Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су-тұз алмасуы. Бүйректер және зәр биохимиясы.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Патология кезінде біршама жиі бұзылатын зат алмасуының бірі су-тұз алмасуы болып табылады. Ол су мен минералдық заттардың ағзаның сыртқы ортадан ішкі ортасына және керісінше үнемі, тұрақты түрде, алмасып отыруымен байланысты.

Ересек адамның ағзасындағы судың үлесіне дене массасының 2/3 бөлігі (58-67%) келеді. олардың жартысына жуық көлемі бұлшықеттерде жинақталған. Суға қажеттілік (адам тәулік сайын 2,5-3 л сұйық қабылдайды) оның сусын түрінде (700-1700 мл), тағам құрамындағы су түрінде (800-1000 мл) және ағзада зат алмасуы кезінде түзілетін эндогендік су 200-300 мл (100 г май, белок, көмірсу ыдырауға түскенде сәйкес түрде 107, 41, 55 г су бөлінеді) есебінен толықтырылады. Эндогендік сулар салыстырмалы түрде көп мөлшерде майлардың тотығуы процессінің активтелуі кезінде синтезделеді. Бұл ұзаққа созылған стресс жағдайлары, симпатикалық-адреналдық жүйенің қоздырылуы, семіздіктен арылу кезінде қолданатын диетотерапия тәріздес әртүрлі жағдайларда байқалады.

Тұрақты өтетін судың міндетті түрде ағзадан шығарылуы есебінен ағза ішіндегі судың көлемі өзгеріссіз сақталады. Мұндай шығарылу жолдары бөлінеді: реналдық (1,5 л), экстрареналдық (асқазан-ішек трактісі арқылы шығарылу) (50-300 мл), тыныс алу және тері арқылы (850-1200 мл). Міндетті түрде ағзадан тәулік бойы судың шығарылуы барлығы 2,5-3 л болады. Бұл көп жағдайда ағзадан шығарылатын шлактардың мөлшеріне тәуелді болады.

Судың қызметі. Судың тіршілік процессіне қатысуы біршама әртүрлі. Су көптеген қосылыстар үшін еріткіш болады; кейбір физика-химиялық және биохимиялық айналулардың тікелей компоненті болады; эндо- және экзогендік заттардың тасымалдаушысы болады. Мұнан басқа, ол, байламдар, бұлшықеттердің, буын шеміршектерінің үйкелістерін бәсеңдетіп (сол арқылы олардың қозғалуын жеңілдетіп) механикалық қызметті атқарады. Су ағзаның термореттелуі процесіне қатысады. Су, оған тәуелді, плазманың осмостық қысымының шамасын (изоосмияны) және сұйықтың көлемін (изоволемияны), қышқылдық-сілтілік қалыптың реттелуі механизмдері қызметін, температураның тұрақтылығын қамтамассыз ететін (изотермияны) процесстердің өтуіне қатысып гомеостаздың ұсталуына да қатысады.

Адам ағзасында су келесі негізгі үш физика-химиялық қалыпта болады: 1) бос, немесе, мобилденген су (ол судың жасуша ішілік бөлігін, қанның, лимфаның құрамындағы суды, интерстициалдық суды құрайды); 2) гидрофилдік коллоидтармен байланысқан су; 3) белоктар, майлар, көмірсулар молекулалары құрылымына кіретін конституциалдық суға бөлінеді.

Массасы 70 кг ересек адамның ағзасында бос судың және гидрофилдік коллоидтармен байланысқан көлемі дене массасының 60%-ын немесе 42 л құрайды. Бұл сұйықты құрайтындар: жасуша ішілік су (оның үлесіне дене массасының 28 л, немесе 40% келеді) бұл жасуша ішілік секторды құрайды және жасуша сыртылық су (оның үлесіне дене массасының 14 л, немесе 20% келеді) жасуша сыртылық секторды құрайды. Соңғысының құрамына тамыр ішілік (интраваскулярлық) сұйық кіреді. Бұл тамыр ішілік сектор плазмадан (2,8 л) түзіледі, оның үлесіне дене массасының 4-5%-ы кіреді, және лимфадан түзіледі.

