Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

4 страница

1 страница | 2 страница | 6 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница | 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады.

Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады. Сол сияқты, құдалық кезінде «құда тарту», «құда аттанар» деген салттар да орындалады. Бұлар құдалықтың қызықты, есте қаларлықтай маңызды болуы үшін жасалады.

Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» – қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.

 

2.2.2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Құдалық – сватовство

Неке қию – обвенчание

Үйлену – женитьба

Жаңғыру – возродиться

Киіт – подарки

Игі ниет – благородная цель

Табақ тарту – угощать

Ырым – здесь: традиция

Жасау - приданое

 

2.2.3. Берілген жоспар негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

  1. Қазақ халқының үйленуге байланысты салт–дәстүрлері.
  2. Құдалық – құдалардың ең алғашқы кездесуі.
  3. Құдаларды қарсы алу.
  4. «Өлі–тірі» ежелден келе жатқан дәстүр.
  5. Неке қию – жас жұбайлар отауына ашылатын жол.

 

2.2.4. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: қазақ халқы,...

2.2.5. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазір жастар үйленер алдында құда түсу жасала ма?
  2. Құдалардың бір–біріне «киіт беруі» міндетті ме?
  3. «Өлі–тірі» қай уақытта таратылады?
  4. Құдалық кезіндегі қызықты ойындарды көрдіңіз бе?

 

2.2.6. Үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз.

- Сіздің үйленген ағаңыз ба?

- Жоқ, менің емес, мына досымның ағасы үйленген.

 

а) әже – ата – құдалық;

ә) апа – қыз – неке;

б) Ардақ – іні – күйеу жолдас.

 

2.2.7. Сұхбаттасу мәтінін толықтырыңыз.

- Алтынай, сенің әпкең тұрмысқа шыққан ба?

- ___________________________________.

- Ол қанша жасыңда тұрмысқа шықты?

- ___________________________________.

- Әкпеңе құда түсіп, сырға салды ма?

- ___________________________________.

- Олардың некелерін қай жерде қиды?

- __________________________________.

- Сенің әкпеңе анасы жасау берді ме?

- __________________________________.

- Әкпеңнің үйлену тойы қайда болды және ол қалай өтті?

- ____________________________________.

 

Тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.

Жақ Берілген сөздер
Төсек шырақ қап
Менің      
Сенің      
Сіздің      
Оның      
Біздің      
Сендердің      
Сіздердің      
Олардың      
           

 

2.2.8. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

Үйде, сол жақта, төсекте, үстел, орындық, құдалар, отыр,

аялдамада, Қарағандыда, орын- бас дәрігер, дәрігерлер, жоқ,

дықта, емханада, тойда, туыстар, кітаптар, дәрілер бар,

дәріханада, университетте студенттер жатыр

 

Неке қию.

Неке қияр – жас жұбайлардың неке қию дәстүрі. Ол екі жастың өміріндегі аса қымбат күн болып есептеледі. Неке қию үшін молда шақырылады. Молда кесеге неке суын құйып, куәгерлерді шақырады. Жастардың үйленуге ризалығын алған соң, молда оларға неке суын ішкізеді де, олардың бұдан былай ерлі–зайыпты екендігін айтып, жас отбасыға бақытты өмір тілейді.

Бұдан соң, некесі қиылған жас келіншектің беташары өткізіледі. Бұл – жас келінді жігіттің туыстарына, жора–жолдастарына таныстыру деген сөз. Сонымен қатар, келінге де жігіттің туыстары жайлы мағлұматтар беріледі. Беташар ойын–күлкі, әзіл–қалжың жағдайында өтеді. Беташардың соңында ақын (бет ашушы) жас келінге деген тілек, ниеттерін айтады.

Табыс септігі кімді? нені? деген сұрақтарға жауап береді, жалғаулары: -ны, -ні,- ды, -ді, - ты, -ті. М: бала-ны, студент-ті. Тәуелдік жалғауынан соң –н жалғауы жалғанады. М: баласы-н.

2.2.9. Мақалдарға мән беріңіз. Олар адамды неге шақырады?

· Қайта кірер есікті қатты жаппа

· Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

· Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

· Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп.

· Жақсы бала жаман әкенің есіктегі басын төрге сүйрер,

Жаман бала жақсы әкенің төрдегі басын есікке сүйрер.

· Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда.

· Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

· Келін кейін отырар болар,

Көтерілуге бейім отырар болар.

2.2.10. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.

