Читайте также: |
|
Мәтiннiң негiзгi мағыналық бiрлiгi абзац. Абзац деп Word-та абзацтың соңы таңбаларының (маркерлерiнiң) арасында орналасқан кез келген көлемдi мәтiндi айтады. Абзацтың маркерi – ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан «Непечатаемые знаки» « ¶» батырмасын басқанда пайда болатын және осы батырманың суретiндей символ.
Форматтау амалдары және теңестiру командалары абзацтың сыртқы бейнесiн өзгерту үшiн қолданылады. Абзацтың теңестiрiлуi - абзацтың мәтiнiн берiлген ережелерге сәйкес орналастыру. Көбiнесе мәтiннiң енi бойынша теңестiрiлуi туралы сөз жиiрек болады, яғни беттiң оң және сол өрiстерiнiң аралығында орналасқан жерi туралы.
Сол жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың барлық жолдары бiр нүктеден басталады, яғни абзацтың сол жағы тiк сызық бойымен орналасады.
Оң жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы туралы да осыны айта аламыз.
Енi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы да, сол жағы да бiрдей тiк болады.
Центр бойынша теңестiру кезiнде жол парақтың ортасы арқылы өтетiн тiк сызық бойынша симметриялы орналасады. Бұлай теңестiру көбiне тақырыптар үшiн қолданылады.
Кiтаптар, журналдар және де басқа баспа құжаттары енi бойынша теңестiрiлу арқылы қалыптастырылады.
Теңестiрiлу Форматтау аспаптар панеліндегі сәйкес батырманы (По левому краю, По центру, По правому краю, По ширине) таңдау арқылы iске асырылады.
Ендi абзацты теңестiрудiң тәсiлдерiн қарастырайық:
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Символды форматтау | | | Мәтiндi реттеу |