Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОБӨЖ М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының жарыққа шығуы жайлы

Читайте также:
  1. quot;СИНТЕЗ РОМАНА. РАЗРЕШЕНИЕ ЗАТРУДНЕНИЯ
  2. Безысходный романс
  3. Будущий роман
  4. В отношении Романа Созарукова возбуждено уголовное дело по двум статьям УК РФ
  5. Волгоградский чиновник Роман Созаруков отказывается давать признательные показания
  6. Галло-романская подгруппа
  7. Гин урок. Образна система і духовно—естетична цінність роману «Чорна рада».

(Баяндама)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазақтың тұңғыш роман –эпопеясының қалай жарыққа шықандығын жас ұрпаққа таныту.

Әдістемелік нұсқау: М. Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабы 1942 жылы жарық көрді. Бұл – әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының от-жалыны өршіп тұрған шағында жарық көрді. Саясаткерлер соғыс тақырыбына арналған прозалық еңбекті күтіп отырған заманда, бұған керісінше, тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын бәлендей қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйгіш қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ.Мүсіреповтің 1943 жылы жазған «Абай» романы туралы» атты мақаласы куә.

«Абай» романының екінші кітабы 1947 жарық көрді.

1949 жылы «Абай» романына бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Романның үшінші, төртінші кітаптары «Абай жолы» деген атпен 1952, 1956 жылдары жарияланды. Осыған байланысты төрт томдық роман-эпопея тұтас күйінде – «Абай жолы» аталды.

«Абай жолы» роман-эпопеясына 1959 жылы КСРО-дағы ең биік сыйлық – Лениндік сыйлық берілді.

Қ.Сәтпаев.Аса үздік шығарма.- Мұхтар Әуезов тағылымы. А.,1987,35 б.,В.Иванов. Роман о песне.-«Летературная газета».1948,10 ноября,М. Әуезов. Шығармалары. А.,1979,4т.,434 б,Т.Нұртазин. Жазушы және өмір.А.,1960,246 б. деген еңбектерді қараңыз.

 

5 СОБӨЖ Ғ.Ормановтың табиғат туралы өлеңдері (Әдеби талдау)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазақ жерінің әсем табиғатын ел өмірінің тыныс-тіршілігімен қоса суреттеу де, Ғ.Ормановтың үлкен жетістікке жету шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: Ғали жырларының үлкен бір саласы–табиғат туралы өлеңдер. Жоңғар Алатауының әсем өңірінде дүниеге келген ақын «Қорада», «Менің ұям» өлеңдерінде сол өлкенің әсем суретін жасады.

Ол ұсақ детальға дейін суретке айналдыруға шебер. Ақынның аралап көрген Баян, Қарқаралы, Көкшетау, Өскемен, Кереку өлкесінің де көркі ақын поэзиясында көз тартарлық.

«Еңсесі биік Алатау», «Менің қалам», «Жер сыйы», «Медеу даңқы», «Қысқы жаз», «Қыс құшағы» атты туған жер тақырыбындағы өлеңдерінің біразын астанамыз Алматы мен Алатаудың әсем табиғатына арнады. «Алматы дастаны» осы өлеңдердің түйіні тәрізді. Қазақстанның байтақ даласын кең өлкесін ақын «Туған жер! Сонша саған сүйсінемін, Секілді саяң ылғи үйім менің» –деп, өз отбасына балайды. Оның түйсігінде Отан-Ана, Жер-Ана бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі өрбіп отыратын ұғымдар екенін «Жер жүрегі» өлеңінде нақтылай түсті.

Талай ақынның қаламына арқау болған сұлу Көкшетаудың әсем

табиғатына да ақын «Жер шебері», «Жыр», «Қыр гүлдері», «Жаңа жұрт», «Шағалалы бойында», «Бурабай», «Айна көл», «Оқжетпес» өлеңдерін арнады. Ақын бұл өлеңдерінде Көкшенің сұлу табиғатын ондағы елдің тұрмыс-тіршілігімен қоса суреттеді. Жер бедерін қилы суретке толтырған елдің ұл, қыздарының еңбегін мақтан етеді. «Жыр» өлеңінде Зерендінің сұлу табиғатын шебер суреттеген.

Орманов қазақстанның төрт бұрышын түгел дерлік жырға арқау етті.

