Читайте также: |
|
Ақмарал Есімханова
4.2.10. Жаңа сөздер.
Шошу – пугаться
Қызықты құбылыс – интересное явление
Етек жайды – распросроняется
Ешкімге ұқсамау – не быть похожим ни на кого
Кедергі – препятствие
4.2.11. Сұрақтарға жауап беріңіз.
4.2.12.Мәтіннен сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз, сын есімдердің түрлерін ажыратыңыз.
Үлгі:
Қап-қара (күшейтпелі) киініп, бет-жүзін қарамен (жай) бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз.
4.2.13. Пікірталас өткіземіз.
Тыңдаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ өз позициясын дәлелдейді, өмірден мысалдар келтіреді, топтар бір-біріне сұрақтар даярлайды.
1-ші топ. – «Әркім өз қалауынша киінуге құқы бар»
2-ші топ. – «Адам аласы ішінде» дегендей, адамға киіміне қарап баға беруге бьолмайды.
3-ші топ. – «Субмәдениетті де қолдауға болады».
4-ші топ. – «Киім кию этиксын берік ұстанған жөн деп ойлаймын».
4.2.14. Мәтінді оқып, мағынасын есте сақтаңыз.
Адамды тани аласың ба?
Бұл өмірде кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады. Данагөй қазақтың мына сөзін еске алайық.
Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің,
Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің,
Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің,
Жолдастың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің,
Баланың кім екенін, күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің,
Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайғанда білерсің,
Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің,
Адам тану – даналықтың қайнар көзі. Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.
Мақсұтбек Сүлеймен.
4.2.15. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Жала лы (клевета) болғанда –
Жара лы (рана) болғанда -
Сана лы (сознание) болғанда –
Бақ тай ғанда (несчастье) –
Қартай ғанда (стареть) –
Жантай ғанда (быть беспомощным) –
Шаңырағың шайқал ғанда (раставание, беспокойствие) -
4.2.16. Өзара сөйлесіңіз.
- Асан, сен білесің бе, туыс қандай жағдайда жаныңда болу керек?
- Туыс адам басыңа іс түскенде жәрдем беруі керек.
- Бауырың ше?
- Бауырың жаның қиындыққа ұшырағанда қасыңда болуы керек.
- Досыңның қандай екенін қашан анық білесің?
- Досыңның қандай екенін ақылың толып, санаң оянғанда білесің.
- Бала қандай жағдайда қажет болады?
- Бала ата-ана қартайып, күші тайғанда қажет.
- Келін ше?
- Келін ата-ене қартайып, аурушаң болғанда, оларға жағдай жасауы керек.
4.2.17. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.
Туыс –
Бауыр –
Дос –
Қартаю –
Шаңырағы шайқалу –
Жағдайы кету -
4.2.18. Фразеологиялық тіркестерді біліп алыңыз.
Тайға таңба басқандай (сұрағы: қандай?) – анық
.Сөзі мірдің оғындай (сұрағы: қандай?) - өткір
Сөзі түйеден түскендей (сұрағы: қандай?) – дөрекі
Судай жаңа (сұрағы: қандай?) – жап-жаңа
Сүттен ақ, судан таза (сұрағы: қандай?) - безвинный
4.2.19. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
А. жігерлі, салқын. Қанды, қарапайым
В. тым биік, табанды, еңбекқор
С. дөңгелек жүзді, орта бойлы, қыр мұрынды
Д. ақылды, көпшіл, ұзын бойлы
А. Ақ сақалды адамды сыйлау – парыз.
В. Ауылдағы адамға жұмыс табылады.
С. Қысқа мерзімде аяқтады.
Д. Көгілдір түс – еркіндік белгісі.
3.Баяндауыш қай шақта тұр?
Халықтың ең таңдаулы өкілдерінің бірі ретінде біз оны сыйлыққа ұсынып отырмыз.
А. өткен шақ
В. ауыспалы осы шақ
С. келер шақ
Д. нақ осы шақ
4.Сөйлемді толықтырыңыз. Менің әжем... киінеді.
А. ұзын
В. сәнді
С. ерекше
Д. қысқа
4.2.20. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.
