Читайте также: |
|
Үлгі: Ботагөздің үш ағасы,...
1.2.13. Мақал-мәтелді жаттаңыз.
1. Әке – асқар тау,
Ана – сарқылмас бұлақ.
2. Әке көрген – оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
3. Желке ас болмас, жиен ел болмас. Желке ас болады майлы болса, жиен ел болады малды болса.
4. Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату.
1.2.14. Төменде берілген суреттер бойынша «Менің кішкентай бауырларым» деген тақырыпта шағын суреттеме жазыңыз.
1.2.15. Сөздікті пайдаланып, жақша ішінен сөйлемге қажет сөздер мен сөз тіркестерін көп нүктенің орнына қойыңыз.
Отбасы -...................... алтын ұям. (менің, оның, сенің)
Отбасылық дәстүрлері бар........................... тірегі мықты болады. (қызметтің, шанырақтың, көршінің)
Отбасы -............................ «кішкене модулі» деуге болады. (мемлекеттің, бөлімнің, қаланың)
Әсияның...................... үлкен. (жанұясы, жұмысы, қызмет)
....................................... арқылы ұрпағыма жақсы тәрбие беремін. (ойын, отбасы дәстүрлері, жазу)
1.2.16. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.
Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды.
Менің ат.... – Әлім. Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Жұбай....ның аты – Ақбала. Бір қыз....., екі ұл... бар.
Біздің үй......дің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамыз. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, оларға өзімізде болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.
Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.
Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.
1.2.17. Мәтіннен алынған синонимдес сөздердің артығын сызып тастаңыз.
Отбасы, жанұя, әулет, тәрбие.
Жұбайым, жиенім, жолдасым, зайыбым.
Дәстүр, ұрпақ, салт, ғұрып.
Ат, ұя, есім.
Туысқан, туыстар, бауырлар, тарау.
Басқосу, жиын, жиналыс.
Нығайту, күшейту, күйеу бала.
1.2.18. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға ІІІ жақтан жауап беріңіз.
а. Олардың аттары кім?
ә. Олар қандай туыстар?
б. Олардың үлкені кім, ортаншысы кім және кішісі кім?
б. Олар қайда жұмыс істейді?
г. Олардың отбасында қандай дәстүрлер бар?
д. Олар нені бағалайды?
1.2.19. Мәтінді оқып, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
Баланың ең жақын, қандас туыстары болып ең алдымен әкесінің туыстары саналады. Әкесінің ағасы, інісі - балаға әке орнына әке болатындай сыйлы адамдар. Ал, олардың балалары немере аға, немере іні болады. Әкесінің ағасының баласын, жасы кіші болса да, жолы үлкен деп сыйлауға тиісті.
Нағашы – баланың шешесі жағынан туыс болып келетін адамдар. Нағашы – баланың өз әке-шешесінен кейінгі қамқоры. Жиен нағашылап келіп, қалағанын сұраусыз алып кете беретін болған. Жалпы, нағашы мен жиеннің арасындағы қарым-қатынаста әзіл-қалжың, ойын-күлкі мол болған.
Үш жұртқа қатысты қазақта: «Өз жұртың – күншіл, бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алсайды. Нағашы жұртың – сыншыл, қайын жұртың - міншіл» деген сөз бар.
1.2.20. Жағдаяттық тапсырма.
Сіздің туған күніңіз. Сіздің үйіңізге көптеген қонақтар келді. Сіз өзіңіздің әріптес досыңызды да шақырдыңыз. Дастархан басында оларға өзіңіздің отбасы мүшелеріңізді, туыстарыңызды қалай таныстырасыз? (немере аға, немере іні, нағашы, жиен сөздерін қосыңыз)
1.2.21. Пікірталас өткіземіз.
Тыңдаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ өз ойын дәлелдейді, өмірден мысалдар келтіреді, топтар бір-біріне сұрақтар даярлайды.
1-ші топ. –Менің өзімнің жанұям болса............
2-ші топ. – Жанұям бар, өмірдегі ең бақытты адаммын.
1.2.22. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.
Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.
1.2.23. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз
А. қабырға, кірпіш, балшық
Ә. өнерпаз, қаржыгер, сәнқой
Б. салым, кіріс, шығыс
2. «Дүниеге келу» синонимдері
А. ту, туу, дүниежүзі.
Ә. туу, туылу, өмірге келу.
Б. өмірге келу, тума, туыс.
3. Өмірбаянға қажет мәліметтер:
А. аты-жөні, туған жылы, айы, күні,жері, ұлты, білімі, жұмысы, мекенжайы, отбасы туралы мәлімет.
