Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Графиктiк файлдар форматтары

Word-ты баптау | Excel экранын баптау | Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі). | Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру | Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу | Алгоритмнiң негiзгi қасиеттерi. | Дейiн» қайталау. | Дәріс 14. Компьютерлік желілер. | Ауқымды компьютерлік желілер | HTML. Сайт құру |


.BMP - суреттер мен фотографияларды сақтауға негiзделген файлдың форматы.

.JPG - түрлi түстi фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түстi бейнелер үшiн тиiмсiз.

.GIF – аз түстi бейнелер үшiн ең тығыз графиктiк формат (сурет иллюстрациялар үшiн)

.TIF – полиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрiнбейтiн қосымша слой-каналдардағы бейнелердi файлға сақтауға мүмкiндiк бередi.

.PSD – Photoshop-та сақталынған және өңделген бейне.

Графикалық редактор – графикалық бейне түрiндегi суреттердi салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Қазiргi кезде нүктелiк (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екi түрi белгiлi. Нүктелiк графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кiшкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердiң әрқайсысы түрлi түске бояла алады.

Paint (Paintbrush)- Windows жүйесiнiң стандартты бағдарламалар тобына кiретiн қарапайым нүктелiк графикалық редактор. Paint өзiнiң мүмкiндiктерi жағынан профессионалды графикалық редакторлардан бiршама төмендеу болғанымен ол едәуiр күрделi әрi тартымды, түрлi-түстi және ақ-қара суреттердi, сұлбаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкiндiк бередi. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Графикалық редакторлар: Adove Photoshop, CorelDRAW

Графикалық программалардың көмегімен жұмыс жасайтын барлық кескіндер екі классқа бөлінеді: пикселдік және векторлық..

Photoshop – бұл фотография мен суреттердi редакторлеу мен құруға негiзделген программа.

Adobe Photoshop программасы – Adove фирмасының өнімі, нүктелі графика бағдарламасы, яғни бұл программадағы бейнелер нүктелерден, пиксель деп аталатын ұяшықтардан тұрады. Бұл аббревиатура ағылшынның екі сөзінен picture element құралған бейнелер элементі деген мағынаны білдіреді.

Пикселдік (нүктелік) кескінді массивтік кескін деп атайды. Әр пикселге түс беріледі. Пикселдік кескіннің ең жақын аналогі мозайка болып табылады. Пикселдік кескін пикселдеден тұратындай мозайкада жеке түрлі-түсті әйнекшелерден тұрады-смальта. Аз көлемді смальталармен жекеленген бөліктер көзге көрінбей мозайкалық кескінді құрайды – адам көзі кескінді біртұтасқып қабылдайды. Бұл құбылыс визуалды құбылыс деп аталады және ол компьютерлік графикада үлкен роль атқарады.

Кескін кез-келген компьютердің мониторанда — пиксельдік, және ол үлкейткін әйнектен өтке жақсы көрінеді.

Басу құрылғыларының көбі қағаз бетіне пикселдік кескін басып шығарады.

Вектролық кескін компьютерлік графикада күрделі және әртүрлі графикалық объектілер деп танылған. Векторлық кескінге қарапайым геометриялық фигуралар да енгізілген (шеңбер, эллипс, тіктөртбұрыш, көпбұрыш, тік және доғал қисық сызықтардың кескіні).

Векторлық графиканың ең негізгі қасиеті ол геометриялық объектілер немесе класстарын басқару объектілерінің параметрлерін және сыртқы бейнесін анықтайды.

Мысалы, шеңбер үшін басқару параметрлері диаметр, түс, түр, сызықтың көлемі және ішкі ауданының түсы болып табылады.

Векторлық кескін компьютер жадында пикселдік кескінге қарағанда күрделірек бірақ ол шағын ғана болады. Ол кескіннен құралған тізімнің барлығын болады тағы сол сияқты ол әр объектінің қай классқа қатысты екенін және басқару параметрлерінің мәнін көрсетеді.

