Читайте также: |
|
Кіріспе
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсететін халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен және халықаралық туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілеріндің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығумен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсінікті дамытудың факторына айналды.
Туризм индустриясының біз қарастырған оң және теріс жақтары әлі де тұрақтандырылмаған тұжырымдама ретінде болып отыр. Олар әлі де шешімін табуды қажет ететін, бірақ ұлттық экономиканың жаңа секторы ретінде қалыптасуы барысында өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отыратын шаралар болып табылады.
«Туризм» және «Туризм индустриясы» ұғымдары бір-біріне мағыналас және мазмұндас ұғымдар ретінде қарастырылады. Ғылыми әдебиеттерде түрлі авторлар осы терминдердің анықтамасын беріп жүр. Алайда «туризм индустриясы» термині кейде көп мағыналы, нақты бір ұғымға түсінік бермейтін анықтама ретінде беріліп жүр. Оның басты себебі - «туризм индустриясы» ұғымының өзі ауқымды және барынша күрделі болып келеді.
С.Р. Ердаулетовтың ойынша, туристік индустрия дамыған туристік кеңістік қызметтерінің нәтижелеріне сәйкес тиімділікті қамтамасыз ететін туризмнің шаруашылық деңгейінен анықтайды.
Лекция
Тақырыбы: Туризмді қазіргі әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттырудың жолдары
Жоспар
Туризмнің қазіргі рөлі мен пайдалы әсері
Азіргі туризмнің дамуына әсер ететін факторлар
Қолданылған әдебиеттер
1. В.Н. Вуколов Халықаралық турихмнің тарихы және теориясы. Астана 2005
2. В.Н. Вуколов Основы техники и тактики активных видов туризма Алматы 1996
3. Ананьев М.А. Межуднародный туризм М. 1968
Туризмнің қазіргі рөлі адамның өмірін ұзартуы мен пайдалы әсер етуінің сапасы арқылы айқындалады сондықтан да туризмтануда туризмнің медициналық физиологиялық экономикалық және әлеуметтік пайдалары деген ұғымдар қолданылады.
Туристік индустрияның экономикалық пайдасы басқа секторлармен салыстырғанда өзіндік жоғары деңгейі бар.
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы негізгі инвестиция шикі затты өндіруге жұмсалып, олар алыс шетелдерге сатылды. Тек шикі зат сату Қазақстанға валюта қорын жинауға мүмкіндік береді есептеді.
Мамандардың пікірінше бір турист беретін орташа кірісті алу үшін әлемдік рынокқа шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай және 2 тонна жоғары сұрыпты бидай шығару қажет деді. Шикізат сату елдің энергиялық қорын біржола жойып кетсе, туристік индустрия ресурстарды жаңартып отырады деген болжамда болды. Демек шикізатты сату экономикалық тығырықтан шығады, ал туризмнің дамуы ұзақ экономикалық пайда әкеледі деген пікірде болды.
Мексика, Перу, Аргентина, Египет елдерінде керемет дамыған. Бірақ бұл елдердің мемлекет көмегімен туристік қызметті жақсарту нәтижесінде экономиканың барлық саласы жоғарлады. Оған тағы бір дәлел кейінгі жылдарда туризмнің Қытайда, Тайландта қарқындап даму үстінде.
1950 жылы 25 млн. Халықаралық туристік сапарлардан мемлекеттердің қазынасына 2,5 млн. Доллар кіріс түскен деп болжады. Ал 1993 жылы бұл көрсеткіштер 500 млн. туристтен 304 млрд түсіп болған.
1963 жылы Римде Біріккен Ұлттық Ұйымда туризм және саяхат жөніндегі І конференция болып өткен, онда кейіннен әлемдік туристік ұйымға айналған халықаралық ұйымның негізі қаланды. әлемдік туристік ұйымнның мәліметі бойынша әлемнің барлық мемлекеттеріне 1980 жылы барған шет елдік туристер мен экскурсанттардың саны шамамен 234 млн, ал 1975 жылмен салыстырғанда 10%-ға көбейген және 20 жыл бұрынғысынан 4,5 есеге артқан.Туризм аясында іске асырылатын және пайдаланылатын өнімнің бағасы жылына 100 млрд. доллардан асып түседі. Ал 1995 жылы әлемде 576 миллион турист тіркеліп, халықаралық туризмнен түскен қаржы 372 млрд. долларды құрады.
1995 жылдың басында Жапонияда халықаралық туризмнің форумында әлемдік өнімінің оннан бірі экспорттау мен импорттардан түсетін жұмыс пен өндірістің негізгі қайнар көзіне айналуда. Сол кездегі сапарлардың орташа жылдық өсуі 7%, ал одан түсетін табыс 12% ға жеткен.
Азіргі туризмнің дамуына әсер ететін факторлар
Әлемдік туристік индустрия қазір нағыз қарқындау үстінде. әлемдік туристік ұйымның Стамбулда өткен соңғы конференциясында 1997 жылы саяхаттаушылардың саны 592 миллион адамға жеткен.
2020 жылға қарай тарихи және мәдени ескерткіштеріне, атақты қалаларға, танымал курорттарға 1 миллиард 800 миллион шет елдік қонақтар сапар шегеді деп күтілуде.
