Читайте также: |
|
Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық,анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі. Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардыњ пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады.
42. Қазақ радиосының сайтына тоқталыңыз?
Садық Мақат Кәбірұлы- Қазақ радиосының директоры
Болатбек Төлепберген- Қазақ радиосының директорының орынбасары
Құралов Оңғарбек Тәжіқұлұлы- Қазақ радиосының бас редакторы
Қазақ радиосының сайты яғни http://kazradio.kz/ өте жоғары дәрежелі сайттардың қатарында. Бұл сайт өз ішінде 4 радио арнаны тоғыстырып отыр. Олар «Шалқар», «Классик», «Астана», «Қазақ радиосы». Осы төрт арна тәулігіне 24 сағат бойы http://kazradio.kz/ сайтында онлайн режимде тұрады. Яғни ғаламтор желісі бар адамдар кез келген уақытта осы арналарды тыңдай алады. Бұдан бөлек сайттың ұтымды жері бағдарламалардың мұрағаты болуында. Бұрын өтіп кеткен бағдарламаларды еш қиындықсыз тыңдарманның тауып алуына жағдай жасалынған. Дайын бағдарламалар кестесі де тыңдармандарға өз уақытын алдын-ала жоспарлап, тыңдайтын бағдарламаға дәлдеуіне мүмкіндік береді. «Біз туралы» бөлімінде Қазақ радиосының бүкіл тарихы, жетістіктері, радио арнаның ардагерлері жайлы, фототоптамалары, радио арнаны 1921 жылдан осы күнге дейін басқарып келген адамдар жайлы жазылып,мекен-жайлары мен байланыс телефондары көрсетілген, БАҚ-тың барлық осы радио арна туралы жазған мақалалары сақталып жұрт назарына көрсетілуде және радио арнаның толық ұжымы таныстырылып өтеді. Бұл радио арнаның тұрақты тыңдармандарына өз сүйікті жүргізушілерін жақынырақ танып білуіне және кез келген адамға олар жайлы қажетті мәліметтерді алуына септігін тигізеді. Бұдан бөлек сайт ішінде блог жүйесі қолға алынған. Осы сайттын блогерлері тек қана радио қызметкерлерінен тұрады. Әр блогер тікелей өзі жүргізетін немесе өзінің радио табалдырығында атқаратын қызметіне орай ақпарат таратады. Яғни біз блогта жазылған ақпараттардың 100% дұрыстығына сенімді боламыз.
Ал сайттын елден ерен, жұртан өзге тұсы ол біздің ұлтың мақтанышы, қазақ болмысын айқын көрсететін М.О.Әуезовтың туындысы «Абай жолы» роман эпопеясының аудио түрін ел алдына ұсынуы. Бұдан бөлек әлем әдебиетінің төл туындылары мен балаларға арналған ертегілер топтамасы да берілген.
Радио арнада болып жатқан жаңалықтар легі дер кезінде сайт бетіне шығып отырады. Ал кез келген сайыс немесе радио арна өткізетін іс шаралар туралы алдын ала хабар береді. Әр апта сайын өтетін үздік әнді бірге анықтайық атты айдарда әрбір тыңдарман өз даусын осы сайт арқылы қалаған әніне бере алады.
Радио арна 45 тен аса бағдарламаларды эфирге шығарады. «жаңалықтар», «Топ жарған», «Қайырлы таң қазақ елі», «Топжарған», «Денсаулық», «Табиғат және біз», «Айтөбел», «Алаш жастары», «Зерде», «Тәулік тынысы» және т.б. «Астана-Мәскеу»-радио көпірі. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Ресей Федерациясының ортақ туындысы. Олардың барлығын сайттан таба аласыздар.
