Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

5 страница

1 страница | 2 страница | 3 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница | 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

- Тұрғын үйді қалай алуға болады?

- Тұрғын үй мәселесі біздің республикамызда мына жолдармен шешіледі. Олар:

  1. үйді ипотекамен алу;
  2. өз қаражатына сатып алу;
  3. тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламасына қатысу;
  4. жеңілдікпен тұрғын үй алу;
  5. тұрғын үйқұрылысына қатысу.

- Ипотекамен алудың қиындығы неде деп ойлайсың?

- Ол үшін айлық жалақың көп болу керек.

- Мемлекеттік бағдарламамен кімдер пәтер ала алады?

- Қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, 55-64 жас аралығындағы қарттар.

- Жеңілдікпен пәтер алушыларға кімдер жатады?

- 65-тен асқан қарттар мен зейнеткерлер, ҰОС-на қатысушылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, асыраушысы жоқ жалғызбасты аналар.

 

3.1.16. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтінде қандай мәселе әңгіме болды?

2. Тұрғын үй алудың басты қандай жолдары бар?

3. Зейнеткер адам пәтерді қандай жолмен ала алады?

4. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, жалпы бюджет қызметкерлерінің пәтерді қалай алуы мүмкін?

 

3.1.17. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1) Мараттың жалақысы аз болған... ипотекаға пәтер ала алмады.

2) Менің апам жеңілдік... пәтер алудың кезегінде тұр.

3) Біз өз қаражатымыз... пәтер сатып алдық.

4) Көрші ағай университте мемлекеттік бағдарлама... пәтер алды.

5) Үлескерлік... құрылысқа кірудің қаупі бар.

 

3.1.18. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне қойылатын сұрақтарды (қалай? қайда? несіне? қандай?) таңдаңыз.

Тұрғын үй департаментінде (істейді)

Ипотекамен (аламын)

Өз қаражатына (алды)

Күнкөрісіне (жетеді)

Статистика бойынша (5-10 пайызы)

Мемлекеттік бағдарлама бойынша (алды)

Үлескерлікпен (алды)

Асыраушысы жоқ (отбасы)

 

БОӨЖ тапсырмасы:

« Үйі бардың күйі бар» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

4. Мінез және келбет.

4.1. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

Грамматика. Етістіктің осы және өткен шақ түрлері. Сын есім.

Осы шақ   Өткен шақ  
1. Менің әкем құрылыста жұмыс істеп жүр. 2. Менің анам емханаға бара жатыр. 3. Менің әріптесім департаментте жүр. 4. Біз жылдық есеп жасап жатырмыз. 5. Мен үйге кеш қайтып бара жатырмын. Менің әкем құрылыста жұмыс істеді.   Менің анам емханаға барды. Менің әріптесім департаментте жүрді. Біз жылдық есеп жасадық. Мен үйге кеш қайтты.

 

4.1.1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз.

Мінез – адам сыны

 

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді.

Адамның мінезі өзгере ме?

Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.

Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі.

Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез.

Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, қырсыз, қыңыр – теріс, жағымсыз мінез.

Жәрдем Кейкін

4.1.1.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Мінез – характер ата –ана үлгісімен – по примеру родителей

Мәдени –тұрмыстық – культурно–бытовой әлеуметтік – социальный

ізденіс, талпыныс – здесь: творчество сәттілік – удача

тағдыр тәлкегімен – по велению судьбы

келісті мінез – безупречный характер теріс мінез

 

4.1.2. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

· Мінез – адамның (ойы, намысы, болмысы).

· Адамның мінезі (өзгереді, өзгермейді).

· Мінез (сәбилік шақта, ержеткенде) негізін қалайды.

· Мінез қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен (өзгереді, тұрақтвнады).

· Жастық шақта тектілік мінезде (жасандылықтың, тұрақтылықтың) пайда болуы мүмкін.

· Жарқын мінез – (келісті, келіссіз) мінез.

 

4.1.3. Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.

Інімнің мінезі өзгер.... Мен жұмысымды тиянақты атқарып жүр....Анам қарындасыма сабақ оқытып жатыр....Біздің үй қонақ күтуге дайындал....Біз көршілермен тату тұрып жатыр....Өмірімде сәттілік пен сәтсіздік жиі болып тұр.... Әкемнің келісті мінезі көп адамға үлгі бол....Ағам ешкімге теріс мінез көрсетпе....Жағымсыз мінез оған абырой әпермей жүр....