Халақыралық туризмнің дамуына төмендегі факторлар жатады:
1. Экономикалық өсу мен әлеуметтік іскерлік және танымдық мақсаттағы сапарларды кеңейту.
2. Транспорттың барлық түрлерінің жетілуне байланысты сапарлар құны арзандады.
3. Дамушы елдерде жалданушы жұмыскерлер мен қызметкерлердің саны артып, олардың материалдық және мәдени деңгейлері көтерілді.
Қазіргі туризмнің дамуына әсер ететін факторларды зерттеумен ТМД елдерінің туристік индустрия мамандары шұғылдануда.
Халықаралық туризм жөніндегі америкалық мамандар Г.Харрис пен К.Кац халықаралық туризмнің дамуына әсер ететін факторларға төмендегі мәселелерді жатқызды:
1.Маркетингтік іс-шараларды жетілдіру, қабылдаушы елдердің аймағының туристік-рекреациялық ресурстары туралы жарнамалық информацияны тарату:
2. Халықаралық туризмнің технологиясын жетілдіру,Европа тілдерінде экскурсиялық нысандардың көрсеткіштерін жасау;
Ресей мамандары халықаралық туризмнің дамуын айқындайтын негізгі бағыттардың фокторын 2 топқа бөлді:
1.Экзогенді ауыспалы, оған демографиялық, әлеуметтік саяси, экологиялық, технология және тронспорт жатады.
2.Туризммен тікелей байланысты факторлар-туризмнің сұранысын, ұсынысын және бөлінісін сипаттайды.
Бұл әрбір аталған факторлардың ТМД елдері үшін ерекше қызығушылық тудыратын аспектілері бар. 2002 жылдың 1 қаңтарынан Европалық одаққа ортақ ақша бірлігі-евроның енгізілуі бұрынығы мүмкіншіліктерді одан әрі ддамытуда.
Экологиялық аспектіде мамандар арасында экотуризм арнайы эксперименттермен шектеліп қалмай, туризмнің дамуының басты факторы болу керек деген пікір қалыптасты. Әлемдік туристік ұйымның Экотуризм ХХІ ғасырда ауыспалы экономикалы ТМД мемлекеттері Қытай мен Монғолиядағы тұрақты дамудың құралы жеген халықаралық семинарда баяндама жасалған болаты. Ол 2001 жылы 17-19 қазанда Алматы қаласында өткен болатын. Бұл баяндамада 2002 жылдың экотуризмінің халықаралық жылы болуын талқылаған болаты.
ТМД мамандары туристік бідлім беру мен мамандар дайындау жүйесінде төмендегідей аспектілер ескерілуі айтылды.
Туризм жоғары дәрежедегі қозғалғыштыққа әсер беріп рекреациялық қажеттерді белгілі бір уақыт ішінде барынша қанағаттандыруы жағынан басқа істерге қарағанда сауықтырғыштық пайдасы зор өкінішке орай қазір қазір дәстүрлі медицинаның сауықтырғыштық паидасы шамалы болып тұр себебі аурудың негізгі себептері мен дамуын медициналық мәселе ретінде түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді дәрігерлер жүздеген адамды инфарктан емдеи алады бірақ бұл аурудың неге қалай көбеиіп бара жатқанының алдын ала алмай отыр Бұл жерде дәрігерлер мен пациенттердің сауықтыру шараларын сақтауы өзара түсіністік жағдаиында болмай тұр Бірігіп жұмыс істеудің басты дауасы бұл сауқтыру нысаны ретінде туризімді таңдау өйткені туристердің көбі туризімді әуелде денсаулығын сақтау мақсатында таңдаиды Адамның жүрек тамыр жүйесінің және бұлшық еттерінің қызымет етуінің қалыпты жағдаиын қамтамасыз ету үшін адам тәулігіне 2500-3000 ккал энергия жұмсау керек ал дене еңбегімен шұғылданбаитын адамдардың энергиялық шығыны 1700-2200 ккал дан аспаиды шығындалмаған энергияны бір сағат боиы жылдам жүрумен немесе асықпаи 30 минут жүгірумен шығару керек туризмнің денсаулықты сақтау мақсатындағы жүгіруден де артықшылығы бар өйткені туристік жүрістің практика дәлелдеген жүгіруден гөрі адамның тіреу қозғалу аппаратына зияны аз жүгіру кезіндегі адам денесінің солқылдауы оның дене салмағынан 2-3 есе артық сондықтан да ол аяққа тізеге сіңірге зақым келтіруі мумкін егер туристер белгілі бір уақыт ішіндегі қозғалу жүктемесін кеңістікте көбейткісі келсе жаттығудың жүгіріс жорық деген аралас түрін қолдануына болады бұл жаттығу жай жаяужүру мен жүгіруді айырбастай алады
Туризмнің Ресей империясында дамуы
(1777 – 1917жж.)
Ресей империясындағы туризмнің ұзақ тарихы бар. Егер «шет ел туризмі» деген ұғымның қазіргі түсінігін басшылыққа алатын болсақ, орыс дворяндарының шет елге шығуы XVIII ғасырдың басынан басталады. Олардың сапарларын «туристік» деп атауға әбден болады, себебі дворян шет елге барғанда ақша табу үшін емес, білім және әсер алу үшін жолға шықты.
