Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электродегидраторлар

Электродегидраторлар - негізінен орташа және ауыр мұнайларды терең тұзсыздандыру үшін қолданылады. Бұл үшін мұнай арнайы араластырғышта ыстық тұщы сумен қарқынды араластырылады. Осы қоспа электродегидратордың электродаралық кеңістігіне (яғни, екі электрод арасындағы кеңістікке) жіберіледі.

Электродегидраторлар әдетте, блокты айырғыш-деэмульсаторлардан кейін орнатылады. Отандық және шетелдік электротұзсыздандырғыш қондырғыларының (ЭЛТҚ) жұмыс істеу тәжірибесі көрсеткендей ең тиімді және үнемдісі көлденең жасалған (горизонталды) электродегидраторлар болып табылады.

Қазіргі кезде 1ЭГ-160, 2ЭГ-160/3, ЭГ200-10 түріндегі электродегидраторлар шығарылады. Электродегидраторларда өнеркәсіптік жиіліктегі (50 Гц) айнымалы токты пайдаланады.

8.11.Сурет. 1ЭГ-160 көлденеңді электродегидраторының қимасы. 1, 2- электродтар; 3- тарату коллекторы

8.11-суретте эмульсия су жастығы (яғни, су қабатының) астынан енгізілетін 1ЭГ-160 электродегидраторы көрсетілген, бұл электродегидратордың торлы тіктөртбұрышты рама пішініндегі екі электроды бар, олар паралель ілінген және аппараттың түгелдей дерлік көлденең қимасын алып жатыр. Электродтардың арақашықтығы 20-40 см аралығында өзгереді.

Құрамында реагент-деэмульгаторы және 10%-ға дейін тұщы суы бар қыздырылған мұнай эмульсиясы диаметрі 3,4 м электродегидраторға ағынның аппараттың түгел қимасы бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз ететін тарату коллекторы 3 арқылы беріледі. Көлденеңді электродегидраторларда эмульсия өңдеудің үш аймағы арқылы өтеді.

Бірінші аймақта эмульсия тұнған су қабаты арқылы өтеді, судың деңгейі автоматты түрде тарату коллекторынан 20-30 см жоғары ұсталып тұрады. Бұл жерде эмульсия сумен шайылады, нәтижесінде ол құрамындағы қабат суларының негізгі бөлігінен айырылады. Одан соң эмульсия баяу жылдамдықпен тік бағытта жоғары көтеріліп, алдымен тұнған су деңгейі мен төменгі электрод 2 арасындағы кернеулігі төмен электр өрісінде, содан соң 2 және 1 электродтардың арасындағы жоғары кернеулік аймағында өңделеді. Электр өрісінің әсерінен мұнайдың құрамындағы су тамшылары поляризацияланады да, өзара бір-біріне тартылып, коалесцерленіп, іріленеді және шөгеді. Сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнай аппараттың жоғарғы жағынан, ал бөлінген су төменгі жағынан шығарылады.

Ағынның тік бағыттағы жоғары қозғалысы кезінде эмульсияның аппараттың барлық көлденең қимасы бойынша біркелкі таралуы және электродтардың арасындағы электр өрісінің кернеулігі нөлден бастап максимал мәніне дейін сатылы түрде көтерілуі сулану мөлшері әртүрлі кез- келген мұнай эмульсиясын өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электродтардың қысқа тұйықталуы болмайды және мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізуге болады.

2ЭГ-160/3 электродегидраторлары эмульсияларды бұзуға және құрамында парафині бар мұнайды тұзсыздандыруға арналған. Эмульсия төменгі және ортаңғы электродтардың арасында орналасқан арнайы тарату головкасы арқылы енгізіледі. 2ЭГ-160/3 электродегидраторында үш электрод орнатылған.

8.3-кесте. Электродегидраторлардың техникалық сипаттамалары

Көрсеткіштер Электродегидратордың түрі
1ЭГ-160 2ЭГ-160/3 ЭГ-200-10
1.Тауарлық мұнай бойынша өткізгіштік қабілеті, т/тәул 2.Жұмыстық қысым, МПа 3.Жұмыстық температура, ºС 4.Электр трансформаторларының қуаты, кВа 5.Электродтардың арасындағы кернеу, кВ 6.Сыйымдылықтың көлемі, м3   2000-8000 110-ға дейін     44-ке дейін   3000-9300 110-ға дейін     44-ке дейін   5000-11500 110-ға дейін     50-ге дейін

 

ЭГ-200-10 электродегидраторы жеңіл және орташа мұнайды өңдеуге арналған, оның негізгі ерекшеліктері:

· лас тұнбалар мен механикалық қоспалардың түзілуін болдырмау және бөлінген суды біркелкі шығару үшін арнайы тесілген құбырлары бар көлденең коллектордан тұратын ағынды таратқыш және жинағыштарды қолдану;

· электродтардың жеңілдетілген және қарапайым құрылымы (конструкциясы);

· фторопластты өткізгіш және аспалы изоляторларының сенімді конструкциясы;

· аппараттың үлкен көлемі.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бырлар желісінің өткізу қабілетін ұлғайту | Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері | Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы | Айырғыш жұмысының тиiмдiлiгi | Айыру қондырғылары | Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу | Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері | Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар | Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар | БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар| Жылуалмастырғыштар және оларды есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)