  1. «Қайта кірер есік» деген тіркес қандай мағына береді?
  2. «Алтау», «төртеу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіз?
  3. «Адамның баласы» кім?
  4. Неліктен «ағайын тату болса ат көп»?
  5. Қандай әкенің «басы есікте» болады, қандай әкенің «басы төрде» болады?

 

2.2.11. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер

Сүт ақы – қыз анасына берілетін сый. Қызды үйден шығару күні екі жақтың келісімімен белгіленеді. Бұл күнгі сыйлықтарда сан жоқ. Солардың ішіндегі айрықша сый – қыз анасына берілетін «сүт ақы» болып есептеледі. Бұл сыйлық қыз анасына аса үлкен құрметпен табыс етіледі.

 

Келін түсіру – келіншектің күйеу баланың үйіне келуі. Бұл шараға барлық ауыл болып дайындалады. Жас қыздар мен келіншектер келінді қарсы алуға шығады. Олар жас келінді бөлмеге оң аяғымен кіргізеді, қарсы алушылар келінге шашу шашады. Содан соң келінді шымылдыққа отырғызады.

 

Үй көрсету - келіннің күйеу жігіттің туыстарымен танысуы. Тойдан кейін күйеу жігіттің туыстары және көршілер кезектесіп, келінді үйлеріне қонаққа шақырады. Келін бұл үйлерге құр қол бармайды. Енесі немесе үлкен жеңгесі дәстүр бойынша ол үйге келіннің атынан сыйлық алып барады.

 

2.2.12. «Анасына қарап, қызын ал» деген мақалды қалай түсінесіз? деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.

2.2.13. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қалыңдықты … күйеу жігіт бас құдамен, достарымен, туыстарымен келеді.

А) көруге;

Ә) алып кетуге;

Б) кездесуге;

В) сөйлесуге.

2. Қыз баланың тәрбиесіне … ықпалы көп.

А) анасының;

Ә) әкесінің;

Б) құрбыларының;

В) мектептің.

3. Келінді жігіттің туыстарымен таныстыратын - ….

А) үй көрсету;

Ә) беташар;

Б) келіннің үйге түсуі;

В) келіннің жеңгесімен сөйлесуі.

 

2.2.14. Отбасылық бюджет туралы.

Отбасылық экономика, ең алдымен, жоспарлауды қажет етеді. Отбасының бюджеті неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым оны жоспарлау тиянақты болғаны жөн. Жоспарлауды қалай жүзеге асыруға болады?

Поляк авторлары Б.Киселевская мен Г.Сарновская шаруашылық кітабын жүргізуді ұсынады. Кітап үш бөліктен тұрады: кіріс, шығыс және төлемдер, қаржыны жинау. Отбасы мүшелерінің айлық жалақылары, стипендиялары тағы басқа табыстар кіріс бөліміне, пәтерге, электроэнергияға т.б. төленетін ақша шығыс бөліміне жазылады. Оларды уақтылы төлеп тұру қажет. Шығынның ең маңыздысы – тамақ үшін жарататын ақша болып есептеледі. Күнделікті тамаққа кететін ақша белгілі, соны 30 күнге көбейту керек. Сондай-ақ санитария мен гигиена заттарына кететін шығындарды да естен шығармаған жөн. Егер жұбайлар жас нәресте күтіп отырған болса, оған қажетті төсек орын, арба, киім-кешектер жайлы да ұмытпау керек.

Кассалық кітапшадағы «қаржыны сақтау» бөлімі бос болып қалмау керек. Оған ақша салу үшін көңілге ұнаған заттарды сатып ала бермей, қажеттілерді ғана алып, әзірге қажетсіз болып саналатындардан бас тарта білген жөн.

 

2.2.15. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.

Отбасылық экономика – мемлекет экономикасы

Отбасының бюджеті – мемлекеттің бюджеті

Шаруашылық кітабы – оқушының кітабы

Бақылаудың жақсы түрі – есептеудің жақсы түрі

Айлық жалақы – аз немесе көп жалақы

Уақтылы төлеп тұру – жылдам төлеп тұру

Жас нәресе күту – баланың тууын күту

Бос болып қалу – ақша салмау

Көңілге ұнаған заттар – жақсы заттар

Қажетсіз болып қалу – ұнамай қалу

 

2.2.16. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Отбасылық бюджет неден құралады деп ойлайсыз?

2. Отбасылық бюджетті жоспарлау деген не?