Интерстициалдық судың құрамына жасушаралық су жасушаралыққа ұйымдасқан сұйық (дене массасының 15-16%-н немесе 10,5 л құрайтын), немесе байламдардың, сіңірлердің, фасциялардың, шеміршектердің және т.б. құрамына кіретін сулар жатқызылады. Мұнан басқа, жасуша сыртылық секторға кейбір қуыстарда болатын сулар (іш және плевралдық қуыстағы, перикардтағы, буындардағы, ми қарыншаларындағы, көз камерасындағы және т.б.), сонымен бірге асқазан-ішек трактісіндегі сулар да кіреді. Бұл қуыстардағы сұйықтар метаболиттік процестерге активті түрде қатыспайды.

Су адам ағзасында оның әртүрлі бөліктерінде тұрып қалмайды, керісінше, әр секторлар арасында және сыртқы ортамен үздіксіз алмасуда болады. Судың ағзадағы қозғалысы негізінен асқорыту сөлдерінің бөлінуімен байланысты атқарылады. Мысалы, сілекей, ұйқы безінің сөлі арқылы ішекке тәулігіне 8 л су бөлінеді, бірақ бұл су асқорыту трактісінде қайта сіңірілетін болғандықтан практика жүзінде жоғалтылмайды.

Адам ұлпасының минералдық заттары. Ағза сұйықтарының электролиттік құрамы. Ағза сұйығының көлемін, электролиттік құрамын, рН-н реттеу механизмдері.

Тіршілік үшін қажетті элементтер макроэлементтерге (олардың тәуліктік қажеттілігі > 100 мг) және микроэлементтерге (олардың тәуліктік қажеттілігі <100 мг) бөлінеді. Макроэлементтерге натрий (Na), калий (К), кальций (Са), магний (Мg), хлор (СІ), фосфор (Р), күкірт (S), йод (І) жатқызылады. Тіршілік үшін маңызды микроэлементтерге, өте аз мөлшерде болатындарға темір (Ғе), мырыш (Zn), марганец (Мn), мыс (Сu), кобальт (Со), хром (Сr), селен (Sе) және молибден (Мо) жатқызылады. Фтор (F) бұл топқа жатқызылмайды, бірақ ол сүйек пен тіс ұлпасын сау қалпында сақтау үшін қажет. Микроэлементтер ванадий, никель, қалайы, бор және кремнийдің тіршілік үшін маңыздылығы әлі де ашық қалуда. Бұл элементтерді шартты түрде эссенциальды деп атау қабылданған.

Ересек адамдардың ағзасында (65 кг массаға есептелген) минералдық заттардың орташа мөлшері кесте-1-де келтірілген. Ересек адамға қажетті тәуліктік орташа қажетті мөлшері 4 бағанада берілген.Балаларға, әйелдерге жүктілік және бала емізу кездерінде, сонымен бірге науқастарға микроэелементтердің қажеттілігі жоғары болады.

 

Көптеген элементтерді ағза қор ретінде жинауы мүмкін болғандықтан олардың қалыпты мөлшерден ауытқулары уақыт аралығында бірден байқалмайды. Кальций апатит формасында сүйек ұлпасында, йод қалқанша безінің тиреоглобулині құрамында, темір — ферритин және гемосидерин құрамында сүйек майында, көкбауырда, бауырда кездеседі. Көптеген микроэлементтердің сақталатын орны бауыр болып табылады.

Минералдық заттардың алмасуы гормондар арқылы бақыланады. Бұл, мысалы, Н2О, Ca2+, PO43- қабылдануына, Fe2+, I- байланысуына, H2O, Na+, Ca2+, PO43- экскрециясына байланысты болады.

Тағамнан абсорбтелінген минералдық заттардың мөлшері ағзаның метаболиттік қажеттілігіне және кейбір жағдайларда тағамдық өнімдердің құрамына да тәуелді. Тағам құрамының мысалы ретінде кальцийді қарастыруға болады. Ca2+ ионының сіңірілуін сүт және лимон қышқылдары қабілеттендіреді, ал фосфат-ион, оксалат-ион және фитин қышқылдары кальцийдің сіңірілуін комплекстер мен нашар еритін тұздарды (фитин) түзілдіріп тежейді.

