Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сараптау жүйесі

Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі). | Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру | Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу | Алгоритмнiң негiзгi қасиеттерi. | Дейiн» қайталау. | Дәріс 14. Компьютерлік желілер. | Ауқымды компьютерлік желілер | HTML. Сайт құру | Текстті форматтауға арналған тегтер | Графиктiк файлдар форматтары |


Читайте также:
  1. Африканың Ғылым жүйесі және инфрақұрылымы
  2. Дәріс 6. Windows операциялық жүйесі.
  3. Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны
  4. Күн жүйесінің ғаламшарлары
  5. Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
  6. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

Сараптау жүйесі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті деуге болады. Бұл мәселелерге 1960 жылдары көңіл аударылып, 1960-1965 жылдары «жалған ғылым» ретінде ұғынылса, 1970-1985 жылдары практикалық тәжірибелерден күткен нәтижелер алынбағанына қарамастан зерттеу бағытында алғашқы қадам жасалды. Тек 1993-1995 жылдардан бастап, бұл салаларда аздаған жетістіктерге қол жеткізіп, нәтижесінде «Сараптау жүйе» ұғымы мен оның ерекшеліктері айқындала бастады. Атап айтқанда, сараптау жүйсі компьютердің мүмкіндігіне, сараптаудың білімі мен тәжірибесіне байланысты практикалық есептердің шешімін табуда және есептің шығарылу жолына талдау жасауда кеңес бере алатын бағдарламалық жабдық ретінде анықталады. Сараптау жүйесінің негізгі ерекшелігі 1) білімнің ауқымды көлемін өңдеуі; 2) білім мазмұнын үйлестірілген, қарапайым түрде жеткізуі; 4) білімді өңдеу үдерісінде алынған нәтижелерді түсіндіре алу сияқты мәселелерді қарастырды.

Осы бағыттағы сараптау жүйесінің тиімділігін зерттеу нәтижелерін талдай отырып, оның практикалық және әдістемелік құндылығын бөліп айтуға болады.

1. Практикалық құндылығы. Есептің қойылымына сәйкес өңделу үдерісіндегі негізгі мәселе «жүйе қандай функцияларды атқару тиіс?» деген сұрақтың айналасында қарастырылады. Бұдан кейін жоғарыда анықталған функцияларға қосымша сыртқы ортаның әсері мен басқа да әсер етуші факторлар ескеріледі. Осыған байланысты сараптау жүйесін қолданудың әлеуметтік тұжырымдамасына сәйкес, негізгі фунцияларды анықталған және жасырын функциялар деп екіге бөледі. Бұл функциялар өз кезегінде күрделі жұмыстарды орындайды. Яғни, анықталған функция компьютердің мүмкіндігін ескере отырып, арнайы жұмыстарды мысалы, қазба байлықтары мен кен орындарын анықтауда, медецинада диагноз қоюда, электрлі-кардиограммаларды талдауда, транспорт қозғалысын реттеуде, ғылыми эксперименттердің нәтижесін бақылауда, технологиялық үдерістерді басқаруда қолданылса, жасырын функция сараптау жүйесін «қашан?», «қайда?» құрылғаны жөнінде мәліметтерді құпия сақтауды қамтамасыз етеді.

2.Әдістемелік құндылығы. Халық шаруашылығының кез-келген саласында, тұрмыста компьютерлік технологияның жетістіктері кеңінен қолданыс табумен бірге, компьютердің көмегімен ақпараттық оқыту жүйесінің жаңа формаларын құруға болатыны дәлелденді. Ақпараттық оқыту жүйесі бір мезгілде барлық қолданушылармен байланыста болады және олардың әрқайсымен «жеке», «арнайы», «құпия» бағдарламалар арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, компьютерді «электронды оқытушы» ретінде пайдаланады.

Демек сараптау жүйесін «компьютерлік білімге негізделген жүйе» ретінде қабылдауға болады. Сараптау жүйесі –білім қорынан, шығару машинасынан, модельдеуші және жобалаушы ішкі жүйелерден тұрады. Барлық білім қоры екі типті файл - білім қоры және білім кітапханасы ретінде жасақталады. Білім қорында барлық объектілердің анықтамасы, ережелері, заңдылықтары, т.б. сақталады, ал, кітапханалық файлдарда стандартты объектілердің анықтамасы секілді терең де тиянақты мәләмет беретін жалпы білім қоры сақталады. Сондай-ақ, білім қоры файлын білім кітапханасы файылына немесе керісінше түрлендіруге болады.