Жүрек жұтқан, аузына құм құйылды, зәресі зәр түбіне жетті, еңбегі жанды, қас қаққанша, ат ізін салмады, су жүрек, аузы аузына жұқпады, еңбегі еш кетті, араны ашылды, үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ат ізін құрғатпады, тәбеті тартпады, ай десе аузы, күн десе көзі бар, ит өлген жерде, көзді ашып-жұмғанша.
Мағыналас тұрақты тіркестер | Қарама-қарсы мәндегі тұрақты тіркестер |
үріп ауызға салғандай, ай десе аузы, күн десе көзі бар | жүрек жұтқан – су жүрек |
БОӨЖ тапсырмасы:
« Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
5. Уақыт және адам.
5.1.Уақыт алтыннан да қымбат.
Грамматика. Сан есім, оның түрлері.
5.1.1. Сан есім жайлы есіңізге түсіріңіз.
Сан есім заттың санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? қаншасыншы? нешінші? М: Біз поезға сағат 10-да (қаншада?) отырдық. Сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден ғана тұрады. М: Олар бір бөлмеде алты қыз тұрады. Күрделі сан есімдер екі немесе одан көп сөзден тұрады. М: Екі жарым сағаттан соң жолға шығамыз. |
5.1.2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
5.1.3. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.
Уақыт алтыннан да қымбат.
Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.
Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.
Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.
Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.
Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.
Жадыра САТТАРОВА,
ЖР-32 қ тобының студенті
5.1.4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.
5.1.5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.
Баға жетпес құндылық – неоценимая ценность
Сөгіс алу – здесь: быть наказанным
Дер шағында – своевременно
Бейнет – здесь: труд
Зейнет – здесь: удовольствме, благополучие
5.1.6. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.
- Әже, сіздің жасыңыз нешеде?
- Балапаным, менің жасым жетпіс екі....
- Әже, сіздің немерелеріңіз көп пе?
- Әрине, қалқам. Биыл менің он алты... немерем дүниеге келді.
- Қандай бақытты жансыз, әже! Ең үлкен балаңыз да үлкен кісі шығар, ә?
- О-о-о, үлкен ұлымның жасы биыл елу екі... толды. Оның да үлкен ұлы отыз....
- Әже, сіз институт бітіргенсіз бе?
- Иә, балам, мен Алматыдағы педагогикалық институтты 1961-... жылы бітіргенмін. Елу шақты жыл мұғалім болдым ғой.
- Қандай жақсы адамсыз, әже. Өз балаларыңызды да, халықтың баласын да тәрбиеледіңіз. Ұзақ жасап, бақытты болыңыз, әже!
- Рахмет, қалқам. Өзің де бақытты бол!
5.1.7. Өлеңді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас.
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,.
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Абай.
5.1.8. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.
Сағаттың шықылдағы –
Өмір өтпек –
Ол білдірмек –
Қайта келмек –
Қайта айналмас –
5.1.9. Сұхбаты толықтырып жазыңыз.
- Сабыр, сен Абайдың бұл өлеңін бұрын естіп пе едің?
- -------------------------------------------------------------------.
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- ----------------------------------------------.
- «Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек» деген сөйлемді қалай түсінесің?
- ---------------------------------------------------------------------------------------.
- Ақын неліктен «Сағаттың өзі ұры шықылдаған» деп айтқан?
- ------------------------------------------------------------------------------.
- Ақын «бұрылмас бұлдыр заман» деп не туралы айтып отыр?
- ------------------------------------------------------------------------------.
- Сабыр, бұл өлең адамға қандай ой салады?
- ------------------------------------------------------------------------------.
5.1.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Уақыттың ерекшеліктері.
1. Уақыт тез өтеді
Адам баласының ғұмыры «қамшының сабындай» қысқа. Ең ұзақ өмір сүрген Нұх пайғамбарға өлім періштесі: «Дүние қандай екен?» деп сұрағанда, ол: «Дүние екі есігі бар үй сияқты екен, бір есігінен кіресің де, екіншісінен шығып жүре бересің» депті.
- Сіздің ойыңыз қандай?