6 СОБӨЖ Кәкімжан Қазыбаевтың «Ызғар» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Жазушының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білудегі шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: Кәкімжан Қазыбаевтың «Ызғар» романының негізгі тақырыбы – соғыс жылдарындағы ауыл өмірі. Романда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қиыншылықтар яғни ауыл адамдарының әр алуан тағдырлары баяндалады.

Романды оқыған уақытта жазушы сол бір сұрапыл шақта болған және болуы мүмкін типтік оқиғалар мен әлеуметтік әрекеттерді жинақтап реалистік тұрғыдан көрсетуді қалай мақсат еткендігіне,адамдар жүрегіне жазылмас жара салған жаралы жылдар елесіне көңіл аударыңыз.

7 СОБӨЖ М.Әуезовтің ғылыми зерттеу еңбектері (Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты: М.Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерінің өз алдына бір үлкен арна екендігін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: М.Әуезовтіңхалық ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану мәселелері. М.Әуезовтіңәлем халықтары әдебиеті туралы ойлары, қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы.

М.Әуезов абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтерді,негізін салды,зерттеу бағыт бағдарларын,принциптерін анықтады,абайтанудың жүйелі,біртұтас ғылыми тұжырымдамасын жасады.

М.Әуезовтің 1927 жылы жазған « Әдебиет тарихы» кітабы тұңғыш зерттеу еңбегі.Ғалым –жазушының қазақ фольклорының ертегі,эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралы зерттеулері бар.Сол сияқты қазақ және орыс тілдерінде қатар 1959 жылы жазған «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» атты зерттеу еңбектері бар соны қарап шығыңыз.

8 СОБӨЖ Ғ.Мұстафин прозасындағы тарихи шындық (Баяндама)

Өздік жұмысының мақсаты: Ғ.Мұстафиншығармаларының тарихи шындыққа қаншалықты қатысы бар екендігін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: Туған халқы жүріп өткен қиын да бақытты жолдың бел–белесі Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көз көрген» тәрізді кең тынысты эпикалық романдарда көркем де көрікті шешімін тапқан. Бұл туындылар халық тағдырын күрт өзгерткен төңкеріс кезеңдегі от–жалынға толы тартысты жаңа көзқарасты, жаңа заманның қалыптасуын баяндаған.

«Шығанақ» романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған.

Жазушы «Миллионер» романында тарихта болған жаңа ауыл, жаңа адамдар, олар ұмтылған жаңа биік –белестер, жаңа қоғам көріністерін суреттесе,«Қарағанды» романында адамдардың жемісті еңбегімен бой түзеген еліміздегі ірі нидустрия орнының сол кездегі өмірін суреттейді.

Қазақ жеріндегі төңкерістен кейін туған өзгерістерді кең бейнелеп суреттеуде, оның прогрестік мәнімен бірге қайшылықтарын терең ашып көрсетуде 1959 жылы жазған «Дауылдан кейін» романының маңызы зор.

«Дауылдан кейін» – революциядан кейінгі қазақ ауылы өмірінің шынайы суреттерін танудағы елеулі бір белес.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтар достығының бір шағын мысалын Ғ.Мұстафин «Құрметті қонақ» атты әңгімесіне арқау етті. Шығарманың бас кейіпкері – аты-жөні белгісіз сәби.

9 СОБӨЖ Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Ұлы Отан соғысының сабақтарын саралауға, ел

басына күн туған кездегі азаматтардың ерлік істерін, мінез-құлқын, халық өмірін эпикалық үлгіде бейнелеудегі жазушы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: Ғ. Мүсіреповтің повесі алғаш рет 1945 жылы «Майдан» деп аталатын альманахта «Қазақ батыры» деген атпен жарияланып шықты, аталмыш туындыға оқырман қауым біршама сын ескертпелер айтты. Солардың бәрін есепке ала отырып,

Ғ. Мүсірепов композициясын жақсартып, негізгі кейіпкердің образын күшейтіп, бірнеше тараулар қосты.

Повесть көлемі жағынана ғана өзгермей, сонымен бірге композициялық құрылысы, оқиға желісі жақтарынан да роман дәрежесіне жетіп, 1950 жылы «Қазақ солдаты» деген атыпен қайта басылып шықты.

«Қазақ солдаты» әскери тақырыпқа арналған қазақ повестерінің тұңғышы. Оны жазушы Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың ерлік жолын суреттейтін деректі шығарма есебінде жазды.

Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұнын және оның қайнар көзін ашуда бұл романның орны үлкен. Онда жаңа заман батырының туу, тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген. Қайрошты өсіріп жеткізген қоғамдық орта мен ондағы өзгерістер кейіпкер тағдырымен байланысып, жарасымды суреттеледі. Қайроштың батырлығы ескі ұғымдағы көзсіз ерлік емес, қарапайым адамның Отан алдындағы борышын түсіну мен оны абыройлы орындау жолындағы сезімнен туады. Сонымен қатар жазушы Қайроштың өмір жолында кездескен күнделікті тіршіліктің келеңсіз жайларын улы кекесінмен түйреп, сынап отырады.

 

10 СОБӨЖ Ә.Сәрсенбаевтың өмірі,шығармашылығы жайлы (Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты: Ә.Сәрсенбаевтың ақындық,әрі жазушылық қырларын таныту.

Әдістемелік нұсқау: Ә.Сәрсенбаевтың 1953жылы «Толқында туғандар» романын, 1960 жылы «Офицер күнделігі»повесін, 1961жылы «Капитан ұлы» повесін, 1965жылы «Теңіз әуендері» романын жазды.

«Толқында туғандар»романы 1953, 1965, 1975 жылдары басылып шықты.

1937жылы «Еділ толқыны», 1938 жылы «Жүрек сыйы», 1940 жылы «Ақмаралдың жүрегі», 1948 жылы «Ант», «Туған өлке»,1949 жылы «Ақша бұлт» т.б.өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ә.Сәрсенбаевтың «Отан таңы» кітабы «Ту туралы жыр», «Украина дәптерінен», «Колхозды дала суреті», «Ұланмен әңгімелер» деген төрт бөлімнен тұрады.

Ә.Сәрсенбаевтың 1943 жылы «Намыс ұлы», «Шие ағашы», 1948 жылы жазылған «Ұлым туралы ой» сияқты поэмалары бар.

«Намыс ұлы» поэмасы Украинадағы партизандар ерлігіне арналған. Поэмада неміс басқыншыларының бейбіт халыққа жасаған бүлігі, айуандық әрекеттері уытты өлең жолдарымен беріледі.

«Шие ағашы» поэмасы – да сол бір сұрапыл жылдардың ащы шындығын реалистік мәнерде бейнелеген туындылардың бірі. Поэмада негізінен неміс басқыншыларының жан түршігерлік жауыздығы, айуаннан да бетер қаныпезерлігі қатты әшкереленеді.

«Ұлым туралы ой» поэмасында да бас кейіпкердің жан дүниесі, сезім иірімдері тереңірек сипатталған. Лирикалық кейіпкердің өз ұлының қайтыс болуын естігендегі психологиялық тебіренісі, жай-күйінің аласапыран шағы поэмада шебер суреттелген.

11 СОБӨЖ Т.Жароковтің «Құмдағы дауыл» поэмасы (Әдеби талдау)

Өздік жұмысының мақсаты: Т.Жароковтіңпоэма жазудағы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: Тайыр Жароков «Құмдағы дауыл» поэмасын 1957-1958 жылдары жазған. Поэма жайлы айтқан ғалымдардың пікірлеріне назар аударыңыз. Мысалы: М.Қаратаевтың, поэманың сюжеті жайлы Н.Сидоренконың пікірін қараңыз.Поэманың сюжетіндегі динамикаға, поэтикалық жетістігіне, идеялық-көркемдік тақырыптық деңгейіне, композициясына назар аударыңыз.

«Құмдағы дауыл», негізінен алғанда, реалистік туынды.Халық басынан өткен сол бір дауылды да қаһарлы мезгілді ақын үлкен шыншылдықпен, әсерлі сыршылдықпен суреттеп берді.

«Құмдағы дауыл»–халықтың азамат соғысындағы тарихынан жарқын елес беретін идеялық-көркемдік еңсесі биік шығарма.

Мына еңбектерді қараңыз:Т. Жароков. Төрт томдық шығармалар жинағы. А., 1972-1975, 3т., 44 б., 1т. 230 б., М. Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. А., 1958, 436 б.Н. Сидоренко. Десять незабываемых дней. А., 1961, с. 204


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1400 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ДӘРІС ТАЙЫР ЖАРАКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ДӘРІС ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША | Тәжірибелік сабақ: Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОБӨЖ Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден| СОБӨЖ Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы жазған

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)