Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқытушылар туралы мәліметтер

Читайте также:
  1. E. Адамның физиологиялық қасиеттері туралы ғылым.
  2. Атом туралы кванттық түсініктер.
  3. Биосфера туралы жалпы түсінік
  4. Төменгі температуралы айыру
  5. Тақырыбы: 3D Studio Max туралы жалпы мағлұматтар. Max объектілері.
  6. Тиімді кодтау туралы түсінік

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТIК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

БИОХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

СИЛЛАБУС

 

Пән: Химия

Пән коды: Him 1111

Мамандық: 5В130100 Жалпы медицина.

 

Оқу сағаттарының саны: 90 сағат

 

Курс және оқу семестрi: 1 курс, 1,2 семестр

 

СЕМЕЙ 2012

 

Силлабус (студенттiң оқу бағдарламасы) биохимия және химиялық пәндер кафедрасында химия пәнi бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

 

 

Авторы: аға оқытушы Майжанова Т.К., Елемесова Ж.Г.

 

Кафедра мәжілісінда талқыланды

Хаттама №____, «_____ _____________2011___ж.

Кафедра меңгерушісі, проф. _____________С.О.Тапбергенов

I. ЖАЛПЫ МӘЛЕМЕТТЕР

Оқытушылар туралы мәліметтер

1. Тапбергенов Салават Оразович, медицина ғылымынын докторы, профессор, биохимия кафедрасынын меңгерушісі. 1965 жылы Семей мемлекеттік медициналык институттың емдеу факультетін уздік багамен аяктады. 1966 жылдан 1968 жылға дейін Харьковтың медициналық инситутының биохимия кафедрасында мақсатты асперантурасында оқыды.1985 жылы УССР-дың ҒА-сының ҒЗИ-ның креобиологиялық және криомедицинасында медицина ғылымдарының доктор ғылыми дәрежесіне диссертацияны қорғады.1983 жылдан 1987 жылға дейін СММА-ның емдеу факультетінің деканы болды. Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарына арналған бірінші оқулықтың авторы «Медициналық биохимия. Молекулярные основы физиологических функций». (2001 жылы) және студенттер мен дәрігерлерге арналған оқу құралының авторы. «Медицинская и клиническая биохимия» (2004 жыл) және т.б.. Қазақ тілінде бірінші (2007 жылы) шыққан Медициналық жоғары оқу орындарына арналған «Медициналық биохимия» оқулығының авторы. Профессор Салауат Оразович Тапбергеновтың басқаруымен 3 ғылым докторы және 13 ғылыми кандидатты дайындады.

2. Бекбосынова Раиса Бокеевна, доцент, биология ғылымдарының кандидаты. 1968 жылы Крупская атындағы СМПИ бітірді. 1990 жылы Харьковтің Мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғап, биологиялық ғылымдарының кандитаты ғылыми атағын алды.

3. Олжаева Рауза Романовна - аға оқытушы, биол. ғыл. канд. 1987 жылы Н.К. Крупскаяның атындағы Семей педагогиялық мемлекеттік институтті бітірді.

4. Прозор Ирина Ивановна - аға оқытушы. 1983 жылы СММИ бітірді. 2010 жылы мед. ғыл. канд. қорғады. (Алматы қ., адам және жануарлар физиологиясының институті).

6. Советов Бахытбек Советович – оқытушы. 2008 СГМА бітірген. 2009 кафедрада жұмыс істейді. 2012 «Медицина Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

7. Смаилова Жанаргуль Каиргалиевна- оқутышы, 1992 жылы СММИ бітірді. 2010 ж. кан. дис. қорғады (Семей қ).

8. Болысбекова Салтанат Манарбековна – Кафедраның аға оқытушысы, ж 1997 ж. Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде арнайы кеңес шешімімен химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 01.11.2009 ж - 01.09.2011 ж. – Семей қ. ММУ жалпы медициналық және бала емдеу факультетінің декан орынбасары. 2008-2009ж ПОҚ рейтингісінің қорытындысы бойынша «Ең жақсы оқытушы» номинациясына мақтау қағазымен мадақталды, 2009-2010, 2010-2011ж ПОҚ рейтингісінің қорытындысы бойынша «Ең жақсы доцент, аға оқытушы» номинациясына мақтау қағазымен мадақталды.

9. Елемесова Жаннур Габдилмаликовна – оқытушы. 2004 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

10. Лекерова Алия Толеухановна - оқытушы. Фармацевтикалық факультеттің эдвайзері.

11. Нысамбаева Калия Салимовна - оқытушы

12. Сабитова Альфира Нуржановна – оқытушы. 2006 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

13. Сыдыкова Каламкас Токтарбековна - оқытушы. 2009 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

7. Калентьева Наталья Владимировна – биология ғылымының кандидаты. 1994 ж. Павлодар медицина училищесін бітірді. 1999 ж. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірді. 2010 ж Новосибирск қаласында топырықтану және агрохимия ҒЗИ (СОРАН) кандидаттық диссертациясын қорғады.