Ресей ішінде немесе шет елге арнайы ұйымдастырылған ұжымдық сапардың алғашқысы деп зерттеушілер 1777 жылы Москвада Вениамин Генш ұйымдастырған «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын» санайды. Бұдан ерте мұндай саяхат болды деген құжат табылған емес. Сондықтан да В. Генштің «Жоспарын» Ресей туризмінің тарихының басталуы, кездейсоқ жеке адамдардың уақыт өткізуі емес, алғашқы ұйымдасқан қимыл – қозғалыстың бастамасы болып есептеледі.
1777 жылы желтоқсанда «Московские ведомостидің» оқырмандары түрлі хабардың қатарында газет беттерін «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттарды ерекше адамдардың талап етуі бойынша Гениамин Генш мазмұнды да игілікті істі бастап отыр» деген айдармен мақала шықты. Ұйымдастыру ісінің барлығын өз мойнына алған «Жоспар» авторының ресейліктерді Батыс Европа елдеріне топ құрып сапар шегуге алғашқы шақыруы осылай деп аталады.
В. Генштің Москвада пансионы болды, 20 жылдан астам уақыт бойы жасөспірім ұлдардың тәрбиесімен шұғылданды. Ол өте білімдар адам болған, шет елдің бірнеше академиясында жұмыс істеп, саяхаттың жастар тәрбиесіндегі маңызын саналы түрде біліп, Европаны бірнеше мәрте аралаған.
Саяхаттарға ерекше маңыз беру оның «Жоспарынан» бастау алады, онда: «Сәби санасын тек қана ғылыммен толтыруға риза емеспін, біз олардың жүрегін мейірбанды іске дағдыландырып, оған әлемге пайдалы саяхаттар жасау арқылы жетуге болады. Олар жат елдерден көрген есте қаларлық керекті білімдерді өз Отанында пайдаға асыруы керек» деді.
XIX ғасырдың II жартысынан бастап Европадағы жеке – дара жүрген саяхат сүйерлер бастарын біріктіре бастады. 1875 жылы Лондонда әлемге алғашқы болып тауға саяхаттауды жақсы көретін бірлестік – Ағылшынның альпинистік клубы құрыды. Ағылшындардың ізін ала XIX ғасырдың 60-жылдарында альпинистік клубтар Австрияда, Италияда, Швейцарияда ұйымдаса бастады. XIX ғасырдың 90-жылдарының басына қарай мұндай клубтар көптеген Европа елдерінде және АҚШ – та құрылып, оларға мүше болып тартылғандардың саны 120 мыңға жетті.
Европаның барлық альпинистік клубтары таулы жерлерге саяхат ұйымдастырумен қабат тауларды зерттеп шұғылданды. Ресейдегі тауды жақсы көретіндердің алғашқы бірлестігі Тифлисте пайда болды. 1877 – 1878 жылдарда Тифлистің зиялы қауымы клуб ұйымдастырып, ол «Жаратылыстану әуесқойлары мен алпинистік Кавказ клубының қоғамы» деп аталды. Ол ресми түрде Орыс географиялық қоғамның Кавказ бөлімшесіне қарады. Ол қоғамның мүшелері өз мәжілістерінде түрлі тақырыптарға арналған баяндамалар жасап тұрды.
XIX ғасырдың аяғына қарай ресейліктер арасында Қырымның таулары ерекше қызығушылық тудырды. Бұл қызығушылық 1890 жылдың 25 қаңтарында Одессада Қырым тау клубының құрылуына әкеліп тіреді. Ішеі істер министірлігі бекіткен клуб жарғысында алдарына төмендегідей міндеттерді қоятынын баяндады:
1) Қырым тауларына ғылыми зерттеулер жүргізіп, ол жөнінде жиналған мәліметтерді тарату;
2) Тауларға ғылыми немесе өнерлік мақсаттармен келетін жаратылыстанушылар мен суретшілердің тауларға келуін, оларды зерттеуін қолдау;
3) Жергілікті ауыл шаруашылық салаларын, бағбандықты және ұсақ тау өнеркәсіптерін қолдау;
4) Тауда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау;
Қырымның тау клубы бірінші жылдан-ақ геология, география, флора, фауна, этнография,археология, тарих жөнінде мәліметтер жинап, ол материялдарды баспа бетінде жарялап, Қырымды Ресейдің туристік ауданы ретінде насихаттауды міндет етіп қойды. 1891 жылы «Қырым тау клубының» алғашқы саны жарық көріп, бұл тұрақты басылым 25 жыл бойы жарияланып тұрды.
Клубтың даңқы жылдан – жылға арта түсіп, олардың экскурсиялық белсенді іс-әрекеті Ресейдің басқа қалаларында клубтың жаңа бөлімшелерінің ашылуна жетеледі. Клуб бөлімшелерінің негізгі іс-әрекеті экскурсиялар ұйымдастыру болды.
