Читайте также: |
|
Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.
Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған фильмдерді де атап өткен жөн.
Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.
1-тапсырма. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.
Үшін:
Сайын:
Туралы:
Арқылы:
Шейін:
Қарай:
Гөрі:
Бұрын:
Соң:
Қатар:
Бірге:
Қоса:
3-тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыз.
4-тапсырма. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.
1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.
2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.
3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.
4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.
5. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.
5-тапсырма. Сөйлемді жалғастырып жазыңыз
_______________________
Өнерлі болу үшін _______________________
________________________
6-тапсырма. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.
мен сайын
өзім туралы
мыңға кейін
онға дейін
түстен жөнінде
сонымен жуық
кешке тарта
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып көшіріп жазыңыз.
Алматы... Астана, Жандос... Әділ, түнге..., ауылдың..., сыныптың..., кеш..., жаңбыр... қар, менен..., сенен..., не..., сабақтан....
Керекті шылаулар: мен, соң, пен, үшін, дейін, маңы, басқа, бұрын, іші, әлде, бойы
Бірінші сабақ (3- сағат)
1-тапсырма. Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз.
1. Фильмді түсірген жыл ----------------------------------------
2. Бас режиссері ---------------------------------------------------
3. Басты рөлде ойнағандар ------------------------------------------
4. Басты кейіпкерлер -------------------------------------------------
5. Жағымды кейіпкерлер ------------------------------------------------
6. Жағымсыз кейіпкерлер -------------------------------------------------
7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз ------------------------------------------
2-тапсырма. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқтаңыз.
Классикалық ________ үлкен залдарда симфониялық ______ орындалады. Классикалық музыка ______ мазмұнды болып келеді. Әрине, оны _____ білу керек. Жастардың көбі ______ музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно және т.б. _________ эстрада жұлдыздары көп. Олар: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев және т.б. Олардың ________бәріміз сүйсініп _________.
Керекті сөздер: тыңдаймыз, жеңіл, терең, Қазақстанда, оркестрмен, түсіне, музыка, әндерін.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
1. Мен домбыраның сүйемелдеуімен ән айттым.
2. Қазақстандық әншілердің концерті болды.
3. Қазақтың ұлттық аспаптарын білесің бе?
4. Қобыздың үні естілгенде көңілің толқиды.
4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден шылауларды тауып, астын сызыңыздар.
1. Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады. 2. Жиналыс сағат үшке таман басталады. 3. Мұрат ғылым туралы айтты. 4. Олар да келді. 5. Көктемнің алғашқы айында кейде жаңбыр жауып, кейде қар жауып тұрады. 6. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес. 7. Ауылдың маңы жап-жасыл шөп.
5-тапсырма. «Қазіргі қазақ өнері» тақырыбында шығарма жазыңыз.
ЕКІНШ САБАҚ (1-сағат)
Лексикалық тақырып: Ұлттық әдебиет
Грамматикалық тақырып: Септеулік шылау
Сөздік
Әрбір халықтың – у каждого народа
сөз өнері – словесное искусство
халықтың тұрмысы – быт народа
бейнеленеді – изображается
хандығы қалыптасқан – становления ханства
кезеңінен бері –с периода
жыраулар поэзиясы – поэзия жырау
күшті болды – было мощным
алғашқы өкілдері – первые представители
бұлардан соң – после них
отаршылдыққа қарсылық – против колонизации
Ағартушылық кезең – эпоха Просвещения
көрнекті өкілдері – выдающиеся представители
тұсындағы – в период
белсенділік танытты – проявили активность
жаңа көркем әдебиет – новая художественная литература
жаңа дәстүрін бастады – начали новую традицию
жаңашыл ізденістер – новые искания
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР
Послелоги казахского языка в основном соответствуют предлогам русского языка. Отличие в том, что предлоги ставятся перед словом, с которым они используются, а послелоги казахского языка – после.
