Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма №1. Гигиеналық зерттеу әдістері бойынша жағдайлық есептерді шешу

Читайте также:
  1. II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер
  2. Lt;variant>белгiлi бiр есептерді орындайтын бұйрықтар тізбегі
  3. Parliament бренді бойынша 2012 жылға Leo Burnett жұмыс көлемі
  4. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  5. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  6. Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий
  7. Азақ тілінен тест тапсырмалары

Есеп № 1.

Бояу өндірісі цехында жұмыс зонасына ацетон, бензол, сонымен қатар, жылулық радиацияның көздері (жылынған қондырғыларынан шығатын инфрақызыл сәулелену) бар. Зауыт пен СЭҚ зертханасынан кезекті түрде жұмыс зонасының ауасынан ауадан сынама алынады. Мұнда ацетон мен бензолдың жоғарғы деңгейі анықталды. Олардың концентрациялары ШРЕК-тен 2-3 есе жоғары екендігі белгілі болды. Жылулық радиацияның интенсивтілігі норма шегінде. Ацетон және бензол орталық жүйке жүйесіне, қан жүйесіне, бауыр және басқа да ағзаларға әсер ететін у болып табылады. Өндіріс жұмысшыларын медициналық тексеру кезінде жоғарғы орталық жүйке жүйесінің, асқазан ішек жолдарының, қан аурушаңдылығының жоғарғы деңгейі анықталынды. Жұмыс зонасының ауасының ластануы технологиялық үрдістің бұзылуымен, желдету және жабдықтардың герметизациясының жеткіліксіздігімен байланысты екендігі анықталды.

Есептеу арқылы белгілі болды, кезекті алдын алу шараларын қолданбаған кезде, ластағыштар 3-4 жылдан соң нормативтен 5-6 есе жоғарылайды, ал аурушаңдылық 1,5-2 есеге жоғарылайды. Ауаның ластану деңгейін төмендету және кәсіптік аурулардың алдын алу үшін тиімді желдетуді ұйымдастыру, жабдықтарды герметизациялау, технологиялық үрдістерді жетілдіру, СИЗ міндетті түрде қолдану ұсынылды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды талдау барысында гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылады?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды өңдеу үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылады?

6. Гигиенаның қандай әдісінің көмегі арқылы ацетон мен бензолдың ағзаға әсері бекітілді?

7. Перспектива бойынша гигиенаның болжамы бекітілді?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп № 2.

Болат құю цехында зауыт зертханасының мәліметтері бойынша жұмыс зонасының ауасында күкірт пен азот тотықтары мен қос тотықтары, иісті газ табылған, бұлардың концентрациялары ШРЕК 2-3 есе жоғары. Болат ерітетін беткейлер бірнеше жүздеген градустарға дейін ысиды. Олардан шыққан жылу сәулелерінің қарқындылығы ШРЕК тен 2 есе жоғары. Цехта жаз айында ауа температурасы 38-39 градусқа дейін жетеді. Қарқынды шу, бұлардың деңгейі қалыптың жоғарғы деңгейіне жетеді. Күкірт пен азоттың тотықтары мен қос тотықтары көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабаттарына тітіркендіргіш әсер етеді, риниттерді, бронхиттерді, пневмонияны шақырады, токсикалық әсер көрсетеді. Иіс тигізіп уландыратын газ қанда карбоксигемоглобиннің түзілуіне және тіндерге оттегінің тасымалдануының бұзылуына әкеледі. Шу кохлеарлы аппараттқа деструктивті әсер көрсете, ал, жылулық радиация шектен тыс қызынуға және катарактаға әкеледі. Статистикалық зерттеулердің әдістері бойынша бірнеше жылдар бойына цехта жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпеде, ОЖЖ, ЖҚЖ аурушаңдылығының жоғары деңгейлері анықталды. Кезекті медициналық тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылардың 20% созылмалы трахеиттер мен бронхиттер, 15%- миокардтың дистрофиясы, артериялық гипертензия, 18 % астениялық және астено-жүйкелік бұзылыстар, 10% - кереңдік байқалды. Зиянды әсерлердің әсер ету деңгейлерін төмендету үшін жабдықтарды герметизациялау, желдету тиімділігін жоғарылату, су жамылғыларын қолдану, қорғаныс көзілдіріктер мен арнайы киімдерді пайдалану қажет.

