Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттердің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау

Читайте также:
  1. Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
  2. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыс шегідегі сабақ жоспары (СОӨЖ – 45 с.).
  3. Студенттің оқытушы басшылығымен (СОӨЖ) жүргізілетін өздік жұмысы

І Өлең жаттау – орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі.

Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: 1.Ай, заман-ай, заман-ай (2 томдық) А.,1991ж.

2. Ақберен. Жинақ-А., 1972

3. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы, 2000ж.

4. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

5. М.Мақатаевтың шығ.жинағы.А. «Жалын» 2006ж.

6. М.Шахановтың шығ.жинағы. А. «Ана тілі» 2005ж.

7. Фариза Оңғарсынова. «Шілде»А., Жазушы 1978.

ІІ Нақыл сөз –даналық қортындыға құрылған мейлінше жинақы әрі

мағыналы сөз.

Өздік жұмысының мақсаты: Мағыналы әрі жинақы сөйлеуге баулу.

Әдістемелік нұсқау: Осынау ұғым жөнінде Әл-Фарабидің замандасы түркістандық Исхақ әл-Фараби «Әдеби жинақ» атты еңбегінде былай деп жазады: «Нақыл сөз деп болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз». Мысалы «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, сынаушысы –халық, қорғаушысы – сабыр, таусылмайтын – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығынан ардақтысы – өмір». Нақыл сөзде өлең өлшемі де қолданылады. Мысалы:

Сараң байды қоңыз десең болар,

Ішпей –жемей боқтық жиған.

Жігітті ерім десең болар,

Жолдас үшін жанын қиған.

 

ІІІ Монолог оқу дегенімізсөйлету грекше – monologos, mono – бір, logos –сөз –драмалық шығармадағы, сондай –ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Монолог кейіпкердің өзімен өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін,психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай-күйі айқын аңғарылады.

Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп сөйлеуге,оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Лирикалық шығармадағы, драмалық шығармадағы, көркем қара сөздердегі монологтарға назар аударып, оқып салыстыр.

Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары,лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым мінекей» атты өлеңін арнайы айтуға болады, ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы

Абайдың монологтары.

 

Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті./1941- 1960/

2.ҰОС кезіндегі қазақ поэзиясы.

3. ҰОС кезіндегі қазақ прозасы.

4. Баубек Бұлқышевтің өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет.

5. Баубек Бұлқышевтің шығармаларындағы ерлік пен жауынгер арманын суреттейтін мақала-очерктер.

6.Жұмағали Сайннің өмірі, шығармашылығы.

7. Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері.

8.Мәлік Ғабдуллиннің өмірінен мәлімет.

9. Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.

10. М.Ғабдуллиннің «Ерлікке баулу тәрбиеден» новелласы.

11. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдар аралығындағы шығармалары.

12. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдардағы әңгімелері.

13. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдардағы повестері.

14.Әлжаппар Әбішевтің өмірі,шығармашылығы жайлы мәлімет.

15. Әлжаппар Әбішевтің майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің

қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалары.

16.Ғабиден Мұстафиннің өмірі, шығармашылығы.

17. Ғабиден Мұстафиннің «Өмір мен өлім» романындағы халықтар

достығының көрінісі.

18. Ғабиден Мұстафиннің «Миллионер» повесі.

19. Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы.

20. Ғ.Мұстафин прозасындағы тарихи шындық.

21. И.Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.

22. 1941-1960 жылдардағы М.Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі.

23.Соғыстан кейінгі қазақ поэзиясының дамуы.

24. 1941-1960 жылдардағы тың игерушілер жайлы очерктер мен әңгімелер.

25.Ғали Орманов ақын,жазушы,очеркист,аудармашы.

26. Ғали Ормановтың лирикалық героиларының ішіндегі ана бейнесі

27. Ғали Ормановтың Ұлы Отан соғысына арналған жырлары.

28. 1941-1960 жылдардағықазақ прозасының дамуы.

29. С.Мұқановтың «Сырдария» романы.

30. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасы.

31. С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері.

32.Ғабдол Слановтың «Жанар тау» романы.

33.М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі.

34. Тарихи драма үлгілері. Ғ.Мүсірепов «Аманкелді» драмасы.

35. Ғ.Орманов «Шәуілдір» поэмасы.

36. Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романы.

37. Т.Жароков «Мұз мұхит», «Құмдағы дауыл» дастандары.

