Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер -2с.

Читайте также:
  1. азақстан тарихынан 9-сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың (емтихан сұрақтары) билеттері
  2. Азақстанның туристік деңгейін жоғарлату
  3. Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Адамзат тарихының ең ежелгі сатысы – тас ғасыры. Ол ерте-палеолит, орта-мезолит, жаңа-неолит болып бөлінеді. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамның іздері: тастан жасалған еңбек құралдары, жануарлар сүйектері, от қалдықтары барлық аймақта табылған. Археологиялық зерттеулер бойынша алғашқы адамдардың қоғамдық қатынасы мен шаруашылық өмірінің дамуын байқауға болады. Тас ғасырындағы адамдар шаруашылығының негізгі түрлері: терімшілік, аң аулау, балық аулау, садақ пен жебені ойлап табу, өндіретін шаруашылық (мал шаруашылығы, диқаншылық, қол өнері). Тасты өңдеу техникасының дамуы.

Адамдардың қоғамдық қатынасының алғашқы түрі – адам тобыры пайда болды. Рулық қатынастар пайда болады. Аналық ру, аталық ру. Тайпа қалыптасады, өнер және діни наным-сенімдер пайда болады.

Б.з.дейінгі ІІ мыңжылдықтың бірінші және екінші ширегі аралығында Евразия даласында жезге қалайыны қосу арқылы қола ойлап табылады. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекен еткен тайпалар шаруашылығының басты саласы - мал шаруашылығы болды. Бақташылық шаруашылықтың жаңа түрлері – малды жазғы жайылымға шығару, малдың бір бөлігін отарда ұстау, жем-шөп дайындау пайда болды.

 

Бақылау сұрақтары

1. Қазақстан аумағындағы тас ғасыры дәуріндегі алғашқы адамдардың дүние танымы, археологиялық ескерткіштері.

2. Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы, негізгі ерекшеліктері.

3. Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Тарих-адамзат дамуы кезеңдерін зерттейтін ғылым История History
Археология- адамзат дамуы кезеңдерін заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым Археология Archeologу
Этнография – ұлыс пен ұлттардың дамуын зерттейтін ғылым Этнография Ethnography
 
Терімшілік.-алғашқы адамдардің кәсібі Собирательство Gathering
Аңшылық - алғашқы адамдардің кәсібі Охота Hunting
Егіншілік –жер өндеу кәсіпшілігі Земледелие Farming
Малшаруашылығы -жануарларды үйретуге бағытталған кәсіп Скотоводство Cattle breeding

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

 

Ерте замандағы Қазақстан

Кесте жасап археологиялық кезеңдер мен тарихи дәуірлерге сипаттама беріңіз.

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ).

Ерте замандағы Қазақстан

1.Осы тақырып бойынша жаңа терминдерге жазбаша түсініктеме беріңіз (15-20 термин)

2.Қола және тас дәуірінде адамдардың даму эволюциясын кесте арқылы көрсетіңіз.

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2 нег.6,4,11 қосымш.]

Зін-өзі тексеру

Азақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар

Сақтар

Ғұндар

Қаңлылар

Үйсіндер

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі

Садақ пен жебені ойлап табу

Тас өңдеудің жаңа әдісінің пайда болуы

Өнімді еңбектің пайда болуы

Бумерангті ойлап табу

3. Жаңа әлеуметтік құрылым – алғашқы қауым пісіп жетіле бастаған кезең

Мустье

Шель

Ашель

Мадлен

Азақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері жататын дәуір

соңғы палеолит

мезолит

ерте палеолит

энеолит

Жер бетіндегі ең ежелгі адамның тарихта аталуы

Саналы адам

Епті адам

Тік жүретін адам

Аңшы адам

Ежелгі адамдардың ұйымы – рулық қауым қалыптасқан дәуір

Кейінгі палеолит

Ерте палеолит

Орта палеолит

Неолит

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. 1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

i. 2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

2. Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов;

2. С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

4. Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

6. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

7. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

8. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

9. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005.-320 бет.

10. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005.- 640 бет.

11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005.- 444 бет.

