Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауқымды компьютерлік желілер

Формулаларды енгiзу | Мәнерлi мәтiн | Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру | Word-ты баптау | Excel экранын баптау | Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі). | Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру | Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу | Алгоритмнiң негiзгi қасиеттерi. | Дейiн» қайталау. |


Читайте также:
  1. Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
  2. рамды желілер

Ақпарат айналымындағы тұтынушылық және қазіргі техникалық жетістіктері ауқымды компьютерлер желісін мемлекеттер арасындағы байланыстың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Білімдік және ғылыми мақсаттарда, бизнес үшін, қаржы-экономикалық қызметте, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды тарату және т.б. қолданулар үшін көптеген глобалдық желілер құрылған.

Әлемдік бірлестікке кіретін, көптеген желіні қосатын және қолданушыға шексіз ақпарат ресурстарын беретін желіні Internet деп атайды. Желі, тор, Word Wide Web(WWW) сөздері де Internet сияқты мағынаны береді. WWW пен жұмыс істеу үшін қажетті ең белгілі бағдарламалардың бірі-Internet Explorer және Netscape Navigator.

Internet те жұмыс істеу үшін Internet ке қосылған компьютерге жалғану керек. Әдетте мұндай мүмкіндікті арнайы бағдарлама – провайдер (Internetке қосады) береді. Қызмет көрсету шартын құрғаннан кейін, Internetте жұмыс істеу үшін қажетті мәліметер беріледі. Үйде Internet ке қосылу телефондық желі арқылы жалғанады. Телефон желісі арқылы компьютерлік мәліметтерді беру үшін арнайы құрылғы-модемді қолдануға болады, ол арқылы факс алуға және жіберуге болады. Модем компьютерлік цифрлық ақпараттарын дыбыстық белгілерге жаңартып телефон желісі арқылы жібереді. Телефондық желінің арғы жақтағы модемі осыған кері процедураны орындайды. Қазіргі модемдер жақсы телефон желісінде болса 56 Кбит/с дейін жылдамдықта мәліметтерді жеткізеді.

Internet құрылымы. Ауқымды жүйенің құрылымын Internet ауқымды желісінің мысалында қарайық. 1995 ж дейін Internet желісі National Science Foundation (NSF) мен қаралды және қатан иерархиялық үш деңгеилі құрлымы болды.

Internet тің дамуымен және WWW-ң гипер мәтіндік жүйесінің пайда болуымен көптеген кәсіпорындар мен қолданушылар бұл желінің ақппараттар тарату үшін және әр түрлі жұмыс бабындағы операциялар үшін қымбат емес деген шешімге келді. Бұл Internet тің саудалық желіге айналуына әкелді. Сонда ол әжептеуір үлкейіп және байланыстар иерархиялық үш деңгейлі құрылымын көрсетуді қойды. Енді Internet желісі өзімен желілік қызмет көрсетудің аймақтық делдалдары қосылатын бір-бірімен байланысты коммуникациялық орталықтардың жиынтығын көрсетеді, яғни Internetте ауқымды желіге сәйкес құрылымы бар. National Science Foundation Internetтен кетер алдында 3 күшті коммуникациялық орталықтарды құрды: Нью-Йоркте, Чикаго және Сан-Франциско да. Кейіннен Шығыс пен Батыс жағалауларында және басқа да көп федералдық және саудалық коммуникациялық орталықтар құрылды.

Делдар мен тұтынушы өзара әрекеттері көп түйінді коммуникациялық жүйе арқылы орындалады.

Ауқымды желінің жұмыс принциптері. TCP/IP протокол байланысы үшін қолданылатын ауқымды желінің жұмыс принциптерін қарастырайық. Бұл протокол Internet желісінде де және басқаларының да негізінде жатыр. Желінің құрылымының негізін білген қолданушыға желінің әр түрлі ресурстарына кіру үшін көп істердің мағынасын түсінуге қолайлы.