Сұрақтар:

1.Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2.Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3.Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4.Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Ағзаға жылулық радиация мен ластағыштардың әсерін гигиенаның қандай әдістерімен анықталынды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп № 3.

Антибиотиктерді қораптау цехының жұмыс зонасының ауасында тұрақты түрде антибиотиктің шаңы табылған, бірақ олардың концентрациялары ШРЕК тен аспайды. Орындалатын операциялар монотонды, яғни біркелкі, және жұмысшының мәжбүрлік жағдайы бар. Желдеткіш қондырғыларының жұмысы қалыпты. Бірақта жұмысшылардың арасында жүргізілген медициналық тексерулердің барысында дисбактериоз жағдайлары, бауыр мен бүйректің токсикалық зақымдалулары, сонымен қатар, терінің және кілегей қабаттарының саңырауқұлақтық ауруларының өсуі, аллергиялық аурулар байқалған. Антибиотикті қораптайтын жұмысшыларда айқын сезімталдылық және токсикалық әсер, бауыр мен бүйректерінің зақымдалулары бар. Өткен 3 бойынша аурушаңдылық туралы мәліметтерді анализдеу барысында жұмысшылардың денсаулығында антибиотиктің жаңа түрін өндіріске енгізгеннен бастап нашарлауын көрсеткен. Зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс зонасының ауасында антибиотиктің ШРЕК-ы қайта қаралды. Шаң бөліну деңгейі мен еңбектің біркелкілігін төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялық үрдістер жетілдірілді. Дайындалған ұсыныстарды енгізгеннен кейінгі медициналық тексерулердің нәтижелері аурушаңдылық деңгейлерінің төмендеуін көрсетті, сонымен бірге, жұмысшылардың денсаулық жағдайларының жақсарғандығын көрсетті.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Ағзаға антибиотиктердің әсері гигиенаның қандай әдістері арқылы анықталды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9.Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10.Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

13. Динамикада медициналық тексерулерді жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қандай түріне жатады?

14. Антибиотиктердің ШРЕК неге қайта қарастырылды?

Есеп № 4.

Мата шығаратын мақта қағаз комбинатының жұмыс зонасының ауасында мақта шаңы, сонымен қатар шу бөлінеді. Комбинат зертханасы мен СЭҚ жұмыс зонасынан кезеңді түрде ауадан сынама алынып отырады. Бұнда мақта шаңының жоғарғы деңгейі және сонымен қатар шудың жоғарғы деңгейлері байқалып отыр. Шудың деңгейі санитарлық қалыптардан 2 есе жоғары асып отыр. Шаңның концентрациясы ШРЕК 5 есе жоғары. Мақта шаңы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларын, өкпе ауруларын шақырады. Шу есту аппаратына әсер етеді, сонымен қатар ОЖЖ, жүрек қан тамыр жүйелеріне де теріс әсер етеді. Жұмысшыларға медициналық тексерулер жүргізгенде өндірістің жұмысшыларында тыныс алу жолдарының аурулары (риниттер, бронхиттер, пневмокониоздар) және кереңдік байқалған. 5 жыл бұрын осы аурулардың деңгейі біршама төмен еді. Жұмыс зонасының ауасының ластануы жұмыс жабдықтарының ескіруімен, желдетілудің және өндіріс технологиясының нашарлығына байланысты екендігі анықталды. Сонымен қатар осы өндірісте ітейтін жұмысшылардың көпшілігі жеке қорғану киімдерін кимейді. Ғылыми есептеулер көрсеткендей қажетті шараларды қолданбаған кезде ауада шаңның концентрациясы 1 жылдан кейін нормативтен 7 есе жоғарылайды. Шу деңгейі 2 есе жоғары, ал аурушаңдылық 3 есеге жоғарылайды. Санитарлық жағдайды жақсарту үшін және кәсіптік ауруларды төмендету үшін өндірістің технологиясын модернизациялау, желдету жұмысын жақсарту, барлық жұмысшыларды жеке қорғану киімдерімен қамтамасыз ету керек. санитарлық қызметтің есебі бойынша комбинат жұмысшыларының арасында аурушаңдылықтың төмендеуіне әкелу керек.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2 Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Шу мен шаңның ағзаға әсері гигиенаның қандай әдістерімен анықталды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп№ 5.