 

2 – АҮМҚазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
Қазақстан тарихы 2-дәрістің тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған асоц. проф. 1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы   Сулейменова Қымбат Касымовна

 

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Дерек көздері ерте темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген көне тайпалар аттарын жеткізді. Ең көне деректер “турлар” сияқты этнонимдерінен тұрады. Көне парсы мәтіндерінде бұл тайпаларды “сақтар” (алып ерлер), көпшілік грек авторлары сияқты Геродот та сақтарды “скифтер” деп атаған. Сақ тайпалары үш топқа бөлінді: парадарайя (өзеннің арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын дайындаушылар), тиграхауда (шошақ бөрік кигендер). Парадарайя сақтары – Арал өңірінде, тиграхауда –сақтар – Сырдарияның орта аймағы мен Тән-Шәнді, Жетісуды, хаомаварга-сақтар – Мұрғаб алқабын қоныс еткен.

Б.з.д. ІУ-ІІІ ғ. қазіргі Монғолия, Солтүстік Қытай және Оңтүстік Сібір аумағында көшпелі “хунну” тайпалары қалыптасты. Ғұндар Қытаймен төрт ғасырдан астам уақытқа созылған қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Б.з.д. 55 ж. өзара қырқыстар нәтижесінде ғүндар “оңтүстік” және “солтүстік” болып екіге бөлінді. Ғұндармен “халықтардың ұлы қоныс аударуы” байланысты. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына қарай жылжыды. Б.з. ІУ ғасырында ғұндар басқа көшпелі тайпалармен бірге оңтүстік орыс далаларына дейін барып, одан Дунайға жеткеннен кейін Венгрияда ғұндар есімімен орналасты. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше ғұндар арғы түркілер. Олардың Қазақстанға енуімен байланысты жергілікті тайпалардың түркілендірілуі басталды.

Бақылау сұрақтары

1. Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.

2. Үйсіндер (усун) мен қаңлылардың (кангюй) қоныстануы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.

3. Ғұндардың (хунну) қоныстануы, қоғамдық құрылысы, этносаяси тарихы.

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Әскери демократия - алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылымы Военная демократия Military demokracy
Киіз үй - көшпелі тайпалардың түрғын мекені Юрта Yurt
Жаунгер - әскери тәсілдерді жетік игерген адам Воин Warrior
Көсем - тайпа жетекшісі Вождь Leader
Соғыс - қарсыласудың шешу жолдарының бірі. Война War
       

 

Ру - туысқандар жиналатын ұйым род Family
Тап -мүлікке және саясатқа байланысты қарсылас топтар классы Classes

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Қазақстан орта ғасырларда. Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері (VI-X ғ ғ.)

Үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының тарихы туралы ауызша баяндамаға дайындалыңыз.

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ):

Азақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер

1.Тақырып бойынша Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің мәдениетіне сипаттама жасау(мұражай аясында эссе)

2. Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерді сипаттайтын кесте жасап толтырыңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]

 

Зін-өзі тексеру

1. Сақ қорғандарынан табылған әшекейлер мен бұйымдар жататын стиль:

А. «геометриялық»

В. «өсімдік»

С. «аңдық»

Д. «аралас»

Е. «аморфтік»

2.Сақтар өз тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет:

А. Парсы

В. Ғұн

С. Эфталит

Д. Грек

Е. Үйсін

3. Александр Македонскийдің бұйрығымен Сырдария жағасында салынған қала:

A) Шырық -рабат

B) Бабыш -молда

C) Александрия Эсхата (Шеткі Александрия.)

D) Персеполь

E) Мараканда

Б.з.д. ІV ғ. сақтарға қарсы аттанды...

A) Александр Македонский

B) Кир

C) Дарий

D) Ксерокс

E) Атилла

5. Жетісудағы сақ мәдениетіне жататын ең белгілі оба мен қорған:

A) Шелек қорғаны

B) Бесшатыр обасы, Есік қорғаны

C) Түгіскен обасы

D) Тасмола обалары мен қорғандары

E) Бегазы-Дәндібай мәдениетінің обалары мен қорғандары

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3.Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; 2. 2. 2. 2. 2.С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

4..Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

5. Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

6. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

7. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

8. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

9. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

10. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

11. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

12. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

 

3 – АҮМОрта ғасырлардағы Қазақстан. Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері (VI-XII ғғ.).
Қазақстан тарихы 3-дәрістің тақырыбы:Орта ғасырлардағы Қазақстан. Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері (VI- XIIғғ.). 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. 1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы   Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Б.з. І мыңжылдығында “Халықтардың ұлы көші” аясында Евразия даласы сахнасының алғы шебіне түркілер шықты. Түрік этносы ІІІғ.-УІ ғ. ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан, Алтай аймақтарында кезең-кезеңмен қалыптасты. УІ ғ.Қазақстан жері – Түрік қағанатының қол астына қарайды. 603 ж. Түрік қағанаты екіге – Батыс және Шығыс бөліктерге бөлінді.

