Читайте также:
|
|
Зәрдің органикалық фракциясының негізгі бөлігін азоттық алмасудың соңғы өнімдерін азотқұрамды заттар құрайды (сур.3). Мочевина, бауырда түзіледі. Ол аминоқышқылдар мен пиримидиндік негіздер құрамдарындағы азоттың тасымалдаушысы. Мочевинаның мөлшері белоктар метаболизмімен тікелей байланысты: 70 г белок ыдырауында ~30 г мочевина түзіледі. Зәр қышқылы пуриндік азоттық негіздердің соңғы өнімі болып табылады. Креатинин, креатиннің спонтанды циклденуі есебінен түзіледі. Ол бұлшықет ұлпасының алмасуының соңғы өнімі болып табылады. Креатининнің тәуліктік бөліну мөлшері жеке сипатта болатындықтан (ол бұлшықет массасына тікелей пропорционалды), креатинин гломерулярлық сүзілудің жылдамдығын анықтауға арналған эндогендік зат ретінде пайдалануға болады. Зәрде аминоқышқылдардың болуы тағам құрамының сипаты мен бауырдың тиімді қызметіне байланысты. Зәрде аминоқышқылдардың туындылары да болады (мысалы, гиппур қышқылы). Арнайы белоктардың құрамына кіретін аминоқышқылдардың туындыларының зәрдің құрамында болуы, мысалы коллагеннің құрамындағы гидроксипролиннің, актин мен миозиннің құрамындағы 3-метилгистидиннің, бұл белоктардың ыдырауының интенсивтілігінің көрсеткіші қызметін атқаруы мүмкін.
Зәрдің құрамдық компоненттеріне бауырда түзілетін күкірт және глюкурон қышқылдарымен түзілетін конъюгаттар, глицинмен және басқа да полярлы заттармен қосылыстар түзуі.
Зәрде көптеген гормондардың (катехоламиндер, стероидтер, серотонин) метаболиттік трансформациясы өнімдері де болуы мүмкін. Соңғы өнімдердің құрамы бойынша бұл гормондардың ағзадағы биосинтезі туралы көріністі байқауға болады. Белоктық гормон хориогонадотропин (ХГ, M 36 кДа), жүктілік кезінде түзіледі, қанға түседі және зәрден иммунологиялық әдіспен анықталады. Бұл гормонның зәрдің құрамында болуы жүктіліктің белгісі болып табылады.
Зәрге сары түсті гемоглобиннің деградациясы кезінде түзілетін өт пигменттерінің туындылары урохромдар береді. Зәр сақталған кезде урохромдардың тотығуы есебінен қараяды.
Зәрде катиондар Na+, K+, Ca2+, Mg2+ және NH4+, аниондар Cl-, SO42- және НРО42- және өте аз мөлшерде басқа да иондар болады. Кальций магний иондарының нәжіс құрамындағы мөлшері зәрмен салыстырғанда жоғары болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері қоректену сипатына көп мөлшерде тәуелді болады. А цидоз кезінде аммиактың экскрециясы көп жоғарлауы мүмкін. Көптеген иондардың шығарылуы гормондар арқылы реттеледі.
Зәрдің көлемі және иондарының құрамы гормондардың бірлескен әсері және бүйректің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Зәрдің тәуліктік көлеміне келесі гормондар ықпал етеді:
АЛЬДОСТЕРОН және ВАЗОПРЕССИН (олардың әсер ету механизмдері жоғарыда келтірілген).
ПАРАТГОРМОН – қалқанша маңы безінің белоктық-пептидтік табиғаттағы гормоны, (мембраналық механизммен әсер етеді, цАМФ арқылы) ағзадан тұздардың бөлінуіне ықпал етеді. Ол бүйректерде Са+2 және Mg+2 каналшалық реабсорбциясын, К+, фосфата, HCO3- экскрециясын күшейтеді және H+ және NH4+ реабсорбциясын төмендетеді. Негізінен бұл фосфат иондарының каналшалық реабсорбциясын төмендету нәтижесінде өтеді. Сол мезгілде қан плазмасында кальций концентрациясы жоғарлайды. Паратгормонның гипосекрециясы керісінше құбылысқа әкеледі – қан плазмасында фосфат мөлшерінің жоғарлауына және Ca+2 иондарының мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.
ЭСТРАДИОЛ - әйелдердің жыныс гормондары. D3 –тің 1,25-диоксивитаминінің синтезін стимулдейді, бүйрек каналшаларында кальций мен фосфордың реабсорбциясын күшейтеді.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 872 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бүйректердің қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуге қатысуы | | | Зәрдіц қалыпты және патологиялық компоненттері және қасиеттері. |