1895 жылдың 15 сәуірінде Петербургте Велосипедист туристер қоғамының құрылтай жиналысы болды. Құрылтайдың 27 мүшесі қоғамның іс-әрекетін басқаратын комитет сайлап, комитет қоғамының іс-әрекетінің бағдарламасын жасаумен шұғылданды. Велосипедист туристер бірлестіктерінің пайда болуының негізгі себебі XIX ғасырдың аяғына қарай Ресейде екі дөңгелекті велосипедтердің кең таралуы болса, велосипед ол кездегі дәлетті адамдардың серуеніне ғана қызмет етіп қойған жоқ, көптеген адамдардың қала сыртына ұзап шығып сейіл құруына ыңғайлы құрал бола бастады.
Ресейде велосипедистер қоғамының даму жайлы деректер Ресейде XIX ғасырдың аяғын ала шыққан журналдарда көптеп кездеседі. Оған Москвадан жарық көріп тұрған «Циклист», «Велосипедист», Петербургтегі «Самокат» журналдарын алуға болады.
Лекция № 3
Тақырыбы: Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы
Жоспар
1. Көне және орта ғасырлардағы туризм
2. Көне заман қаламгерлері мен саяхатшылары
Қолданылған әдебиеттер
4. В.Н. Вуколов Халықаралық турихмнің тарихы және теориясы. Астана 2005
5. В.Н. Вуколов Основы техники и тактики активных видов туризма Алматы 1996
6. Ананьев М.А. Межуднародный туризм М. 1968
«Туризм» термині әлемнің түрлі халықтарының тілдерінде ХІХ ғасырға қарай ғана тұрақталды. Көне және орта ғасырларда адамдар «саяхат» деген теримнді қолданып келді. С.И. Ожеговтың «Словарь русского языка» еңбегінде «жол» сөзіне кеңістіктегі қозғалыс болып жататын сызықты қимыл-қозғалыстың бағыты деген түсіндірме жасалды. Әуелде «саяхат» сөзі жаяу жолмен жүру, яғни уақыт пен кеңістікте белгілі бір бағытпен жаяу орын ауыстыру деген мағынада қолданылған.
Саяхат адамның күрделі де сан салалы іс-әрекеті, сондықтан да «саяхатшы» болып көне заманнан бері саудагерлер, қажылыққа барушылар, теңізшілер, зерттеуші ғалымдар, авантюристер және табиғат ландшафтына қазаққандар саналған болатын.
«Туризм» және «турис» ұғымдары қоғамдық санада XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында орнықты. 1838 жылы Ф.Стендальдың «Туристің жазқбалары» деген еңбегі шығады, сондықтан да турист деген сөзді ойлап тапқан Стендаль болып саналды.
Әлемнің сол кезде белгілі жерлерінің бейнелі жол сілтегішін (путеводитель) құрастырған алғашқы саяхатшы ғалым, көне грек тарихшысы Геродот (б.д.д. шамамен 484-425 жж) және көне грек тарихшысы, географ Страбон (б.д.д. 64-63 ж) атақты саяхатшылар мен зерттеушілер болған.
Көне гректердің б.д.д. VI-V ғасырлар шегіндегі географиялық түсініктерін Гекатей Милетскийдің «Обозрения Земли» атты еңбегінің сақталған үзінділері айтылған.
Геродотты «тарихтың атасы» деп атайды. Себебі ол географияның да атасы деп есептеген. Ол өз оқырманына атақты «Тарихында» белгілі де, белгісіз де көне әлемнің барлық үш бөлігін таныстырған.
Геродот өзінің «әлемді» айналу саяхатын Вавилониядан бастап, онда ұлы қала Вавилонның кваждрат пішінді екенін зерттеген.
Түйіндей келгенде геродот біззге ең алғашқы болып жетіпе отырған Пелопоннес рельефі мен балқан түбегінің шығыс жағалауы туралы шолу нұсқаулар беріп отырған.
2. Көне заман қаламгерлері мен саяхатшылары -Біздің дәуіріміздің басына қарай жинақталған географиялық мәліметтер басқа елдер мен туристік нысандар турасындағы деректерді толық баяндаған географ Страбон болды. Страбон (б.д.д. 63/64ж) көне грек тарихшысы және географы. Көптеген саяхатында ол көнезаманның географиялық білімдерінің нәтижесінде 17 кітаптан тұратын «Геграфияның» және бізге жетпеген «Тарихи жазбалардың» авторы деп есептеген.
Көне заман қаламгерлерінің мақсаты «әлемнің жеті кереметін» арнайы маршуртқа енгізу болды. Стробон да солардың бірі болды.
Бұл дәуірдің «кереметтің» жетеу екенін анықтады. «жеті керемет» б.д.д. ІІІ ғасырда ғана нақты анықтамасы шықты. Страбон Египеттің ең көне астанасы Мемфисті, оның тарихының куәсі ретінде қалағн пирамидалар жайлы баяндап өтті. Страбон өз саяхаттарының барысында Эфиопияның шекарасына жетіп біріккен бүкіл Египеттің және оның халқының біртұтас ел екендігін айтып жеткізді.