38. Х.Ерғалиевтың «Құрманғазы» поэмасы.

39. Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагор қызы» поэмасы.

40. Ж.Молдағалиевтың «Нұрлы жол» поэмасы.

41 И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы.

42.Жамбыл Жабаевтың алғашқы кездегі өлең жырлары.

43. Жамбыл Жабаевтың алғашқы ақындық айтыстары, сөз қағысулары.

44. Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары.

45. Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі.

46. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы.

47. Қасым Аманжоловтың шығармашылығы, өмірбаяны.

48. Қасым Аманжоловтың соғыстан кейінгі өлеңдері.

49. Қасым Аманжоловтың аудармалары.

50.Тайыр Жароковтың эпикалық шығармалары.

51.1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

51Дәстүр және жаңашылдық.

53.Түр мен жанрдағы ізденстер.

54.ҰОС-н бастарынан кешкен ақын-жазушылар.

55.Қазіргі прозада лирика мен этикалық, реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуі.

56.Ә.Әлімжановтың, О.Бөкеевтің, Т.Әдіковтің, С.Елубаевтың шығармаларында жанрлық стильдік, соны ізденістердің байқалуы.

57.Ұлттық позияның жаңа көркемдік белестері.

58.Сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалардың жазылуы.

59.М.Шахановтың балладалары.

60.Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастауы.

61.Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романы.

62. Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романы.

63. І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдары.

64. Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң», «Тар кезең»романдары.

65. Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары.

66.Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары.

67. Д.Досжановтың «Жібек жолы» романы.

68.Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан кеңеюі.

69.Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары. «Көктөбедегі кедесу»

70.Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы.

71.Осы кезеңдегі әдебиеттану мен сынның өркендеуі.

72.Төлеген Айбергеновтің лирикасы.

73.Қ.Қайсеновтың шығармашылығы.

74.Қадыр Мырза Әли поэзиясының тақырып ауқымы мен көркемдік кестесі.

75.Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы.

76.Мұқағали Мақатаевтың лирикаласы.

77.60-90 жылдар поэзиясындағы лирикалық-философиялық поэмалар.

78.Жұбан Молдағалиевтің поэмалары, олардың гуманистік сипаты, ұлттық
нақышы.

79."Қан мен тер" триологиясындағы әлеуметтік күрес, образдардың сомдалу жайы.

80.Жұбан Молдағалиевтің поэмаларындағы азаттық алуаны, романтикалық леп.

81.І.Есенберлиннің тарихи туындыларының көркемдік, танымдық, тарихи
мән-маңызы.

82.Қазақ прозасындағы тарихи тақырыптардың игерілуі.

83."Мен қазақпын", "Қыран дала" поэмаларындағы өмір шындығы мен
ұлттық өршіл романтика.

84.Т.Ахтановтың "Боран" повесіндегі экология мәселесі.

85.Т.Молдағалиевтің әнге арналған өлеңдеріндегі лиризм.

86.Ә.Әлімжановтың тарихи романдарындағы шындық пен көркемдік шешім.

87.Ж.Нәжімеденов поээиясындағы ойшылдық пен көркемдік шешім.

88.С.Сматаевтің "Елім-ай"' романындағы халық өмірінің суреттелуі.

89.Ұлы Отан соғысы тақырыбының 60-90 жылдар әдебиетіндегі эпикалық
көркем туындыларда суреттелуі.

90.Т.Әлімқұловтың "Тұлпар тағдыры" жинағындағы тарландар мен өнер
адамдары образдарын сомдау шеберлігі.

91.С.Елеубаевтің "Ақ боз үй" романындағы тарихи шындық пен көркемдік
шешім.

92.70-90 жылдардағы повестерде адам мен табиғат, экология мәселелерінің суреттелуі.

93.Д.Исабековтің "Мұрагерлер" пьесасындағы тартыс және образдар жүйесін сомдаудағы шеберлігі.

94.Х.Есенжановтың "Ағайынды Жүнісовтер" романындағы тарихи
ақиқаттың суреттелуі.

95.Д.Исабековтің "Қарғьн" романындағы жанрлық стильдік ерекшеліктер.

96.О.Бөкеев прозасындағы кейіпкерлер психологиясын суретеудегі шеберлік.

97.Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы
шуақты юмор.

98.Эпикалық туындылардағы "Ақтаңдақтардың" жаңаша пайымдалуы.

99.Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.

100.Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы лиризм.