 

4.1.4. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

Үлгі: Оның мінезі қатал болды, бірақ қайырымсыз емес.

 

Ашушаң ---------------------------------- тез қайтады

Ашық-жарқын -------------------------- көп сөйлейді

Ерке --------------------------------------- кінәмшіл

Пысық ------------------------------------- қыңыр

 

4.1.5. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңыз.

Кәмелеттік жас + мінез;

Ата-ана + үлгі;

Сәтсіздік - + ашу;

Еліктеу + жасандылық;

Табиғи бітім + сақталу;

Теріс мінез + жағымсыз.

 

Сын есімдер заттың түрін, түсін, сипатын білдіреді, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдер түбір сөзден жасалады. М: ақ, қара, жақсы, жаман, т.б. Туынды сын есімдер кез келген сөз табына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды сын иесімнің жұрнақтары: -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі. (қарлы, құмды, атақты); -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (жастық, балалық,адалдық);  

 

 

4.1.6. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Көркем мінез қалай қалыптасады?

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты ерекше атаған жөн. Жан жақты дамыған, жарасымды, көркіне ақылы сай жастар арамызда жүр.

Алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білім берудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Бала бидің сөзін есте сақтаңыз.

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі.

Егер, шын мәнінде, жас азаматпен үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сол тәлім-тәрбие де, білім де нәтижелі болмақ. Бұл - адам бойындағы көркем мінездің қалыптасу жолы.

 

4.1.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Көркем мінезге нелер жатады?

2. Арамызда жарасымды жастар бар ма?

3. Ж.Аймауытов мектеп тәрбиесіне қандай баға берген?

4. Бала бидің сөзінен не ұқтыңыз?

5. Жас азаматпен қалай жұмыс істеген дұрыс деп ойлайсыз?

 

 

4.1.8. Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді тауып жазыңыз.

Үлгі: негізгі туынды

 

Көркем эстетикалық

 

4.1.9. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

А) Алыстан әжеңіз келді, ініңіздің мінезі жайлы айтыңыз.

Ә) Әріптесіңізге сипаттама беріңіз..

Б) Курстас құрбыңызды анаңызға таныстырыңыз.

 

4.1.10. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Ұят – адамның рухани өміріндегі реттеуші күш.

Ол ағаттықтан қорғайды,

ізеттілікке жетелейді,

қателікке жол бермейді,

имандылықтың тетігі,

адалдықтың сақшысы.

Ұялу мене ұялту - қосақты ұғым. Бірі – ішкі әсердің қысымы, екіншісі – сыртқы әсердің дүмпуі.

Ұялу – аңғалдықтан, қызбалықтан туған ерсі әрекеттің салдары. Арлы кісі ұятына кешірім сұрап, қайталамауға бекінеді.

Ұялту – ұят қағидасын бұзған, әдептен аттаған, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, өсек таратқан адамды өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, айыбын бетіне басу.

 

Жәрдем Кейкін

4.1.11. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

Үлгі: рухани,...

4.1.12. Сұраққа жауап беріңіз.

Неліктен адамдарды «ұяты бар адам» немесе «ұяты жоқ адам» деп айтамыз? Мысал келтіріңіз.

4.1.13. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

 

Әдеп жайлы біліп алыңыз.

Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі барлық имандылық анадан тарайды, ал, рухани мінез әдептен туады.

Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Әдеп адамда есі кіргеннен-ақ, жастайынан дариды, ешкімнің ақыл-кеңесінсіз жамандықтан алыс қасиет.

Әдеп – мәдениеттіліктің,

зиялылықтың,

кісіліктің көркі,

әсемдіктің өрнегі,

адамның асқақ абыройы.

 

Әдептіліктің бір үлгісі – биязы сыпайылық, қарапайымдылық. «Сары майдан қыл суырған» тазалық, пәктік.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп аса әдепті адам жайлы айтады.

 

4.1.14.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.

Әдептілік, мәдениеттілік, жамандық, зиялылық, кісілік, әсемдік, сыпайылық, қарапайымдылық, тазалық, пәктік.

Үлгі: әдеп – ті – лік,

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анадан не тарайды, әдептен не туады?
  2. «Уыз мінез» дегенді қалай түсінесіз?
  3. Әдептілік адамда қай кезден бастап пайда болады?
  4. Әдеп ненің белгісі?
  5. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп қандай адамды айтады?

 

Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.

- Апай, мына орындыққа отырыңыз да, демалып алыңыз.

- А-а-а, жарайды.

