Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейненiң мәтiнмен байланысы.

Мәтiндi енгiзу және редакциялау | Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу | Грамматиканы және емленi тексеру | Символды форматтау | Абзацты форматтау | Мәтiндi реттеу | Автоалмастыру. | Стильдер мен шаблондар | Мәтiндi тiзiмге түрлендiру. | Мазмұндар және нұсқағыштар |


Құжаттың мәтiнiндегi бейнелердiң қасиеттерiн баптауға арналған аспаптардың негiзгi бөлiгi «Настройка изображения» (Бейненi баптау) аспаптар панелінде шоғырланған (Вид ® Панели инструментов ® Настройка изображения).

Бейненiң мәтiнмен байланысын басқару «Формат ® Рисунок» командасымен ашылатын «Формат рисунка» диалогтік терезесiнiң «Положение» қыстырмасы немесе «Настройка изображения» аспаптар панелінің «Формат рисунка» батырмасы арқылы орындалады.

 

 

 

В тексте» басқару элементi бейненiң мәтiндiк жолға ендiрiлуiн қамтамасыз етедi. Қалған элементтер айнала орналасудың бiрiн таңдау үшiн қолданылады. Яғни,бейненiң мәтiнмен байланысы екi түрлi болады: жолға ендiрiлген (inlinе) және еркiн (flоаting).

Бiрiншi жағдайда («В тексте» басқару элементi арқылы ) бейне дара символ сияқты қарастырылады: мәтiндi редакциялау барысында бейне мәтiнмен бiрге жылжиды: <Delete>, <Backspace> пернелерiн басқанда алынып тасталынады және мәтiннiң қай жерiне орналастырылса, сол жерiнде қала бередi (егер тышқанмен әдейi тасымалдамасаңыз).

Ал, екiншi жағдайда еркiн орналасқан бейненiң орыны енгiзу позициясымен байланысты емес. Бейне мәтiнмен айнала орналасу (обтекание) арқылы әрекеттеседi. Мәтiндi редакциялау оған әсер етпейдi.

Бейненi көшiрiп алуға, орынын алмастыруға және алып тастауға болады. Бейненi ерекшелеу үшiн оның кез келген жерiнен тышқанмен бiр рет шерту жеткiлiктi. Ерекшеленген бейненiң өлшемдерiн өзгертуге болады. Оны тышқанның көмегiмен немесе «Формат рисунка» терезесінің «Размер» қыстырмасында өлшемдерді тiкелей көрсету арқылы орындайды.

Бейнеде тек қана қажеттi мәлiмет қалу үшiн оның шеттерiн (жиектерiн) кесуге болады. Ол үшiн бейненi ерекшелгенде пайда болатын «Настройка изображения» аспаптар панеліндегі «Обрезка» батырмасын басады. Одан соң бейненiң шеттерiнен немесе бұрыштарынан тышқанмен тартады. Кесу аяқталған соң батырманы қайта жiбередi.

Суреттi мәтiннiң бөлiгi ретiнде орналастыру үшiн «Поверх текста» жалаушасын қоспау қажет. Сонда сурет құжатқа символ «құқығында» салынады, басқаша айтқанда бет бойынша суреттiң орынын ауыстыруды әдеттегi абзацтармен жұмыс iстеу әдiстерi бойынша iске асыруға болады - абзацтарды форматтау, бос абзац орналастыру және тағы сол сияқтылар. Егер сурет мәтiннiң үстiне орнатылса, онда суреттiң орынын бет бойынша тышқанмен алмастыруға болады. Бұл әдiстi тек қана беттерде мәтiн болмаған жағдайда қолданған ыңғайлы, керi жағдайда суреттiң орынын ауыстырудың нәтижелерiн алдын-ала болжау қиын. Сондықтан мәтiнмен толтырылған беттерде бұл әдiстi қолданбаған жөн.

Есте сақтаңыз! Егер бейненi құжаттың iшiнде редакцияласаңыз, онда ол өзгерiстер бейненiң алғашқы файлына әсер етпейдi. Тiптi бұл жағдайда құжаттағы бейне өзiнiң бастапқы файлымен аралық байланысын үзедi. Егер бейненiң редакциялануы кездейсоқ болып қалса, «Закрыть рисунок» батырмасын басып, редакциялаудың режiмiне өтудi жою үшiн «Правка ® Отмена» командасын орындау керек.

Дегенмен, кейде бейненi Word құжатында редакциялаған (мысалы, бейнеге түсiнiктеме жазу) ыңғайылырақ болады. Ол үшiн редакциялау режiмiне көшу мiндеттi емес - Word терезесiндегi аспаптар панелінде «Рисование» батырмасын жай ғана шертiп Сурет салу аспаптар панелін ашуға және сол жақтаудың құралдарын пайдалануға болады.