Ә. аты-жөні, мінезі, туған жері, досы, қызығушылығы, бос уақыты, демалыс күні, ата-анасы туралы мәлімет.
Б. аты-жөні, жасы, білімі, қызығушылығы, жеке қасиеттері, айналысатын кәсібі, балалары туралы мәлімет.
4. Жіктік жалғауы жалғанған сөз
А. әріптесің
Ә. әріптессің
Б. әріптес
5. Поступил, окончил, устроился, перевелся, работаю, владею сөздерінің қазақ тіліндегі баламалары:
А. Оқуға түстім, бітірдім, орналастым, ауыстым, жұмыс істеймін, білемін.
Ә. Оқуға бардым, кеттім, жұмыс істемеймін, орналастым, ауыстым, білмеймін.
Б. Оқуға түстім, бастадым, орналастым, ауыстым, қызмет етпеймін, білемін.
6. Отбасы -...................... алтын ұям.
А. менің
Ә. Оның.
БОӨЖ тапсырмасы:
« Сәлемің түзу болсын» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. /Ред.басқ. Каиров Н.А. т.б. Алматы: Мектеп, 1988. -346 б.
2. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. -317 б.
3. Әбдіков Т. Мұратымыз – ізгілік // Парасат, 2001. № 7.
2. Жас отбасы және дәстүр.
2.1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер. ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі.
Грамматика: Ілік септігі. Күрделі сөздер.
2.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстандағы демографиялық мәселелердің сипаты айрықша. Ең алдымен, қазіргі кезде экономиканың дамуы адам мүмкіндігімен сәйкес келмей отыр. Бүгінгі күні экономикалық даму қосымша жұмысшы күшін қажет етеді, ал, қосымша жұмысшы күші дегеніміз - шетелдік жұмысшылардың келуі, бала туудың көбеюі т.б.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің ақпандағы халыққа Жолдауында «ауылда ғана емес, қалада да бала тууды көбейту керек, мемлекеттің өзі жұмыс беруші болып, тұрғындардың қызығушылығын оятатындай жағдай жасалу керек» деп айтқан. Елбасы, сонымен қатар, қазақ жерінде заңды, заңсыз мигранттар қаптап жүргендіктен, өзіміздің санымызды көбейту керек екенін айтады.
Қазір Қазақстанда кез келген адам, егер басқа мемлекетте өмір сүру жақсы болса, сол жаққа кетіп қала алады. Ал, оларды елден жібермес үшін мемлекет адамдармен жақсы экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізуге тиіс және бала тууды молайту үшін жағдай жасау керек. Тіпті 2015 жылға дейін қазақстандық азаматтардың санын 20 миллионға дейін жеткізу керек деп те айтылған. Алайда, Қазақстанда экономикалық-демографиялық мәселе әзірге өзгеріп отырған жоқ. Елбасы айтқандай, Қазақстан «саны жағынан тым кішкентай ел» болып отыр.
Рашид Саттаров
2.1.2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..
Інісі бардың тынысы бар
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл –
Құлағы мен жағын жер.
Қазақ тілінде жеті септік бар және олардың сөйлем құруда маңызы жоғары. Ілік септігі кімнің? (чей? чья?), ненің? (чего? от чего?) деген сұрақтарға жауап береді, жалғаулароы –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Дауысты жәіне үнді дауыссыздардан соң - ның/нің: бала+ның, адам+ның; Ұяң дауыссыздардан соң - дың/дің: қыз+дың; Қатаң дауыссыздардан және б,в,г,д дыбыстарынан соң - тың/тің: қазақ+тың, клуб+тың, мектеп+тің. Ілік септігі үнемі 3-жақтағы тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесіп, иелікті білдіреді: баланың кітабы, үйдің есігі, Ораздың пальтосы. |
2.1.3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Әженің немересі Атаның ұрпағы
Әкенің намысы Үлкен үйдің шаңырағы
Ананың үміті Баланың мақсаты
2.1.4. Сұхбатты толықтырыңыз.
А:- Қайырлы күн, достым!
С:-_______________
А:- Сіздің атыңыз кім?
С:-________________.Ал, сенің атың ше?
А:- Қасым. Сен қайда оқисың?
С:-______________________. Өзің ше?
А:- Мен университетте оқимын.
С. Сіз пәтер жалдап тұрасыз ба?
С. _______________________________________________.
А. Отбасыңыз да осында тұра ма?
С. __________________________________.
А:-Маған __________________ аялдамасын айтып жіберіңізші.
С:-Ол әлі алда, бір үйден кейін.
А:-Рахмет. Танысқаныма қуаныштымын.