2. Уақыт қайтып келмейді және орны толмайды
Әрбір өткен күн, таусылған сағат, жылжыған сәтті қайтару мүмкін емес, демек олардың орны да толмайды. Үлкен білім иесі Хасан әл Басри: «Әр таң атқанда, күн адам баласына: Ей адам баласы! Мен жаңа бір жаратылыспын... мені пайдаланып қал, мен өтіп кетсем, Қияметке дейін қайтып келмеймін» дейді, деп өсиет айтқан.
- Сіз әр күніңізді орынды пайдаланасыз ба?
3. Уақыт - адамда бар нәрсенің ең қымбаты
Уақыт адамда бар нәрселердің ең қымбаты. Хасан әл Басри: «Ей адам баласы! Сен топталған күндерден тұрасың. Бір күнің кетсе, сенің бір бөлігің кетті», дейді.
- Уақыт – «адамның бір бөлшегі» дегенді қалай түсінесіз?
5.1.11.Есте сақтаңыз:
63 жыл өмір сүрген адам:
күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.
Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса, тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.
6 жылы тамақ ішуге,
5 жылы сапарларға,
1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.
Бір тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді.
Біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада, немесе біраз күннің ішінде деп жобалай саламыз.
5.1.12.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.
Дулат: Жұпар, сен дәрігерге сағат екіде барасың ба?
Жұпар: Менің дәрігерім бүгін таңертең қабылдайды.
1. Профессор – ертең – түскі 3-те;
2. Бастық – кешке – 5-те.
5.1.13.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?
- Бақытжан, сәлем, сен үйдесің бе?
- Сәлем! Үйдемін. Қайдан телефон шалып отырсың?
- Университеттен. Біздің сабағымыз жаңа бітті. Не істеп жатырсың?
- Жай, уақыт өлтіріп отырмын.
- Қалай? Ол не деген сөз?
- Ой, соны да білмейсің бе? Теледидар көріп отырмын.
- Оны қайтесің, бірдеңе оқымайсың ба?
- Не оқимын, оқитын ештеңе жоқ...
- Сендерде жақсы кітапхана бар ғой. Мен үнемі сол жерден жақсы кітаптар алып тұрамын.
- Мен кітапты интернеттен оқимын.
- Мен олай ете алмаймын.
5.1.14. Ғұламалардың сөзіне назар аударыңыз.
Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,
Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.
Ескертемін, ей адамзат, өмірің
Минуттар мен секундтардан құралған…
Ахмад Шаухи
Уақыт – қылыш. Егер сен оны шаппайтын болсаң, ол сені шабады.
Хазірет Әли
Кім ұйқысын бөліп, уақытын дұрыс пайдаланып, ғылымға талпынса, сол үйренеді. Ал білім алған адам, күнаһар болудан сақтанады.
Абдуллаһ бин Мубарак
Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала жансар өлімменен.
Қанша менің өлді екен уақытым,
Ақ төсек, ала жастық кебіндеген.
Мұқағали Мақатаев
5.1.15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Сөйлемді толықтырыңыз.
Адам уақытты... істерге жұмсауы керек.
А. әртүрлі
В. пайдалы
С. белгілі
Д. сапалы
2. Сөйлемді аяқтаңыз. Бос өткен уақыт адамға өкініш....
А. береді
В. әкеледі
С. болады
Д. жасайды
3. Сан есімге сұрақ қойыңыз. Атам 75 жасында қайтыс болды.
А. қанша?
В. қашан?
С. қалай?
Д. қаншасыншы?
4. Сөзге қосымша жалғаңыз. Иманды адам өтккен күндер... ғибрат алады.
А. –мен;
В. –ге;
С. -ден;
Д. –ді;
БОӨЖ тапсырмасы.
«Уақыт – алтыннан қымбат» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. -272 б.
2. Наполеон Хилл. Закон успеха: думай и богатей. Екатеринбург: Изд-во “Литур”, 2001. -704 с.
6. Бос уақыт және қызығушылық.
6.1.Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.
Грамматика. Сан есімнің мағыналық түрлері.
Сан есімнің мағыналық түрлері жайлы біліп алыңыз.