Түргештер өздерінің дербестігі үшін қытайлармен және арабтармен үнемі күрес жүргізді. Түргештердің басты ордасы Суяб қаласында болып, кейіннен Тараз қаласына көшірілді.

Мұхаммед пайғамбардың (632 ж.) өлімінен кейін арабтар “дін үшін соғысын” бастап, Оңтүстік Қазақстанға дейін келді. Осымен бір сәтте бұл аймақта қытайлар өз биліктерін күшейтті. Осының нәтижесі 751 ж. Таразға жақын жерде болған Талас шайқасына алып келді. Қытайлар жеңіліске ұшырады. Қытайларды талқандауда көшпелі қарлұқ тайпалары үлкен роль атқарды. Қарлұқтар – Алтай мен Балқаш аралығын иеленген көшпелі тайпалар. Олардың көсемдері елтебер лауазымын, жоғарғы билеушісі – жабғы, ол 840 ж. бастап қаған атағын алады.Ұйғырлардың қысымынан қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады да, осы жерде Қарлұқ қағанатын (756-940 жж.) құрады. Астанасы Суяб қаласы. Дерек көздері ерте темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген көне тайпалар аттарын жеткізді. Ең көне деректер “турлар” сияқты этнонимдерінен тұрады. Тараз бен Қашғарды өзіне бағындырған Сатұқ Бограхан (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін салушы болып есептеледі. 942 ж. Сатұқ Баласұғын билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялады. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады. 960 жылдан бастап ислам қарахандықтардың мемлекеттік дініне айналды. Қарахандықтар мемлекетінің тұрақсыз шекарасы бар көптеген үлестік жерлерге бөлінді.

1. Түргеш қағанатының этносаяси тарихы.

2. Қарлұқ қағанатының Қазақстан тарихындағы орны.

3. Кимектердің этносаяси тарихы.

4. Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): СӨЖ 3. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер (XIғ. басы – XIIIғ. соңы)

Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттерінің сәулет өнері және құрылыстың даму ерекшеліктері туралы презента - ция дайындаңыз.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

Орта ғасырлардағы Қазақстан. Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері (VI-XII ғғ.).

1.Түркілердің адамзат тарихына қосқан үлесі туралы диаграмма дайындаңыз

2.Көтерілістерге байланысты кесте жасап оны толтырыңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз[1,2 нег.6,8,11 қосымш.]

 

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Авеста- ежелгі заңдар жинағы Авеста Avesta
Вақф - діни мекемелердің жер телімдері Вакф. Wagf
Коммендация - дәстүрлі жер қатынастар түрі Коммендация Commendation
Ислам - әлемдік діндердің бірі. Ислам Islam
Иқта - мұрагерлердің жер иелену түрі Икта Igta
Даруға –ортағасырлық лауазым Даруг Darug
Құрылтай -жиын Курултай Kurultai

Зін-өзі тексеру

Батыс Түрік қағанатының хронологиясы

А)552-704жж

В)603-704жж

С)704-756жж

Д)552-603жж

Е)756-940жж

Селифтер есеп беріп отырды

А) Жасауылдарға

В) Жатақтарға

С) Қағандарға

Д) Таттарға

Е) Хандарға

Түргеш қағанатының орнына орнаған мемлекет

А)Түрік

В)Қимақ

С)Қарахан

Д) Қарлұқ

Е) Батыс Түрік

Имақ қағанатының хронологиясы

А) IX ғ соңы- XI ғ басы

В)603-704жж

С)704-756жж

Д)552-704жж

Е)756-940жж

Түргеш қағанаты бөлінген аймақ саны

А) 24

В)2

С)20

Д)5

Е)30

Арлұқ қағанатының орталығы

А) Суяб

В) Балықты

С) Имақия

Д) Сауран

Е) Сығанақ

Оғызнама» дерегі бойынша жабғудың бөлінген аймақтары

А)12

В)24

С)20

Д)3

Е)5

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; 2.С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

4. Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

6. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

7. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

8. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

9. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

10. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

 

4 – АҮМҚазақстан монғол жаулап алуы кезеңінде (XIII ғ. басы- XV ғ.ғ.)
Қазақстан тарихы 4-дәрістің тақырыбы: Қазақстан монғол жаулап алуы кезеңінде (XIII ғ. басы – XV ғғ.) 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. 1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс Түркістанды өзіне бағындырып, Солтүстік Қытайды басып алды.

Монғолдардың Қазақстанға басып кіруіне “Отырар опаты” сылтау болды. Шыңғыс хан мен Хорезм шахы арасында байланысты қалпына келтіру мақсатында өзара елшілік алмастыру басталды. 1218 ж. жазда Отырарға монғолдардан сауда керуені келді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді тыңшыларға балап оларды өлтіруге бұйрық берді және керуен тоналды.

1219 ж. қыркүйегінде 120-150 мың адам мөлшеріндегі монғолдар Ертіс жағалауынан бастап Қазақстанға басып кірді, олар Жетісу арқылы Сырдарияға бағыт алды. 1219-1224 жж. Монғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғыс хан империясы құрамына енді. Монғолдар Отырар, Сығанақ, Ашынас қалаларын қиратып, жойды. 1224 ж. күзінде Шыңғыс хан Монғолияға оралып, 1227 ж. қайтыс болды.

Бақылау сұрақтары

Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.

Ортағасырлық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.

Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары.

Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының пайда болуы және этносаяси тарихы.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

СӨЖ 4. Монғол дәуіріндегі Қазақстан. XIV –XV ғғ. феодалдық мемлекеттер

«Монғол шапқыншылығы - ның зардаптары» туралы хабарлама дайындап қорғаңыз

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

Қазақстан монғол жаулап алуы кезеңінде (XIII ғ. басы- XV ғ.ғ.)

1.Керей, Найман тайпаларының тарихы бойынша жазбаша эссе дайындаңыз

2.АлтынОрда ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерді сипаттайтын кесте жасап толтырыңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
«Жасақ» - монғол империясының негізгі заңы «Яса» «Iasa»
Хан - мемлекеттің билеушісі Хан Khan
Цитадель - камал Цитадель Citadel
Шад - жоғары лауазым Шад Shad
«Шыңғыснама» - мемлекет билеушілерінің шежіресі «Шынгыснаме» -- «Shyhgysname»
Десятина – жердің өлшемі десятина tithe
Тілмаш – халықтың назарын өзіне қарата алатын,әдеби нормаға сай сөйлейтін адам переводчик translator

Зін-өзі тексеру


Моңғол армиясы Қытай жеріне басып кірді

А)1211-1215жж

В)1215-1216жж

С)1207-1209жж

Д)1209-1210жж

Е)1211-1213жж

Моңғолдар Баласағұнды қарсыласпай берілгені үшін, қойған атауы

А)Жасақ

В)Гуньмо

С)Гобалық

Д)Жошы

Е)Жасақ

Моңғолдар Жетісу жеріне енді

А)1209ж

В)1212ж

С)1208ж

Д)1218ж

Е)1210ж

Алтын Орданың астанасы

А)Сарай-Бату

В)Сарайшық

С)Алмалық

Д)Сайрам

Е)Балықты

Алтын Орданың негізін қалаған

А)Берке хан

В)Мүбәрәк хан

С)Шейх Ахмед

Д)Шайбани

Е)Батый


 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2. 2. Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

4. Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

6. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

7. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

8. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

9. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

10. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

 

5 – АҮМҚазақ хандығының құрылуы
Қазақстан тарихы 5-дәрістің тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф.   1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

1456-1457 жж. Әбілқайыр Сығанақ түбінде ойраттардан үлкен жеңіліске ұшырады. Ойраттар Түркістан және Ташкент қалаларын тонады. Кетер алдында Өзтемір Тайшы Әбілқайырмен ол үшін масқара болған келісім жасады. Мұның өзі Жәнібек пен Керей сұлтандар басқарған тайпалардың бір бөлігінің Моғолстан жеріне көшіп кетуге әкелді.