43. «Қазақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
Ысқақов Ілиас Башарұлы - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының директоры
«Қазақстан» теланасының сайты http://kaztrk.kz/kaz/telekanal/ 2009 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Ішкі құрылымына келсек өте қарапайым. Сайттың ұтымды жері телеарнадан бөлек қазақ радиосының ақпараты да қамтылып кетеді. Тікелей сілтемелері бар. Өкінішке орай телеарна ұжымы деген айдарды ашсаңыз тек қана «Қазақстан» телеарнасының директоры Ысқақов Ілиас Башарұлы туралы мәліметті ала аласыз. Бұл жағдайды сайттың өрескел қателігі деп танимыз. Абырой болғанда Телеарнаның өзге өкілдерін блогерлер арасынан табуға болады. Блог мәселесіне келгенге өте жоғары дәрежеде деп айта аламыз. Бұл сайт желісінде 20 дан астам блогерлер жұмыс атқаруда. Блогерлер тек қана Қазақстан телеарнасының мүшелері ғана емес және КазТРК, казақ радиосының өкілдері де жазба қалдырады. Олар көрерменге керекті ақпараттар легімен бөлісіп, және танымдық, қызықты мәселелерді жұрт алдына талқыға шығаратыны мен өз ойларын эссе түрінде жазатыны айрықша көңілге жақын. Және танымал блогтар наминациясының бары блогшылар арасында өз ара бәсекелестік тудырып біздер көрермендерге жақсы туындыларға қарық болуымызға септігін тигізеді. Сайт құрылымының тағы бір ұтқан жері ол жаңалықтар айдарының салалық бөлімдерге бөлінгені. Әрбір тұлға өз саласына байланысты ақпаратты өзге жаңалықтарды қарамай ақ тауып алуына жағдай жасалынған. Мысалға Экономика, Денсаулық, Мәдениет, Спорт, Қоғам, Білім, Үкімет, Аймақтық ақпарат, Әлемде және сол секілді өзге бөлімдер.Телеарнаның жұмыс кестесіне орай онлайн режим қосылып тұрады. Және өз төл туындыларының видио мұрағаты бар. Қазақстан режиссерлерінің түсіген отандық кино фильмдермен көп сериалы туындылар тұсауын осы арнада кесіп жатады атап айтқанда «Ұзтаз», «Әпке», «Сұңқар». Осы телесериалдар туралы толық ақпарат сайт ішінде қамтылған. Сайт назарынан шет елдік туындылар да қалыс қалмаған үнді сериалы «келін» және тарихи маңызды сериал «Шыңғыс хан» одан өзге көптеген кәріс ағайндардың туындылары. Және Апта киносы деген айдарда ең үздік фильм ел назарына ұсынылады. Жаңалықтар легі айрықша бағаланатын болғандықтан жаңалықтар топтамасының видио мұрағаты күн сайын 2 мәрте соңғы жазбалармен толығып отырады. Жұрт көңілінен айрықша орын алған «Әйел бақыты» және отбасылық теле жоба «Толағай», «Айтуға оңай» бағдарламалары сайт ішінде жаңалықтардан кейін ең көп қаралатын туындылар. «Қазақстан даусы» атты шоудың да рейтінгісі аспан тіреп тұр десек болады. Және осы бағдарламаға қатысушы өз өнерпазыңызға дауысты осы сайт арқыла беру жолдарын біле аласыз. Бұдан өзге телеарна сайтында «Қазақстан» арнасының бас кеңсесінен бөлек еліміздің өзге аймақтарында орналасқан телеарна филиальдары жайлы толық ақпарат бар. Және олардың жасаған еңбектері мен түсірген туындыларын сайт жүйесінен табуға болады. Байланыс номерлері мен мекен жайлары толық берілген.
44. www.31.kz сайтының құрылымы.
Бағдат Қожақметов – бас директор.
Юрий Бродский - бас продюсер.
Евгения Гуляева – бас продюсердің орынбасары.
Бұл сайт жобасы екі тілде жүргізілген. Сайттын құрылымына келсек телеарнада көрсетілетін барлық жобалардың сериалары видио мұрағатта сақталған. Теларна эфирде көрсетілетін уақыттың бәрінде сайт жүйесінде онлайн режим қосылып тұрады. Бұл арна Еліміздің шет аймақтарында көрсетіле бермейтіндіктен онлайн режим 31 арнаға ауадай қажет. Сайт өзге сайттарға қараған да бір шама жүйесіз. Оның үстіне телеарнаның ұжымы туралы жүргіжушілердің аты-жөндерінен өзге ақпарат жоқ. Тек қана Біздің басшылық деген айдар ғана қамтылған. Блог мәселесі де қарастырылмаған. Бірақ 31 арнаның бағыты ойын сауқы бағытына аса бағыталғандықтан бұл қателіктер олардың сайтынын жақсы қолданысқа ие болуына кедергі жасап жатқан жоқ. Ең көп қаралатын ол әрине Жаңалықтар топтамасы «Информбюро» арнада көрсетілетін скетчкомдар мен балаларға арналған базарлық 3 сағаттық мульттоптамалар желісі. Жақында тұсауын кескен «айтылмаған әңгіме» атты токшоу және 100% бағдарламасы өз көрермендерін көптеп жинауда. Өзіміздің отандық әзілкештердің туындылары «Базарбаевтар» және «қала аңыздары» телесериалдарының желісі мұрағатта сақтаулы. Өкінішке орай БАҚ біз туралы айдарында 31 арнада көрсетілетін «Ән шаңырақ» жобасы туралы жазылған бір ғана шағын мақала жарияланған. Телебағдарламалардың тізімі мен көрсетілу реті бар. Үздік кино туындыларды және эфирде алғаш көрсетілетін туындыларда алдын ала жақсы жарнамалайды. Барлық байланыс телефондары мен мекен жайы көрсетілген. Бұл сайтты тым қарапайым деген баға беремін. Тек жалаң, қысқа ақпарат қана бар. Бағдарламалардың посторлары жақсы жайнап тұрғаны мен ақпараттары тым мардымсыз.
