Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Олданбалы бағдарламалық өнімдер.

Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау | Компьютердің логикалық элементтерінің белгіленуі | Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар. | ЭЕМ даму буындары | Жады түрлері | Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. | Операциялық жүйелердегі (ОЖ) негізгі ұғымдар мен белгілер. | Олданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру және оның даму тенденциялары | Дәріс 6. Windows операциялық жүйесі. | Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау. |


Читайте также:
  1. Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
  2. Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау.
  3. Олданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру және оның даму тенденциялары

 

1. Қолданбалы бағдарламалық өнімдер топтамасы.

2. Жалпыға қолданылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

3. Арнайы қолдананылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

Қолданбалы бағдарламаларды iске јосу.

Сiлтеу бағдарламасының қолданбалы бағдарламаларды iске қосу бiрнеше жолмен жүргiзiледi, олар:

- бағдарламаның командалық (негiзгi) файлын таңдап алып, тышқанды екi рет шерту (Enter пернесiн басса да болады) керек;

- өңделуге тиiс құжаттық файл шартбелгiсiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес бағдарламалық файл iске қосылып, оның терезесiне құжаттық файл шақырылады;

- құжаттық файл шартбелгiсiн тышқанмен iлiп алып (сол жақ батырмасын басып тұрып), оны сол файлдың негiзгi бағдарламасы белгiсiне жеткiзу де жеткiлiктi.

Мәтiн редакторы. MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол- мәтiндiк және графикалық ақпаратларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.

Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiнгi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макробағдарламалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.

Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау.

Word-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциалық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған Word редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:

1.Басқару тақтасындағы Iске қосу (Пуск) менюiнiң Орындау (Выполнить) командасының көмегiмен, бұл тәсiл редакторының қосымша параметрлерiн iске қосуға арналған.

2. Бағдарламаларды Microcoft Office тобындағы Word шартбелгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.

4.Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:

- Файл – Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

- Word негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

- Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегi жүйелiк меню белгiсiне алып барып, тышқанды екi рет шерту немесе батырманы бiр рет басып, менюдiң Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

- Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

- Тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу.

Егер бағдарламамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз(Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Формулалар редакторы. Word бағдарламасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спекторлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер, т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтерден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қарiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.

Формулалар редакторын iске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрiстiру – Объект - Microsoft Equation (Вставка – Объект - Microsoft Equation) менюi операциаларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.

Егер объектiлер типi тiзiмiнде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесi әрекеттердi орындау қажет:

- Microsoft Wotd Folder бумасында орналасқан Word Commands iшкi бумасын ашу;

- Формулалар редакторын бейнелейтiн суретте тышқанды екi рет шерту;

- Фрмулалар редакторы терезесiн онда шықпай-ақ жабу;

- Word –тан формулалар редакторын шақыру.

Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АРХИВАТОРЛАР.| Жаттардың бейнеленуiнiң режiмдерi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)