Асхананың ас блогында СЭҚ қатысуымен жүргізілген сынамада ас үйдің ауасында жағымсыз иіс байқалды және табиғи газдардың (көмірқышқыл, иісті газ, азот тотығы мен қос тотықтары) жиналуы байқалған. Бұлардың концентрациялары ШРЕК тен бірнеше есе жоғары. СО улы болып табылады, ол қанға әсер етеді, ал азот тотықтары мен қос тотықтары тітіркендіргіш әсер етеді. Сонымен қатар, келесі факітелер табылды: азықтарды сақтаудың жылулық тәртібі бұзылған, ас үйде механикалық сормалы желдеткіш жұмыс істемейді. Осыған байланысты асханада тамақтан улану жағдайлары жиі орын алып отырған. Жұмысшыларды медициналық тексеру барысында алтын түстес стафилакокктың тасымалдаушысы анықталды, сонымен қатар, бастың айналуы, жүрек айну, әлсіздік, көз бен мұрынның ашуы байқалған. Тексеруді жүргізген санитарлық дәрігер қажетті шараларды қолданбаған жағдайда ластағыштардың концентрациясы ауада нормативтен асады және тамақтан улану жағдайлары жалғаса береді деп қорытындылады. Тексеруден кейін асхананың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында желдету мен мұздатқышқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ас блогының жұмысшылары антибиотикотерапия курсынан өтті және жеке бас гигиеналарын сақтады.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2 Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5.ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Адам ағзасына ластанудың әсері және бактериотасымалдаушылықгигиенаның қандай әдістерінің көмегі арқылы?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9.Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп № 6.

Цементті өндіретін өндіріс орнында квартал аралық санитарлық тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылардың ағзасына цемент шаңы мен шудың әсері бар екендігі анықталды. Жұмыс зонасының ауасында цемент шаңының концентрациясы ШРЕК 3 есе асады. Ал шудың қарқындылығы ШРЕД жоғары. Цемент шаңы тітіркендіргіш және фиброздық әсері бар, теріні, өкпе және кілегей қабаттарын зақымдайды, Сонымен қатар, шу есту мүшесіне, әсер етеді, сонымен бірге, ОЖЖ, ЖҚЖ қолайсыз әсер етеді. Сонымен бірге жұмысшылардың еңбегі көптеген ауыр жүктерді көтерумен де байланысты. Мед. тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылар өкпе, тері және есту ағзасының аурулары бар. Қимыл-қозғалыс аппарат жағынан да бұзылыстары бар. Жұмысшылардың медициналық картасының мәліметтері бойынша өткен 10 жылда аурушаңдылыққа статистикалық зерттеулер жүргізілді. Жалпы аурушаңдылықтың және жекелеген нозология (тыныс алу жүйесі, көз, тері, сүйек) аурушаңдылықтың өсуі анықталды.Жұмыс зонасының ауасының ластануы технологиялық үрдістің бұзылуымен және жабдықтардың нашар герметизациясымен байланысты екендігі анықталды. ЖҚЗ қолданылмайды. Еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралар қолға алынды. Осы шараларды қолданғаннан кейін санитарлық жағдайдың болжамы қолайлы болды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Цемент шаңы мен шудың адам ағзасына әсері гигиенаның қандай әдістерінің көмегі арқылы анықталынды?

7. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

8. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

9. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

10. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

11. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

Тапсырма№2.

