Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Word-ты баптау

Автоалмастыру. | Стильдер мен шаблондар | Мәтiндi тiзiмге түрлендiру. | Мазмұндар және нұсқағыштар | Объектілердi енгiзу | Бейненiң мәтiнмен байланысы. | Кестенi форматтау | Шi кесте. Өрiстерде қолданылатын функциялар | Формулаларды енгiзу | Мәнерлi мәтiн |


Читайте также:
  1. Excel экранын баптау

Word программасын баптаудың негiзгi функцияларын шақыру үшiн Word-тың «Сервис ® Настройка» және «Сервис ® Параметры» менюлерiнiң командалары қолданылады. «Сервис ® Настройка» командасы менюдiң түрiн және Word-тың аспаптар панелін өзгертуге мүмкiндiк бередi. Бұл команда бойынша баптаудың терезесi ашылады; мұнда менюдi және аспаптардың панелін редакциялауға болады.

Керектi команданың (мысалы «Редактор формул») белгiсiн тышқанның көмегiмен iлiп алып аспаптар панеліндегі керектi жерге апарып (бұл кезде орнататын жерде жуан таяқша пайда болуы керек) орнату керек.

«Панели инструментов» қыстырмасы Word-тың кез келген аспаптар панельдерін пердеге шығаруға және алып тастауға мүмкiндiк бередi. «Настройка» терезесiнiң «Команды» қыстырмасынан кез келген командаларды аспаптардың панеліне және менюлерге тышқанмен тасымалдауға болады. Бұдан басқа, «Настройка» терезесi ашық тұрған кезде аспаптар панельдерінің батырмаларын және менюдi бiр орыннан екiншi орынға тасымалдауға және көшiрiп алуға болады, менюдегi команданы аспаптар панеліне немесе керiсiнше тасымалдауға болады.

«Параметры» қыстырмасы аспаптардың панельдерінің батырмаларын iрi етуге, батырмаларға арналған анықтаманы бейнелеуге, анықтамаларға пернелердiң тiркесiн қосуға, ашылатын менюлердi бейнелеуде анимация эффектілерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл қыстырмада төменгi жолда «Клавиатура» батырмасы орналасқан. Егер оны бассақ «ыстық пернелердi» қалыптауға арналған терезе ашылады. Бұл терезенiң көмегiмен Word-тың кез келген командасына өзiңiзге ыңғайлы деп тапқан кез келген пернелер тiзбегiн бекiте аласыз. Сонымен қатар сiз өзiңiз жасаған программаларға да пернелер бекiте аласыз. Мұндайда Word-тың өзiнiң «шапшаң пернелерiн» қарап шыққан пайдалы. Өйткенi олар басқа ешқандай амал жоқ кезде де орындалады.

«Сервис ® Параметры» командасы арқылы ашылған терезенің кейбiр көп қолданылатын параметрлердi қарастырып өтейiк:

Ø Помнить список из: «Файл» менюi арқылы қол жеткiзуге болатын соңғы редакцияланған құжаттардың саны: 2-9 файлға дейiн.

Ø Единицы измерения: Word-пен жұмыс iстегенде өлшем бiрлiгiн таңдау: сантиметр, дюйм, пункт, пик.

Ø «Правописание» қыстырмасы емле мен грамматиканы тексерудiң параметрлерiн баптауға арналған.

Ø «Расположение» қыстырмасы жұмыс қапшықтарының адрестерiн анықтауға арналған.

Ескерте кететiн бiр жай Word-тың құжаттарын ашылатын құжатта автоматты орындалатын макропрограммалардың (ол макропрограммалар вирустар болуы ықтимал) әсерiнен қорғау Word-де ол “Общие” қыстырмасындағы “Защита от вирусов в макросах” жалаушасын қою арқылы атқарылады. Ал Word -тың одан кейінгі версияларында бұл жұмыс үшiн «Сервис ® Макросы ® Безопасность» командасы қарастырылған. Мұнда жоғары, орташа және төменгi дәрежедегi қорғау мүмкiншiлiктерi қарастырылған.

 

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру| Excel экранын баптау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)