Кестелер

Кесте түрiндегi деректер көрнектi. Word-та кестелердi қалыптастырудың кең мүмкiндiктерi бар. Олар:

Ø Стандартты аспаптар панелінде «Добавить таблицу» батырмасы;

Ø «Вставка таблицы» диалогтік терезесi («Таблица Ò Вставить Ò Таблица»);

Ø «Таблицы и границы» таблицаны сурет түрiнде салу құралы («Таблица Ò Нарисовать таблицу»);

Ø Табуляция арқылы.

Жаңа кестенi құру үшiн Word-тың аспаптар панелінің «Вставить таблицу» батырмасын қолданған өте қолайлы. Осы әдiспен жасалған кестелердi «ТаблицаÒВставить» командасын пайдаланып әрi қарай жетiлдiруге, яғни бағандар мен қатарлар қосуға болады.

«Таблица ® ВставитьÒ Таблица» командасын күрделiрек кестелер жасау үшiн пайдаланады. Ол қатарлар және бағандардың санын, бағандардың енiн беретiн «Вставка таблицы» терезесiн ашады. Егер нақты өлшемдердiң орынына параметр Авто қойылса, онда Автоподбор ( өздiгiнен таңдау ) режiмi iске қосылып, соның арқасында бағандар оларда болатын мазмұнмен сәйкес икемделiнiп форматталына алады. Автоподбор режiмiнiң келесi ауыстырып қосқыштары бар:

фиксированная ширина столбца – кестенiң жалпы енi құжаттың өрiсiнiң енiне тең. Ал, әрбiр бағанның енi тұрақты және бағандардың санынан тәуелдi болады (режiм баспа құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).

по содержимому - әрбiр бағанның енi оның iшiндегi мазмұнның көлемiне пропорционалды (режiм мәтiндiк процессордың форматында таратылатын электрондық құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).

по ширине окна Web-беттерде орналастырылатын кестелерге арналған арнайы режiм терезесi (кестенiң ақырғы форматталуы оны жасау кезiнде емес, оны көру мезгiлiнде болады).

Бұл аспаптардың көмегiмен кестенiң сызықтарын басқа түске бояу, жуандату, жiңiшкерту, стилiн өзгерту (мысалы, үзiк сызықпен немесе қосарланған сызықпен сызу) сияқты өрнектеуден басқа, жазылған жазуды өзгертуге (жазылу бағытын өзгерту, ұяшықтың ортасына немесе шеттерiне таяу орналастыру) болады. Сызықтарды жою үшiн «Ластик» батырмасы қолданылады. Кестенi түгелдей ерекшелеу «Таблица Ò Выделить Ò Таблица» командасымен орындалады. Бiрнеше бағандардың енi бiрдей болу үшiн оларды ерекшелеп, одан соң аспаптар панелінің «Выровнять ширину столбцов» батырмасын басады. Қарапайым қосу немесе реттеу амалдарын да орындауға болады, бiрақ егер жазуды қиғаштай жазу, немесе қиын математикалық амалдар орындау керек болса, немесе өте күрделi кестелердi жасау керек болса аспаптар панелінің «Добавить таблицу Excel» батырмасын пайдаланған жөн.

Кестенiң ұяшықтарында бiртiндеп орын ауыстыру үшiн < Tab> пернесiн, ал керi орын ауыстыру үшiн < Shift+Tab> пернелерiн қолданады.

 

Кестенiң құрылымын редакциялау

Кестенiң құрылымын редакциялау келесi амалдардан тұрады:

 қатарлар қосу;

 бағандар қосу;

 ерекшеленген ұяшықтарды, қатарларды және бағандарды жою;

 ерекшеленген ұяшықтарды бiрiктiру;

 ерекшеленген ұяшықтарды бөлу.

Бұл амалдар «Таблица» менюiнiң командалары немесе ерекшеленген объектінің контексті менюi арқылы орындалады.

Word -тың кестенi өңдейтiн құралдары күрделiрек болғандықтан оның менюiндегi командалардың барлығын толықтай келтiрудi жөн көрдiк:

Кестеге жаңа баған қосу үшiн оның орнына көршiлес баған ерекшеленуi керек. Ол үшiн «Таблица ® Выделить Ò Столбец» командасын пайдалану немесе ол бағанның жоғарғы шекарасына тышқанның нұсқағышын орналастырып шерту жеткiлiктi. Баған ерекшеленгеннен кейiн «Таблица ® Добавить Ò Столбцы слева (справа)» командасын беру керек. Жаңа баған пайда болады, ал ерекшеленген баған оңға (солға) жылжиды.

Кестенiң төмен жағына жаңа қатар қосу үшiн кестенiң ең соңғы ұяшығына меңзерді орналастырып, одан соң «Tab» пернесiн бассаңыз болғаны. Сонымен қатар «Таблица ® Добавить ® Строки выше (ниже)» командасын беруге болады.

Кестеге көптеген өзгерiстердi тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы iстеуге болады.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Объектілердi енгiзу| Кестенi форматтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)