Тесттік сұрақтарға жауап беру

Нұсқа

1. Гигиена – ғылым, ал санитария:

A) гигиенаның тәжірибеде қолданылуы

B) гигиеналық қалыптар мен ережелердің және шаралардың сақталуын бақылау жүйесі

C) гигиеналық қалыптарды өңдеу

Д) адам ағзасына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

Е) ауруларды емдеу

А, В

С,Д

Д,Е

В, С

А,Д

2.Гигиенаның міндеттері болып табылады:

A) демографиялық жағдайларды зерттеу және оны болжамдау

B) тұрғындардың жалпы аурушаңдылықтарын зерттеу

C) денсаулық сақтау практикасына нормативтер, ережелерді енгізу және халықтық шаруашылық пен оның тиімділігін бағалау.

Д) тұрғындардың аурушаңдылық құрылымын бағалау және болжамдау

Е) келешекке санитарлық жағдайды болжамдау

АВ

СЕ

ДЕ

ВД

BE

3. Адам денсаулығына қай жол арқылы қол жеткізеді:

A) алдын алу жолы

B) қайта қалпына келтіру жолымен

C) аурушаңдылықтың ретроспективті көрсеткіштерін зерттеу жолы арқылы

Д) тұрғындардың аурушаңдылығын зерттеу арқылы

Е)қоршаған ортаның негізгі нысандарын бағалау жолы арқылы

АВ

СД

СЕ

АД

ВС

4.Антропогенді деп, қоршаған ортаның қандай факторларын атайды:

A) космостық сәулелену

B) күн радиациясы

C) топырақта радиоактивті калийдің болуы

Д) қоршаған ортада Cs137 болуы

Е) ауада күкірт газының болуы

АВ

ВС

СД

ДЕ

АЕ

5. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларға:

A) табиғи-климаттық факторларды зерттеу (күн радиациясы, температура,ылғалдылық,қысым, ауаның қозғалыс жылдамдығы)

B) ауамен, тағам өнімдерімен түскен химиялық заттардың адам ағзасына әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың (шу, вибрация, температура) әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

6. Төменде келтірілгендердің қайсысы гигиенаның

1- мақсаты

2- міндеттері болып табылады:

A) уланудың клиникасын зерттеу

B) аурудың диагнозын қою

C) ауруды емдеу

Д) адам денсаулығын сақтау мен нығайту

Е) адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

1-Д 2-Е

1-С 2-А

1-В 2-Д

1-А 2-В

1-А 2-С

7.Алдын алу шараларына төменде келтірілген қай бағыттар жатады:

A) ауруды емдеу, аурудың белгілерін зерттеу

B) улану клиникасын зерттеу

C) денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алу

Д) аурудың патогенезін зерттеу

Е) аурудың диагнозын қою

8. Адам денсаулығын сақтау- медицинаның міндеттерінің ішінде ең негізгісі болып табылады. оның тиімділігі келесі жолдармен жетеді:

A) аурудың диагностикасын жақсартумен

B) аурудың патогенезін зерттеу

C)аурудың себебін анықтау

Д) денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алу

Е) ауруды емдеу

9.Гигиенаның мақсаты болып табылады:

A) аурудың белгілерін зерттеу

B) аурудың диагнозын қою

C) ауруды емдеу

Д) адам денсаулығын сақтау мен нығайту

Е) науқастарды реабилитациялау

10.Гигиенаның міндеттеріне не жатады:

A)науқастарды реабилитациялау

B) аурудың клиникалық ағымын зерттеу

C) ауруды емдеу

Д)әйелдердің репродуктивтік қызметтерінің жағдайын зерттеу

Е) адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

Нұсқа

1.Гигиенаның міндеттеріне не жатады:

A) жаңа дәрілік препараттарды дайындау

B) аурудың клиникасын зерттеу

C) ауруды емдеу

Д) әйелдердің репродуктивтік қызметтерінің жағдайын зерттеу

Е) денсаулық сақтау тәжірибесіне шаралар ретін енгізу, олардың тиімділігін бағалау

2. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларға:

А) су, топырақ, тағам өнімдерінде химиялық заттардың таралуы

B) ауа, тағам өнімдерімен түскекн химиялық заттардың ағзаға әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е)) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