3. Шаруашылық кітабы не үшін керек, ол қандай бөлімдерден тұрады?

2.2.17. Анықтауыштық мағыналы сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Менің анам әдемі – Моя мама красивая

Менің ағам – қаржыгер – Мой брат – финансист

Сенің ұлың адал – Твой сын добросовестный

Сіздің оқушыңыз ұқыпты – Ваш ученик прилежный

Оның үйі үлкен – Его дом большой

Ленаның үйі алыс – Дом Лены далек

Қазақтың жері кең – Земля казахов просторна.

 

2.2.18. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Үлгі: Мынау сенің кітабың ба? Жоқ, бұл менің кітабым емес, Омардың кітабы.

 

1. Сіздің отбасыңызда ақшаны әкеңіз ұстай ма? (анам)

2. Сіздің отбасыңызда кіріс ақша көп пе әлде шығыс ақша көп пе? (шығыс)

3. Алманың көйлегі қызыл ма, қоңыр ма? (қызыл)

4. Жазда Алматыға барасың ба, бармайсың ба? (барамын)

5. Сіз жазғы демалысқа баруға ақша жинадыңыз ба әлде жоқ па? (жинадым)

БОӨЖ тапсырмасы:

« Жаңа дәстүр, жаңа салт» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

3. Қазіргі тұрғын үй

3.1. Тұрғын үй түрлері, дизайны. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы

Грамматика. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі. Барыс және жатыс септіктері.

 

Сілтеу есімдіктеріне жататындар: бұл, осы, сол, мына, ана, анау. Сілтеу есімдіктері септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

 

3.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі

 

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген.

1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді.

Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үй заңдылығы.

1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады.

Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі.

Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы» Заңның 68 бабымен белгіленген. Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

 

3.1.2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

тұрғын үй – жилье

қамтамасыз ету – обеспечить

жағдай жасау – создат условие

жүзеге асыру – осуществить

заңшығарушы акт – законодательный акт

жатақхана – общежитие

әлеуметтік қорғалу – социально обеспечить

табысы аз – малоимущий

көп балалы – многодетный

оралмандар

мүгедек-бала – дети-инвалиды

толымсыз отбасылар – неполные семьи

 

3.1.3. Сұхбаттасыңыз.

 

- Қазақстанда тұрғын үй мәселесінің шешілу жайы қалай деп ойлайсыз?

- _____________________________________________________.

- Қала тұрғындарына тұрғын үй беру мәселесі бойынша жасалған мемлекеттік бағдарлама жайлы не білесіз?

- _____________________________________________________.

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға берілетін мекенжай көдемі қандай?

- _____________________________________________________.

- Табысы аз азаматтар мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған ба? Оларға кімдер жатады?

 

Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде?қайда? және қашан? деген сұрақтарға жауап береді. 1) дауысты, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстардан соң- да, -де;М: дала+да, колхоз+да, ұл+да. 2) қатаң және ұяң б,в, г, д дыбыстарынан соң - та, -те;М: курс+та, Әуезовте, герб+те. 3) 3-жақтағы тәуелдік жалғауынан соң - нда, -ндеболып жалғанады.М: қаласы+нда, көшесі+нде.   Барыс септігіндегі сөздер кімге? неге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, - ке. М: мектеп-ке, базар-ға, ауыл-ға, қала-ға, үй-ге.

 

3.1.4. Мақалдарды біліп алыңыз.

- Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім.

- Үйі бардың күйі бар, үйі жоқтың күйі жоқ.

- Үйдің жылы-суығы қыс түскенде білінер,

Адамның алыс-жуығы іс түскенде білінер.

- Үй іші толған жансың, бір-біріңе меймансың.

 

3.1.5. Жатыс жалғаулы тіркестерге назар аударыңыз, оларды аяқтаңыз.

Қазақстан Республикасын-да-ғы...;

Бүгінгі өмір –де-гі...;

1993 жылғы 6 қыркүйек-те-гі...;

Қызметкерлерге берілетін мекемелер-де-гі...;

Жаңа мекенжай-да-ғы...;

Тұрғын үй қорын-да-ғы...;

 

3.1.6. Сілтеу есімдіктерін тәуелдеуді жалғастырыңыз, олармен ауызша сөйлемдер құраңыз

Үлгі: Менің мұным ешкімге ұнамады.

 

І ж. Менің осы-м, мұны-м, мынау-ым

ІІ ж.

Сып.

ІІІ ж.

 

3.1.7. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.

