|
Miсrоsоft Word-тың алтыншы версиясынан бастап құжаттарды бейнелеудiң бiрнеше режiмi бар.
Әдеттегi (Обычный) режiмде құжаттың тек қана мазмұны бейнеленедi, яғни баспа беттерге шығарылатын рәсімдеудiң элементтерi (колонтитулдар, колонцифрлар, сiлтемелер және тағы сол сияқтылар) бейнеленбейдi. Беттердi бөлу шекаралары үзiк-сызықшамен бейнеленедi. Бұл режiм құжатты форматтаудың бастапқы (мәтiннiң енгiзу, редакциялау, пiкiр беру) кезеңдерiнде ыңғайлы.
Web-құжат режiмiнде экрандық көрiнiс құжаттың баспа бейнесiмен дәл келмейдi. Яғни WYSIWYG қағидасы бұзылады, бiрақ электрондық құжаттың бейнесiн қандай құрылғы арқылы көретiнiмiз алдын ала белгiсiз болғандықтан, ол World Wide Web электрондық құжаттарына тән қасиет. Электрондық құжаттар үшiн баспа бет ұғымының мағынасы болмайды, сондықтан құжаттың беттерiне тағайындалған параметрлер ескерiлмейдi.
Таңбалау режiмiнде құжаттың экрандық бейнесi оның қағазға басып шығарғандағы бейнесiмен, тiптi тағайындалған параметрлерiне дейiн, айнымай толық сәйкес болады. Бұл көрiнiс баспаға басып шығаруға арналған құжаттардың мәтiнiн форматтау үшiн өте ыңғайлы.
Құрылым көрiнiсiнде құжат өзiнiң құрылымымен бiрге бейнеленедi. Бұл көрiнiс құжатты қалыптастыруды оның мазмұнының жоспарын жасаудан бастаған жағдайда пайдалы. Бұл көрiнiстi iске қосқанда аспаптар панелінде көмекшi Құрылым панелі автоматты түрде ашылады. Ол жақтау құжаттың құрылымын басқаруға мүмкiндiк бередi.
Құжаттың бейнесiнiң жоғарыда айтылған төрт көрiнiсiнiң бiрiн таңдау терезенiң сол жақ төменгi бұрышында орналасқан командалық батырмалар көмегiмен немесе Вид менюiнiң командаларымен орындалады.
Сонымен қатар Вид менюi арқылы арнайы Құжаттың cхемасы (бесiншi көрiнiс) көрiнiсiн iске қосуға болады. Бұл көрiнiсте программаның терезесiнiң жанында екi жұмыс панелі пайда болады. Сол жақ жақтауда құжаттың құрылымы ұсынылады, ал оң жақ жақтауда құжаттың өзi бейнеленедi. Бұл көрiнiсте таңбалау көрiнiсiнiң де және құрылым көрiнiсiнiң де жетiстiктерi бар болғандықтан, оны құжатты қалыптастыру кезеңiнде емес, көлемдi және күрделi құрылымды құжаттарды көру кезiнде қолдану ыңғайлы.
Құжатты алдын ала көру үшiн қолданылатын тағы да екi көрiнiс Файл менюiнде. Электрондық құжаттар үшiн «Файл ® Предварительный просмотр Web-страницы», ал баспаға шығарылатын құжаттар үшiн «Файл ® Предварительный просмотр» командалары қолданылады. Құрылған құжат бiрiншi жағдайда броузердiң терезесiнде Web-бет сияқты бейнеленедi (оның Miсrоsоft Internet Eхрlоrеr 5.0-шi броузер болғаны жөн). Екiншi жағдайда құжат арнайы терезеде бейнеленедi.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Олданбалы бағдарламалық өнімдер. | | | Мәтiндi енгiзу және редакциялау |