3. Санитарлық бақылауды жүргізу барысында санитарлық дәрігер қолданады:

A)зерттелінетін нысандағы аурудың құрылымын

B) аурудың санитарлық-статисткалық көрсеткіштерін

C) өндірістің экономикалық көрсеткіштерін

Д) санитарлық заңдылық

Е) зерттелінетін аумақтағы тұрғындардың жастық-жыныстық құрамы

4. Санитарлық заңдылыққа жатады:

A) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

B) зерттелінетін нысанның аурушаңдылық құрылымын

C) нысанды санитарлық сипаттау

Д) санитарлық хаттама

Е) мемлекеттік стандарттар (мысалы "ауыз су")

5.Санитарлық заңдылыққа жатады:

А) СанН мен Е

B) зерттелінетін нысанда аурудың құрылымы

C) нысанды санитарлық сипаттау

Д) санитарлық хаттама.

Е) зияндылықтың органолептикалық концентрациялары бойынша табалрыдығын орнату

6. Санэпидқызметтің басқарма органы болып табылады:

A) қалалық денсаулық сақтау басқармасы

B) халықтық білім берудің қалалық бөлімі

C) қалалық тергеу комитеті

Д) мемлекеттік салық комитеті

Е) басты санэпидқызмет

7.Алдын алу шараларының жүйесінде негізгі жүйе болып табылады:

A) санитарлық бейнелеу

B) тереңдетілген санитарлық зерттеу

C) санитарлық паспорт

Д) санитарлық хаттама

Е) гигиеналық нормалау

8.Гигиеналық нормалау мына мақсатпен жүргізіледі:

A) аурушаңдылықты сангитарлық-статистикалық зерттеу

B) санитарлық бейнелеу

C) санитарлық сараптама

Д) тереңдетілген санитарлық зерттеу

Е) нысанның органолептикалық қасиеттеріне зерттелінетін фактордың әсерлерін зерттеу

9. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторлар деп:

A) табиғи-клматтық факторларды зерттеу (күн радиациясы, температура,ылғалдылық,қысым, ауаның қозғалыс жылдамдығы)

B) Ауамен, тағам өнімдерімен түскен химиялық заттардың адам ағзасына әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың (шу, вибрация, температура) әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

10.Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның факторларының заңдылықтарын зерттеу:

A) судағы токсикалық заттардың құрамы мен таралуын зерттеу

B) тіс аурулары (флюороз және тіс жегісі) мен судағы фтордың концентрацияларының байланыстылығын зерттеу

C) токсикалық заттардың ағзаға миграциялық-сулық ену жолдарын зерттеу

Д) токсикалық заттардың ағзаға миграциялық-ауалық ену жолдарын зерттеу

Е) ағзаға токсикалық заттардың транслокациялық түсу жолдарын зерттеу

Тақырып № 2 Үйлердің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау-3 сағат.

Мақсаты. Тұрғын және аурухана бөлмелеріндегі микроклиматтық жағдайларын бағалау және оның қолайсыз әсерлерін алдын алу жөніндегі білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ағзаның жылу гомеостазын жылу мен қамтамасыз етудегі химиялық және физикалық термореттелудің рөлі жөніндегі білімді қалыптастыру;

- тұрғын үйлер мен ЕАМ микроклимат көрсеткіштері және олардың нормативтері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- жылытудың оптималды жүйелері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- бөлмедегі ауаның физикалық көрсеткіштерін анықтау дағдысын қалыптастыру;

- жылу сезінуі бойынша адамның жылулық жағдайын анықтау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты бағалау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты оптимизациялау бойынша алдын алу шаралары жөніндегі дағдыны қалыптастыру;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның жылу ретттелу механизмі

2. Адамның қоршаған ортамен жылу алмасуын анықтайтын ауа ортасының физикалық факторлары және гигиеналық маңызы.

3. Микроклимат, адамның жылулық жағдайын анықтайтын ауа ортасының физикалық қасиеттерінің жиынтығы ретіндегі адам организміне қолайсыз микроклиматтық жағдайларының әсері

4. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

5. Ауа ортасының физикалық факторларын бағалау және өлшеу әдістері.