С:-Мен де қуаныштымын. Сау болыңыз.
2.1.5. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.
Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
Мұқағали Мақатаев
2.1.6. Сұраққа жауап жазыңыз. «Сый, құрмет, ізеттілік» дегенді қалай түсінесіз?
2.1.7. Берілген фразеологиялық тіркестерді ұғып алыңыз.
Сөзін жерге тастамау – айтқанды тыңдау, талапты орындау.
Сөзінің жаны бар – айтқан сөзі шындық.
Сөзі түйеден түскендей – дөрекі сөйлейтін адам.
2.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Отбасын әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік қорғау дегеніміз – адамдарға қолайсыз жағдай туғанда (қартаю, денсаулығының кемуі, асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық т.б.), олардың өмір сүруіне қажетті жағдай жасайтын жүйе.
Халықаралық тәжірибені талдай келе, әлеуметтік қорғаудың басты элементтері болып саналатын:
1) мемлекеттік жәрдемақы;
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) әлеуметтік жәрдем.
Қазақстанда нарықтық экономика кезеңі аяқталып келеді. Экономикалық қатынастардағы өзгерістер әлеуметтік қорғаудың неғұрлым қолайлы жүйесін талап
етеді.
2.1.9. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Қорғау, асыраушысыз, жұмыссыздық, өмір сүру, жәрдемақы, сақтандыру, зейнетақы, нарықтық экономика.
2.1.10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Менің анам 58 жасынан бері зейнетақы алады, ал сіздің анаңыз ше?
2. Біздің қаламызда жұмыссыздық көбейіп келеді, ал сіздерде ше?
3. Қалада өмір сүру қымбат, ал ауылда қалай?
4. Асыраушысынан айырылған отбасына мемлекет жағдай жасай ма?
2.1.11. Газеттерден қала немесе ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жайлы материал тауып, талқылаңыз.
2.1.12. «Әлеуметтік» деген сөзбен жасалған тіркестерге назар аударыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз.
Әлеуметтік жағдай Әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік қорғау Әлеуметтік мәселе
Әлеуметтік сақтандыру Әлеуметтік жәрдем
Әлеуметтік топ Әлеуметтік орта
2.1.13.Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
Жаңа дәстүр, жаңа салт
Неке-отбасылық қатынастар «Неке және отбасы туралы» Заңмен реттеледі. Оның ұстанымдары мыналар:
- әйел мен еркектің неке одағының еркін болуы;
- жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болуы;
- отбасының әрекетіне басқа адамның араласпауы;
- отбасыішілік мәселелерді өзара келісім нәтижесінде шешу;
- отбасындағы бала тәрбиесінің басымдығы, оларды дамыту және оларға жағдай жасау.
Некелесу – жастардың өздері шешетін аса жауапты мәселе. Олар бірін-бірі жете білісіп, түсінісудің нәтижесінде бас қосуға шешім қабылдайды. Ата-аналарымен ақылдасады. Бұл дұрыс та. Өйткені өмір тәжірибесі аз жастардың некелесу мәселесінің бүге-шігесін объективті түрде анықтау әрқашан дұрыс нәтиже береді.
Сол сияқты құда түсу, қыз ұзату және үйлену тойларының жаңа түрлері бар. Жаңа мазмұнды жар-жар болсын, беташар болсын, негізінен, жастардың еңбектегі табыстарын, олардың жағымды қасиеттерін мадақтауға арналады.
Х. Арғынбаев.
2.1.14. Жаңа сөздерге назар аударыңыз.
Тұлғаны қалыптастыру – формировать личность
Мемлекеттің қорғауы – защита государством
Кәмелетке толған – совершеннолетний
Еңбекке жарамды – трудоспособный
Қамқорлық жасау – опекать
Еркін неке одағы – свободный брачный союз
Отбасыішілік мәселелер – внутрисемейные проблемы
Дәстүрді жандандыру – возобновить традицию
2.1.15. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
а) Отбасын әлеуметтік қолрғау дегенді қалай түсінесіз?
ә) Қартайған адамдарға мемлекет қандай қамқорлық жасайды?
б) Жинақтаушы зейнетақы қорының рөлі қандай?
в) Некелесу кезінде ата-анамен ақылдасудың керегі неде?
2.1.16. Бөлтірік шешеннің төмендегі өлеңінің мағынасын ұғып алыңыз.
Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа қайыспа...
Жақсы адамға мал бітсе,
Ағайынның жоғына қарасады.
Жаман адамға мал юітсе,
Көрінгенмен итше таласады.