Например, "үшiн" – "для", жұмыс үшiн – для работы; "туралы" – "о", жұмыс туралы – о работе. Некоторые из послелогов показывают направление, поэтому к словам, с которыми они используются, добавляются падежные окончания. Например, послелог "дейiн" – "до", показывает направление – до чего-либо. Поэтому к слову, с которым используется "дейiн", добавляется окончание дательно-направительного падежа. Например, үйге дейiн – до дома.
Атау | Барыс | Шығыс | Көмектес |
туралы, сияқты, жөнінде, арқылы, жайында, сайын, үшін, бойынша | дейін, қарай, шейін, таман, қарсы, тарта, жуық | кейін, соң, әрі бері, гөрі, астам, бұрын, басқа | бірге, қатар |
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Жаңа сөздермен септеулік шылауларды байланыстырыңыз.
сөз өнері қарсы
халықтың тұрмысы бері
хандығымен туралы
кезеңінен бойынша
жыраулар поэзиясымен соң
алғашқы өкілдеріне арқылы
бұлардан бірге
отаршылдыққа кейін
ағартушылық кезеңнен қатар
бейнелеуден дейін
жаңашыл ізденістер бұрын
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
кезеңінен бері, сөз өнері туралы, қалыптасқаннан бері, aғартушылық кезеңге дейін, жаңа ізденістер арқылы
3-тапсырма. «Дыбыстар сөйлейді» ойыны.Берілген әріптерге тақырыпқа сай ұғымдар айтқызу.
Ә –
Д –
Е –
Б –
И –
Е –
Т –
4-тапсырма. Ұлттық әдебиеттегі сізге ұнаған шығарма мен оның авторы туралы әңгімелеңіз.
Екінші сабақ (2-сағат)
Ойлы әдебиет биік парасаттан,
терең білімнен туады
Сағат Әшімбаев
Ұлттық әдебиет
Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Әдебиетті сол халықтың «сөз өнері» деп атайды. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. Қазақ хандығы ХV ғасырда қалыптасқан болатын. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгерұлы Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдері. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы – ұлттық идеялардың орнына коммунистік идеологияны әкелді. Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты.
1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және тағы да басқа аса дарынды ақындар мен жазушылар әдебиетке келіп, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін бастады.
Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.
1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеріңіз.
1. Әдебиетті халықтың «сөз өнері» деп атайды.
2. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында Ағартушылық кезең күшті болды.
3. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан соң, ақындар поэзиясы кезеңі қалыптасты.
4. Ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілдері: Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.
5. 1950 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады.
6. Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.
3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып ұлттық әдебиеттің кезеңдерін анықтаңыз.
4-тапсырма. Ұлттық әдебиет туралы сұхбат құрастырыңыз.
Екінші сабақ (3-сағат)
1-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.
Кезең атауы | Өкілдері |
жыраулар поэзиясы кезеңі | |
ақындар поэзиясы кезеңі | |
Ағартушылық кезең | |
«Алаш әдебиеті» кезеңі | |
жаңа көркем әдебиет кезеңі |
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін көшіріп жазып, олардың мағына берудегі ерекшеліктерін талдаңыз.
Сөз өнері, ұлттық әдебиет, жыраулар поэзиясы, қазақ әдебиетінің өкілдері, өзекті мәселелер, азаттық идеяларын көтеру, көркем әдебиет, әдебиетінің жаңа дәстүрі, әдебиеті жаңашыл ізденістер.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.
- ________________________________________________________?
- Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді.
- ________________________________________________________?
- Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері.
- __________________________________________________________?
- ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасып, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді.
- __________________________________________________________?
- Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты.
- __________________________________________________________?
- 1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады.
4-тапсырма. Септеулік шылауларды семантикалық картаға толтырыңыз.
Мысалдар | Атау септік | Барыс септік | Шығыс септік | Көмектес септік | |
арқылы | + | ||||
таман | |||||
әрі | |||||
кейін | |||||
бірге | |||||
жөнінде | |||||
қатар | |||||
кейін | |||||
сайын | |||||
гөрі | |||||
үшін | |||||
қабат |
БОӨЖ тапсырмасы
«Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеялар» тақырыбында пікірсайыс.