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтармен жұмыс істеу: температураны, ауаның қозғалу жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу аспаптарымен таныстыру, жағдайлық есептерді шешу.

Дебиеттер

Негізгі:

1.Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.- С.76-110, 197-220.

2.Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д:»Феникс».2002.- С.59-73, 31-47, 48-53.

3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. 3-е изд. – М.:ГОУВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.7-16, 190-194.

Қосымша:

1.Амрин М.А. Гигиеническая оценка воздушной среды/Учебно-методическое пособие для студентов медицинских факультетов. – Алматы: КазНМУ, 2003. – С. 6-21, 48-50.

2.Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.-М.:Изд-во Университета дружбы народов.1991.- С.11-31

3. Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк.,1999.- С.177-237, 140-142, 237-289.

4.Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. - М.: Медицина, 1983.- С.93-101.

5.Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- С.263-268.

6. Санитарные правила и нормы «Требования к устройству и содержанию больничных

организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06 2002 г.

Бақылау

1. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейін бақылау:

1. Микроклимат. Микроклимат көрсеткіштері.

2. Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсері.

3. Ылғалдылықтың гигиеналық маңызы. Ылғалдылық түрлері. Өлшеу бірлігі.

4. Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы. «Жел раушаны» оның қосалқы маңызы.

5. Барометрлік қысымның гигиеналық маңызы. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсері.

6. Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау.

7. Микроклимат түрлері: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын.

8. Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсері.

9. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шаралар.

10.Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау бойынша әдістер.

11.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігі.

 

3. Студенттердің өзіндік жұмыс жасау барысындағы соңғы білім деңгейлерін бағалау:

· Тапсырма 1. Аспаптық зерттеулер нәтижесімен және өзінің жылу сезінуі бойынша микроклиматтық жағдайларға баға беру және жұмыс принципімен таныстыру.

· Тапсырма 2. Ылғалдылықты, температура мен ауаның қозғалысы жылдамдығын анықтауды, аспаптармен зерттеулер жүргізу, нормативтермен салыстыру және оны оптимизациялау бойынша ұсыныстар беру.

