Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

7 страница. - Ол қашан болады?

1 страница | 2 страница | 3 страница | 4 страница | 5 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница | 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

- Ол қашан болады?

- Ол келесі айдың 7-сінде болады.

- Жоқ, қатыспаймын. Сен ше?

- Мен, әрине, қатысамын. Баяндама өткізгенмін. Әлия, сен бос уақытыңда не істейсің?

- Әр кезде әрқалай. Бөлмедегі қыздармен киноға барамыз. Кейде жай демаламыз. Туыстарымның үйлеріне қыдырып барып келемін.

- Бос уақытыңда пайдалы істермен шұғылданбайсың ба?

- Маған ештеңе қызық емес. Не істеу керек?

- Тым болмаса, спортпен айналыс. Жүр, менімен бірге коньки тебуді үйрен. Керемет жақсы.

- Ол қайда болады?

- «Қазақстан» спорт кешенінде. Аптасына екі рет барамыз.

- Жарайды. Келесі ретте сенімен бірге барып көрейін.

- Өте жақсы. Келістік.

 

 

6.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз, баяндаңыз.

Студенттің бос уақыты (жалғасы)

 

Студент бос уақытында не істегені жөн?

1. Жұмыс: студенттердің 13%-ы бос уақытында жұмыс істеп, ақша табады. 3,4,5 курс студенттерін еңбекпен қамтамасыз етумен «Студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету Орталығы» айналысады. Бұл мәселе студенттердің «Құрылыс отряды» арқылы да шешіледі;

2. Қосымша оқу: студенттердің 11%-ы екінші жоғары білім алу үшін оқиды да. Сондай-ақ қосымша курстармен қосымша білім беру Орталықтары шұғылданады.

3. Спорт: студенттердің 13%-ы спортпен шұғылданады. Спорттық секциялар барлық спорттық ұйымдарда бар.

4. ЖОО-ның қоғамдық өмірі: онда сауалнамаға қатысқан студенттердің 7%-ы белсенді қатысатынын айтқан. Олар Студенттер Кеңесі ұйымдастырған түрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

5. Хобби: студенттердің 9 %-ы өздерінің сүйікті істерінің бар екенін айтқан. Олар бос уақытында ән салу, биге бару (12%), өлең, проза жазу (10%), студенттік театрда ойнау (20%), фотографиямен айналысу (3,5%), сондай-ақ КВН, фестивальдерге қатысу сияқты пайдалы істермен шұғылданады.

 

6.1.9. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға жауап жазыңыз.

 

 

  1. Суретте кімдер бейнеленген?
  2. Университетте қандай іс-шара жүріп жатыр?
  3. Бұл қыздар қайда оқиды?
  4. Қыздарды бұл іс-шараға кімдер дайындады?
  5. Қыздардың сабақ үлгірімі қандай?
  6. Қыздардың мінезіне, киім үлгісіне, тәртібіне қандай сипаттама бересіз?

6.1.10. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімдерді көрсетіңіз, олармен сөйлем құраңыз.

Өте тамаша, қып-қызыл, қызғылт, топ-толық, күштілеу, көгілдір, жеп-жеңіл, аласарақ, тым кішкентай, тіпті ұзын, толықтау.

 

6.1.11. Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі сын есім жасаңыз.

 

Қысқа, дөңгелек, түзу, жалпақ, әдемі, жақын, сұлу, тәтті, ащы.

 

6.1.12. Қанатты сөздердің мағыналарын анықтаңыз.

Түрлі-түрлі заман бар, заманға қарай амал бар.

 

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

 

Заманы бірдің амалы бір.

6.1.13. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз өзіңіздің анаңызды сағынып жүрсіз. Досыңызға анаңызды қалай сипаттап айтар едіңіз? Соны жазыңыз.

 

6.1.14. Берілген тұрақты тіркестерде қате жіберілген. Дұрысын жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Жерден алты қоян тапқандай
  2. Ешкі аузынан шөп алмас.
  3. Тонның сыртқы бауындай.
  4. Жаңа жараның аузын ашу
  5. Араларынан жіп өтпейтін тату

 

Керекті сөздер: ескі, қыл, ішкі, жеті, қой

6.1.15. Сөйлемдегі асты сызылған тұрақты тіркестерді мағыналас синонимдермен ауыстырып жазыңыз.

· Жиынға Ардақтың үріп ауызға салғандай бойжеткен қызы да келді.

· Кешкі тамақта айтылған әңгімені құлақ салмадым.

