрлi саладағы мекемелерге (шеберханалар, көлік шаруашылығы және т.б), сондай-ақ тұрмыстық қажеттiлiкке жұмсайды. Судың шығынын және оны өндiрiстiк қажеттерге тұтыну режимiн процесс технологиясының мәліметі бойынша есептейдi. Тұрмыстық қажеттіліктерге кететін шығын мөлшерін адам санына, климаттық жағдайларға және ғимараттардың жабдықталу дәрежесi бойынша анықтайды.

Қабат қысымын ұстап тұру үшiн ашық табиғи су көздерінен және сулы қабаттардан (көп жағдайда тұщы немесе әлсіз минерализацияланған) алынатын тұщы су, сол сияқты ағынды сулар (құрамында минералды тұздар, эмульсияланған мұнай мен беттiк әрекетті заттар бар) қолданылуы мүмкiн.

Тұщы табиғи сулардың құрамында елеусiз мөлшерде тұздар (шамамен 1г/л), әр түрлi газдар, механикалық қоспалар, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3 және қабатты суландыру процестерiне әсер ететiн микроағзалар болуы мүмкiн.

Ағынды сулар – бұл мұнаймен бiрге өндiрiлетiн (шамамен 85 %) қабат суы мен мұнайды тұзсыздандыруға, эмульгаторларды дайындауға, компрессорларды суытуға және т.б жұмсалатын (шамамен көлемі 10–12% құрайтын) тұщы судың, сондай-ақ атмосфералық (жауын-шашыннан жиналған) сулардың (1,5-3%) қоспасы. Ағынды сулардың құрамында мұнай тамшылары, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3, сонымен қатар көп мөлшерде тұздар (300 г/л дейiн) болуы мүмкiн.

Кен орнын игерудiң бастапқы кезеңiнде, яғни ұңғы өнiмi онша суланбаған кезде, қабатқа су айдау үшiн негiзiнен табиғи суларды пайдаланады. Сулану көрсеткіші жоғарылаған сайын табиғи суларды қолдану үлесi азаяды да, ал ағынды суларды қолдану үлесі артады. Сонымен қатар, ағынды суларды кері қолдану қоршаған ортаны ластанудан қорғау талаптарына сай келеді.

Табиғи суларды дайындау әдiстерi мен ағынды суларды дайындау әдістері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді және әр түрлi жабдықтар мен химиялық реагенттердi қажет етедi.

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 312 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Айыру қондырғылары | Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу | Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері | Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар | Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар | БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы | Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар | Электродегидраторлар | Жылуалмастырғыштар және оларды есептеу | Болаттан жасалынған резервуарлардың жабдықтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шығынын анықтау| Абатқа су айдау үшiн қолданылатын суға қойылатын талаптар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)