Александр Македонский көне әлемнің ұлы қолбасшыларының мемлекет қайраткерлерінің бірі болды. Патша қаланың үлгі жобасын, үлкен көшелердің және храмдардың орналасуын өзі сызып, өз атының Египетте ешқашан ұмытылмауын көздеп, қаланы Александрия деп атауға бұйрық берді.
Фарос аралында биіктігі 100 метрлік маяк тұрғызылып, Александрия фортына түнде келетін корабльдерге жол көрсетіп тұрды. Маяктың жарығы ондағы жердің сәтті болғаны соншалықты, Александрия қаласы 50 жыл болмай жатып Египеттің ең көп тұрғыны бар, гүлденген қаласына айналды. Александрияға қазір келіп-кететін туристердің саны ұшан-теңіз деп айтсақ қателеспейміз.
Александр өз жорықтарында өзі жаулап алған мемлекеттерді қазіргі таңда әлемнің туристік нысандарына айналған.
Гректер мен македониялықтардың Азия мен Египетке Европа мен Шығыс елдер арасында сауда-саттықтың дамуына жағдай жасаған. Жерорта теңізінің шығыс жағалауларында қалалар саны күрт өсті. Мұнда шығыстан келетін керуен жолдары мен Жерорта теңізі елдерінен келетін теңіз жолдары тоғысты және әлемдік туристік ағымның негізі салынды.
Орта ғасырлардағы V-XV ғғ. Экономикалық тоқырауларға байланысты танымдық және денсаулық мақсатындағы саяхаттардың саны азайды. Европа елдеріндегі тайпалар арасындағы көптеген соғыстар бұрын қалыптасқан жол желілері мен қонақ үйлерін қиратып, саяхат жасау өмірге қауіпті және қолайсыз бола бастады. VІ-VІІІ ғасырларда ғана қажылық саяхаттар қайта жандана бастады.
Орта ғасырлардағы Европада адамдардың жаппай орын ауыстырулары крест жорықтары кезінде, яғни европалық рыцарьлар мен саудагерлердің және жерлерін басып алу мақсатына байланысты болды. Одан кейін Шығысқа қарай кезбелер тобыры саяхат бастады. Орта ғасырлардағы саяхаттардың басты мақсаты діни негзі мұсылмандар мен христиандардың қасиетті орындаға бару болды.
Лекция
Тақырыбы: Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы
Жоспар
1 .Ұйымдасқан саяхаттар тарихы
Туризмнің дамуына транспорттың ревалюциялық қарқынмен дамуы
Қолданылған әдебиеттер
7. В.Н. Вуколов Халықаралық турихмнің тарихы және теориясы. Астана 2005
8. В.Н. Вуколов Основы техники и тактики активных видов туризма Алматы 1996
9. Ананьев М.А. Межуднародный туризм М. 1968
Жалпы тарих орта ғасырлыр дәуірінің соңғы кезеңінде ұлттық мемлекеттердің қалыптасуына байланысты билікпен феодализм ыдырап, капиталистік қалыптаса бастады. ХV ғ. 2- жартысында Европалық мемлекеттерде шексіз монархияның туындауы өнеркәсіптің сыртқы рыноктары біртіндеп қалана бастады.
Ұйымдасқан саяхаттар тарихында «Теңізде жүзгіш» деген лақап атқа ие болған Португалия принці Генрихтің алатын орны ерекше. Оның жетекшілігімен көптеген тәжірибелі теңізшілер дайындалып, сағатына 22 шақырымдық корабль жасау ісі дамыды. Африканың батыс жағалауы 3500 шақырымға дейін зерттеліп, картаға түсірілді.
Испандықтардың зерттеушілік саяхаттарын дайындаушы басқа елдердің ғалымдары болды. Мәселен, неміс географы Мартин Бехайм (1459-1506 жж.) 1492жылы үлкен глобус жасады, ол біздің заманымызға жеткен ең ескі глобус, неміс ғалымы сонымен қатар күннің биіктігіне қарап бағдар алудың әдісін ойлап тапты.
Итальян астрономы Паоло Тосканелли (1397-1482 жж.) де Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ілімді жақтады, ол Үндістанға ең қысқа батыс жолын ашты деген де пікір бар. Сондықтан да Америка жағалауларын алғаш ашушы Х. Колумб М. Бехайм және П. Тосканеллилермен саяхатқа шығар алдында хат жазысқан. Х. Колумб 1451 жылы қазан айында Италияның Генуя қаласының маңында дүниеге келді. Ол төрт тілді білген, итальян, испан, португал және латын тілдерінде көп оқыған. Колумб теңізде жүзудің тарихы жайлы көп информация жинап, Үндістанға барар батыс жолын ашуды ойға алды. Колумб 1492 жылы 3 тамызда өз корабльдерімен Андалуссиядан шығып, Атлантика мұхитымен 1492 жылы 12 қазанда Жаңа кеңес аралдарына жетті, ол аралдарды өзі Сан-Салвадор (Қасиетті құтқарушы) деп атады. Ол Үндістан жағалауларына жеткеніне сенімді болып,
оның жергілікті тұрғындарын «индеецтер» деп атады.