 

Байланыс ақпараты: Семей қаласы, Абай көшесі, 103. СММУ физико-химиялық корпуста биохимия және химиялық пәндер кафедрасы бар. Телефон- 52-69-37, электрондық мекен-жай - alfa – 1983@mail.ru.

3. Пәннің саясаты:

Пән саясаты – кафедраның білімалушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білімалушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білімалушылар (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.

Білімалушылар міндетті:

· Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзырлықтарды толық көлемде игеруге;

· Бірінші курстан бастап таңдаулы білім траекториясы бойынша құзырлықтарға жету үшін «Портфолио» жинақтауға;

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

· Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге, сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;

· Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;

· Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, профессордың және доценттің бақылауына, дәрігерлік консилиумдерге міндетті түрде қатысуға тиісті;

· Кафедраның ОБӨЖ (оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы) қатысуға арналған талаптарын сақтауға;

· Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, ОБӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;

· Білімалушылар клиникалық кафедраларда сабаққа қатысу үшін санитарлық кітапшаларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет рұқсатнамасының болуына;

· Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға; үстелдер үстіне жазбауға, мүлікті бұзған жағдайда жөндеуге;

· Білімалушылар шпилька аяқ киім кимеуі тиіс.

· Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

· Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

· Кафедра жұмысына белсенді қатысуға (СҒІ үйірмесіндегі жұмыс, кафедрада өткізілетін шараларға және т.б.);

· Мамандығы бойынша ғылыми – практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялар жұмысына қатысуға;

· Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіруге;

· Ұялы телефондарды, i-Phone, i-Pad емтихандарға бірге алып кіруге тыйым салынады. Оларды пайдаланған жағдайда білімалушы емтиханнан қуылады және «Ғ» баға қойылады. Ал емтихан барысында көмекші қағаздар қолданса, онда қорытынды баға: «Ғ» қанағаттанарлықсыз;

· Егер білімалушы бір ғана сабақ босатса, деканаттан рұқсат қағазы қажет етілмейді, бірақ сабақ міндетті түрде өтелуі керек. Электрондық журналда әр босатылған сабақ өтелмесе, автоматты түрде балы төмендетіледі.

· Кафедраларда және курстарда өтелулер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге, клиникаларда түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.

· Білімалушы сабақтарды себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар ауру туралы анықтама қағазын әкелуге тиісті. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.

· Сабақты себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың тапсырады, егер деканаттан растайтын құжатпен бірге рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін.

· Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білімалушыт бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады.

· Сабақты себепсіз босатқан жағдайда білімалушы бір уақытта 1 сабақты өтеуіне болады.

· Босатқан сабақты өтегенде «ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;

· Себепсіз босатқан сабақты өтегенде білімалушы 3,33 ден жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.

· Бір айда сабақты екі рет, не одан да көп сабақ босатқан білімалушы аттестаттаудан өтпейді. Білімалушы себепсіз босатқан сабақтары үшін 1 айда, себепті босатқаны үшін 2 айда өтеулерді өткізуге тиіс.

· Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепсіз босатқан жағдайда білімалушыға деканаттарда өтеулерді орындауға рұқсат жоқ, білімалушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өтпейді. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрде өтуге тиіс.

· Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепті босатқан жағдайда білімалушы жеке кесте бойынша барлық сабақтарды өтеуі керек.

· Деканаттан рұқсат қағаздар оқу топтарының журналдарында сақталады.

· Аралық бақылау кезінде себепті не себепсіз босатқан сабағын бір ай ішінде өтемеген жағдайда «ж» орнына «0» қойылады.

· Егер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4,5,6,7 курстарының интеграциясының бір пәнінен не шектес пәннен білімалушы «Ғ» алса, жазғы (ақылы) семестрді «Ғ» баға алған пән бойынша ғана өтеді.

· Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және білімалушы кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды. Қорытында баға мынадай жағдайда: егер білімалушыда рұқсат алу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы болған жағдайда есептелінеді. Мұндағы жақсы бағаға 50% тен 100% -ке дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз баға 0 ден 49% -ке дейінгі бағалар кіреді.

· Тесттік емтиханның үлес салмағы 10%.

· Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда білімалушының Рұқсат алу рейтингі бағасы төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.

· Емтиханда алған қорытынды бағаны көтеру үшін қайта емтихан тапсыруға рұқсат жоқ.

· Сынақ кітапшасының оң жағына Рұқсат алу рейтингі бағасы қойылады. Дифференциалдық сынақ бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.

· Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес семестрдің барлық пәндері бойынша сынақтарды тапсырып, Рұқсат алу рейтингі бағасын алған жағдайда ғана білімалушылар емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен рәсімделеді, білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.

· Білімалушылар үлгерім орташа баллы (GPA) негізінде курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.

· (GPA) үлгерім орташа балы курстан курсқа өту баллының қажетті мөлшерін ала алмаған жағдайда, білімалушы білім грантынан айрылады, курсты қайта оқиды немесе өз қалауымен оқудан шығарылады.

· Курстың бағдарламасын толық көлемде орындап, бірақ GPA өту баллын ала алмаған білімалушы жазғы (ақылы) семестрде пәнді (мемлекеттік емтихан «Қазақстан тарихынан» басқа) қайта оқуға, қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. Қайта алынған жақсы баға шәкіртақыға әсер етпейді.

· Білімалушылар (академиялық демалыстан кейін) курстың пәндерін толықтай өтуге және емтихан тапсыруға міндетті.

II. БАҒДАРЛАМА:

1. Кiрiспе:

Бағдарлама мединациналық жоғары оқу орындарының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың тақырыптары осы мамандық бойынша мамандар дайындауға сәйкестендірілген.

«Химия» пәні биохимия, молекулалық биология, физиология, фармакология, гигиена пәндерінің кейбір бөлімдеріне теориялық база болып табылады; медико-биологиялық, клиникалық пәндерді оқығанда өзекті мәселелер мен жаңа зерттеу әдістерін қолданудың теориялық негіздік құрайды.

2. Пәннің мақсаты:

Химия курсының мақсаты адам ағзасында болып жатқан құбылыстардың физико-химиялық негізін, адам ағзасын жаратылыс тану ғылымы тұрғысынан қарастырып; тірі ағзадағы манызды биохимиялық процесстердің химиялық, физико-химиялық заңдылықтарын, әртүрлі тепе-теңдіктер туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

Тірі ағзада жүріп жатқан құбылыстардың мәні мен механизмдерін молекулалық дәрежеде түсіну үшін табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары, биополимерлердің құрылысы мен химиялық қасиеттері арасында байланысы негздеу; кейбір клиникалық пәндерді игеру қажет теориялық база болып табылатын қазіргі заманғы химияның негізгі бөлімдерімен таныстыру

 

3. Пәннің мiндеттерi:

- химиялық термодинамика сұрақтарын оқу және химиялық энергияның басқа түрлерімен байланысын анықтау;

- заттардың қасиеттері мен реакцияға қабілеттігі заңдылықтарын айқындау;

- органикалық заттардың кеңестік құрылысы мен биологиялық белсендігі арасындағы өзара байланысты айқындау;

- тірі ағзадағы органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамын, құрылысын, қасиеттерін оқу.

4. Оқытудың соңғы нәтижелерi:

4.1. Студент білуі тиіс:

- химиялық термодинамиканың негізгі қағидалары, термодинамиканың 1- және 2- бастамалары биоэнергетиканың теориялық негізі екендігін;

- ерітінділердің коллигативтік қасиеттерін, олардың ағзадағы ролін;

- атомдар мен молекулалар құрылысы теориясын: комплексті қосылыстар құрылысының координациялық теориясын; хелатотерапия түсінігін

- биогенді элементтер химиясын; ағзада және қоршаған ортада болып жатқан реакциялардың мәнін;

- қышқылдық-негіздік тепе-теңдік теориясы мен биологиялық сүйықтықтар жүйесінің қызметін;

- тотығу-тотықсыздану процесстері теориясын;

- беткейлік құбылыстар, биологиялық мембраналар құрылымы мен қасиеттері және тірі ағза дисперсті жүйелерінің физико-химиялық заңдылықтарын;

- жоғарғы молекулалық қосылыстар мен биополимерлер табиғатынын ерекшелітерін

- органикалық қосылыстардың жіктеу және атау ережелерін;

- химиялық реакциялар типтерін және механизмдерін;

- органикалық қосылыстардың негізгі жіктерінің электрондық құрылысын, изомериясын; жасуша мен ағзадағы зат алмасу процесіне қатысушы қосылыстар түзушілерін, құрылымын;

- функциялы топтар мен манызды органикалық қосылыстар өзгерулерінің жүру мүмкіндігі-биохимиялық процесстердегі өзара айналудың негізі екендігін;

- органикалық қосылыстар құрылысының және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері мен олардың биологиялық активтігі байланысын;

- биореттегіштер мен биополимердің тіршілік процестеріндегі ролін:

 

4.2. Студент орындай білуі тиіс:

-еріген заттың молярлық концентрациясын, эквиваленттің молярлық концентрациясын, еріген заттың массалық үлесін және ерітінді титрін есептеуді;

- реакцияның жылу эффектісін есептеуді;

