Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стильдер мен шаблондар

Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау. | АРХИВАТОРЛАР. | Олданбалы бағдарламалық өнімдер. | Жаттардың бейнеленуiнiң режiмдерi | Мәтiндi енгiзу және редакциялау | Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу | Грамматиканы және емленi тексеру | Символды форматтау | Абзацты форматтау | Мәтiндi реттеу |


Құжаттың стильдерi – ол сол құжаттың әрбiр абзацтарының сыртқы бейнесiн анықтайтын рәсімдеу параметрлерi. Стильдiң негiзгi элементтерi:

Ø Абзацта қолданылатын қаріп;

Ø Абзацты теңестiру және оның шекарасын анықтау;

Ø Абзацтағы табуляциялардың (көрiнбейтiн бағандардың) орындары;

Ø Абзацтың тiзiмге жататындығы немесе жатпайтындығы;

Ø Абзацтың жиектелуi және түрлi түспен боялуы.

Стильдердi пайдалану құжатты форматтау уақытын азайтуға және құжатқа әшекейлi бейне беруге мүмкiндiк жасайды. Құжаттардың стильдерiн форматтау мәселесiне толығырақ тоқталайық.

Қолданушылардың өз стильдерiн жасауынан бастайық. Мысалы, сiзге абзацты рәсімдеуге арналған арнайы стильдi құру керек болсын. Абзац - Arial Cyr 12 қаріппен терiлген, беттiң оң жағы бойынша тегiстелген, 5% толтыруы бар жұқа жиектелген мәтiннен тұрсын делiк. Стильдердi жасау үшiн «Формат ® Стиль» менюiн қолданыңыз. Жаңа стиль құру үшiн стильдердiң терезесiнде «Создать» батырмасын басады.

Одан соң стильге ат қойып, оны «Имя» өрiсiне енгiзедi. «Формат» батырмасымен «Шрифт», «Абзац», «Обрамление» терезелерi шақырылады. Пердеге «Клавиша» батырмасымен «Настройка» терезесi шығарылады. Онда осы стильдi тез шақыруға арналған пернелер комбинациясын тағайындауға болады. Ол үшiн пернелердiң атауларын енгiзiп «Назначить» батырмасын шерту керек.

Стиль»терезесiнiң көмегiмен жаңа стильдер құру ғана емес, бұрыннан болған стильдердi де өзгертуге болады. Ағымдағы стильдi өзгерту үшiн «Изменить»батырмасын басыңыз. Сiз өзгерткен стильдер және барлық жаңа стильдер ағымды құжаттың шаблонына қосылады. Үндемеу бойынша бұл шаблон «Normal. dot».

Жаңа шаблон жасау үшiн ең оңай жол - жаңа құжат құрып, оны «Файл ® Сохранить как...» командасымен ашылған терезеде Имя файла: Стили, Тип документа: Шаблон докуметатүрiнде сақтау.

Сiз жаңа стильдерi бар жаңа шаблонды сақтағаннан кейiн (ол өздiгiнен құжаттардың тiзбегiнде емес, шаблондар сақталатын тiзбекте сақталынады), бұдан былай «Стили.dot» шаблонының негiзiнде жаңа құжаттар құра аласыз, сонымен бiрге басқа құжаттарда оның стильдерiн пайдалана аласыз. Шаблонды өзгерту үшiн, мысалы шаблондағы стильдердi өзгерту үшiн немесе оған жаңа стильдер қосу үшiн оны Word мәтiндiк процессорының терезесiне шақырып алу керек. Берiлген шаблонның негiзiнде жасалған құжатпен әрi қарай жұмыс iстеудi жеңiлдету үшiн осы шаблонда құжаттың алғашқы рәсімдеуiн жасауға болады - мысалы, хаттардың шаблонында iстелгендей. Егер Word менюiнiң «Файл ® Создать» командасы арқылы осы шаблонның негiзiнде жаңа құжат құратын болсақ, онда жаңа құжат бұл шаблонның стильдерiн ғана емес, рәсімдеудiң элементтерiн де бiрден мұра етедi.

Кез келген құжатта басқа шаблондағы стильдi қолдану үшiн сол шаблонды құжатқа қосуға болады. Дайын құжатты жылдам рәсімдеу көбiне осылайша iске асырылады. Ағымдағы құжатқа басқа шаблонды қосу үшiн «Сервис ® Шаблоны и надстройки» командасын берiңiз. Шаблондардың терезесiнде «Присоединить» батырмасын шертiңiз, шаблонның файлын таңдаңыз және оны құжатқа қосыңыз.

Құжаттың стильдерi қосылған шаблонның стильдерiмен жаңартылу үшiн «Шаблоны и надстройки» терезесiнде «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын орнату керек. Бұдан әрi құжаттың рәсiмделуi сыртқы шаблоннан тәуелдi болмау үшiн қайтадан «Шаблоны и надстройки» терезесiн ашып «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын алып тастау керек. Құжат пен шаблонның аралық байланысы үзiледi, бұдан соң құжатты басқа компьютерге рәсімдеудi жоғалтпастан көшiруге болады.

 

Стильдердi өзгертуге арналған диалогтік терезесі

 

Егер сiз құжатты белгiлi бiр шаблонның негiзiнде қалыптастырғаннан кейiн осы шаблонның стильдерiн түрлендiру қажет болып қалса, онда ол стильдердi осы құжатта «Формат ® Стиль» командасы арқылы редакциялау керек. Сонымен бiрге «Изменение стиля» терезесiнде «Добавить в шаблон» жалаушасын мiндеттi түрде орнату керек - осы жағдайларда стильдер тек құжатта ғана емес, шаблонда да өзгертiледi. Шаблондағы өзгерiс кейiн сiз құжатты сақтағаныңызда сақталады.

Тiзiмдер

Құжатты рәсімдеу кезiнде тiзiмдi пайдалану жиi кездеседi. Word-та тiзiмнiң екi түрiн пайдаланады:

Ø Таңбаланған (маркерленген) тiзiмдер - тiзiмнiң әрбiр элементi бiрдей маркермен (таңбамен) таңбаланады;

Ø Нөмiрленген тiзiмдер - тiзiмнiң әрбiр элементi кезек бойынша нөмiрленедi.

Тiзiмдi автоматты түрде қалыптастыру үшiн «бiр» цифрын нүктемен (1.) немесе жұлдызша (*) символын, одан соң бос орын (пробел) немесе табуляция белгiсiн енгiзу қажет.

<Enter> пернесiн басқан кезде келесi нөмiр немесе маркер автоматты түрде қосылады. Тiзiмдi аяқтау үшiн <Enter> пернесiн екi рет басу керек немесе <Backspace> пернесiн басып соңғы нөмiрдi немесе маркердi жою керек.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 463 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Автоалмастыру.| Мәтiндi тiзiмге түрлендiру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)