Желінің архитектурасы. Архитектура желісінің негізіне хабарды берудің көп деңгейлі принципі жатыр. Төменгі деңгейде хабар өзімен алушы мен жіберушінің мекенжайы жазылған бит реттігін көрсетеді. Хабарлар желілік ақпаратпен пакеттерге бөлініп байланыс каналдарына беріледі. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың келесі деңгейлері желінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Интернетте TCP/IP пайдаланылады. Бұл әріптерTransmission Control Protocol/Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамаы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған.

Internetте мекен-жайлау. Желіде мәліметтермен алмасуда әр компьютердің өз жеке мекенжайы болуы тиіс. Жергілікті желіде компьютерлер мекен-жайы әдетте компьютерге орнатылған желілік тақта (Ethernet) мекенжайларымен анықталады. Түйін мекен-жайы 12-мәнді 16-лық сан. Жергілікті желінің әр сегментінде жүйелік мекен-жайы болады. TCP/IP протоколмен желілерде компьютерлер мен желілерді идентификациялау үшін 32-разрядты IP қолданылады. Бұл мекен- жайлар жазыларда төрт бөлікке бөлінеді. Әр 8-разрядты бөлігі 0 ден 255-ке дейін мән алуы мүмкін. Мысалы 234.049.123.255.

Әр желінің мекен-жайы Internet желісінің Ақпараттық орталығымен беріледі (NIC). Internet желісімен қолдану алдында кәсіпорын осындай мекен-жай алу үшін NIC-та тіркелуі керек. Егер сіз Internet желісіне қосылмасаңыз енді қосылайын деп жүрсеңіз сіздің жергілікті желіңізде IP-мекен-жайлауды қолдану мақсаттырақ болар еді. Мақсат-қажетті мекен-жай жүйелерін дайындау.

Ip мекен- жайлар желі көлеміне байланысты 3 классқа бөлінеді: А,В,С.

А классы үлкен желілерді мекен-жайға арналған және 7 разрядты бұл класс мекенжайына кіші мекенжай беріледі, 24-кіші мекен-жай компьютер ішінде; мұндай компьютерлер жиынтығымен желі сандары көп емес, теңі 127

В классы 14 разрядты желі мекен- жайына апарып және желі компьютерлер мекен-жайына 16-қ бар мекен-жай.

Көп орналасқан үлкен емес С классында желі мекен-жайына 21 разряд, компьютер мекен-жайына не бары 8 разряд апарылады. Осылай бұл желіде 255 компьютерден көп болмайды.

IP мекен-жайлар мен TCP/IP протоколымен хабарларды алуда және жіберуде қолданылады. Бірақ қолданушыға кейбір қызметтерді алу үшін басқа желі компьютерлерімен байланысты ұйымдастырғанда ыңғайлы емес. Сондықтан Internetте аттардың домналық жүйесі енгізілген (Domain Naim System-DNS). Бұл жүйеде желі компьютерлеріне қолдануға ыңғайлы сәйкес мекен-жайы тығылған аттар беріледі.

Аттардың домналық жүйесі. Internet ке қосылған компьютерлер мен желілерде домналық аттар деп аталатын белгілік иденфикаторлары болады. Бұл аттар желілер мекен-жайлары тәрізді NIC-та тіркеледі және Internet-тің мәліметтер қорында сақталады.

Домналық ат 2 бөлімнен тұрады: кәсіпорының иденфикаторы және нүктелерді бөлетін домна иденфикаторынан (жоғарғы деңгеилі домна). Мысалы, Microsoft.com. com- сауда мекемелерін идефикациялауда стандарт болатын домна идефикаторы болып табылады. Домна иденфикаторы edu білім мекемелеріне стандартты болады. NIC комитетіңде 6 стандартты иденфикаторлар тіркелген – екеуі айтылған (com,edu), сонымен қатар gov (басқару ұйымдары) mil (әскери ұйымдар) org (саудалық емес ұйымдар) net (желілік ұйымдар). Бұл домна иденфикаторларын АҚШ ұйымдары қолданылады.

