Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ми қан айналымының жіті бұзылысы

Клиникалық көріністері | Клиникалық көріністері | Диагностикасы | Микротамырлардағы қан ағымының сипаттамасы. | Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем |


Читайте также:
  1. Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем
  2. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  3. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.
  4. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік қадағалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  5. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.
  6. Мұқанов Сәбит

Бүгінгі таңда медицина саласында, соның ішінде жүйке жүйесі аурулары арасында, ми қан айналымының жіті бұзылысы - өткір проблемалардың бірі. Себебі аталмыш сырқат әбден белең алып, одан туындайтын инсульт салдарынан өлім-жітім көбейіп, мүгедектіктің ең басты себебі болып отыр. Сөйтіп бұл медициналық қана емес, әлеуметтік те мәселеге айналды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, бір жыл ішінде әр мың адамның 1-4-еуі инсультке шалдығады. Жедел ми-қан айналымының бұзылуы салдарынан науқастардың 50 пайыздан астамы мүгедек болып қалып, бөгде кісінің күтіміне мұқтаж.

Инсульттің жиілеуіне ықпал ететін факторлар: халықтың әлеуметтік ахуалы, жүйке кернеуіне алып келетін түрлі психикалық-эмоционалдық әсерлердің көбеюі, қоршаған ортаның зиянды әсері, гиподинамия, яғни аз қозғалу, атеросклероздың себептерімен күрестің жолға қойылмауы, қан тасуының жүйелі түрде емделмеуі. Тағысын тағылар.

Инсульттің жіті кезеңінде өлім-жітім 30-35 пайызды құрайды, алғашқы жылдың аяғына дейін 50 пайызға жетуі де мүмкін.

Жіті ми қан айналымының бұзылу жағдайларын төмендетуде алдын алу шаралары маңызды рөл атқарады. Инсульттің алдын алу мамандардың біліктілігін, тұрғындарға уақытылы кеңес беруді талап етеді. Бұл ретте инсульт жедел өршіген кезде алғашқы көмекті дер кезінде көрсету, әсіресе бірінші 6 сағат ішінде мидың қан жүрмей қалған өлі аймағын мейлінше шектеуге көңіл бөлу, ми қан айналымы жүйесі қызметін қалпына келтіру шаралары, инсульттің қайталануының алдын алу маңызды.

Қазіргі кезде инсультті нақтамалайтын диагностикалық құралдар жеткілікті. Олар компьютерлі томография,магниттік-резонанстық томография, транскранияльды доплерография, эхоэнцефалография, электроэнцефалография, реоэнцефалография.

Жіті ми қан айналымы бұзылуы кезінде көрсетілетін медициналық жәрдем үш кезеңнен тұрады:

* Алғашқы көмек кезінде миға қан құйылуы анықталып, жедел іс-шаралар орындалады. Бұны көбіне "жедел жәрдем" дәрігерлері атқарады. Инсульт себептерінің бірі қан тасу болғандықтан, қан қысымын төмендету миды оттегімен қамтамасыз ететін антиоксидантты, ноотропты дәрілер беру, құрысу белгілерін тежеу, науқас естен танған жағдайда, ауыз қуысын тазалап, оттегімен демалдыру, ауруханаға жеткізу.

* Ауруханада науқасты невролог, нейрохирург мамандар тексеріп, миға қан құйылу түрін, ауырсыну сатысын, даму себептерін, неврологиялық ауытқуларды анықтап, емдеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастайды.

* Ауруханадан кейін науқас емхана дәрігерлерінің бақылауында болып, емдеу, алдын алу, қалпына келтіру шараларын жалғастырады. Әсіресе бұл кезеңде ерте қалпына келтіру және миға қан құйылудың қайталанбауын қадағалау маңызды. Науқаста ауру белгілері ұзақ сақталғанда, ол медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясына жолданады.

Инсульттің алдын алу үшін оны тудыратын негізгі себептерге тоқталған жөн. Олар: қан тасуы - гиперхолестеринэмия, қантты диабет, жүрек-қан тамыры аурулары (жүректің ишемиялық сырқаты, инфаркт, жүрек соғысының бұзылуы, васкулиттер), атеросклероз, темекі тарту, алкогольді ішімдіктер ішу, гиподинамия, стрестер, тұқымқуалаушылық (ата- анасында, басқа жақын туыстарында жоғары қан қысымының болуы). Бұлар қауіп тобына жатқызылады.

Инсульттің алдын алудың екі түрі бар: жалпылама кеңес беру, қауіп тобына кеңес беру. Ол үшін дәрігерлердің көмегімен баспасөз құралдарында халыққа науқастың таралуы, зардабы, алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат беріп, насихат жүргізу. Бұнда қауіп факторларын азайтып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Демек, мига қан құйылудың алдын алу үшін темекі мен ішімдікті доғару, ас тұзын шектеу, жеңіл қорытылатын дәруменді тағамдар, жеміс-жидек, көкөніс жеу, дене шынықтырумен шұғылдану, стреске жол бермеу керек.

Жоғарыда аталып кеткен қауіп тобындағы адамдарды анықтап, гипотензивті, антиагрегантты, антикоагулянтты, атеросклерозға қарсы дәрілер қолдану қажет.

Миға қан құйылуы салдарынан ми қатпарлары азайып, ақыл-ой кемшіндігі, мнестикалық неврологиялық жетімсіздіктер байқалады. Бұл кезде ноотропты дәрілер тағайынд алады.

Сырқаттың алдын алуда сапалы тамақтану маңызды. Майлы емес жылқы, сиыр, ешкі еттері, балық, жеміс-жидек, көкөніс, кептірілген жемістер пайдалы. Ас тұзын мүмкіндігінше аз пайдалану қажет. Дәрі-дәрмектермен қатар науқастарға шөп тұнбалары, көк шай, жүгері шашағы да жақсы көмектеседі. Науқастардың Мерке, Сарыағаш секілді қоңыржай климатты шипажайларда демалғаны дұрыс.

Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 975 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Омыртқа остеохондрозындағы шұғыл көмек| Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)