Вектрлық кескінге өмірде аналог таңдау өте қиын.

Векторлық кескін математикада – графикалық функция. Көбінесе векторлық кескін экран бетіне немесе басу құрылғысынан шығар алдында нүктелік кескінге айналады.

Компьютерлік графикада бұл құбылыс рендерингом деп аталады.

Пикселдік кескіннің басты кемшілігі пикселдің анықталған көлемінен тұрады. Сондықтанда кескінді үлкейтіп және кішірейткен кезде кескіннің түрі бұзылып кетеді.

Кескінді үлкейткен кезде біріне-бірі тығыз тұрған пикселдердің арасы босап ашық орын қалады. Оны еш нәрсемен толтыра алмаймыз, тек қасындағы тұрған пикселдің көшірмесін қоймасақ. Бұл кескінді үлкейткендегі пикселдің көлеміне тепе-тең. Бірақ пикселді қатты үлкейтуге болмайды — өте үлкен пикселдер адам көзіне дұрыс көрінбей кескін бұзылады. Машиналық графикте бұл құбылысты түрдің бұзылуы. Түрдің ауысуы деген түсінік ол вектролық кескіннен пикселдік кескінге ауысуы немесе бір пикселдік кескіннің екінші пикселге параметірімен ауысуы болып табылады. Кескінді сақталған көлемімен кішірейткен кезде бірқатар пикселдер түсіп қалып ақпараттың бір бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Пикселді кішірейткенмен де құрылғылар (дисплей, басу құрылғысы) өте кішкентай пискелдерді қабылдамайды –нәтижесінде кескіндердің түрін ажырату қиынға түседі.

Пикселдік кескіннің бастапқы сақталған көлемін тек қана екі, үш есе үлкейтуге болады. Егерде осы ереже сақталмаса онда кескінде — толқын түрлес сызықтар, нүктелер немесе торлар пайда болады. Олардан құтылудың өзі де қиынға соғады.

Пикселдік кескіннің екінші кемшілігі ішкі құрылымының болмауы.

Пикселдік кескіннің үшінші кемшілігі — сақтаған кезде жадыдан көп орын алуы. Нүктелік кескінмен жұмыс жасау кезінде олардың жоғары сапалы кескін алып көлемін өзгерткен кезде сол файл көлемі де жүздеген МБайт орын алуы ғажап емес.

Векторлық кескін жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Оны үлкейтіп немесе кішірейту үшін тек қана басқару параметрінен – масштаб өзгерте салу керек. Масштабы өзгерткен кезде векторлық кескін көлемі еш өзгермейді.

СorelDRAW – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгрмейді. Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектінді құруға болады. Объектті беттің сыртында құруға да болады, ал бетте таңдаған беттін форматына өз объектілерінді орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады. Сorel Draw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады. Клон – оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты. Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі. Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады. Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті. Түрлі-түсті модельдер Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:

1. RGB – (қызыл + жасыл + көк) – бейнелеулерді экранға шығару үшін

2. CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін

3. HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін

Кеңес: Сorel үйреніпалу, тышқанның оң жакты кнопканы қолданыпалыңыз. Бүкіл кнопкаларда, аспаптарда, объектлерде, экранның элементерде шертеңіз. Контексті-тәуелділікті меню шығады, қажетті әрікеттерді іздеп аласыз. Дайынды fileды.CDR расширение Сorelде басқа форматта fileдардың өңдеуге болады:.CPT,.TIF,.PCX,.BMP,.GIF,.PCD (файл түрі)|PCD]],.JPG,.IMG,.ICO және басқалар. Объекттерді ерекшелеу Әр түрлі өзгерісте объект немесе объектірінің топты дайындау үшін – форматты, түсті, орналастыру, өзгерту үшін ерекшелеу қажет болады.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 2267 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Текстті форматтауға арналған тегтер| Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)