· Бұл жөнінде ешкімге тіс жармады.

· Араларынан қыл өтпейтін достар сыр шертуде.

 

БОӨЖ тапсырмасы. «Біз уақытты қадірлейміз бе?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Жоспары:

  1. Адам үшін ең қымбат – уақыт.
  2. Уақыт қайтып келмейді.
  3. Уақытты пайдалы нәрсеге жұмсаған дұрыс.
  4. Өткен күндерді еске алып, одан үлгі алу.
  5. Болашақ уақытты жоспарлап отыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

2. Педагогика тағылымдары. /Құраст. Айтмамбетова Б. т.б. Алматы: Рауан, 1993. -88 б.

 

7.Денсаулық – зор байлық

7.1. Дені саудың – жаны сау

7.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Денсаулық — зор байлық

Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

 

Жаңа сөздермен танысыңыз.

Зиянды заттар – вредные вещества

Қатерлі ісік – злокачественная опухоль, рак

Бақытсыздық – несчастье

Жасы ұлғайған адамдар – пожилые люди

Майлы тамақтар – жирное питание

 

7.1.2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

6. Денсаулық адамға неліктен қымбат?

7. Денсаулыққа зиянды нәрселерді, әдеттерді атаңыз.

8. Денсаулықты қалай сақтауға болады?

Жатыс септігіимеет окончания -да, -де, -та, -те и показывает место действия. Слова в жатыс септік отвечают на вопросы Кімде? Неде? Қайда? Қашан? Мысалы: Аурухана-да (қайда?) Мейірбике-де (кімде?) Емхана-да (қайда?) Жексенбі-де (қашан?)

 

 

7.1.3. Оқып жаттығыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.

 

- Мынау кім? - Кто это?

- Бұл – дәрігер. - Это – врач.

- Бұл қандай дәрігер? - Какой врач?

- Бұл – қатерлі ісік ауруларының дәрігері. - Он – онколог.

- Мынау не? - Это – что?

- Бұл – аурухана. - Это больница.

- Мұнда кім емделіп жатыр? - Кто здесь лечится (лежит)?

- Мұнда менің әжем емделіп жатыр. - Здесь лечиться моя бабушка

- Оның қай жері ауырады? - Что у него болит?

- Оның аяғы ауырады. - У него болят ноги.

- Оның дәрігері қандай? - Какой у него врач?

- Оның дәрігері ортролог. - Его врач – ортролог

 

7.1.4. Сөйлесіңіз, қажетті жалғауды қойыңыз.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет болыңыз. Отырыңыз.

- Мен сізге қарасты аумақта тұрамын, Кенесары көшесінде. Мынау – менің медициналық кітапша....

- Жақсы. Айта беріңіз. Қай жеріңіз ауырады?

- Менің бас... ауырады. Тұмауратып қалдым. Аздап жөтелемін.

- Сіздің ыстығ... көтерілді ме?

- Менің ыстығ... көтерілді.

- Жарайды. Қазір қараймын.

- Рақмет, сізге.

 

7.1.5. Мақалдарды, ғұламалардың сөздерін еске сақтаңыз

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

(Халық мақалы)

Емнің алды – еңбек.

(Халық мақалы)

«Ауруын жасырған өледі»

(Ә.Науаий)

«Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды»

(Баласағұни)

Бірінші байлық – денсаулық


Екінші байлық – ақ жаулық


Үшінші байлық – он саулық

(Халық мақалы)

 

7.1.6. «Иә» және «жоқ» сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

- Мынау Сіз емделетін емхана ма?

- Иә, _____________________________.

- Емханада жаңа құрылғылар бар ма?

- Жоқ, ____________________________.

- Мынау тіс дәрігерінің бөлмесі ме?

- Иә, ___________________________.

- Бұл – тіс дәрігері тәжірибелі ме?

- Бұл – __________________________.

- Менің тістерімді емдей ала ма?

- Иә, ______________________________.

- Ал, мына бөлмедегі тіс дәрігері ше?

- Бұл - __________________________.

- Сіздердің жұмыс кестелеріңіз бірдей ме?

- Иә, ___________________________.

- Онда мен кезекті күте тұрайын...

- Иә, __________________________.

