Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Микротамырлардағы қан ағымының сипаттамасы.

Клиникалық көріністері | Клиникалық көріністері | Диагностикасы | Омыртқа остеохондрозындағы шұғыл көмек | Ми қан айналымының жіті бұзылысы |


Читайте также:
  1. Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем
  2. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  3. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.
  4. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.
  5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік қадағалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  6. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.
  7. Мұқанов Сәбит

1.Агрегатталмаған эритроциттер ағымның ортаңғы ось бойымен қозғалады, қабырғаға жақын қабатында плазма.

2. Эритроциттер ұзынынан орналасқан.

3. Ағым жылдамдығы ось бойымен жылдам, қабырға бойымен баяу.

Жіңішке капиллярларда эритроциттер ұзынынан қысылып, арасына плазма араласып, ағыс жылдамдығын төмендетеді, эритроциттер көлденеңінен орналасып, микроциркуляция бұзылысы жоғарылайды.

Эритроциттердің бір-біріне жабысып, бағана түзуі физиологиялық құбылыс. Көптеген факторлардың әсерінен эритроциттердің жабысуы күшейеді, тамырларды бітеп стаз дамиды. Белгілі бір уақытқа дейін стаз қайтарымды. Эритроциттер агрегациясын күшейтетін жағдайлар:

1.Сұйықтықтар, ақуыздар, электролиттер фильтрациясын жоғарылататын тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, соның әсерінен қан сарысуында жоғарғы молекулярлы ақуыздар (глобулин, фибриноген) эритроцит агрегациясын күшейтеді.

2.Әкелуші артериялардың қызметтік жағдайымен сипатталатын капиллярлардағы қан ағымының жылдамдығы капиллярларда стаз дамытады.

Эритроциттердің мембраналары жүрек ауруларында, қантсыз диабет, стрессте, қатерлі ісікте, АТФ жоғарылағанда қатаяды, формасын өзгерткіш қасиетін төмендейді.

Тамыр қабырғалары қатты зақымданған кезде стаз жағдайы қайтарылмайтын болып, жақын ұлпалардың некрозына әкелуі мүмкін. Әсіресе ми стазы, жүрек, бүйрек өмірге аса қауіпті.


Қанның веноздық тоқтауы.

Венозды гиперемия – веналық жүйемен қанның ағысының бұзылысынан ағзаның немесе ұлпаның тамырларына қан толуының жоғарылауы. Вена жүйесіндегі кедергілер себептері:

1.Вена тромбозы.

2.Ірі веналардағы жоғарғы қан қысымы.

3.Вена қабырғаларының жұқалығынан және венадағы қан қысымының төмендігінен веналық сыртқы әсерлерден оңай қысылуы.

Вена жүйесінде коллатеральды жолдар жақсы дамыған. Венадағы қан қысымы тек қана кедергі алдында ғана жоғарылайды, сондықтан жіңішке артерияларда, капиллярларда, веналарда қан ағысы жылдамдығы төмендейді. Қан қысымы жоғарылаған кезде маятник тәрізді қан ағымы пайда болады. Венозды қан тоқтаудың белгілері микротамырлардағы қан ағысы жылдамдығының төмендігіне, ұлпаларға О2 және қоректік заттардың аз келуіне, зат алмасудағы қорытынды заттардың жиналуына байланысты. Ұлпаларда гипоксия дамуына байланысты қалыпты қызметі бұзылады, ағзаның көлемі ісінуіне және тамырларына қан толуы жоғарылауына әкеледі. Капиллярларда қан ағысы жылдамдығы баяулап, ұлпаларда көгілдір түс пайда болады.

Мидың қантамырларындағы венозды тоқтау тудыратын жағдайлар ми үшін өте қауіпті. Ми тамырларындағы қан көлемінің үлкеюі бас сүйек ішінің қысымының жоғарылауына, мидың қысылуына, мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына және қызметінің бұзылуына әкеледі.

Венозды тоқтау кезінде мидың магистральды артериялары тарылып, келетін қан көлемін азайтады, сөйтіп венозды тоқтау күшін азайтады.

^ Мидың ісінуі – оның қан айналысы бұзылыстарымен тікелей байланысты. Жалпы қан қысым көтерілгенде ми тамырларының да қан қан қысымы жоғарылап, мидың ісінуіне әкелуі мүмкін (гипертензивті ісіну). Ишемия, микроциркуляцияның өзгеруі де мидың ісінуіне әсер етеді. Электролиттердің қаннан ұлпаларға өтуін анықтайтын фильтрация ми микротамырларының қан қысымының өзгеруіне әсер етеді. Ісінулерді емдейтін белсенді заттар ми ісінуінде көмектесе бермейді, көп жағдайда кері әсер етіп, ісінуді жоғарылатады.

Миға қан кету – 2 жағдайда байқалады 1) Гипертоникалық криз кезінде тамырдағы қан қысымына вена тамыр қабырғасы шыдай алмай, жарылуы. 2) Қан тамыр қабырғасындағы құрылымдық өзгерістердің әсерінен қан қысымынан қабырғасының жарылуы. Тамыр қысымы бас сүйек ішіндегі қысымнан жоғары, сондықтан да қан кеткенде ол көтеріледі. Қандағы токсикалық инградиенттер ми ұлпасын зақымдайды, нәтижесінде ми ісінеді. Көп жағдайда кенет дамып, науқастың ауыр жағдайымен қатар жүреді. Миға қан кету – инсульт деп аталады.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері| Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)