 

 


Мамандардың пікірінше, келешекте эксперттік жүйелер қоғамының барлық саласында жетекші роль атқарады. Осыған байланысты оның дамуының бірнеше бағыты анықталып отыр: 1) сараптау жүйесі немесе «білімге негізделген жүйе»; 2) нейтрондық желілер және логика; 3) табиғи-тілдік жүйелер. Аталған бағыттардың байланысын 1-сурет арқылы сипаттап көрсетуге болады.

Сонымен интеллектуалдық және сараптау жүйелері алдымызға қойылған есептің шешімін кеңінен қарастырып, толық, жан-жақты жауапты табуға көмек береді екен. Сонымен қатар адам баласының санасын дамыту, жаңарту, өркендету барысында, ғылым салаларының сұранысына ие бола білген, алдыңғы қатарлы мамандардың білімдерін өздеріне жинақтаған медициналық диагностиканы, автоматтандырылған проектілерді, химиялық анализдер мен синтездерді біздерге ұсынады.

 

Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ саласында жеке адамның қүқықтары мен мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режімін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) – саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі – ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуге тиісті өкілеттігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық – ақпарттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық – заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

Қауіпсіз жүйе – белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті аппаратық және бағдарламалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшеме бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

Қауіпсіздік саясаты – мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралар кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілділік – жүйенің сәулетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сыңары деп сипаттауға болады. Кепілділіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі – құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Қорғау дегеніміз-жалпы түсінік. Қорғау-жүйенің объектілерін қоршаған ортадан қорғайтын механизмдерді сипаттау. Қорғау тетіктеріне тән белгілер:

§ Бір пайдаланушының екінші пайдаланушыға кедергі келтіруіне жол бермеу;

§ Пайдаланушының бағдарламасымен деректеріне қорғаныс құралдарын ұсыну.

Қорғау тетіктері (механизмы) төмендегідей бірқатар мәселелерді шешеді:

1. Заң шығару нормаларымен анықталатын, дербес қол жеткізуді реттеуші жеке

ақпарат құпиясын қорғау.

2. Ақпаратқа қол жеткізу ережесін анықтайтын ақпарат құпиялылығын сақтау.

3. Құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың

ақпарат қауіпсіздігіне жол ашуы.

 

Ақпаратты түрлендіру жолымен қорғау мәселесімен криптология (kryptos -құпия, logos -ғылым) айналысады. Криптология екі бағыттан: криптография және криптоанализден тұрады. Бұл екі бағыттың мақсаты қарама-қайшы.

Криптография (cryptographic) – құпияжазу - ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым. Кодталынған хабарларды құрастырумен және оларды кері шифрлаумен шұғылданады. Өзге адамдардан ақпараттың құпиясын сақтап қалу криптографияның нeriзгi мақсаты болып табылады. Ақпаратпен заңсыз таныспақшы болған осындай адамдарды қаскөйлер (қаскүнемдер), жолдан ұстап қалушылар деп атайды.

Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеумен және зерттеумен шұғылданады. Криптография ақпаратты оқу (бұрынғы қалпына келтіру) тек оның кілтін білген кезде ғана мүмкін болатындай етіп түрлендіреді. Криптографиялық әдістерді қолданудың негізгі бағыттары мыналар: жасырын ақпаратты байланыс арналары (мысалы, электрондык пошта) арқылы тасымалдау, жіберілген хабарлардың шынайылығьш анықтау, ақпаратты - (құжаттарды, дерекқорларды) шифрланған түрде тасуыштарда сақтау.

Криптоанализ - ақпаратты кілтсіз кері шифрлау мәселесімен айналысады. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоаналитикалық зерттеулер негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның кілтін де ашуға мүмкін болады. Криптоаналитиқ шифрланған хабарды, немесе кілтті, немесе екеуін де оқуға мүмкіндік беретін криптожүйенің осал жерлерін ідеумен шұғылданады. Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ, алуан түрлі кіттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығын криптожүйе деп айтады.

Қазіргі криптография- 4 ірі бөлімнен тұрады:

1. Симметриялық криптожүйе

2. Ашық кілтті криптожүйе

3. Электрондық қол жүйесі

4. Кілт арқылы басқару

Криптографиялық әдісті пайдаланудың негізгі мақсаты байланыс арнасымен құпия (мысалы, электронды пошта) ақпарат беру, берілетін құжаттың түпнұсқасын бекіту, ақпарат тасушыларда ақпараттарды (деректер базасын, құжаттарды) шифрленген түрде сақтау. Автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері – түрлі типті есте сақтау құрылғыларында сақталатын және ЭЕМ-де өңделетін ақпараттарды қорғау үшін де қолданылады. Сонымен, криптография ақпаратты оқу немесе қалпына келтіру кілтті білгенде ғана орындалатындай етіп түрлендіреді. Ақпараттарды шифрлау немесе кері шифрлау ретінде кейбір әліпбиге құрылған мәтін қарастырылады.