Басқа мемлекеттерде домна иденфикаторлары ретінде мемлекет атының екі әріпі қолданылады.

Желінің домналық мекен-жайы нүктемен бөлінге аттардың ретін көрсетеді. Сонымен бірге қай компьютерге мекен-жай жататынын білу оңнан солға қарай жүреді. Мысалы nvp.eku.kz компьютер Қазақстанда(kz) экономика және қаржы университетінде (eku) орналысқанын және университет желісінде аты nvp.

Internetте аттарды мекен-жайға жаңартумен DNS жұмыс жасайды. Бұл жүйе IP мекен-жай орнына домна аттарын қолдануға мүмкіндік береді.

Internet қызметі көрсетуі. Internet қызметі «клиент-сервер» моделі негізінде құралған. Сервер анықталған желі қызметін сақтайтын бағдарлама деп аталады. Internet желісінің басқа түйініндегі қолданушылар бұл қызметке клиент-бағдарламасы арқылы кіре алады.

Интернетте көптеген қызметтер жұмыс ітейді. Ең танымалысы- электронды пошта (E-mail), WWW мәліметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесі және FТР файлдік архивтер жүйесі. Әр қызметтің өз хаттамасы болады.

Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы WWW(World Wide Web) жүйесінің және онымен байланыты хаттамалардың пайда болуынан туындаған-ды. World Wide Web қызметіндегі құжаттар үшін арнайы программалар-броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Брaузердің көмегі арқылы біз WWW құжатттарының көпшілігіне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелер і болады. Гиперсілтем е- бұл басқа Web-құжаттың адресі байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.

Ауқымды дүние жүзілік желі Internet серверлерімен берілетін белгілі қызметтерді қарастырайық.

Электрондық пошта. Желіде қолданушылардың қарым-қатынас құралдарының бірі электрондық пошта болып табылады.Электрондық поштаInternet-тің бастауы болған және ондағы қызмет көрсетудің белгілі бір түрі болып тұр. Ауқымды және жергілікті желілерде қолданылатын электрондық пошталар бір-біріне айырмашылықтары бар.

Электрондық поштаның кез келген жүйесі 2 негізгі кіші жүйелерден тұрады:

1. қолданушы әр дайым қарама-қатынаста болатын клиенттік ПҚ

2. қолданушы– жіберушіден хабарды алуды басқаратын, хабарды беретін, пошталық жәшікке жіберетін және оның қолданушы- алушы алғанша сол жәшікте сақталуын қамтамасыздандыратын сервердік бағдарламалық қамтамасыздандыру;

Электрондық пошта жүйесінің клиентік бағдарламаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі ортақ қызмет атқарады:

Папкамен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін бағдарламаларды да ерекше көрсетуге болады. Олар әр түрлі тақырыптағы хабарларды сақтау үшін өз папкаңды құруға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы және поштаны тезірек өңдеуге мүмкіндік береді.

Конференциялар. Internet –те үлкен атаққа хабарламалық электрондық тақталар немесе конференциялар деп аталатын ашық ақпараттық топтарға хабарды жіберуді және оқуды қамтамасыздандыратын жүйелер ие. Бұл жүйе дискуссия жүргізуге және әр түрлі тақырыпта ақпаратпен алмасуға арналған. Осы тақырыптың кез келгеніне, қолданушы дискуссияға қатысу үшін немесе жаңалықтар қарау үшін жазылуына болады.

Іздеу машиналары. Internet-те ақпаратты іздеу үшін сұрау бойынша желі де кездескен сұралынған ақпарат туралы барлық мағлұмматтарды табуға мүмкіндік беретін арнайы іздеу машиналары қолданылады. Ақпараттар табылғаннан кейін қолданушы арасынан реттеп өзіне керегін алады. Сонымен бірге іздеу машиналары іздеуде қолданылатын үлкен тематикалық каталогтарды құрайды.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 312 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 14. Компьютерлік желілер.| HTML. Сайт құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)