- рН –ті потенциометриялық әдіспен анықтауды;

- рН – белгілі болған жағдайда буферлі ерітінділерді дайындауды, буферлік сиымдылықты анықтауды;

- адсорбция шамасын анықтауды;

- хроматографиялық анализді орындауды;

- коллаидты жүйелерді алып, олардың қасиеттерін зерттеуді;

- ұйытқының ұйыту қабілетін –шекті концентрациясын анықтауды;

- полимердің ісіну дәрежесін анықтауды;

- кіші молекулалық заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын криометриялық мәліметтер және ЖМҚ- вискозиметриялық мәліметтер бойынша анықтауды;

- органикалық қосылыстарды көміртек қанқасы және функционалды топтар сипаты бойынша жіктеуді;

- химиялық атау ережелерін бекіту;

- биологиялық маңызды органикалық қосылыстарды құрылысы бойынша атау; атауы бойынша биологиялық манызды қосылыстар өкілдерінің құрылым формуллаларын құруды;

- молекуланың құрылысы бойынша реакциялық орталықтарды анықтау және олардың қасиетін: қышқылдық, негіздік, электрофильді немесе нуклеофильді айқындау: белгілі жағдайлардағы реакцияға қабілеттігін сапалық бағалау;

- органикалық молекулалардың құрылысы мен реакцияға қабілетін олардың биологиялық қызметімен байланыстыру;

- қанықпаған қосылыстар, аминқышқылдар, көмірсуларға сапалық реакция орындауды; молекуладағы пептидтік байланысты, диольдық фрагментті, карбонильдік, гидроксильдік, карбоксильдік топтарды анықтауды; тотықсыздандырғыштық қасиеттерін дәлелдеуді және т.б;

- тәжірибе нәтижелерін анализдеуді;

- химиялық лабораторияда жұмыс істеуді, күйдіргіш, улы, жеңіл ұшқыш органикалық заттармен жұмыс істегенде спирт шамды, қыздырғыш аспаптарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

- органикалық қосылыстардың қоршаган ортаның белгілі жағдайлардағы өзгерулерін органикалық химияның теориялық білімі негізінде болжамдауды;

- манызды табиғи органикалық қосылыстар жіктеріне негізгі стереохимиялық көзқарас-биомакромолекулалар мен молекулалақ комплестер қатысатын ерекше комплементарлы әрекеттесулер негізі екендігін.

4.3. Игеретін дағдылар:

- белгілі концентрациялы ерітінді дайындап, оның концентрациясын есептеу;

- ерітіндінің рН және тығыздығын анықтау;

- органикалық қосылыстардың жіктелуін және химиялық атау ережелерін меңгеру;

- химиялық реакция теңдеулерін құрастыру.

4.4. Пәннің пререквизиттері: химия, физика математика биология, экология сұрақтарына мектеп бағдарламасы бойынша жалпы теориялық білімдер.

4.5. Пәннiң постреквизиттерi: «Химия» пәнін оқу кезінде алынған білім биохимия, фармакология, физиология, экология, гигиена, гистология, анестезиалогия және басқа арнаулы пәндерді оқу үшін қажет.

5. Оқу пәнінің мазмұны:

Термодинамика, Термохимия. Химиялық кинетика және катализ. Ерітнділердің коллигативтік қасиеттері. Қышқыл мен негіздердің протолиттік теориясы. Буферлік жүйелер. Химиялық байланыс табиғаты. Кешенді қосылымдар, биогендік элементтер.Тірі организмдердегі тотығу-тотықсыздану реакцилары. Үстірт құбылыстар. Коллоидтық жүйелер. Биополимерлердің ерітінділері. Көмірсулар. Ароматты қосылыстар. Хюккель ережесі. Спирттер. Аминдер. Диазо –және –азоқосылымдар. Альдегидтер мен кетондар. Карбон қышқылдары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Алифаттың орнын басатын галогендік қышқылдар. Гидроксиқышқылдар. Оксоқышқылдар. Альфа-аминқышқылдары. Пептидтер. Ақсылдар. Көмірсулар. Гетероциклды қосылыстар. Алкалоидтар. Нуклеин қышқылдары. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. РНК және ДНК. Липидтер. Терпендер. Стероидтар.

Оқу пәнінің мазмұнын толық түрде оқу бағдарламасынан білуге болады

Пән сағаттарының үлестірлуі:

Сағаттардың жалпы көлемі Аудиториялық сағаттар   СӨЖ Бақылау түрі
Дәрістер Зертханалық-сарамандық сабақтар
90 сағат         емтихан
Бейорган., физ. және коллоидтық химия – 40 сағат        
Биоорганикалық химия - 50 сағат        

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Участь у реалізації національних, державних та регіональних програм.| Зертханалық – тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)