101.С.Жүнісовтің "Өліара" пьесасындағы тартыс пен образдар жүйесі.

102.Қ.Мұхаметжанов, Ш.Айтматовтардың "Көктөбедегі кездесу"
пьесасындағы көркем образдардың сомдалуы.

103.Ә.Тәжібаев поэзиясындағы оптимистік символды лирика.

104.Т.Ақтановтың "Ант" пьесасы.

105.Р.Нұрғалиевтің "Айдын" зерттеу кітабының қазақ драматургиясын
саралаудағы ғылыми мәні.

106.М.Мағауиннің "Ғасырлар бедері" сын кітабының әдебиет сынын
өрістетудегі маңызы.

107."Ақиқат пен аңыз" роман-диалогіндегі Бауыржан Момышұлы образы.

108.Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 60-90 жылдар әдебиетінде
бейнеленуі.

109.Б.Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік ауаны.

110.Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ поэмалары.

Курст жұмыстарының тақырыптары:

1.1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық, саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы.

2.Проза, оның тақырыптық-көркемдік өсу жолы мен тенденциялары.

3.Поэзия, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық.

4. Драманың өсу жолы мен қазіргі өзекті мәелелері.

5.І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер.

6. Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары.

7. Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ә.Шәріпов шығармашылықтары және әдебиеттегі Отан қорғау, гуманизм тақырыбы.

8. Ә. Тәжібаевтың (1909-1998) өмірі шығармашылығы.

9. І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.
10. І.Есенберлин романындағы адамгершілік мәселелері.

11. Х.Ерғалиев поэзиясындағы заман бейнесі.

12. Х.Ерғалиев поэзиясының әдеби процеске әсері.

І3. Х.Ерғалиев поэзиясындағы монологтар.

14. Х.Ерғалиевтің поэмалары.

15. Ж.Молдағалиев өлеңдерінің ерекшелігі.

16. Ж.Молдағалиевтің поэмалары.

17. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы сюжет.

І8. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

19. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы ерлік тақырыбы.

20. С.Мәуленовтің лирикасы.

21. С.Мәуленов шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі.

22. С.Мәуленов поэмасындағы соғыс тақырыбы.

23. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыстан кайтқан солдаттар бейнесі.

24. Т.Ақтанов прозасының ерекшелігі.

25. “Қаһарлы күндер” романындағы солдат бейнесі.

26. Т.Ахтанов романындағы характер.

27. Б.Сокпақбаев романындағы сюжет.

28. Б.Соқпақбаев туындысындағы баяндау мен диалог.

29. ‘’Боран” романындағы көркемдік ізденістер.

30. Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған шығармалары

31. “Менің атым Қожа” және балалар әдебиеті.

32. Ә.Нұрпейісов және роман жанры.

33. ‘’Курляндия” романындағы баяндау.

34. ‘’Қан мен тер” трилогиясы.

35. “Соңғы парыз” романындағы психологизм.

36. Х.Ерғалиев поэтикасындағы күрделі теңеулер.

37. Ж.Молдағалиев поэмаларының бейнелеу құралдары.

38. С.Мәуленов поэзиясындағы сурет және суреткер әлемі.

39. Т.Ахтанов романдарындағы соғыс шындығы.

40.Б.Соқпақбаев прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шындығы. 41.Ә.Нүрпейісов романдарындағы баяндау.

42.З.Қабдолов прозасынын көркемдігі стилі.

43.М.Мақатаев прозасындағы психологизм.

44.Ж.Нәжімеденов позиясындағы философия.

45.С.Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

46.О.Бөкей прозасының стилі.

47 Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 60-90 жылдар әдебиетінде
бейнеленуі.

48 Р.Нұрғалиевтің "Айдын" зерттеу кітабының қазақ драматургиясын
саралаудағы ғылыми мәні.

49 Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы лиризм.

50 Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы
шуақты юмор.

51 Эпикалық туындылардағы "Ақтаңдақтардың" жаңаша пайымдалуы.

52 Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.

 

Әдістемелік нұсқау: Берілген курс жұмысы тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Курс жұмысының құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компьютерге басылуы тиіс.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 679 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ДӘРІС ТАЙЫР ЖАРАКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ДӘРІС ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША | Тәжірибелік сабақ: Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы. | СОБӨЖ Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден | СОБӨЖ М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының жарыққа шығуы жайлы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОБӨЖ Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы жазған| І нұсқа

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)