Сан есім мағынасына қарай есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік және топтау болып алты түрге бөлінеді. Есептік сан есімдер қанша? неше? Деген сұрақтарға жауап беріп, түбір тұлғада айтылады. М: алты, алпыс алты, алты жүз алпыс алты т.б. Реттік сан есімдер қаншасыншы? нешінші? деген сұрақтарға жауап беріп, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы жасалады. М: алты-ншы, жеті-нші, сегіз-інші, тоғыз-ыншы т.б Жинақтық сан есімдер қаншау? нешеу? деген сұрақтарға жауап беріп, -ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалады. М: алт-ау, жет-еу т.б. Болжалды сан есімдер -дай, -дей, -даған, -деген жұрнақтары және шақты, шамалы шылауларының тіркесуі арқылы жасалып, санды нақты емес, болжалдап көрсетеді. Бөлшектік сан есімдер шығыс септігінің –тан, -тен, -нан, -нен жалғаулары мен жарым сөзі арқылы жасалып, санды бөлшектеп атайды. М: үштен бір, оннан екі, алты жарым. Топтау сан есімдері шығыс септігінің –нан, -нен, -тан, -тен жалғаулары арқылы жасалып, қосарланып айтылады, қаншадан? деген сұраққа жауап береді. М: бес-бестен, он-оннан, алты-жетіден т.б. |
6.1.2.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.
Он төрт, қырық, жүз жиырма, бір мың жеті жүз қырық, жиырма жеті, үш мың сегіз жүз, алпыс сегіз, жиырма тоғыз, он сегіз.
6.1.3. Жинақтық сан есімдерді табыңыз.
Біздің топтағы студенттердің алтауы қыз да, бесеуі – ұл. Менің ағамның бес баласы бар, олардың үшеуі ұл, екеуі – қыз. Менің қарындастарымның екеуі мектепті үздік бітірді. Түйеқұстың аяғы екеу.Түйенің өркеші екеу, нардың өркеші біреу.
6.1.4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз.
Студенттің бос уақыты
Университетті ересек өмірдің бір үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі студенттің, болашақ маманның және азаматтың бағыт-бағдары университет қабырғасында айқындалады.
Студент уақытын шартты түрде оқу уақыты (лекция, семинар, семинарға дайындық, кітапханада өткен уақыт) және сабақтан тыс яғни бос уақыт деп бөлуге болады.
Бұл екеуінің екінші бөлігі маңызды, себебі студенттің белсенділігі, болашақта қандай азамат болатыны осы бос уақытты қалай өткізетініне байланысты.
Осы тақырыпты ашу үшін «Студент және оның бос уақыты» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сұралған 100 адамның 67%-ының бос уақыты жеткілікті болып шықты. Алайда олардың 76%-ы бос уақытын қалай өткізетінін ойламаған, ал, 47%-ы бос уақытында ештеңемен айналыспаған болып шықты (яғни достарымен сыра ішеді, ұйықтайды, телевизор қарайды немесе жай қыдырып жүреді).
Мұндай салғырттық жастардың бойында мектеп өмірінен басталады. Университетке осындай салғырт, әрекетсіз болып қалыптасқан студенттер де оқуға түседі және олар тек 5 жыл «отырып» қана шығады.
Студенттің бос уақытта ештеңемен шұғылданбауы мынадай әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін:
2. Ұрыс-жанжал, есеп айырысуға құмарлық, бірдеңені қирату, талқандау, т.б.
6.1.5. Жаңа сөздермен танысыңыз.
Ересек өмір – взрослая жизнь
Университет қабырғасында – в стенах университета
Айқындалады – определяется
Сауалнама – опрос
Жеткілікті – достаточно
Бос уақытында – в свободное время
Салғырттық – пассивность
Әлеуметтік мәселе – социальные проблемы
Ұрыс-жанжал – «разборки»
Есеп айырысу – «стрелки»
Талқандау - погромы
6.1.6. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
6.Сіз өзіңіздің ғана жағдайыңыздың болғанын қалайсыз ба әлде қоғамға пайдалы іс жасағыңыз келе ме?
6.1.7. Сөйлесіңіз.
- Әлия, сен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысасың ба?
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 384 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
5 страница | | | 7 страница |