. Соның нәтижесінде Жәнібек пен Керей бұл жерде өздерінің жақтастары – 200 мың көшпендіні шоғырландырды.Ол ерте және ортағасырлардағы этносаяси процестермен тығыз байланысты болды. Жәнібек пен Керей бастап Өзбек ұлысынан көшкен тұрғындардың бір бөлігі өздерін “өзбек-қазақ”, ал кейіннен “қазақтар” деп атады. Жәнібек пен Керейдің дербес хандығын құру кезеңінде қазақ атауы жалпы мәнге ие болды. “Қазақ” терминінің этимологиясы өзінің түп-тамырымен түркі дәстүрлерінен бастау алып, белгілі шығыстанушы-ғалымдардың пікірінше еркін, азат, тәуелсіз адам дегенді білдіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының этникалық құрамы.

2. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.

3. Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).

4. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Жүздер және олардың жер аумағы.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Азақ халқының қалыптасу үрдісі

«Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ірге тасын қалаушылар» - саяси сипаттама дайындап қорғаңыз

Студенттердің оқытушымен өзіндік

Азақ хандығының құрылуы

1.Қазақ жүздеріне арналған кесте дайындаңыз

2.Қазақ этнонимі туралы эссе дайындаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Әдет заңы - мемлекетте ұсталынатын тәртіп Адат Adat
Конфессия - мемлекеттегі діни бағыттар Конфессия Confession
Б и - төрелік қызметін атқаратын билік Би Bi
 
Сұлтан - Шыңғысхан әулетінің ұрпақтары Султан Sultan
Төленғіттер - жасауылдар Толенгуты Tolengyt
Қожалар - ислам дінің насихаттаушылар Ходжи. Hodja
Экспансия - мемлекет тарабынан шабуыл әрекеттер Экспансия Expansion

 


Зін-өзі тексеру

Азақ сөзі XIII ғасырда Хорасан түрікмендерінің арасында этникалық сипатта қолданған» туралы жазған тарихшы

А) М.Қашқари

В)Б.Е.Көмеков

С)М.Х.Дулати

Д)Ш.Уәлиханов

Е)Әл-Фараби

Азақ хандығының негізін қалағандар

А) Әбілхайыр

В) Қасым мен Есім

С) Керей мен Қасым

Д) Керей мен Жәнібек

Е) Тәуекел мен Қасым

Асым хан билік құрған жылдар

А) 1428-1468 жж

В) 1411-1418 жж

С) 1538-1580 жж

Д) 1582-1590 жж

Е) 1511 -1518 жж

Азақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан

А) Шыңғыс хан

В) М.Шайбани

С) Батыр қонтайшы

Д) Әбілқайыр

Е) I Петр

Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан орта жүздің биі

А) Қазбек би

В) Төле би

С) Әйтеке би

Д) Майқы би

Е) Алшынбай би


 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2. 2.2. 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

3..Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

4..Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

1. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

2. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

3. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

4. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

5. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

7. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

 

6 – АҮМXVI – XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар.
Қазақстан тарихы 6-дәрістің тақырыбы: XVI -XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік- экономикалық қарым - қатынастар. 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф.   1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы   Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

ХУІ ғасырда Қазақ хандығы кеңейіп, Орта Азия, Еділ бойы, Сібір, Ресеймен байланыста болды. Жәнібек пен Керейден кейін хан Керейдің ұлы Бұрындық (1480-1511) хан болды. Қасым сұлтан оның әскер басшысы болды. Олар билік үшін күрес жүргізіп, Қасым жеңіске жетті де (1511-1523 жж.) хан болды. Осылайша билік Жәнібек ұрпақтарына көшті. Қасым хан тарихқа “қазақ жерін біріктіруші” ретінде енді. Оның күрестегі басты мақсаты Сырдария қалалары үшін Мауараннахрдағы шайбанилықтармен күрес болды.

Қасым ханның ұлы Хақназар ханның (1538-1580 жж.) қазақ хандығын нығайтып, біріктіру әрекеті. Ол Жайықтың сол жағалауындағы жерлерді қосып алып, сондай-ақ Түркістан жерлеріне бақылау жасауды сақтай алды

Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас байланыстары. Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары. Қазақ әлеуметтік қауымы (XV – XVIII ғ.ғ.)

