Читайте также:
|
|
Flash жүйесі – бұл World Wide Web-те топшыланған интерактивті анимациялар құру үшін лайықты орта болып табылады. Ол пайдаланушы әрекетіне байланысты бейне таспа құру үшін пайдаланылады және тек қарапайым объектілермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Сонымен бірге жұмыстың мақсаты интернетте роликті немесе презентацияны жария ету. Adobe Flash және ActionScript т.б. бағдарламалармен жасауға болады.
WEB қосымшамаларын әзірлеу жолдары.
Веб қосымша — клиент-серверлік қосымша, мұнда браузер клиенттің рөлін атқарады, ал веб-сервер сервердің рөлін атқарады.Логика веб-қосымшагның логикасысервером мен клиенттің арасында үйлестірілген, мәліметтерді сақтау серверде, ал ақпарат алмасу компьютерлік жүйеде іске асырылады. Веб-қосымшалар 1990 жылдардың аяғында және 2000-жылдары үлкен танымалдыққа ие болды. Веб-қосымшаларды құру үшін серверлік жақтан әр-түрлі технологиялар және кез-келген бағдарламалау тілідері қолданылады, олар ақпаратты стандартті консольге шығара білуі тиіс.
ARPA net желiсi туралы не білесіз?
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
Advanced Research Projects Agency Network) — Интернет желісінің пайда болуына себепші болған, АҚШ Қорғаныс министрлігінің Болашағы бар зерттеулер агенттігі жасап шығарған компьютер желісі.Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
IP (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ең үздік мультимедиялық құралдарды атап көрсетіңіз? | | | Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйесі журналистерге не береді? |