 

Біздің ауыл

Біздің ауыл қаладан 60 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың көшелері түзу, кең, асфальттанған. Ауыл тұрғындары үйлерін жаңа сарынға лайықтап тұрғызып жатыр, ал ескілерін жақсы жөндеп алған.

Біз орталықтағы мына үлкен екі қабатты қызыл кірпіш үйде тұрамыз. Біздің үйіміз үлкен, жаңа. Өткен жылы әкем үлкен ағам екеуі бұл үйді қайта күрделі жөндеуден өткізді. Барлық бөлмелерге жаңа есік, терезелер қойылды. Екінші қабаттағы демалатын холл қайта жөнделіп, ол жерге компьютер қойдық.

Екінші қабаттағы менің бөлмемнің терезелері бақшаға қарайды. Біздің бақшамыз кең және онда алма, алмұрт, өрік сияқты жеміс ағаштары бар. Бізге келген қонақтар мұнда еркін демалады. Көктем, жаз айларында таңертең терезені ашсаң, жемістердің иісі аңқып, көңіліңді қуанышқа бөлейді.

Биыл ауылдың орталығында осы жаңа мектепті, мына кітапхананы, спорт кешенін салды. Келесі айда Мәдениет сарайы іске қосылмақ. Ауылда жастар көп, олар - институт бітіріп, жолдамамен келген мұғалімдер, дәрігерлер және ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Бұған бәріміз қуаныштымыз.

 

3.1.8. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біліп алыңыз.

Ауыл тұрғындары – сельчане

Жаңа сарынға лайықтап – по новому стилю

Күрделі жөндеу – капитальный ремонт

Шаруақор – трудолюбивый

 

3.1.9. Төмендегі өлеңнен сілтеу есімдіктерін табыңыз.

 

Қазақ осы дала дейтін күн дейтін,

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін...

Қазақ осы ашық-жарқын қабағы Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр саған да ол кетерде, Ат мінгізіп жібек шапан жабады. Қазақ осы құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын, Қазақ осы дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы жайып жатқан қанатын, Ақын халық батыр халық дәл аты, Қазақ осы өзімсінген адамға Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Қадыр Мыза Әли  

 

3.1.10. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.

3.1.11. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.

  1. Мен 1985 жылда /жылы туғанмын.
  2. Бүгін біздің/ бізге үйге қонақтар келеді.
  3. Менің ағам Мәдениет сарайына / сарайында болды.
  4. Ауыл орталығында / орталығына балалар бақшасы бар.
  5. Жазда атам екеуіміз малға / малда шөп жинадық.
  6. Апам қызына / қызға жаңа көйлек сатып алды.
  7. Сізге/сіз де таза ауаға шығып демалыңыз.

 

3.1.12. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.

Астана – Қазақстанның бас қаласы. Бұл жақта қыс – ұзақ, жаз – қысқа. Қыста ауа райы суық. Есіл – әдемі өзен. Астанада жаңа қала салынып жатыр. Жаңа қалада үлкен әдемі ғимараттар көп.

Жаңа қалада денсаулық сақтау мекемелері көп. Қалалық аурухана, кардиологиялық орталық, «Мейірім», ана мен бала орталықтары бар. Астанаға қонақтар көп келеді. Олар Бәйтеректе, Думанда, Атамекенде, Пирамидада болады.

Бәйтерек монументі – Астананың мақтанышы. Оның биіктігі – 105 метр. 97 метр биіктікте көру алаңы орналасқан. Адамдар бұл жерден бүкіл Астананы алақандағыдай анық көреді. Монументте екі лифт жұмыс істейді.

 

3.1.13. Төмендегі сұрақтарға өз сөзіңіхзбен толықтырып жауап беріңіз.

 

1. Астана қаласының ауа райын сипаттаңыз.

2. Қаладағы жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау мекемелерін білесіз бе?

3. Бәйтерек монументі жайлы не білесіз?

4. Астанадағы жаңа тұрғын үйлер сізге ұнай ма?

 

3.1.14. Қала үйінің ішкі сипатын айтып шығыңыз. Бұлар қандай бөлмелер?

3.1.15. Өзара сөйлесіңіз, барыс және жатыс септіктеріндегі сөздерді атап көрсетіңіз.

- Асқар, сен қалалық тұрғын үй департаментінде жұмыс істейсің бе?

- Иә, менің ол департаментте жұмыс істегеніме 5 жыл болды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
3 страница| 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)