45. www.24.kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі.
Бұл арна өз болмысымен өзге арналарға ұқсас болмағандықтан оның сайтының да ерекше болары сөссіз. Сайттың жобасы мен безендірілуі өте жоғары дәрежеде. Бұл арнаның тек ақпарат тарату бағытын ұстанатынын ескерсек осындай көрсеткішті иемдену үлкен еңбекті қажет етеді. Тәулігіне 24 сағат онлайн режимде жұмыс атқарады. Ұжымның барлық мүшелері жайлы толық ақпарат бар. Тіпті олардың еңбек жолында жеткен жетістерінен бөлек балалық шағындағы оқиғалары мен армандары да айтылып кеткен. Осы деректердің өзінен ақ сайттың кез келген ақпаратты толық нұсқасымен беретіні түсінікті. Бірақ бұл арнаның көп өкілдері өкінішке орай Журналист мамандығын оқып тәммәмдамаған. Алайда еңбекетерін бағалау барысында бұл факттың оларға еш кедергі жасамайтынын байқаймыз. 24.kz арнасының басты ерекшелігі жылдам ақпарат таратуында болғандықтан олардың сайтында да ақпараттар легі жиі жиі жаңарып, толықтырылып отырады. Блог жүйесі де өте қарқынды жұмыс істеуде. Күніне кем дегенде 1,2 жаңа жазбамен толықтырылып отырады. Блогтардағы жазбалардың өзі шыққан уақытына қарай 7күн, 30күн, барлық уақытта деген 3 бөлікке бөлінген. Және көп қаралған блогтар айдары да жұмыс істейді. Бұдан өзге 24.kz сайтында блогерлер атты арнайы дайындалатын телебағдарлама бар. Бұл бағдарлама желісі бойынша ең үздік қазақстан блогерлерімен блогерлер қауымдастығының үздік блогтары жайлы сыр шертеді. Блогерлермен кездесу ұйымдастырып олардың еңбегі жайлы өздерінен тікелей сұрастырады. Тағы ерекше бағдарламалар топтамасына Proфильм, PRONET жобалары. Бұдан өзге көзге түсетін жобалар қатарына, «Деректі фильм», «Әлеует», «Арнайы репортаж», «Жасыл экономика», «Жаһанға саяхат» т.б жатқызамын. Куәгер айдарында арна көрермендерінен қызықты және әлеуметтік маңызда жайттарды көрген жағдайда видиотаспаға түсіріп алуын өтінеді. Бұл сайттын көрермендермен бірлесе жұмыс істейтінінің көрінісі. Өкінішке орай БАҚ біз туралы айдарында ешқандай жарияланған мақала жоқ. Алайда эфирге шыққанына 1 жылдан енді асқан арна жайлы БАҚ –дары ешқандай ақпарат беріп мақала жарияланбағанынан таңқалудын керекгі жоқ.
46. www.ktk.kz сайтының өңделуі ақпараттарды тарату қызметі.
