Читайте также: |
|
Пiкiр беру деп екi процестi түсiнуге болады: мәтiндi редакциялау кезiнде өзгерiстердi тiркеп отыру және мәтiнге түсiнiктеме беру. Әдеттегi редакциялаудан айырмашылығы - пiкiр беру кезiнде құжаттың мәтiнi бiржола өзгермейдi –жаңа вариант және ескi вариант бiр құжаттың шеңберiнде әртүрлi версиялар құқығында «қатар болады».
Пiкiр берудiң негiзгi құралы «Рецензирование (пiкiр беру)» панелі болып табылады («Вид Ò Панели управления Ò Рецензирование).
Жақтауда келесi iс-әрекеттерге арналған басқару элементтерiнiң төрт тобы көрсетiлген:
Ø қалыптастыру, көру және ескертулердi жою үшiн;
Ø тiркеу, көру, қабылдау және өзгерiстердi орындатпау үшiн;
Ø ескертулердi ерекшелеудiң түсiн таңдау үшiн;
Ø құжаттың версияларын сақтау үшiн.
Ескертулердi қалыптастыру үшiн «Добавить примечание» батырмасы қолданылады. Оны қолданған кезде мәтiннiң соңғы сөзi берiлген түспен ерекшеленедi және ескертудi енгiзуге арналған қосымша жақтау ашылады. Ескерту қалыптастырылған соң, оны қалқымалы анықтама формасында қарап шығуға болады (ерекшеленген сөзге тышқанның нұсқағышын апару арқылы). Ескертудiң мәтiнiмен бiрге оны кiмнiң қалыптастырғаны туралы мәлiмет бейнеленедi.
Мәтiндегi өзгерiстердi тiркеу үшiн «Исправления» батырмасы қолданылады. Дұрыстауларды тiркеу режiмiндегi мәтiннiң барлық редакциялануы авторлық емес болып есептелiнедi де, айрықша әдiспен ерекшеленедi (ерекшелеудiң әдiсiн «Сервис–Параметры» диалогтік терезесiнiң «Исправления» қыстырмасында беруге болады). Жақтаудың қалған басқару элементтерi дұрыстаулар бойынша аралық өтулердi орындап, оларды қабылдауға немесе қабыл алмауға мүмкiндiк бередi.
Егер құжат көп деңгейлi редакциялауды өтсе, оның аралық версиясын сақтау қажеттiлiгi жиi кездеседi. Miсrоsоft Word құжаттың бiрнеше версиясын бiр файлда сақтауға мүмкiндiк бередi. Бұның ыңғайлылығы – бiрнеше версияны сақтау кезiнде (бiрнеше көшiрмелерден айырмашылығы) дискiдегi орын тиiмдi қолданылады. Кезектi версияны сақтау кезiнде құжат түгелдей қайтадан сақталынбайды – тек қана ағымдағы версияның алдыңғы версиядан айырмашылығы сақталады. Ағымдағы версияны сақтау үшiн «Рецензирование» панелінің сәйкес батырмасын немесе «Файл–Версии...» командасын қолданады.
Ашылған диалогтік терезесінде бірінші рет версиялар тізімі бос болады, өйткені әлі ешқандай версия сақталынған жоқ. Сохранить батырмасын басып, кезекті версияны сақтайды. Экранда осы версияны сипаттайтын түсіндірме (комментарий) енгізуді сұрайтын терезе пайда болады. Түсіндірме мәтінді енгізіп, Ок батырмасын басу керек. Құжаттың версиясы сақталады.
Бұдан былай бұл құжатпен жұмыс істеу әдеттегі құжатпен жұмыс істегенмен бірдей болады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мәнерлi мәтiн | | | Word-ты баптау |