Қазақ жүздерінің құрылуы мен қалыптасуы.

ХҮІІІ ғғ. қазақ экономикасындағы феодалдық қарым-қатынастың өзгешелігі

Бақылау сұрақтары

4. Хақназар хан (1538-1580) және Тәуекел хан (1586-1598) билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығы.

5. Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығын нығайту үшін жүзеге асырылған шаралар.

6. ХVІ ғ. соңы-ХVІІ ғ. Қазақ хандығы. Есім хан (1598-1628), Жәңгір хан (1628-1652).

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

XVI –XVIIғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығының әлеуметтік-саяси құрылымы туралы диаграмма дайындаңыз

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

XVI – XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар

1.Қазақ хандарының саяси портретін жасаңыз

2.«Жеті Жарғыны» диаграмма арқылы сипаттаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз [1,2нег.3,6,4,11қосым.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Империя – мемлекеттің басқару құрылымы Империя Empire
Отар - тәуелді мемлекет Колония. Colony
Сепаратизм - орталықтандыруға қарсы әрекеттер Сепаратизм Separatism
Сардарбек - әскербасы Сардарбек. Sardarbek
Ұлыс - бөлінген жер аумағы Улус Ulus
Вақф - діни мекемелердің жер телімдері Вакф. Wagf
Коммендация - дәстүрлі жер қатынастар түрі Коммендация Commendation

Зін-өзі тексеру

Жеті жарғы» атты тарихи шығарманың авторы

А)Тәуке хан

В)Қасым хан

С)Есім хан

Д)Тәуекел хан

Е)Әбілқайыр хан

Жеті жарғы» бойынша барлық рулар бірлестігінің басшысы

А) Би

В) Аксүйек

С) Хан

Д) Сұлтан

Е) Ру биі

Жеті жарғы» бойынша Құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды

А) Хан

В) Қарусыз келген адам

С) Билер

Д) Сұлтан

Е) Ақсақал

Ж Жоңғарлардың Қазақстанға шабуыл кезінде аман қалған қала

А) Отырар

В) Сайран

С) Суяб

Д) Түркістан

Е) Күлтөбе

Жеті жарғы» бойынша хандықтың ішкі өмірімен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешетіндер

А) Хандар

В) Сұлтандар

С) Билер

Д) Ақсүйектер

Е) Таттар

Тәукенің хандық үкіметі кезінде астанасы

А) Сайран

В) Отырар

С) Сауран

Д) Тараз

Е) Түркістан

Ж Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін үш жүздің өкілдері бас қосты

А) Күлтөбе

В) Қарақұм

С) Түркістан

Д) Отырар

Е) Қарасу


 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2. 2.2. 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

3..Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

4..Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

6. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

7. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

8. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

9. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

10. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

 

7 – АҮМҚазақ хандығының құрылуы, оның саяси және әлеуметтің экономикалық жағдайы (XV – XVIII ғ.ғ.)
Қазақстан тарихы 7-дәрістің тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы, оның саяси және әлеуметтік- экономикалық жағдайы(XV -XVIII ғғ.). 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф.   1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы     Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

ХУІІ ғ. басында Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Мұнда бірнеше хандықтардан тұратын үш жүз болды. Жүздер арасындағы біркелкі саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының билеушілері арасындағы өзара қырқыс көршілерді шапқыншылыққа итермелеп, қазақ халқын орасан зор зардаптарға душар қылды. Қазақ хандығы Орта Азия хандықтары, башқұрлар, қалмақтар тарапынан үнемі қысым көрді, алайда негізгі қауіп Жоңғар мемлекеті тарапынан болды. Жоңғарлар – тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі.

Қазақтар арсындағы алауыздықтарды жақсы пайдаланып отырған жоңғарлар 1713 жылы Қазақ хандығына тағы да басып кірді. Ондай жорық 1716 жылы да қайталанды. Ал 1717 жылы Аягөз өзені бойында үш күндік шайқас болды. ол қазақ жасағының жеңілуімен аяқталды.

1718 жылы жоңғарлар Жетісуға баса көктеп кіріп, одан әрі оңтүстіктегі Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойында жойқын соғыстар жүргізді. Олардың негізгі мақсаты Қазақ хандығының ордасы – Түркістанды басып алу еді.

Қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезеңі – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728) нәубетіне алып келген еді. Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілері мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады.

Бақылау сұрақтары

7. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Ұлт-азаттық күрестің батырлары.

8. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың әлеуметтік құрылымы мен өзгешелігі.

9. ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.

10. ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақтардың ауыз әдебиеті, қазақ халқының рухани әлемінің көрінісі.

11. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Азақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

Қазақ билерінің ролі туралы эссе дайындаңыз

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

Қазақ хандығының құрылуы, оның саяси және әлеуметтің экономикалық жағдайы (XV – XVIII ғ.ғ.)

1.Ірі қазақ-жоңғар шайқастарын графикалық сызба жасап ашыңыз

2. Жеке бір батыр туралы эссе дайындаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11қосымш.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
Жұт - жаппай малдың қырылуы Джут Jute
Лама - будда дінінің қызметкері Лама Lama
Аманат - кепілдікке беру Аманат Amanat
Редут - алдынғы шеп қатары Редут Redoubt
Жасақ - жауынгер тобы Ясак. Jasak
Форпост - әскери бекініс Форпост Outpost
Шежіре - кезеңдегі оқиғаларды баяндау Летопись Shezhire

 

 

Зін-өзі тексеру


Жоңғар хандығы құрылды

А) 1635 ж

В) 1637 ж

С) 1639 ж

Д) 1641 ж

Е)1643 ж

XVIII ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет

А) Бұқар мемлекеті

В) Қытай мемлекеті

С) Ресей империясы

Д) Моңғол мемлекеті

Е) Жоңғар мемлекеті

Орбұлақ шайқасы болды

А) 1628 ж

В) 1718ж

С) 1641 ж

Д) 1643 ж

Е) 1627 ж

4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты зардап шеккен аймақ

А) Түркістан аймағы

В) Жетісу аймағы

С) Сарайшық

Д) Сауран

Е) Отырар

Жиырма мың қолымен Жоңғарларға ту сыртынан шабуыл жасаған Қазақтың батыры

А) Тәуке

В) Жәңгір

С) Жалаңтөс

Д) Тәуекел

Е) Шығай

Жоңғарлар 1680 ж Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде аман қалған қала

А) Сарайшық

В) Сауран

С) Тараз

Д) Отырар

Е) Түркістан

Азақ жеріне Жоңғарлар басып кірді

А) 1711-1718 жж

В) 1639-1640 жж

С) 1715-1718 жж

Д) 1711-1720 жж

Е) 1712-1718 жж


 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

2. Мусин Ч. Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

3.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

4.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320 бет

1. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

2. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

3. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

4. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

6. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк. Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

 

8 – АҮМҚазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер
Қазақстан тарихы 8-дәрістің тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт- азаттық жолындағы көтерілістер. 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф.   1,2 семестр 2015-2016 оқу жылы     Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі.Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей протекторатын қабылдау туралы шешім қабылдады. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781 жж.) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. Абылай ханды қазақ жоңғар соғысындағы қазақ халқының жеңісін қамтамасыз еткен қолбасшы ретінде де халық ерекше құрмет тұтты. 1733-1734 жылдары Ұлы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды.Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерінің барлық аумағын біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады. Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді.

Қазақ жерін отарлауда Ресей үкіметі қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігін жоюды басты мақсат етіп қойды. Оны Қазақ хандығының басқару жүйесін реформалау арқылы жүзеге асырды. Бұл саясат ХІХ ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады.

Бақылау сұрақтары

1. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай.

2. Патшалықтың Қазақ даласын отарлау мақсатындағы іс-әрекеттері

3. Сібір және Орынбор қазақтары туралы ережелер

4. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Қазақстан Ресей империясының құрамында. XVIII және XIXғғ. ұлт-азаттық қозғалыстар (1с.)

Абылай хан мемлекеттік қайраткер, саясаткер, дипломат-саяси портретін дайындаңыз

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

азақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер -2с.

1.Абілхаир хан туралы эссе дайындаңыз

2.Қазақ халқының ұлт - азаттық көтерілістері бойынша сызба–диаграмма дайындаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2,3нег3,8,11қосым.]

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 694 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Учет банковских операций| Правовые и нормативно-технические основы обеспечения БЖД.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.162 сек.)