Шораев Арман Төлегенұлы - бас директор
Меркеев Дәурен Сұлтанұлы – Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры
Фрейман Наталья Георгиевна – Бағдарлама қызметінің директоры
Ұлбөпе Жұмабаева – Меншікті тілшілер қосынының бас редакторы
Бұл сайт екі тілде жүргізілген. Сайттың құрылымы өте жақсы, өзіңізге қажетті ақпараттар жеңіл табылады. Барлығы тайға таңба басқандай көрнекі көрінеді. Сайт арнаның онлайн түрін қамтыған. Барлық бағдарламалардың шығарылымы видио мұрағатта сақтаулы. Өздерінде көрсетілетін әрбір жобаға өзіндік ерекше пікір жазып жобаның ерекшеліктерін атап көрсетеді. Бұл арнада көрсетілетін жобалар бір біріне мүлдем ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. «Мамма мия», «Қазақстан барысы», «Ұлы дала сазы», «Халық коментаторы», «Абадан Жібек жолынжа» «Жүрек жарды» және. Т.б. Тіпті өзіміздің ұлттық тамағымыз бешбармақ ты дайындау түрлеріне арналған сайыс фарматындағы ток шоу желісі қолға алынған ол «Бешбармақ шоу» деген атпен халық назарына шығарылып отыр. Жаңалықтар мұрағаты деген бөлімінде айрықша күн тізбе тұрады. күн тізбеде көк түспен белгіленіп тұрған күндердің жаңалықтар топтамасы толық нұсқасымен бар ел назарына ұсынылғанын білдіреді. Күнтізбеде белгіленген күн 99 пайызға дәл уақытымен пара пар жүреді.. яғни сайт жүйесінде жаңалықтар легі күн сайын жаңартылып, толықтырылып отыратынының дәлелі. Сайттың ерекшелігі өз ішінде жеке ктк арнасына ғана тән бағдарламалар ішінде және өзге арналардың ақпарат тарату бөлімінде екі түрлі рейтин жобасын алып жүреді. Және осы рейтингтің нәтижесіне сайт қолданушылары тікелей өзгерістер алып келе алады. Тағы маңызы жоғары өзгешелік сайттың ішінде ваканция айдары бар. Бұл жерде телеарнада жұмыс істегісі келетін кез келген адам өз резюмесін қалдыра алады. Сайт әкімшілігі барлық қалдырылған резюмені қарап шығатынына уәде береді. Өкінішке орай блог жүйесі қолға алынбаған. Бұл сайттың жалғыз кемшілігі десем қателеспеймін.
47. www.kaznu.kz сайтының жалпы құрылымы, мүмкіндіктері.
Бұл сайтта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіті жайлы барлық ақпараттар толығымен көрсетілген. Сайтқа кірген әрбір талапкер жоғары оқу орны жөнінде толыққанды қажетті ақпараттарды ала алады. Бұл жерде көрсетілген «Басшылық», «Университет құрылымы», «Әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар», Сапа менеджмент жүйесі» айдарларында атауларына байланысты қажетті бөлімдермен қамтылған. Яғни талапкер университетті өзге қалада отырып ақ сырртай зертеуіне мүмкіндік бар. Және Сайт ішінде университетті виртуальды түрде аралау жүйесі іске қосылған. Бұдан бөлек жоғары оқу орнының алдағы уақытта іске асыратын іс шаралар тізімі ұстанатын стратегиялық бағыты да жарияланған. Тіпті сайттыӘл-Фараби бабамызджың өмір баянымен де толықтырып қойған. Байланыс телефондары мен оқу орнының мекен жайы көрсетілген. Тіпті Университеттің салыну жобасы мен әрбір факультеттің орналасу картасы да табылады. Оқуға түсуші талапкерлерге сайт жүйесіне тіркелуге толықтай жағдай жасалынған. Олар сайт арқылы өздеріне қажетті факультет туралы ақпараттармен қамтамасыз дандырылған. Тек бакалаврлар ғана емес магистратура, докторантура және шет ел студентеріне де осындай жағдай жасалынған. КазҰУ дің кітапханасындағы барлық кітаптардың тізімін сайт жүйесінен табуға болады «Электронды кітапхана» сілтемесінде барлығы көрсетілген. Бұдан өзге университет қолдауымен шығатын «Қазақ университеті» газетін де осы сайт арқылы оқуға мүмкіндік бар. Және Факультеттер тізімі мен олар туралы толық ақпарат әрбір факультеттің жеке сілтемелерінде жазылған. Қажетті сілтемелер айдарында «ректордың блогі», «Форум», «Әріптестер», «Универ жүйесі», «Студентер порталы» және өзге сілтемелер көрсетілген. Халық аралық қатынастар бөлімінде талапкерлерге университет атынан шет елде білім алудың жолдары мен мүмкіндіктері де көрсетілген.