Колумб 1492 жылы 25 қазанда Куба аралына жетіп, оны Азияның жағалауы деп санады. Ол төрт саяхаттан кейін ғана Атлантика арқылы Европадан Америкаға дұрыс теңіз жолын салды. Х. Колумб 1506 жылы қайтыс болып, оның сүйегі көптеген тасымалдаулардан кейін барып Испаниядағы Севиль соборына жерленді.
Х. Колумбтың бұл жаңалықтары португалдықтарды дүр сілкіндірді. Сондықтан да болар, португал королі І Мануэль Үндістан экспедициясына жас дворянин Васко да Гаманы (1460 ж.) жетекші етіп тағайындады.
1497 жылы 8 шілдеде 4 корабльден құралған эскадра Лиссабоннан шығып, 4 қарашада Африка жағалауында болды. Васко да Гамма 18 қыркүйекте Лиссабонға оралып, «дон» деген мұралық лауазымды, адмирал шенін алды. Ол 1524 жылы португалиялық Үндістанның вице-королі болып тағайындалды. Васко да Гамма осы жылдың 24 желтоқсанында Үндістанда қайтыс болды.
Европадан Америка континентіне баратын теңіз жолы жабылғаннан соң, көптеген зерттеушілер солтүстік және оңтүстік Америка жерін біртіндеп игере бастады, ол жерлер көптеген туристердің саяхат жасайтын нысанына айналды. 1540 жылы Франсиско Васке де Каранадо европалықтар үшін Колорода өзеніндегі Үлкен каньонды ашты. Бұл нысан қазіргі кезде америкалық та, шет елдік туристер үшінде таңсық нысанға айналды.
Ұлы географиялық жаңалықтар Европадан Америкаға көптеп ағылған туристердің жолына айналып, ол әлі күнге дейін жалғасуда.
Ресей империясындағы алғашқы эканомикалық туризмнің жобасын 1777 жылы жасаған педагог Венамин Генш еді.
Мұндай ағартушылық мақсаттағы турларды ХVIII ғасырдың аяғы- ХІХ ғасырдың басында үшінші сословиедегілер жасай бастады. ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейінгі саяхаттардың ерекшелігі олардың қарапайымдылығында немесе саяхаттардың өзіндік мақсаттарды емес, сауда, білім алу, емделу, қажылық мақсаттарды көздеуінде болды.
Туризмнің дамуына транспорттың ревалюциялық қарқынмен дамуы
Туризмнің дамуына транспорттың ревалюциялық қарқынмен дамуы әсер етті. Мысалы, 1807 жылы Фултонның пароходты, 1814 жылы Стивенсонның паравозды ойлап табуы, Европада жолдар желісінің кеңеюі. Осының барлығы орын ауыстыруға деген үлкен сенімді және жылдамдықты арттырда, саяхатшылардың шығыны азайтты. Көне құрлықтан Америкаға жаппай қоныс аударушышылардың күрт көбеюі теңіз қарым қатынасының ерекше қарқынмен дамуына игі әсерін тигізді. ХІХ ғасырдың ортасында ірі пароход компаниялары пайда болды.
Тасмалдайтын транспорттың сапасы мен сенімділігінің артуы әрі арзандауы, сонымен қатар жұмыс уақытының қысқаруы саяхатшылар санының артуыеа себеп болды, уақытша келушілерге қызмет көрсететін алғашқы мекемелер ашылды.
Германияда ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардың тоғысында Хайлигендамм, Нордерней, Травмюнда секілді минералды сулары бар алғашқы курорттар пайда болды.
Таңдаулы адамдар тобы жыл мезгіліне қарай француздың немесе Италияның Ривьересінде, не Германияның, Шведцарияның курорттарында демалды немесе солтүстік Африкаға, Египетке, Грецияға ұзақ саяхаттар жасады. Сауда және мәдени байланыстардың кеңеюі, географиялық жаңалықтар халықтың қозғалысының одан әрі артуына алғы шарт болып, адам баласының қоршаған орта туралы танымын арттырды. Көптеген адамдарда жаңа аудандармен елдерді көруге деген, олардың өмірімен, танысуға деген табиғи қажеттілік күшейді. Осының барлығы саяхаттың ерекше түрі туризмнің пайда болуына негіз болды. Шаруашылық байланыстары елдің әрі-бері келім-кетімін арттырып қана қойған жоқ, сонымен қатар жол салу, жайлы қонақ үйлер тұрғызу, ресторан, демалыс аймақтарын ашу, танымдық нысандарды оқып- үйрену өрістеді.
Жолаушылар тасмалдау қозғалысының реттелуі, тамақтанатын және мекендейтін орындардың тұрақталуы саяхаттың көптеген қауіпті, элементтерін жойды.
ХҮІІІ ғасырдың соңынан бастап шет елдерді қызығушылықпен, көңіл көтеру мақсатымен аралайтын дәулетті адамдардың тобын «туристер» деп атайды.
1841 жылы ағылшын кәсіпкері Томас Кук Ланкестерден Лонгоборугқа дейінгі аралыққа ең алғашқы жаппай серуендеуді (600 адам) теміржол арқылы ұйымдастырды. 1845 жылы осындай көпшіліктің экскурсиясын Ливерпульге арнады. 1847 жылыдан бастап Куктың қоғамы саяхаттар мен экскурсияларға арналған арнайы билеттерді Англияда ғана емес, шет елдерге де тарата бастады.
