Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кестенi форматтау

Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу | Грамматиканы және емленi тексеру | Символды форматтау | Абзацты форматтау | Мәтiндi реттеу | Автоалмастыру. | Стильдер мен шаблондар | Мәтiндi тiзiмге түрлендiру. | Мазмұндар және нұсқағыштар | Объектілердi енгiзу |


Читайте также:
  1. Абзацты форматтау
  2. Жаттығу. Дискетаны форматтау.
  3. Символды форматтау
  4. Текстті форматтауға арналған тегтер

Кестенi форматтауды команда режiмiнде және интерактивтi режiмде орындауға болады. Команда режiмiнде «Свойства таблицы» (Таблица ® Свойства таблицы ) терезесi қолданылады.

Бұл терезенiқолданып бағандардың енiн «Таблица ® Свойства таблицы ® Столбец» және қатарлардың биiктiгiн «Таблица ® Свойства таблицы ® Строка», кестенiң парақта орналасу әдiсiн «Таблица ® Свойства таблицы ® Таблица ® Выравнивание», кесте мен оны жағалай орналасқан мәтiннiң байланысын «Таблица ® Свойства таблицы ® Таблица ® Обтекание» ағымды немесе ерекшеленген ұяшықтың параметрлерiн «Таблица ® Свойства таблицы ® Ячейка» өзгертуге болады.

Кестенi тышқанның көмегiмен де форматтауға болады. Кестенiң кез келген ұяшығына меңзер орнатылғанда терезенiң тiк және көлденең сызғыштарында оның әрбiр ұяшығының сызығының орнын көрсететiн белгiлер пайда болады. Егер осы белгiлерге тышқанның нұсқағышын жақындатса, онда жылжыту бағытын көрсететiн нұсқағыштар және түсiнiктеме пайда болады. Олар кестенiң кез келген сызығын жылжытуға мүмкiндiк бередi.

Кестенi жасау үшiн ұяшықтарды тiгiнен немесе көлденеңiнен бiрiктiрiп жiберу керек. Ол үшiн оларды ерекшелеу және «Таблица ® Объединить ячейки» командасын орындау керек.

Ұяшықтардағы мәтiннiң көлденеңiнен теңестiрiлуi абзацты форматтау сияқты орындалады. Тiгiнен (вертикаль) теңестiру «Свойства таблицы» терезесiнiң «Ячейка» қыстырмасының «Выравнивание» өрiстерiн (жоғарғы, орталық және төменгi) таңдау арқылы немесе контексті менюдiң «Выравнивание в ячейке» командасымен орындалады.

Мәтiннiң бағытын өзгерту контексті менюдiң «Направление текста» немесе «Формат®Направление текста» командасы немесе аспаптар панеліндегі «Направление текста» батырмасымен оындалды.Қатарларды немесе бағандарды алып тастау үшiн оларды ерекшелейдi. Әрi қарай «Таблица ® Удалить строки» немесе «Таблица ® Удалить столбцы» командаларын қолданады.

Егер жиектеудi және бояуды қолданса, онда кестенiң рәсімдеуiн айтарлықтай жақсартуға болады. Ол үшiн «Формат ® Границы и заливка» командасын беру керек. Пердеде «Границы и заливка» терезесi пайда болады.

Кестенiң сызықтарын рәсімдеу үшiн «Граница» қыстырмасы қолданылады. Кесте немесе кестенiң бөлiгiн рәсімдеудiң жиiрек қолданылатын ең жақсы әдiсi «тор (сетка)» - iшiнде жұқа торлауы бар қалың рама болып табылады. Кестенi түгелдей рәсімдеу үшiн меңзерді кестенiң iшiне орналастыру керек, ал кестенiң кез келген бөлiгiн (тiптi бiр ұяшық болса да) рәсімдеу үшiн мiндеттi түрде бөлiктi ерекшелеуге тура келедi.

Кестенiң фонын рәсімдеу үшiн «Заливка» қыстырмасы қолданылады.

«Страница» қыстырмасын пайдаланып параққа жиек жасауға болады. Тек «применить к» тiзiмi және басқа атаулар өзгеше. Мұндағы «Рисунок» ашылатын тiзiмiнен жиекке әшекейлеулер қолдануға болады. Аталған тiзiмнiң астында «Параметры» батырмасы орналасқан. Оны басып жиекке әртүрлi қасиет беруге болады

Егер құжаттағы деректi кестеге енгiзу керек болмаса, оларды бағандарға орналастыру үшiн табуляцияны қолдануға болады. Ол үшiн алдымен бағандардың болашақ орнын Word-тың терезесiнiң жоғарғы бөлiгiндегi сызғышта керектi жерде тышқанның сол жақ батырмасына басу арқылы белгiлеп алу керек. Әрi қарай әр бағанның дерегiн терген соң «Tab» пернесiн басса, меңзер келесi бағанның тұсына тоқтайды.

Егер табуляцияның таңбалағыштарына тышқанның меңзерiн орнатып сол жақ батырманы бассаңыз, бағанды көрсететiн үзiк сызық пайда болады. Бағандардың енiн өзгерту үшiн осы сызықты керектi жерге тасуға болады.

Баған бойынша орналастырылған мәтiннiң барлық мүмкiн параметрлерiн өзгерту немесе көру үшiн «Формат ® Табуляция» командасымен «Табуляция» терезесiн ашады.

Баған бойынша орналастырылған мәтiн кестеге оңай өзгертiледi. Ол үшiн оны ерекшелейдi, содан соң «Таблица ® Преобразовать в таблицу» командасын таңдайды. «Преобразовать в таблицу» диалогтік терезесiнде бағандардың саны және бағанның шекарасын анықтайтын жiк таңдалады. Егер барлық ерекшеленген жолдарда табуляцияның символдарының сандары өзара тең болса, Word бұл параметрлердi дұрыс тануы керек.

Керi өзгерту үшiн, яғни кестеден мәтiнге - барлық кестенi «Таблица® Выделить таблицу» командасымен ерекшелеу керек, ал содан соң «Таблица ® Преобразовать в текст» командасын таңдау керек. Тiк жiктердiң орынын көрсететiн символды (өздiгiнен табуляцияның символы) таңдауға арналған диалогтік терезесi пайда болады.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бейненiң мәтiнмен байланысы.| Шi кесте. Өрiстерде қолданылатын функциялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)