48. www.massaget.kz порталында блогтар жүргізудің артықшылықтары.
massaget.
49. Astana FM радиосының сайт құрылымы
50. http://www.azattyq.org сайтынның әлемдегі орны
Рейтинги бойынша ресейде 62663 орынды алып отыр. Ал дүние жүзіндегі рейтінгі 67149.орында.
http://www.azattyq.org сайтында айына 1 625 805 парақша қаралады, жалпы сайт қаралымы 111 539.
Қазақстанда сайттар рейтінгісі бойывнша азаттық сайты145-ші орынды иемденіп отыр, Қазақстандық Сайт қонақтары-87,10 пайыз, Ресейде 5,50 пайыз, басқа мемлекеттерде 7,40 пайызды құрайды. Парақшаларды қарау жағынан Қазақстанда 96,8 пайыз, Ресейде 1,1 пайыз, басқа мемлекеттерде 2,1 пайыз.
Дүние жүзіндегі сайттар желісінде http://www.azattyq.org сайтының рейтингісі 56 428 орында
Күнделікті сайт қонақтары 3778 адамды құрайды.
Күнделікті қонақтардың кіру саны бойынша өзге сайттармен салыстырғанда рейтингісі- 59 687орында.
Күнделікті қаралатын парақшаның жалпы саны - 15 454орында
Күнделікті қаралатын парақша бойынша рейтингісі- 64 401орында
Күніне шамамен 6 318 қонақ, әрқайсысы 3-ке жуық парақша қарайды
Сайт көбіне Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінде айрықша сұранысқа ие, әсіресе Алматы, Ақтөбе, Талдықорғанда қалаларында.
51. www.bilimtv.kz
Сайтта арна туралы бейнеролик ұсынылады. Басшылықпен арна әкімшілігі жайлы қысқаша дерек берілген. “Білім арнасы туралы БАҚ құралдары” атты бөлімде БАҚ құралдары берген деректері сайт парақшасында жоқ.
“Компания туралы” бөлімшесінде бос орындар тізімі берілген.
Тележобаларға мысалы “XXI ғасыр көшбасшысы” жобасын алсақ сайтта бұл жоба жайлы жалпы түсінік беріліп, теледидарда көрсетілген соңғы шығарылымына түсінік беріліп бейнеролигін көруге мүмкіндік бар. Сол сияқты өтіп кеткен барлық шығарылымдарына шолу мен бейнеролик мерзіміне қарай бірінен кейін бірі орналасқан. Сол сияқты әр тележобаға шолу мен бейнероликтер топтамасы бар.
“Телебағдарламалар” бөлімінде әр күннің бағдарламалар кестесі ұсынылған.
Twitter, Facebook, вконтакте логотиптері арқылы тікелей сол әлеуметтік жүйеге өтіп кете аламыз, және ашылған сол парақша арқылы білім арнасының жаңалықтарын өзімізге қолайлы Twitter, Facebook, вконтакте әлеуметтік жүйелері арқылы бақылай аламыз.
52.Еларна сайтында басты бетте анонстар көрсетіледі киноға бағдарламаларға кесте сияқты, бірақ дәл сол уақыттан бастап арнада не көрсететініне және сол бағдарлама немесе кино жайлы толығырақ ақпарат алуға болады. Кино бөлімін таңдаса киноларға анонс, бағдарламалар бөліміне де, телихикаялар бөлмінде анонс беріледі.
«Жаңа мауысым» атты бөлімде «Саз әлемі», «Әзіл кеш», «Сынақ» және т.б. анонстары берілген.
«Бұл маңызды» атты бөлімде халыққа маңыздысын таңдап бөлек айдар жасап бөліп қойған, оларға бір бағдарламаның маңыздысы деген шығарылымдарды және Б. Момышұлы және басқа қайраткерлер туралы деректі фильмдерді бөліп қойған.
Онлайн көрсетілім жүріп жатады, яғни теледидарда болып жатқанды сайттан тікелей көре аламыз.
Блогтар бөлімінде мерзіміне қарай соңғылары басты бетте орын алған.
Мұрағатта адам қажеттілігіне қарай ойын-сауық, танымдық, публисцистикалық деп бөлінген.
Форум айдарында сайт қонақтары берілген тақырыпқа өз ойларын жаза алады.