Шифрлау (ciphering, encryption) – белгілі-біp адамнан басқалар оқи алмайтындай етіліп ақпаратты математикалық, алгоритмдік (криптографиялық) түрлендіру әдісі. Қабылдаушы жақ бұл ақпаратты дұрыс оқу үшін оны кepi шифрлауы керек. Шифрлау бөлшекті (әрбір кезекті бөлшек тәуелсіз шифрланады) және ағынды (әрбір таңба біp-бipiнен тәуелсіз шифрланады) түрде жүргізілуі мүмкін.

Кері шифрлау - шифрлауға кері процесс. Кілттің негізінде шифрланған мәтін бастапқы қалпына келетіндей түрде түрленеді.

Kiлт (key) – ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ, оған қол қою үшін арналған цифрлық кода. Ол барлық мүмкін варианттардан криптографиялық түрлендіру алгоритмі үшін тек бip варианты таңдауды қамтамасыз етеді. Кілттің ортақ, жеке меншік және құпия деп аталатын түрлері болады.

4. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

4.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Шарипбаев А. А. Информатика. – Астана, Нұржол, 2004

2. Могилев А.В. и др. Информатика. Учебное пособие для студентов вузов.-М.: Изд.центр «Академия», 2001

3. Абдрашева Г.К. Информатика. – Астана, ЕГИ, 2007

4. Абдрашева Г.К., Мухамедкалиева З.Н. Microsoft Excel. Электронные таблицы: учебно- методическая разработка. Астана: ЕАГИ, 2005

5. Ролланд, Фред, Д. Основные концепции баз данных.. Пер. с англ.Н.А. Ореховой М: Издательский дом "Вильямс", 2002

6. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А.Б. Новые технологии: 30 уроков по информатике: Учебник. Алматы: ИНТ, 2005

7. Демидович Е.М. Основы алгоритмизации и программирования. Язык Си: Учебное пособие. СПб: БХВ-Петербург, 2006

8. Куприянов А.И., Сахаров А.В., Шевцов В.А. Основы защиты информации: Учебное пособие. М: Академия, 2006

9. Демидович Е.М. Основы алгоритмизации и программирования. Язык Си: Учебное пособие.СПб: БХВ-Петербург, 2006

10. Степанов А.Н. Информатика. Базовый курс для студентов высших учебных заведений. Питер; 2011.

4.2.Қосымша әдебиеттер:

1. ҚР –да «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы / ҚР президентінің 10. 11. 2004 ж. №1471 Жарлығы/

2. Закон РК об электронном документе и электронной цифровой подписи от 07. 01. 2003 г

3. Экономическая информатика. Учебник /под. ред. В. П. Косарева –М: Финансы и статистика, 2004 г. -592 с.

4. Новая энциклопедия ПК. Самое полное и доступное руководство для пользователя. Начинающим и не только. /М: ЭКСМО,2003-512 с.

5. Мұқашева М. Ө., Андасова Б. З., Ермағанбетова М. А.. Информатика. Зертханалық практикум., 2006 ж.

6. Хорев П.Б. Методы и средства защиты информации в компьютерных системах: Учебное пособие.. М: Академия, 2005

7. Мельниченко В.В., Легейда В.В. Настоящий самоучитель компьютерной графики. Киев; СПб: Век+; Корона, 2005

8. Ванг У. Безопасная работа в Internet. Эффективный самоучитель..- Пер. с англ. М: ООО "ДиаСофтЮП", 2005

9. Сборник тестов по дисциплинам промежуточного государственного контроля группы специальностей технические науки и технологии. Астана: НЦГСОТ, 2007

10. Ермеков Н.Т. И др. Информатика:Учебник для 11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ.. Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ногайбаланова Алматы: Жазушы, 2007

11. Бурамбаева Н.А. Информатика: Учебное пособие к выполнению лабораторно- практических работ. Уральск: ЗКГУ им. М.Утемисова, 2006

12. Антонов А.В. Системный анализ: Учебник..- 2-е изд., стер. М: Высшая школа, 2006

13. Смит Бад, Бибек Артур Создание WEB-страниц для "чайников".. Пер. с англ. и ред. Ю.Н. Скороход М.: Вильямс, 2004


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 991 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк| СӨЖ МАТЕРИАЛДАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)