Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритмнiң негiзгi қасиеттерi.

Бейненiң мәтiнмен байланысы. | Кестенi форматтау | Шi кесте. Өрiстерде қолданылатын функциялар | Формулаларды енгiзу | Мәнерлi мәтiн | Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру | Word-ты баптау | Excel экранын баптау | Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі). | Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру |


1. Дискреттiлiк – нұсқаулардың тiзбек құратынын, әрбiр тiзбек келесiге көшкенде орындалып болуын және олардың орындалуы жеке қадам жасауды талап ететiнiн көрсетедi.

2. Анықталғандық – алгоритмнiң әрбiр қадамы нақты бiр адамы анықтауы керек екенiн және келесi қадамда не орындалатындығы айқын болуын талап етедi.

3. Нәтижелiк – алгоритмнiң орындалуы нақты нәтиже беретiндiгiн бiлдiредi.

4. Жалпыламалық – алгоритмнiң жеке бiр есеп үшiн емес, осы сияқты есептердiң бүкiл тобына арналғандығын көрсетедi.

Алгоритмнiң блок-сұлбасын мынадай геометриалық фигуралар арқылы бейнелеу келiсiлген.

 
 


- эллипс, алгоритмнiң басы және соңын белгiлеу

- параллелограмм, берiлгендердi енгiзу немесе шығару амалын бейнелеу

- тiктөртбұрыш, меншiктеу амалы не кез-келген әрекеттi бейнелеу

 

- ромб, берiлген шартты тексерудi бейнелеу

 

- мәлiметтердiң берiлу бағытын көрсетедi

 

Есептiң шартына сәйкес алгоритмегi әрекеттер өзiнiң жазылу ретiне сәйкес тiзбектелiп не белгiлi бiр шартқа байланысты тармақталып не болмаса қайталанып орындалады. Алгоритмлегi әрекеттердiң орындалу тәртiбi белгiлi бiр нұсқаулар бойынша басқарылады. Осындай нұсқауларды басқару құрылымдары деп атайды.

Басқару құрылымдарының үш түрi бар: сызықтық (тiзбектеу), тармақтау және қайталау.

СЫЗЫҚТЫҚ:Сызықтық түрдегi алгоритмнiң блок-сұлбасы басқару құрылымы бiрнеше қарапайым әрекеттердiң тiзбегiнен бiр күрделi әрекет құрастыруға болатындығын көрсетедi. Сызықтық түрдегi алгоритмде операторлар бiртiндеп ретiмен орындалады.

Сызықтық алгоритмнiң қарапайым блок-сұлбасы:

 

 
 

 

 


Мысалы, ұшбұрыштың үш қабырғалары а, в, с берiлген, оның ауданын есептейтiн алгоритм жазыңыз.

 
 

 

 


ұшбұрыштың ауданын анықтау блок сұлбасы

 

ТАРМАҚТАУ:Тармақталган алгоритмде басқару шарттың орындалу –орындалмауына байланысты берiлген екi бағыттың бiреуiне берiледi, яғни бұл басқару құрылымы белгiлi шарт бойынша әртүрлi әрекеттердiң бiрiн орындауға болатындығы көрсетедi. Тармақталған алгоритмнiң қарапайым блок-сұлбасы:

 

           
   
 
   
 
 

 

 


Иә жоқ

           
 
 
   
 
   

 

 


ҚАЙТАЛАУ: Қайталау алгоритмiнде бағдарламаның белгiлi бiр бөлiгi, қандай да бiр шарттың орындалуына байланысты бiрнеше рет қайталанады, яғыни басқару құрылымы қайталау денесi деп аталатын белгiлi бiр әрекеттiң орындалуын бiрнеше рет қайталау керек дегендi көрсетедi. Қайталау саны белгiлi бiр шартқа байланысты не алдын –ала белгiлi болады. Белгiлi шартқа байланысты қайталаудың екi түрi бар:

1. «әзiрге» қайталау;

2. «дейiн» қайталау.

Қайталау саны алдын-ала белгiлi болса, оны «параметрлiк» қайталау дейдi.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу| Дейiн» қайталау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)