7.1.7. Қазақ тілінде апта күндерін еске түсіріңіз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Апта күндері Дни недели Кеше қай күн? Вчера какой день? Бүгін қай күн? Сегодня какой день? Ертең қай күн? Завтра какой день?
Дүйсенбі Кеше дүйсенбі   Бүгін сейсенбі Ертең сәрсенбі
Сейсенбі        
Сәрсенбі        
Бейсенбі        
Жұма        
Сенбі        
Жексенбі        

7.1.8. Сұхбатты оқыңыз және еске сақтаңыз.

- Науқас қабылдау бөлімшесіне өзі түсті ме?

- Науқас қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен жеткізілді.

- Ауруханадан шығарғанда науқастың жағдайы қандай еді?

- Науқас операциядан 7 күн өткеннен кейін жағдайы сәл дұрысталған соң шығарылды.

- Науқас ауруханаға қандай диагнозбен жатқызылды?

- Науқас ауруханаға жіті аппендицит диагнозымен жатқызылды.

- Егер жағдайы нашарласа, оны ауруханаға қайтадан жатқызу керек.

- Алаңдамаңыз, науқас менің бақылауымда жүр.

- Олай болса, сіздің кәсіби біліктілігіңізге сендік.

 

7.1.9. Мәтінді оқып, ауызша талдаңыз.

Денсаулық, ғалымдардың зерттеуі бойынша, АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:
1) физикалық денсаулық; 2) психикалық және интеллектуалды денсаулық;
3) жеке; 4) рухани денсаулық; 5) эмоционалды денсаулық; 6) әлеуметтік денсаулық.

ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ: біздің денеміздің аурулары жоқ, ол - жаттыққан немесе шыныққан дене.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ: бұл адамның психикалық ауруының және оның ақылында кемшіліктің болмауы.

ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адамның өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Егер адамның өзін-өзі танытуы қоғамға қарсы келмесе, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.

ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу.

ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ – бұл, ең алдымен, өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).

 

7.1.10. Тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

9. Физикалық денсаулық дегеніміз не? (жаттығу, шынығу);

10. Психикалық денсаулық дегеніміз не? (психикалық ауру, кемшілік);

11. Жеке денсаулық дегеніміз не? (талпыныс, құндылық);

12. Рухани денсаулық дегеніміз не? (мейірімділік, әсемдік);

13. Эмоционалды денсаулық дегеніміз не? (сезхім, бақылау);

14. Әлеуметтік денсаулық дегеніміз не? (қоғам, жұмыс);

7.1.11. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.

1. Гүлденген экономика... дені сау, саналы азаматтар жасайды.

2. Жас үрпақтың бойына тазалық пен сергектік... орнықтыру - біздің міндетіміз.

3. Денсаулықтың қадір..., әдетте, адам ауырған... ғана білетіні өкінішті-ақ.

4. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласы... табиғат сыйлаған ең басты байлық.

5. Қоғамдағы әлеуметтік жағдай... төмендеуі кәмелетке толмағандар арасын... қылмыс... көбеюі... әкеліп соғады

6. Балалар... дисплазия ауруы ағза... иод..., кальций... аздығынан болады.

 

7.1.12. Берілген сөздермен барыс септігінде сөйлем құраңыз.

Мен дүйсенбіде дәрігер...

Сен сейсенбіде қайда барамын

Ол сәрсенбіде уқалау... барасың

Әжем бейсенбіде аурухана... барады

Атам жұмада мешіт...

Ағам сенбіде емхана...

Анам жексенбіде шипажай...

 

7.1.13. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының

40 %- ы экологияға,

40 %-ы өзінің өмір сүру дағдысына,

18-20 %-ы дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Адамдардың өз денсаулығын дүрыс күтпеуінен және коршаған ортаның ластануынан науқастар саны жылдан-жылға өсіп отыр.

Бұған ресми деректерге жүгініп көз жеткізе аламыз.
- Ауруханаларда өлген адам саны 1984 -1991 жылдар аралығында әрбір 10000 аурудан 50-ден болса, 1991-1994 жылдары олардың саны 410-ға өскен;
- Қатерлі ісіктермен ауыратын адамдардың саны 1970 жылғы деңгейден 1993 жылы 22 пайызға көтерілген.
- Өкпе құрт (туберкулез) ауруы соңғы жылдары үдеген. Әсіресе жас босанған әйелдер арасында 3-5 есеге өскен.
- Әйелдердің жалпы денсаулық көрсеткіші орта есеппен 30 пайыз, әрбір екіншісі қанның аздығымен (анемиямен), әрбір алтыншысы бүйрек ауруымен ауырады.