Телебағдарламалар бөлімінде басқа арналардың сайттарындағыдай күнделікті кесте тұр.
Бүгігі күннің температурасы да көрсетілген.
53. com коммерциялық ұйымдар
Net желілік ресурстар
Org әр түрлі мекемелер
Info ақпараттық сайттар үшін
Biz бизнес структураға арналған
www.mcc.com. Средиземноморский коференц-центр
Мальта туралы жалпы ақпарат бередію Аэропорт, ақша бірлігі (валюта), кредиттік карта, қонақ үц, медициналық көмек, телекоммуникация мен интернет, уақыт, виза жайлы жалпы туристерге арналған ақпарат береді.
www.asp.net - ірі веб-сайттар мен веб-приложениларды HTML, CSS және JavaScript арқылы жасауға арналған Microsoft компаниясыны шығарған тегін веб-платформасы.
kk.wikipedia.org
Уикипедия - Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 24 миллионнан асты.
Uralsk.info Орал қаласының ақпараттық порталы. Тұрғындармен қала қонақтарын жаңалықтармен, мәдениет ойын-сауық кешендері жайлы ақпаратпен қамтамасыз ететін сайт.
www.kazprom.biz ЖШС «КазПромКомплекс» Қазақстандағы метал компаниясы. Шет елдерден Қазақстанға тапсырыс бойынша сапалы металл жеткізетін компания. Сайт арқылы тапсырыс берем деуші өзіне қажетті ақпарат ала алады.
54.Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
55. KZ доменін басқару және реттеумен екі ұйым айналысады: іс-жүзінде - доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы (бұдан әрі - KazNIC) және де-юре - құрамында ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясы әзірлеумен айналысатын Қазақстандық ІТ-компаниясының қауымдастығы. Қазіргі уақытта домендерді тіркеу нарығында KZ аймағында "Жұмыс істеп тұрған тіркеуші" мәртебесі бар 9 компания тіркелді.
56. “.kz”, “.com”, “.ru”
www.nur.kz Қазақстандық Nur.kz порталы 2009жылы 4 наурызда ашылды.
Ай сайын 1 млн-ға жуық адам кіреді, Күнделікті шамамен 300 000 адам кіреді, Мой Нур әлеуметтік жүйесі ашылғаннан бері 3млн-ға жуық адам тіркелді.
Бұл порталда соңғы оқиғаларды, ауа райын біліп, басқа адамдармен танысу мүмкіндігі бар, музыка тыңдап және оны жүктеп алуға және жұмыс табуға болады.
www.ebay.com Америка компаниясы
Интернет-дүкен, интернет-аукцион облыстарында қызмет көрсететін сайт. Веб-сайт PayPal мен Ebay Enterprise компанияларының иелігінде.
Бұл сайт арқылы дүние жүзі бойынша қарапайым адамдар әр түрлі тауар сатып ала және сата алады. Ebay сатушы мен сатып алушы арасында тек посредник болып табылады және негізгі қызметі осы.
www.elibrary.ru ғылыми электронды кітапхана
Ресейдегі ғылым, технология, медицина және білім туралы ірі ақпараттық портал. Қорында: көптеген рефераттар, 18 млн ғылыми мақалалар, газет-журналдар, кітаптар бар. Бұл платформада 3200 Ресейлік ғылыми журналдардың электронды түрі бар.
57. www.aikyn.kz
Ең маңызды айдарларының топтамасы басты парақшада тұр.
Таңымал жаңалықтар, сұхбаттар, мақалалар топтамасы бөлек тұр.
Айқын газетінің сайты газет шығатын уақытымен дәлме дәл өзгертіліп, жаңарып, толықтырылып отырады, осының арқасында кез келген оқырман электронды түрін сайттан оқи алады.
“Таразы” айдарында “әлеумет”, “экономика”, “бизнес”, “саясат”, “руханият”, “спорт” бөлімдеріне бөлінген. Бұл әрбір сала өкілдеріне өзіне керек ақпаратты алуға қолайлы.
Ал “Айтарым бар” уақыт ағамынан қалыспай келе жатыр, яғни күнделісті болып жатқан құбылыстар легіне үздік блогерлер өз ойларын білдіреді.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 482 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Flash элементтер қалай жасалады? | | | РОБОТА НА ЛАБОРАТОРНИХ ЗАНЯТТЯХ |