2.1.17. Берілген тіркестердің мағыналарын ұғып алыңыз және олармен сөйлем құраңыз.
1. Болғандай болу – нағыз адам болу
2. Қорған болу – түрлі жамандықтардан сақтау
3. Дұшпанға қайыспау - берілмеу, жеңілмеу
4. Мал біту – баю
5. Жоғына қарасу – қамқорлық жасау, материалдық жәрдем беру
6. Итше таласу –. араздасу
Қазақ тілінде күрделі сөздердің үш түрі бар: қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер. Қос сөздер (парные слова): ата–ана, бала–шаға, ұл–қыз, қарым–қатынас, әке–шеше, оқта–текте. Біріккен сөздер (сложные слова): тасбақа, Ақтөбе, Талдықорған, Сарыағаш, күнбағыс, асқабақ, күнтізбе. Қысқарған сөздер (сокращенные слова): БҰҰ, АҚШ,ҚР, ҚазМҰУ, ЕҰУ. |
2.1.18. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Неке тазалығы
Біздің елімізде кәмелеттік жасқа толған жастарға ғана некеге тұруға рұқсат беріледі. Сондықтан неке тазалығы жайлы әрбір қыз бен жігіттің білуі – парыз.
Ғалымдар ерте некелесудің зиян екенін айтады. Күйеуге жастай шыққан қыздардың организмі нашарлап, бойына бала бітсе, оның шала туылатынын айтады.
Орыстың белгілі ғалымы И.И.Мечников әйелдердің көпшілігі жиырмада, еркектер жиырма үш жасқа келгенде жетіледі деп есептеген. Өте кеш некелесуді де құптауға болмайды. Кейбір ғалымдар күйеуінің әйелінен 5-10 жасқа дейін үлкен болуын дұрыс деп есептейді. Ғылыми әдебиеттерде әйелдер үшін некелесуге қолайлы кезең – 20-21 жас, ал, еркектер үшін 24-25 жас деген пікір айтылып жүр.
Ортақ мүдде, рухани жақындық, кешірімді бола білу, өз борыштарын түсіну – еркек пен әйелдің жұптасқан өмірін мәнді де сәнді, қоғам үшін берік те пайдалы етеді.
2.1.19. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Елімізде... жастарға ғана некеге тұруға рұқсат етіледі.
2. Жастар үшін... маңызды.
3. Жастарға... зиян.
4. Некеге тұрған әйелдің жасы... болу керек.
5. Некелескен адамдар үшін... негіз жоқ.
6. Жұбайлар бір-біріне... болулары керек.
2.1.20. Жазушы Ғ.Мұстафиннің аталы сөздеріне назар аударыңыз.
· Бір үйір жылқыны бір бөгелек, бір семьяны бір беймаза күйзелтеді.
· Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.
· Балаң жақсы болса – қызығың, жаман болса – қайғың.
Жаңа сөздерді біліп алыңыз.
Бөгелек – овод беймаза – неспокойный
Қызық – здесь: радость қайғы – горе
2.1.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Отбасы -............................ «кішкене модулі» деуге болады.
А. мемлекеттің
Ә. бөлімнің
Б. қаланың
2. «Отбасы» сөзінің синонимдері
А. жанұя, әулет.
Ә. ұя, әлеует
Б. шанырақ, үй
3. Баласының баласы -................
А. немере
Ә. шөбере
Б. немене
4. Баласының әйелі -................
А. жеңге
Ә. келін
Б. балдыз
5. Нағашы -......................
А. әкенің туыстары
Ә. шеше жағындағы туыстар
Б. қыз барған жерді
2.2. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.
Грамматика: Тәуелдік жалғау. Табыс септігі.
Қазақ тілінде сөздер үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелденеді.
Жекеше | Көпше |
І ж. Менің қыз- ым, үй- ім, іні- м ІІ ж. Сенің қыз- ың, үй- ің, іні -ң ІІ ж. Сіздің қыз- ыңыз, үй- іңіз, іні- ңіз ІІІ ж. Оның қыз- ы, үй- і, іні- сі | І ж. Біздің қыз- ымыз, үй- іміз, іні- міз ІІ ж. Сендердің қыз- дар ың, үй- лер ің, іні- лер ің ІІ ж. Сіздердің қыз- дар ыңыз, үй- лер іңіз, іні- лер іңіз ІІІ ж. Олардың қыз- дар ы, үй- лер і, іні- лер і |
2.2.1. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер бар. Олар – құдалыққа байланысты, неке қиюға, үйленуге байланысты деп атала береді.
Құда түсу
Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға тана (сырға) тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.
Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
2 страница | | | 4 страница |