- Жыл сайын 200 келіншек босану үстінде жан тапсырған.
- Бала түсіруден жылына 40 келіншек өлген.
- Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген.
("Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1995". Программа ООН Алматы, 1995, 31-35 с, 42-44 с.)

 

 

7.1.14. Сұхбатты, сөйлемдерді толықтырып оқыңыз. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

- Адам денсаулығы көбінесе неге байланысты?

- Адам денсаулығы көбіне ______________ байланысты.

- Сіз қайда жұмыс істейсіз?

- Мен ______________ жұмыс істеймін.

- Ауруханаларда адам шығыны ________ ме?

- Иә, адам шығыны 50-... 410-... көбейді.

- Өкпе, құрт аурулары... жайы қалай?

- Өкпе, құрт аурулары да 3-5 есе... өскен.

- Әйелдер көбінесе қандай ауру... ауырады?

- Әйелдер... қаны аз, бүйрек ауруы... ауырады.

- Босану үстінде әйелдер... қиындық туа ма?

- Иә, жыл сайын босану үстінде 200 әйел қаза бол....

- Балалар... денсаулығы қандай?

- Балалар ауруы 5 миллион... асып кеткен.

 

7.1.15. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты өмір сүрудің ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің "Раздумья о здоровье" деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағида ұсынады.

1. Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, коғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Оған себеп - жалқаулық, қомағайлық, немесе қисынсыз әдеттер.

2. Дені сау болу үшін адамның өзі ұдайы және айтарлықтай күш жұмсауы керек. Адамның қазір жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік өзі-ақ қалпына келтіре алады.

3. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру!

4. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз.

5. М інез-құлықтың да салмақты болғаны дүрыс.

Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы?!!

Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін нәрсе бар. Әрине, сіздің қазірше деніңіз сау. Дегенмен уақыт тез өтеді... Осыны есте ұстаңыз!

7.1.16. Сұхбаатты толықтырыңыз.

- Абзал, мына мәтінде не туралы айтылады?

- ______________________________________.

- Аурудың болуына себепкер болатын не?

- _______________________________________.

- «Күш жұмсау» дегенді қалай түсінесің?

- ______________________________________.

- Денсаулық жақсы болу үшін қандай шарттарды орынджау керек?

- _______________________________________________________.

- Тамақтанудың, мінез-құлықтың денсаулыққа қатысы бар ма?

- ____________________________________________________.

 

7.2. Ауру – астан. Тазалық – денсаулық кепілі

Грамматика. Есімше, оның жұрнақтары. Есімшенің жіктелуі.

Есімше – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін сһөз табы. Есімшенің жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен; -тын, -тін, -атын, -етін, -қалы, -келі, -ғалы, - гелі.

Мәтінді оқыңыз, баяндаңыз. Қимылдың шағын анықтаңыз.

Дені саудың – жаны сау.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді естен шығармау қажет.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Деніміз сау болмаса, ауру қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.

Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланған болатын. «Адамға денсаулықтан не бар қымбат? Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ»,- деген сөз бар. Өкінішке орай, қымбат байлығымызға кері әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көрген зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтырды. «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймыз. Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу – көзі ашық әрбір азаматтың борышы. Өміріңді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

 

,

7.2.2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.

Үлгі: іздегенше, ауырмайтын...

7.2.3. Мәтінді төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.

1. Халық денсаулығының ел болашағына қатысы неде?

2. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қалай түсінесіз?

3. «Денсаулық жылы» қашан жарияланды?

4. Денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерге не жатады?

5. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір» деген жолдардың мағынасын анықтаңыз.

7.2.4. Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.

1. Біздің туыстарымыз «Семей полигоны» деп атал... аймақтан көшіп келді.

2. Денсаулықтың жақсы бол... қандай жақсы!

3. Өсіп келе жат... ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

4. Жаңа өмірді жалғастыр... – дені сау жас ұрпақ.

5. Өмірге бақытты болып кел... соң, сол өмірді мәнді етіп сүру керек.

6. Салауатты өмір салтын ұстан... азамат әрдайым бақытты болады.

 

7.2.5. Сұрақтардағы етістіктерді есімше қалпына келтіріп, өзара сұхбаттасыңыздар.

 

 

Мына вареньелерді анаңыз (қайнату) ба?

Анаңыз дәрігерлік мамандықты (оқу) ба?

Ол кісі қайда (жұмыс істеу)?

Бұл жұмысқа қашан (орналасу)?

Ол бақша жұмыстарына (үйрену) бе?


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
6 страница| 8 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)