Кук қоғамы теміржол және пароход компанияларымен, қонақ үй иелерімен келісім шарт жасасып қана қойған жоқ сонымен қатар, сапарлардың бағыттарын, сейіл – серуен құрудың бағдарламаларын жасады. Адамдардың басқа елдерге, аймақтарға бару және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында сапарлардың саны артты.
ХІХ ғасырдағы кеме жасау технологиясы техника мен өнеркәсіптің аршындап дамуына түрткі болды. Міне, осылайша мекемелік кешеннің алғы шарттары, яғни кейін келе тұтас туризм индустриясы қалыптасты.
Лекция
Тақырыбы: Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің қалыптасуы
Жоспар
Азақстанда ұйымдасқан саяхат
Азақстан территориясындағы ең алғашқы туристік нысандардың пайда болуы
Қолданылған әдебиеттер
10. В.Н. Вуколов Халықаралық турихмнің тарихы және теориясы. Астана 2005
11. В.Н. Вуколов Основы техники и тактики активных видов туризма Алматы 1996
12. Ананьев М.А. Межуднародный туризм М. 1968
1Туризмнің пайда болуы.
2.Туризмнің даму кезеңдері
.Ерте замандағы туризм, Ежелгі грецияда,Римде, Персияда дамуы
4.Орта ғасырда және қайта өркендеу дәуірі уақытында туризмнің дамуы
Діни, емдік, спорттық туризмнің пайда болуы.
6.Қасиетті жерге қажылық
Ұлы кеографиялық ашулар.
8.XY-XYIII ғасырларда саяхаттар және ашулар.
9. XYII-XYIII ғасырдағы туризм
Ұйымдастырылған турлардың пайда болуы.
11.XIX ғасырда және XX ғасырдың бірінші жартысында туризм дамуына әсер еткен факторлар: өнеркәсіптің және урбанизацияның дамуы
Томас Куктың қызметі.
13 Бірінші қоғамдық және мемлекеттің туристік ұйымдардың шығуы
Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат пен туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкестенеді.
Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл сауауымызға дейін мекендеген адамдар аңшылық пен терімшілдіктен бастаған. Қазақстан ғалымдарының пікірінше біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған. Оның негізгі дәлелі адам қолымен жасалған еңбек құралы болып табылады. Көне Қазақстандағы тұрғындардың өндірістік шаруашылығы б.д.д. ІІІ-ші мыңжылдықта басталған.
Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясындағы алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың басты нысаны Ұлы жібек жолымен байланысты. Ал оның қалыптасуының бастапқы дәуірі б.д.д.ІІІ мыңжылдыққа сәйкес келеді. Б.д.д. зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасын берді. Кейіннен Ұлы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасының қағазға түсуі б.д.д. І-ғасырдың аяғы. Кейіннен Ұлы Жібек жолы туристердің тоғысқан жол торабы деп атап кетті. Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атудың неміс ғалымы Ф.Рихтгофен өзінің «Қытай» деген кітабында 1877 жылы өз пікірін ұсынған. Ол римдіктер жібекті «серикум», ал өндірушілер мен сатушыларды «сера», яғни «жібек адамдар» деп атаған. Атаудың қайдан шыққаны туралы мәліметтерге сүйенсек «Сералармен қарым-қатынастағы үлкен сауда жолы» деп көрсетілген.
Ұлы жібек жолының қалыптасуының ұзақ процессі батыс пен шығыс өркениеттерінің көне әлем мен Қытайдың бірін-бірі біртіндеп тануының дәлеллі. Бірнеше ғасыр, тіпті бірнеше мың жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнәрсе білмеді десе де болады.
Көне заманның саяхатшылары және зерттеушілері Аристотель, Геродот, Македонский және тағы басқа ойшылдар б.д.д. ІІ ғасырға дейін ойкумен (әлем) Шығыста шөл даламен аяқталады деген пікірде болды.
Ал шындығында Ұлы жібек жолы қазіргі Орталық Азия территориясындағы тарамдары бұрыннан келеді деп анықталды.
VI-ХIV ғасырларда Ұлы жібек жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы сапарлардың болғандығына толық негіз бар. Мысалы Монгол-татар басқыншылығы кезінде Қазақстан жерінде жақсы қарым-қатынастардың болуы хан жаушылары арқылы іске асып отырған.
Атақты саяхатшы Марко Поло қазақ жерімен өтетін жолдармен жүре келіп: «Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қай жол арқылы шықса 25 мильден станцияға жетеді пен сұрағанда (Ямб, бізше ат поштасы) Ол қоналқалық сарайлардың құлпырған жібек көрпесімен бай мұнда патша өтседе ұялмастай деп жауап берген»
Мұнда Орта ғасырдағы Қазақстан жерінде ұйымдасқан саяхаттар мен белгілі бір мақсаттағы туритік нысандардың болғандығы анықталды.