- Сіздің баратын жеріңіз алыс па, апа? Қандай көлікке отыратын едіңіз?

- Вокзал жақта қызымның үйі бар еді, соған бармақшы едім.

- Вокзалға тікелей баратын автобус бұл жерге тоқтамайды, апа. Сізге басқа автобусқа ауысасыз. Оны білетін бе едіңіз?

- Жоқ, білген емеспін. Осы жерден оныншы автобус жүреді деген еді біреу.

- Онда мен сізді сол оныншы автобусқа ауыстырып отырғызып жіберейін, жүріңіз, апа.

- О, айналайын, бақытты бол, қалқам. Көмектесіп жіберсең болар еді.

- Жарайды, апа, жүріңіз, мына автобусқа отырайық.

- Иә, иә, жүре ғой, барайын, отырайын. Өзің бір әдепті бала екенсің, қарағым. Сені осылай тәрбиелеген анаңа мың алғыс!

 

Төмендегі фразеологиялық тіркестермен танысып, олармен сөйлем құраңыз.

 

Көзінің ағы мен қарасындай – аса қымбат (бала)

Көзді ашып-жұмғанша – өте тез арада

Көзімнің нұры – қуанышым (бала)

Қас пен көздің арасында – өте жылдам уақытта

Көзіңді салып жүр – байқап, қарап жүр

Көзіңді құрт – бұл жерден кет, тұрма, жоғал

Көз көрген – бірін-бірі жас кезінен білетін

Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Намыс – мінездің айбыны.

Ол – абыройға дақ түсірмеудің жолы;

адам құқы мен еркіндігінің оққағары;

өмір мәнділігінің өзегі;

адамгершіліктің соты, айыптаушысы, қорғаушысы;

жігерсіздікке ызалану;

адамның абыройын түсірер жалалы әрекеттерге кешірімсіздік.

Мұхаммед пайғамбар: «Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі - отбасы» деген.

Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі абырой мен беделді қорғайды.

Жәрдем Кейкін

 

Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз.

Айбынды жасықтық

Абыройлы бостандық

Еркіндік адалдық, имандылық

Жігерсіздікдік беделді

Адамгершілік қаһарлы

Намыстың түрлерін талдап, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Жеке бастық намыс дегеніміз...

Құқықтық намыс дегеніміз...

Кәсіптік намыс дегеніміз...

Азаматтық намыс дегеніміз...

Ұлттық намыс дегеніміз....

Халық мақалдарын біліп алыңыз.

 

· Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы.

· Малсыз болсаң да, арсыз болма.

· Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.

· Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.

 

4.2. Замандас келбеті. Адам сәні

Грамматика. Сын есімнің шырайлары

Сын есімнің төрт шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы, күшейтпелі және асырмалы шырай. Жай шырай заттың сынын өз қалпында көрсетеді. М: ақ, қара, қызыл, көк, жақсы т.б. Салыстырмалы шырай заттың сынын –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім,-ғылтым, -гілтім, –рақ, -рек, ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары арқылы басқа затпен салыстыра отырып көрсетеді. М: ақшыл, көкшілтім, сарырақ, қызылдау, т.б. Күшейтпелі шырай сын есімнің алдына күшейткіш буындардың тіркесуі арқылы жасалады. М: қап -қара, қып -қызыл, жап -жақсы т.б. т.б. Асырмалы шырай заттың сынын тым, өте, аса, шымқай сөздері арқылы басқа затпен салыстыруда күшейтіңкіреп көрсетеді. М: тым, биік, шымқай қызы. өте тәтті, аса жайлы

4.2.1. Төмендегі сын есімдерді төрт шырайда түрлендіріп жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз (ауызша)

 

Жай салыстырмалы күшейтпелі асырмалы

Қызыл қызылырақ қып-қызыл шымқай қызыл

Сары

Көк

Жасыл,

Қара

Бұзық

Сұлу

 

4.2.2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.

Сұлулық жайлы

Сұлулық – адам жанын қуанышқа бөлейді, тамсантады, сүйсіндіреді. Қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып тууы мүмкін, ал, бірақ, ондағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі. Ал, адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе, нағыз сұлулық сол болмақ.

Асыл дініміз қарапайым киімді құптайды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың киімінің қарапайымдылығы сондай, жиылысқа жиналған сахабалары оның ортаға қалай келіп отырғанын да сезбей қалады екен.