Тақырып № 3. Бөлмелердегі инсоляциялық тәртіпті, табиғи және жасанды жарықтануды, гигиеналық бағалау– 3 сағат Мақсаты:Тұрғын үйлер мен ауруханалардың табиғи және жасанды жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру. Бөлмелерде инсоляциялық тәртіп пен жарықтануды бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру. Міндеттері: - Бөлмедегі табиғи жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Табиғи жарықтанудың негізгі көрсеткіштері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Инсоляциялық тәртіп түрлері және оның гигиеналық маңызы жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Жасанды жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар, анықтайтын әдістер, әртүрлі бөлмелерге арналған нормативтері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - ЖК; ТЖК, түсу бұрышын, сәулені, тесік бұрышы, тереңдену коэфициентін анықтай отырып, табиғи жарықтануды бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - ЕПМ инсоляциялық тәртіпке баға беру, науқастарға қажетті болатын инсоляциялық тәртіпті есепке ала отырып, палаталарға оларды дұрыс орналастыру жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Бөлмедегі табиғи және жасанды жарықтанудың көрсеткіштері мен бағалайтын әдістері. 2. Тұрғын бөлмелер мен емдеу мекемелеріндегі табиғи және жасанды жарыққа, инсоляциялық тәртіпке қойылатын гигиеналық Оқыту және сабақ беру әдістері:кіші топтарда жұмыс жасау: аудиториядағы табиғи және жасанды жарықтануды бағалау бойынша оқу-зерттеу тапсырмаларын орындау. Әдебиеттер: негізгі: 1. Гигиена / Под ред. акад РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР Медицина.2000.-С.105-110, 350-353, 360-393, 458-461. 2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д:»Феникс»,2002.-С.48-58, 286. 3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С. 16-27. қосымша: 1. Амрин М.К. Гигиеническая оценка воздушной среды. – Алматы:Информационно-издательский отдел КазНМУ, 2003. – 66 с. 2. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. М.: Медицина, 1985. С. 151-164, 271-276. 3. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. М.: Медицина, 1983. С. 101-110, 199-210. 4. Гурова А.И., Горлова О.Е., «Практикум по общей гигиене», М.,1991, стр.31-38. 5. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков – М.: Медицина,2002.- С.333-343. 6. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных организаций от 4.07.03г. № 2.01.017.03. 7. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях № 2.01.015.03. 8. СНиП РК 3.02-25-2004. Общеобразовательные учреждения.- Астана.2005. 9. СНиП РК 3.02-24-2004. Дошкольные учреждения.- Астана.2005. 10. Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06 2002 г.. Бақылау: · Сұрақтар бойынша ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау 1. Көрінетін жарықтың ағзаға әсері. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы. 2. Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторлар. 3. Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштері. Олардың нормативтері, анықтау әдкстері. 4. Инсоляцияның гигиеналық маңызы. Инсоляциялық тәртіп түрлері. 5. Жасанды жарықтаныруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар. 6. Жасанды жарықтану түрлері мен көздері, олардың сипаты. 7. Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойлатын гигиеналық талаптар. 8. Люксметр аспабының жұмыс істеу принципі. · Тапсырмалар және тестті орындау бойынша білім деңгейін қорытынды бағалау: Тапсырмалар: 1. Оқу аудиториясында ЖК, ТЖК (сырттан берілген жарық кезінде) өлшеу, сонымен бірге, түсу бұрышын, тесік бұрышын, терезе арасындағы қашықтық, тереңдену коэфициентін есептеу.(тәжірибелік дағды) 2. Жасанды жарықтану кезіндегі жарықтануды люксметр аспабының көмегімен және есептеу әдісі арқылы өлшеу. (тәжірибелік дағды) 3. Шамдарға гигиеналық баға беру. (тәжірибелік дағды) 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртіпті анықтау.(тәжірибелік дағды) 5. Алынған мәліметтердің негізінде жарықтанудың гигиеналық талаптарға сай екендігі жөнінде қорытынды беру және оны түзету бойынша ұсыныстар беру. (құқықтық дағды) Тесттер: Тесік бұрышы-бұл көрсеткіш: · Табиғи жарықтанудың · Жасанды жарықтанудың · Күн ағымының қарқындылығына · Шу деңгейіне · Шу қарқындылығының Түсу бұрышы-бұл көрсеткіш: · Жасанды жарықтанудың · Шу деңгейіне · Шу қарқындылығының · Табиғи жарықтанудың · Жарық ағынының бағыты ТЖК-бұл көрсеткіш: · Ауа ылғалдылығы · Ауа температурасы · Ауаның қозғалыс жылдамдығы · Жарықтану · Ауаның бактериалды ластануы Оңтүстік аудандарда ғимараттардың оптималды бағытталуы: С Ш Б О О,ОШ Суық климаттық аудандарда терезенің бағытталуы: · Батыс · оңтүстік · солтүстік · шығыс · солтүстік-шығыс Ыстық климаттық аудандарда ғимараттардың бағытталуы мына бағытта болмайды: · батыс бағытында · шығыс бағытында · солтүстік-шығысқа · солтүстікке · оңтүстік-шығысқа Тұрғын үйлердің табиғи жарықтануы үшін қолданылмайды: · жарықтану коэфициенті · түсу бұрышы · тесік бұрышы · шамдардың салыстырмалы қуаттылығы · тереңдену коэфициенті Жұмыс орнында табиғи жарықтануды бағалау кезінде тесік бұрышы болуы керек: · 10 градустан кем емес · 5 градустан кем емес · 15 градустан кем емес · 27 градустан кем емес · 20 градустан кем емес Инфрақызыл сәуле: · Фотохимиялық үрдісті күшейтеді. · Бактерицидтік қасиетке ие · Жылулық әсері бар · Эритемді-қыздыру әсері бар · Рахитке қарсы әсерге ие Шамдардың қажетті санын есептеу ккзінде ескерілмейді: · Төбе мен еденнің жарықтану коэфициенті · қабырға · биіктігі · жарықтанудың берілген деңгейі · шамдардың қуаттылығы · бөлменің биіктігі ЖК 1:6 – 1:7 қандай бөлмелерде жеткілікті болып табылады: · аурухана палатасы үшін · операциялық бөлме · оқу бөлмесі үшін · босану залы · аудитория үшін қандай бөлмелер үшін ЖК 1:4 – 1:5 кем болмау керек: · аурухана палатасы үшін · тұрғын бөлме үшін · санитарлық түйін · коридор · оқу бөлмесі үшін Қандай бөлмелер үшін ТЖК – 1 % жеткілікті: · аудитория · сыныптар үшін · операциялық залдар үшін · босану залы үшін · босанғаннан кейінгі палаталар үшін  

