Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар

Читайте также:
  1. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  2. Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар

 

Біздің елде және шетелде қолданылатын блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар конструкциялық жасалу ерекшеліктеріне, кеңістікте орналасуына және эмульсияларды бұзу принципіне [5] байланысты төмендегідей жіктеледі (классификацияланады) (8.4-сурет).

Тік деэмульсаторлар кәсіпшілікте мұнайды дайындаудың дүниежүзілік тәжірибесінде ұсақ кен орындары мен жеке бөлшектенген учаскелерді жабдықтауда кең қолданылады. Тік жасалған мұнайды дайындау аппараттары мұнай жинау пункттерінің ауданын қысқартуға қатаң талаптар қойылған кезде (әсіресе, теңіз кен орындарында, батпақты аудандарда және т.б.), мұнайды дайындау және жинауда артықшылықтары бар. Көптеген шетел, соның ішінде АҚШ фирмалары қазіргі кезде компоновкасымен, өлшемдерімен, қыздырғыштарының санымен және түрімен, жеделдету тәсілдерімен (коалесцерлеуші сүзгілер (фильтрлер), электродтар және т.б.) ерекшеленетін тік деэмульсаторлардың мол ассортиментін шығарады. Тік деэмульсаторлардың көлемі 5-80 м3 аралығында өзгереді. Бұл аппараттардың айыру, қыздыру және сусыздандыру бөліктері (зоналары) болады және тұндыру бөлігінде эмульсия ағынының қажетті таралуын қамтамасыз ететін қыздыру құбырының астындағы эмульсияларды таратқыштар, тесігі бар бөгеттер, сөрелер және т.б. құрылғылармен жабдықталады.

 

   

Тік деэмульсаторлардың кейбір кемшіліктері бар: өнімділіктері төмен, қыздырылған мұнайдың қатты конвективті ағыны әсерінен тұндыру бөлігіндегі эмульсияның нашар таралуы.

Көлденеңді (горизонтальды) деэмульсаторлар. Келесі түрдегі блокты қондырғылар шығарылады: УДО-2М, УДО-3, УДО-1500/6, СП-1000, СП-2000, “Тайфун”1-400, ДГ-2500, ДГ-6300, БН-М және т.б. Осы аппараттардың ішінде ең көп таралғаны - УДО-3 түріндегі деэмульсаторлар.

УДО-3 деэмульсаторы (8.5-сурет) қыздыру блогы (І), тұндыру блогы (ІІ) және бақылау-өлшеу блогынан тұрады. Қыздыру және тұндыру блоктары тік бөгеттермен бөлінген, диаметрі 3, 4 м көлденең цилиндрлі тұрықта орналасқан.

Құрамында деэмульгаторы бар мұнай эмульсиясы жылуалмастырғыш-тарда алдын-ала қыздырылған соң жоғарыдан құбырша (2) арқылы қыздыру бөлігіне келіп түседі, қыздыру бөлігі цилиндрлі бөгетпен (3) екі қуысқа – ішкі және сыртқы бөлінген. Ішкі қуыс бөлігінде U түріндегі қыздыру құбырлары (4) орналасқан.

8.5. Сурет. УДО-3 көлденең айырғыш-деэмульсаторы. 1 -аппараттың тұрқы (корпусы); 2- қыздырылған эмульсияны енгізу құбыршасы; 3- төменгі жағы тесілген цилиндрлі бөгет; 4 - U түріндегі қыздыру құбырлары; 5, 5а - айырғыштар; 6 - тік бөгет; 7 - сұйық ұстағыш (барботер); 8- “өзіңе дейін” қысымды реттегіш; 9 -деңгей теңестіргіш линиясы; 10 -таза мұнайды жинағыш; 10а - таза мұнайды шығаратын тік орналасқан құбырша; 11- тарату коллекторы; 12 - таза мұнай коллекторы; 13 - таза мұнайды шығаратын клапан.

Мұнай эмульсиясы бөгеттің төменгі тесіктері арқылы І бөлікке келіп түседі, мұнда ол қыздыру құбырларында газдың жануы әсерінен 60 °С дейін қыздырылады. Қыздырылған эмульсия бөгеттен асып төгіліп, тарату коллекторы 11 арқылы тұндыру бөлігіне ІІ келіп түседі, одан ол аппараттың барлық қимасы бойынша желобтар көмегімен су қабатынан өтіп, таза мұнай жинағышқа 10 келіп түседі, одан әрі арнайы тік орналасқан құбыршалар (отводтар) 10а және таза мұнай коллекторы 12 бойымен клапан 13 арқылы аппараттан шығарылады.

Аппараттың қыздыру бөлігінде мұнайдан бөлінген газ алдымен айырғышқа 5, одан кейін сұйық ұстағыш (барботер) 7 арқылы ІІ бөлікке келіп түседі. Екінші бөліктен газ айырғышқа жиналады, одан “өзіңе дейін” қысымды реттегіш 8 арқылы газ желісіне бағытталады. Су аппараттан деэмульсатордың төменгі жағында орналасқан құбырша арқылы шығарылады.

8.2-кесте. Деэмульсациялық қондырғылардың техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштер Деэмульсатор
УДО-2М УДО-3 УД-1500/6
Сұйықтық бойынша өнімділігі, м3/тәул Эмульсиялардың сулылығы, % Мұнайдағы судың қалдық мөлшері, % Жұмыстық қысым, МПа Эмульсияларды қыздыру температурасы, ºС Сыйымдылықтың көлемі, м3 Қондырғының массасы, т 30-ға дейін 0,6 60-қа дейін 42,5 30-ға дейін 0,6 60-қа дейін 56,5 30-ға дейін 0,5 0,6 60-қа дейін 50,6

 

Суланған мұнайды қыздыру және сусыздандырудың (немесе тұзсыздандырудың) технологиялық процесін бір аппаратта үйлестірудің артықшылықтарымен қатар бірқатар кемшіліктері бар:

· жылулық қуаты және өнімділігі салыстырмалы түрде төмен;

· қыздыру және тұндыру блоктарын бір аппаратта орналастыру, осы блоктардың бірінде технологиялық қиындықтар немесе техникалық ақаулар болған кезде қондырғыны жөндеу үшін оны толық тоқтатып сөндіру керек.

Сондықтан, МДАЦ-ның қалыпты жұмыс істеуі үшін мұндай қондырғылардың резервін қарастыру керек, бірақ бұл кезде әрбір аппараттан соң кондициялық мұнайды алу үшін ағынды аппарттарға бөлу проблемасы туады.

Осыған байланысты қыздыру мен тұндырудың бөлек-бөлек блоктары шығарылады.

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бақылау сұрақтары | Бырлардың есебі | Бырлардың есебі | Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде | Бырлар желісінің өткізу қабілетін ұлғайту | Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері | Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы | Айырғыш жұмысының тиiмдiлiгi | Айыру қондырғылары | Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері| Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)