2.Қазақстан территориясындағы ең алғашқы туристік нысандардың пайда болуы- Түркі тайпаларының көші-қонымен, басқыншылық пен байланысты. Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы Ақсақ Темір болды, оның атымен байланысты ескерткішті және әлеуметтік туризмді ұйымдастыруға бірден бір септігін тигізді. 1399 жылы Ақсақ Темірдің бұйрығымен Ахмед Яссауге салынған мавзолейі болды. Қазақстан туризмінің тарихының айрықша табыстарға қол жеткізуі жаңа дәуірде болды. Қазақстанда туристік индустрияның біртіндеп қалыптасуы өлкетанумен байланысты болды.
Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым ХХ ғасырдың басында Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімінде 1927 жылы ашылды. Алғашқы ресми жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге арналды. Бұл жорықты 1929 жылы Г.И. Белоглазов пен Савин, В.М. Зимин ұйымдастырды.
1931 жылы Алматы қаласындағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш 10 адамнан құралған экскурсия тобы ұйымдастырылды.
1936 жылы 50 орындық «Горельник» туристік базасы ашылды. 1938 жылы алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп оған 200 адам қатысты.
1952 жылы Бүкілодақтық кәсіподақ Қазасқтанда туристік-экскурсиялық басқарма ашылды. 1958 жылдан бастап ол Орта Азиялық туристік экскурсиялық басқарма деп аталды.
1959 жылы «Алматы» турбазасы, ал 1968 жылы Алматы обылысы Талғар ауданының «Горный садовод» турбазасы ашылды.
1991 жылы Қазақстанда әлуеметтік туризмі қарқындап дамыды. Қазақстан туризмнің дамуын спорттық және басқа да белсенді түрлерінен елеулі жетістіктерге жетті.
Қазіргі кезде Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм басты, сондықтан да туризм бұл түрін жоғары дамыған индустрияға және ұлттық экономиканың басым бөлігне айналдыруда. Сонымен қатар қазір біз өз еліміздегі және шет елдердегі туризмнің дамуының тарихын білу арқылы қазіргі туризмді дамуытудың тиімді жолын қарастыруда. Қазақстан туризмді дамуытудың қазіргі ұлттық концепциясын жасауға жас туристік мамандарды дайындауда.
Лекция
Тақырыбы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында туризмнің дамуына әсер еткен факторлар
Жоспар
Туризмді дамытудың болашағы мен бағдарламасы
азақстанның туристік деңгейін жоғарлату
Қолданылған әдебиеттер
13. В.Н. Вуколов Халықаралық турихмнің тарихы және теориясы. Астана 2005
14. В.Н. Вуколов Основы техники и тактики активных видов туризма Алматы 1996
15. Ананьев М.А. Межуднародный туризм М. 1968
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі мен Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруды қарастырып отыр. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам қаржы бөліну жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің кластерлік моделін қарастыруда. Мұның нақты факторы ретінде «Туризм» кластерінің пилоттық жобасын іске асыру болып отыр.
Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады:
- Қонақ үйлер жүйесі, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.
- Инвест жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база салу.
- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі замануи көп функционалды туристік орталықтар құрудың тұжырымдамасы жасалуда, оны Елбасы мен Үкімет орындар мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған қаржы 30 млрд ақш долларын құрайды.
Туризмнің болашағы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тау шаңғы базасын салу. Мысалы Алматы облысында Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ал Шығыс –Қазақстанда Изумруд Алтай, Алтай Альпілері сияқты шатқалдар әлемдік стандартқа сай келетін базалары бар.
Туризмнің инфрақұрлымын дамыту және көліктік инфрақұрылым желісін құрумен тікелей байланысты болып отыр. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарттары барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомовиль және су көлігне қолжетімді етіп дамыту жоспарлануда.
2. Қазақстанның туристік деңгейін жоғарлату- Бүгінгі таңдакадрларды даярлау жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде. Соның салдарынан 2006 жылы туристік фирмалардың саны 921-і құрады ал өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілген. Қазақстанда Министерлік жағынан туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. 2010 жылы Астанада келесі жылы Алматы,Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында кадрларды жоғарлату курстарын ашу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыру жоспарлануда.
Әлемдік Туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік инфрақұрлымын жақсартудың Бағдарламасын жасауда. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрменке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді көрсету, сонымен қатар шетел өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастыр керек.
Имиджі жоғарлату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының атқарушы кеңестігіне ЮНЕСКО-ның өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқаруда. Соның салдарынан Қазақстанда туризм саласының негізгі көрсеткіштері:
- Сырттан келу туризмі 8 пайызды артып, 4 млн, 706 мың адамды құрады.
- Ішкі туризм 7 пайызды артып, 3 млн. 495 мың адамды құрады.
- Сыртқа шығу 23 пайызды артып. 3 млн. 687 мың адамды құрап отыр.
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құралу жоспарлануда. Болашақта Қазақстанның Ортаазиялық аймақ сияқты туризмнің орталығы болуына жағдай мен мүмкіндіктер жасалуда десек болады.
Лекция
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1303 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЭЛЕМЕНТЫ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНОГО ИСЧИСЛЕНИЯ ФУНКЦИИ ДВУХ ПЕРЕМЕННЫХ. | | | Протокол № 5 від 26.05.2010 р. |