Сұлулық жайлы айтылған халық сөзіне тоқталайық:

«Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу»; «Сөзі шырайлының – жүзі шырайлы»; «Жаманның сөзі түйеден түскендей»; «Жылтырағанның бәрі алтын емес»; «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Нұрлан Асанов

 

4.2.3. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.

 

Сұлулық –

Тамсантады –

Сүйсіндіреді –

Пішін –

құптайды –

қарапайым –

шырайлы –

жылтыраған –

4.2.4. Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдалана отырып жауап беріңіз.

Адамды несіне қарап бағалауға болады? (мінез)

Сұлулық ненің сыйы? (табиғат пен қоғам)

Кімнің сыртқы және ішкі сұлулығы сай болуы керек? (адам)

Кімнің сөзі түйеден түскендей? (жаман)

Қандай адам қарапайым киінеді? (ақыл)

Ненің бәрі алтын емес? (жылтыраған)

Адамның несіне қызығу керек? (сұлу іші)

 

4.2.5. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да:

- Айтып жіберіңізші, Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?- деп сұрайды.

Кісі (тоқтайды, күлімсірейді):

- Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Әлгі кісі:

- Сізге көп рахмет!

- Оу, оның не қиындығы бар! (Тағы да күлімсірейді).

Тапсырма: Міне, осы сәттен не байқадыңыз? Жол көрсеткен адамның ізгі қасиеті қандай?

4.2.6. Оқыңыз, қызық! Табиғат пен тағам арасындағы байланысты оқып, сын есімдерге мән беріңіз.

1. Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.

2. Қызыл – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

3. Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.

4. Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

5. Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге, қазақ ең асылын «сары майдай» сақтаған.

6. Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.

7. Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

 

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді. Осы түстерден неліктен басқа емес, ақ сәуле пайда болады?

Ақ сәуле дегеніміз - Күн Ананың нұры, шуағы, жылуы. Қонақ келсе ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын беретін уақыт емес пе!?

 

4.2.7. Есте сақтаңыз.

Эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән беріп, адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын - отбасы мен мектеп.

 

Тәрбиедегі кемістіктер: әсіре бояну;

әсіре сылану

өз бойын күтпеу

олпы-солпы киіну

сақал-шашын уақтылы алмау

аяқ киімін тазартып кимеу

шетелдік сән үлгісіне еліктеп, ашық-шашық киіну;

ата-анасының алдында әдепсіз киім киініп жүру.

 

4.2.8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.

  1. Адамның бет келбетінің... болғаны мақтаныш емес, жан дүниесінің... болғаны – мақтаныш.
  2. Жан дүниесі сұлу адам -...... адам.
  3. Әсіре бояну жастарға... емес.
  4. Қарапайым болу да -... қасиет.
  5. Мінезі... адам да әрдайым сұлу көрінеді.
  6. Әкем әрдайым аяқ киімін... ұстауды ұнатады.
  7. Оның көйлегі менің көйлегіме қарағанда....

 

Керек сөздер: ескілеу,, нағыз сұлу, жзарасымды, таза, сұлу.

 

4.2.9. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.

Замандастарымыз арамызда жүр.

Қап-қара киініп, бет-жүзін қарамен бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз. Оларды бір топ бейформальды бірлестіктің өкілдері деп қабылдаңыз.

Шынымен де, бұл қызықты құбылыс болғанмен, оның астарында үлкен мән бар. Жұрт назарын өздееріне аударуға тырысатын бұл «ерекше адамдар» - субмәдениет өкілдері. Субмәдениет – жастардың өзіндік қоғам құрып, қоғамнан бөлек бірлестік жасауы. Неше түрлі рок, гот, эмо, рэп т.б. сияқты субмәдениеттер кең етек жаюда. Олар өздеріне тән шаралар да ұйымдастырады. Мысалы, Павлодар қаласында үш жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында бейформальды жастар фестивалі өткізіліп тұрды. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен бейформальды жастар – рок музыканттар, брейкер бишілері, граффити суретшілері...

«Готика» - абсолютті индивидуализм және ерекше романтика. Олар өмірлерінің әр сәтін музыка, имидж сияқты мәдениет құралдары арқылы ерекшелейді. Готтардың символы қара түнек іспеттес болса, эмолар тек қара мен алқызыл түсті мойындайды.

Қазақ жастарының біразы беттері мен құлақтарына, тілдері мен мұрындарына, қастарына түрлі пирсинг-сырғаларын іліп алып, рок пен гот атануда. Бұл олардың болашақ жолына кедергі болуы әбден мүмкін.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 414 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
4 страница| 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)