Тақырып №4. Ауыз судың сапасын және сумен қамтамасыз ететін су көздерін гигиеналық бағалау -3 сағат

Мақсаты Су факторының гигиеналық маңызы туралы түсінік беру және ауыз судың сапасына және сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін қолдану мүмкіндігі бағалау жөніндегі білімін қалыптастыру

Міндеттері:

- Ауыз су сапасының негізгі көрсеткіштері және ҚР «Ауыз су» Сан ЕменҚ бойынша судың микробиологиялық, химиялық, органолептикалық және радиологиялық көрсеткіштерінің гигиеналық маңызы жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Жер асты және жер үсті су көздері мен сумен қамтамасыздау көздерінің санитарлық-гигиеналық сипатамасы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

- Санитарлық дәрігердің іс әрекеті (судан сынама алу принципі, қосымша жолданатын құжаттар) жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Ауыз су сапасы және талдау нәтижелері бойынша оның жарамдылығы бойынша қорытынды беру жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жұқпалы, паразиттік және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының рөлі

2. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу

3. Ауыз судың сапасын бағалау

4. Жер асты және беткей су көздерінің санитарлық сенімділігі

Сабақ беру және оқыту әдістері: жағдайлық есептерді шешу, дискуссия

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000.-С.111-175с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д:»Феникс»,2002. – б.74-108.

3. Гурова А. И., Горлова О. Е. – Практикум по общей гигиене. – М.: Изд– во Университета дружбы народов, 1991. – б. 39-54.

4. Аликеева Г.М. Гигиена воды/Учебно-методическое пособие. – Алматы.: КазНМУ, 2003. – 70б.

5. Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы». - Алматы, 2006 ж. - 74 б.

6. Кенесариев Ү.И. оқулық «Гигиена» Алматы, 2009 жыл

Осымша

1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для медицинских вузов и колледжей. – Алматы: НИЦ«Ғылым», 2002. – С.46-70.

2. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж...Экология және халық денсаулығы. - Алматы: «Ғылым», 2002. – б.46-70.

3. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммуналды гигиена. -

4. Пивоваров Ю. П., Гоева О. Э., Величко А. А. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене – М.: Медицина, 1983.-б.42-58.

5. Румянцев Г. И., Вишневская Е. П., Козлова Т. А. –Общая гигиена –М.: Медицина, 1985. –б. 106-151.

6. СанПиН РК 3.02.002.04 «Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения».

7. СанПиН РК № 2999 от 11.08.2004г. «Санитарно-эпидемиологические требования по охране поверхностных вод от загрязнения». – 17б.

8. СанПиН РК № 229 от 13.05. 2005г. «Санитарно-эпидемиологические требования к нецентрализованному хозяйственно-питьевому водоснабжению». – 7б.

Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау:

1. Судың гигиеналық маңызы.

2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлі.

3. Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты аурулар.

4. Ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптар (ҚР СанЕменҚ 3.02.002.04. «Ауыз су»)

5.Сумен қамтамасыз ету көздері (беткей, жер асты).

6.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған.

7. Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасы. Су көздерін санитарлық қорғау.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 699 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып № 3. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. – 2 сағат. | Жағдайлық есептер . | Жағдайлық есептерді шығару 2 страница | Күшті тамақтану |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.| II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.076 сек.)