Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар

Читайте также:
  1. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  2. Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар

 

Қыздыру блоктары мұнайды дайындау қондырғысының тереңірек сусыздандыру және тұзсыздандыру аппараттарының алдында мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған.

Қыздыру блоктарының келесідей модификациялары шығарылады: НН түріндегі көлемдік қыздырғыштар, БН түріндегі “құбыр ішіндегі құбыр” қыздыру блоктары, ПТБ түріндегі блокты тұрбалы пештер.

НН түріндегі қыздырғыштар – көлденең сыйымдылықтар негізінде жасалған мұнай қыздырғыштары (НН-1,6; НН-2,5; НН-4,0; НН-6,3), олардың ішкі қуысы екі бөлікке бөлінген, онда газдық инжекторлы оттықпен және түтіндік мұржалармен жабдықталған екі-екіден қыздырғыш құбырлары бекітілген. Бұл қыздырғыштарға эмульсияны аппараттың төменгі бөлігінен жібереді, ол қыздыру құбырларын жанап өтіп, дренажды су қабатынан қалқып шығады. Мұнай, бөлінген су және газ аппараттың жоғарғы жағындағы жалпы коллектор арқылы шығарылады. Аппараттың шығуындағы ең жоғарғы (максималды) температура 90ºС-ға жетеді. Сулылығы 25% және қыздыру температурасы 40ºС болған кезде аппараттың өнімділігі 2000-8000 т/тәул.

Қыздыру құбырлары үнемі бөлінген қабат суында тұратындықтан, қабат сулары қыздыру құбырларының қабырғаларында тұз шөгінділерін түзбеу үшін сәйкес талаптар қойылған.

НН түріндегі блокты қыздырғыштарды тұз шөгінділерін түзуге қабілеті аз, жеңіл, орташа және ауыр мұнайларды өңдеу үшін қуаты жылына 0,5-6 млн. тоннадай болатын мұнай дайындау кешендерінде қолдану ұсынылған.

 

8.6. Сурет.БН-5,4 блокты қыздырғышы. 1 - қыздырғыш құбыры; 2- қабырғалы қыздырғыш құбыры; 3- тұрқы, тұлғасы; 4 -линзалыкомпенсатор; 5- оттық; 6- түтін шығатын мұржа; I- мұнай эмульсиясы; II- отындық газ.

 

БН түріндегі құбыршалы блокты қыздырғыштар (БН-5,4; БН-М) мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру процесі кезінде эмульсияны жедел түрде қыздыруға арналған. Сонымен қатар, оларды тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайларды құбырлар желісі бойынша бірқалыпты тасымалдау барысында қыздыру үшін қолданады.

БН-5,4 қыздыру блогы (8.6-сурет) өзара таратушы коллектор көмегімен тізбектей жалғанған төрт көлденең орналасқан “құбыр ішіндегі құбыр” қыздыру элементтерінің жиынтығы болып табылады. Қыздырғыштар көлденең балкаларға бекітілген. Мұнай-су эмульсиясы қыздыру құбырының бетімен жанасқан кезде қызады. Қыздыру құбыры газдың турбина түріндегі газ оттықтарында 5 (жану камерасында) жануы әсерінен қызады. Мұнай эмульсиясының қозғалыс жолын ұзарту және оның жанып жатқан газбен қабырға арқылы жанасу уақытын көбейту үшін құбыраралық кеңістіктегі мұнай эмульсиясының қозғалысы үлкен жылдамдықпен винттік сызық бойынша бағытталған. Барлық төрт қыздыру элементтерінің мұржалары биіктігі 20м-лік жалпы түтін шығару мұржасына 6 жалғанған. Қыздыру элементтері өзара былай байланысқан, яғни олардың әрқайсысын блоктың жұмысын тоқтатпай-ақ өшіруге болады, яғни мұнай эмульсиясын қыздырғыш элементтердің кез келгенінің маңынан өткізуге болады.

Қыздыру блогының жұмысы кезінде автоматты түрде шығар басындағы мұнай эмульсиясының температурасы, оттыққа берілер алдындағы газдың қысымы, жану камерасында жалынның болуы реттеліп тұрады. Қауіпсіздік автоматикасымен эмульсия циркуляциясының тоқтауы, қыздыру температурасының көтерілуі, жану камерасындағы жалынның сөнуі кезінде жанғыш газдың берілуін тоқтату қарастырылған.

Қыздыру блогынан кейін мұнай эмульсиясы таратқыш коллектор бойымен саңылаусызданған тұндырғыштарға келіп түседі, бұл жерде ағын баяу жылдамдықпен қозғалған кезде эмульсия мұнай мен суға бөлінеді.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 573 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бырлардың есебі | Бырлардың есебі | Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде | Бырлар желісінің өткізу қабілетін ұлғайту | Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері | Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы | Айырғыш жұмысының тиiмдiлiгi | Айыру қондырғылары | Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу | Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар| БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)