Минералдық заттардың жетіспеушілігі — сирек емес құбылыс. Ол әртүрлі себептерден дамиды, мысалы, біртекті тағаммен қоректенгенде, сіңірудің бұзылуында, әртүрлі аурулар кезінде. Кальцийдің жетіспеушілігі жүктілік кезінде, сонымен бірге рахит немесе остеопороз кезінде байқалады. Хлор жетіспеушілігі үздіксіз күшті құсу кезінде Сl- иондарын жоғалтқанда болады.

Тағам құрамында йодтың жетіспеушілігінен Орталық Европаның және Азияның көптеген аймақтарында йод жетіспеушілік құбылысы және зоб ауруы кең таралған. Магний жетіспеушілгі диареяда немесе біртекті тағаммен қоректенгенде, алкоголизм кезінде дамуы мүмкін. Ағзада микроэлементтердің жетіспеушілігі қан жасаудың бұзылуы немесе анемия арқылы байқалады.

Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша барлық макроэлементтерге жуығы ағзада құрылымдық компоненттер және электролиттер ретінде қызмет атқарады. Сигналдық қызметті йод (йодтирониндер құрамында) және кальций атқарады. Көптеген микроэлементтер белоктардың немесе ферменттердің кофакторы болып табылады. Мөлшерлік қатынастары бойынша ағзада темірқұрамды белоктар (гемоглобин, миоглобин және цитохром) басым болады, сонымен бірге 300-ден астам мырыш құрамды белок кездеседі.

Кесте 1

Минералдық заттардың құрамы, қажеттілігі және қызметі

Элементтер мөлшері,г шығу көзі тәуліктік қажеттілігі, г қызметі
Су 35000 - 40000 Сусындар, тағам құрамындағы су, тотығу процестері (300 г) 1200 - 900 Еріткіш, жасушаның құрам бөлігі, диэлектрик, хладоагент, тасымалдаушы, реагент
Макроэлементтер (тәуліктік қажеттілігі >100 мг)
Nа   К     Са     Мg   СІ   Р   S                 Ас тұзы   Көк-өніс, жеміс, дақылдар   Сүт, сүт өнімдері     Жас көк-өністер   Ас тұзы   Ет, сүт, дәндер, көк-өніс   S-құрамды аминоқышқылдар (Цис, Мет.) 1,1 – 3,3   1,9 – 5,6     0,8     0,35   1,7 – 5,1   0,8   0,2 Осмореттелу, мембраналық потенциал, минералдық заттардың алмасуы Мембраналық потенциал, минералдық заттардың алмасуы Сүйек ұлпасын қалыптастыру, қанның ұюы, сигналдық заттар Сүйек ұлпасын қалыптастыру, ферменттердің кофакторы Минералдық заттардың алмасуы Сүйек ұлпасын қалыптастыру, энергия алмасуы, нуклеин қышқылдары алмасуы Липидтер, көмірсулар алмасуы, конъюгаттар түзілуі
Микроэлементтер (тәуліктік қажеттілік <100 мг)
Ғе   Zn Мn   Сu   Со Сr Мо   Se І   Ғ 4 -5   2 -3 0,02   0,1 – 0,2   <0,01 <0,01 0,02     0,03   Ет, бауыр, жұмыртқа, көк-өніс, картоп, дәндер Ет, бауыр, дәндер Көптеген тағамдық өнімдер Ет, көк-өніс, жеміс, балық Балық   Дәндер, жаңғақ, бұршақтар Ет, көк-өніс Теңіз балығы, йодталған тұз, су Ауыз су, шай, сүт   2 -5   2-3   іздері ғана 0,05 – 0,2 0,15 – 0,5   0,05 – 0,2 0,15   0,0015 – 0,004 Гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, Ғе/ S-орталық     Цинк-құрамды ферменттер Ферменттер   Оксидазалар   В12 витамині Анықталмаған Оксиредуктазалар   Селенқұрамды ферменттер Тироксин   Сүйек, тіс эмалі


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1333 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бүйректердің қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуге қатысуы | Зәрдің химиялық құрамы | Зәрдіц қалыпты және патологиялық компоненттері және қасиеттері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Свойства и применение легированных сталей| Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)