Читайте также:
|
|
Интеллект ұғымы латын тiлiнен енген – ақыл, ой, сана, адамның ойлау қабiлетi дегендi бiлдiредi. Сәйкесiнше жасанды интеллектуалды жүйе автоматты жүйенiң өзiне адамның арнайы интеллектуалды функциясының бiреуiн алуы бiр қасиетi ретiнде тал‹ыланады, мысалы, сыртқы әрекеттерге рационалдық талдау жасау арқылы бұрын алынған тәжiрибе негiзiнде таңдап алу және оптималды шешiмiн табуы.
Жасанды интелектуалды жүйе, адамзаттың интеллектуалды функциясы-ның машиналық моделдеуiмен байланысқан ғылыми бағыт ретiнде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болды. Жасанды интелектуалды жүйе негiзгi тарихи үш кезеңнен өттi.
Бiрiншi кезеңде оның зерттеу объектiсi ретiнде адам баласының миының жұмыс iстеу механизiмi мен құрылымы алынып, соңындағы мақсаты ойлау қабiлетiнiң жасырын құпиясын ашу болды. Бұл бағыттағы зерттеудiң негiзгi кезеңi болып, психофизиологиялық деректер негiзiнде моделiн тұрғызу, олармен эксперименттер жасау, интеллектуалды қызметтiң механизiмiне қатысты жаңа гипотездiң шығуы болып табылады.
Екiншi кезеңде зерттеу объектiсi ретiнде Жасанды интелектуалды жүйе қарастырады. Бұнда интеллектуалды әрекеттiң моделiн есептеуiш машинаның көмегiмен тұрғызады. Бұл бағыттағы мақсат – интеллектуалды есептi адамнан кем шешпейтiн есептуiш машинаның алгоритiмiн және бағдарламалық жабдықтауын құру.
Үшiншi кезеңi аралас машиналық адам құруға арналған интерактивтi интеллектуалдық жүйе. Бұл бағыттың негiзгi мәселесi табиғи және жасанды интеллектуалдық жүйенiң қызметтерiн анықтау және адам мен машина арасында байланысты орнату.
Бүгiнгi таңда Жасанды интелектуалды жүйе – күштi информатиканың бұтағы, фундаментi ретiнде, таза ғылыми негiзi бар, интеллектуалды жүйенiң эксплуатациялық түрлерiн шығарумен байланысты жан-жақты қолданбалы, техникалық дамыған.
Шешу қадамы белгiсiз кез-келген есептi жасанды интеллектуалды жүйеге жатқызуға болады. Мысалыға шахмат ойынын, медициналық диагностика, мәтiнге резюме құру немесе оның ағылшын тiлiне аудармасы – осы мәселелердi шешу үшiн нақты қадамы табылмаған. Жасанды интелектуалды жүйе тағы да екi қасиетiн атап өткен жөн болар символдық түрдегi ақпаратты қолдана алу және шарты анықталмаған кейбiр ақпаратларды таңдап алу қабiлетi бар.
Интеллектуалдық жүйе есептерiнiң iшiнде ең алғашқы болып логикалық есептер(шашки, шахмат) электронды есептеуіш машина көмегiмен шығарылды.
Жасанды интелектуалды жүйе әдiстерi қолданылатын бiрқатар негiзгi бағыттарды атап өтуге болады:
· Бейнелердi қабылдау және тану. Визуалды және мәтіндік ақпаратты
өңдеу барысында ақпаратты тану және логикалық талдау жасау.
· Математика және теореманың автоматты дәлелі.
· Есепті шешу. Берілген жағдайда “шешу” түсінігі кеңейтілген жағдайда қарастырылады. Есеп - күнделікті өмірден алынған оқиғалар, оны таңдау, талдау жасау арқылы шығару.
· Ойындар. Ойын да математиканың формальды жүйесі ретінде қарастырылып, оқиғаның ақырғы мәні табылып және бекітілген ережесі бойынша бір нәтижеге келу.
· Табиғи тілді түсіну. Тілді түсіну, оған талдау жасау, өңдеу, тілді түсінуге көмектесетін білімнің пайда болуын қамтамасыз ету секілді есептер қойылады.
· Сараптау жүйелерінде сараптау білімнің пайда болуы мен көрсетілуі. Сараптау жүйесі – қандай да бір нақты саланың өзіне мамандардың білімін жинақтауы – практикалық тәжірибесі мол, ғылыми салаларда көп сұранысқа ие болған, атап айтқанда автоматтандырылған проектілер, медициналық диагностика, химиялық синтез және анализ т.б.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 515 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Графиктiк файлдар форматтары | | | Сараптау жүйесі |