ҮШІНШІ САБАҚ (1-сағат)
Лексикалық тақырып: Классикалық әдебиет
Грамматикалық тақырып: Есімше
Сөздік
бүгінге дейін – до сегодняшнего дня
бағалау – ценить
тілмаш – переводчик
туды – родился
жетіжылдық – семилетний
тәрбиелік мәнін жойған жоқ – не потерял воспитательное значение
салдырды – построил
ерте – рано
атқарды – выполнял
дарынды – одаренный
дүниеге келді – родился
тәрбиесіне – воспитанию
сауаттылығына – грамоте
қалаған – желал
алдымен – сначала
баулыды – приучил
өз еркімен – по своей воле
ынтамен – с желанием
бас тартады – отказывается
күреседі – борется
жарқын өмірге – светлой жизни
ата-ана міндетіне – родительским обязанностям
жас ұрпақ – молодое поколение
ғажап – прекрасное
танимыз – узнаем
орасан еңбегі – большие труды
сүйеді – любит
суреттейтін – описывающий
ұмытпайды – не забудет
ЕСІМШЕ
Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические признаки глагола и имени. В предложении оно может быть подлежащим, дополнением, определением и сказуемым.
Жұрнақтар (Аффиксы):
-ған, -ген, -қан, -кен бар ған, кел ге н, айт қан, кет кен
-ар, -ер, -р, (болымсыздық) -с бар ар, кел ер, тыңд ар, келме с, кетпе с, барма с
-атын, -етін, -йтын,-йтін бар атын, кел етін, ойна йтын, сөйле йтін
-ушы, уші бар ушы, кел уші
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек бар мақ, кел мек, айтқыз бақ, айт пақ, кет пек
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1- тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Торғай, атасы, жетіжылдық мектеп, орыс тілі, көркем шығарма, алғашқы, тәрбиелік мәні, әңгімелер мен өлеңдер, тұңғыш педагог, ұлы ақын, жазба әдебиеті, атақты би, медресе, дарынды, білімді бала, орыс тілі, әжесі, анасы, табиғат, қара сөз, діни, философия, қайраткер. \
2-тапсырма. Жаңа сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрастырыңыз.
- Сенің сүйікті ақының бар ма?
-.................................
- Ол, кім?
-.................................
- Ол қандай ақын?
-.................................
- Қай ғасырда өмір сүрген ақын?
-...............................
- Оның қандай өлеңдерін сүйіп оқисың?
-...............................
- Әсіресе, қандай өлеңдерін ұнатасың?
-..............................
3-тапсырма. Абай айтқан бес асыл іс пен бес дұшпан туралы мақал –мәтел жазыңыз.
Мысалы: Өтіріктің арты бір-ақ тұтам.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма. Төменде берілген етістіктерге есімшенің өткен шақ, келер шақ жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрыңыз.
Біл, тап, ұмыт, айт, жаз, көр, бер, оқы, жүр.
5-тапсырма. Адам бойындағы қарама-қарсы қасиеттерді екі бағанға бөліп жазыңыз.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.
1. Ғылым таппай мақтанба. 2. Ойнауға, босқа күлуге құмарланба. 3. Адам болам десең, ғылымға, өнерге, талаптан, ұмтыл. 4. Білімді, талантты ғалымдарға ұқсауға тырыс. 5. Өтіріктен, өсектен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен аулақ бол. 6. Талапты, терең ойлы, қанағатшыл, кешірімшіл адам әр уақытта ең жақсы адам болып есептеледі.
7-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сөз өнері, көркем әдебиет, әңгіме, өлең, ағартушылық әдебиет, әдеби тіл, көптеген жанрлар, әдеби дәстүр, шығарма мазмұны.
Үшінші сабақ (2-сағат)
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
Қазақ мақалы
Классикалық әдебиет
Қазақтың жазба әдебиеті мен бергі мәдениетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін мектепке оқуға береді. Мектепте ол алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жетіжылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет істеді. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан.
Ұлы педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, жариялады. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімелері мен «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
13 страница | | | 15 страница |