Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері

Клиникалық көріністері | Клиникалық көріністері | Диагностикасы | Омыртқа остеохондрозындағы шұғыл көмек | Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем |


Читайте также:
  1. Бас ми қан айналысының бұзылысы кезіндегі физиотерапиялық ем
  2. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  3. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.
  4. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік қадағалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  5. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.
  6. Мұқанов Сәбит
  7. Ми қан айналымының жіті бұзылысы

(Воронин В.В., Г.И. Мчеднишвили)

Белгісі Артериалды гиперемия Ишемия Жергілікті қан стазы Венозды қанның тоқтауы
Тамырлар жағдайы Артерия дилатациясы, капиллярлар және веналардың екіншілік кеңуі Артериялардың бітелуі немесе тарылуының нәтижесінде капиллярлар және веналардың тарылуы Микрососудтардың кейбір кеңеюі, стазы Кері қайтушы веналардың бітелуі немесе қысылуынан капиллярлар және веналардың кеңеюі
Өтетін қан көлемі Көбейеді Азаяды Жоқ Азаяды
Қанның ағу жылдамдығы Сызықтық, көлемдік жылдамдығының көбеюі Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы Жоқ Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы
Ағзалар және ұлпалардың қан тамырларының қанға толуы Жоғары Төмен Кенет жоғары Жоғары
Ағзаның, ұлпаның түсі Ашық қызыл Бозғылт Қою қызыл Қою қызыл цианоз
Қызуы Жоғары Төмен Төмен Төмен
Ұлпа сұйықтығының пайда болуы Жоғарылауы әлсіз, ісінуі сирек Төмендейді Тоқтайды Жоғарылайды, қатты ісінеді

 


^ Мидағы артериалды гиперемия.

Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі.

Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.

Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.

Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.


^ Артерия спазмының даму механизмі.

 

1.
Жасуша сыртындағы механизм – тамыр қабырғасында түзілетін, қанда ұзақ уақыт айналатын вазоконстрикторлы заттардың (серотонин, катехоламин) әсерінен артериялардың жиырылуы.

2.
Мембранды механизм – артериялардың тегіс етті жасушаларының плазматикалық мембраналарының реполяризация процесстерінің бұзылыстары.

3.
Жасуша ішілік механизм – жасуша ішіндегі кальций иондарының өтуінің бұзылысынан немесе қысқартушы ақуыздар – актин және миозиннің қызметінің өзгеруінен тегіс етті жасушалардың жиырылуымен сипатталады.

 

Эмболия – артериялардың эмболамен бекітілуі - эндогенді эмболалар – а) (жүрек қақпашаларынан) үзілген тромбтар,

б) жарақатта үзілген ұлпалар, ісіктер ыдырағандағы ұлпалар,

в) сүйек майлары, өкпеден түскен майлар.

Экзогенді эмболалар: ірі веналарға сырттан түскен ауа көпіршіктері оң жүрекшеге барғанда ауа көлемі үлкейіп, жүректің оң бөлігін толтырады. Барометр қысымы кенет түскен кезде пайда болатын газ көпіршіктері (сүңгушілер тез көтерілгенде).


Эмболиялар пайда болатын орындар:

-кіші қан айналу шеңберінің артерияларында

-үлкен қан айналу шеңбері артерияларында

-бауырдың қақапа вена жүйесінде

^ Склероздық өзгерістер – қан тамырдың тесігін тарылтады, артериялардың созылмалы қабынулары (артериит) қан жүрісін баяулатып, ишемияға әкеледі.

Әкелуші артериялардың сырттан қысылуы компрессионды ишемия тудырады (ісіктер, тыртықтар, басқа текті заттар, жгут). Мидың компрессионды ишемиясы бас сүйек ішкі қысымы көтерілгенде болады.


^ Ишемиядағы микроциркуляция.

Әкелуші артерияларда кедергілердің жоғарылауы ағзалардың микротамырларындағы қысымның төмендеуіне және екіншілік тарылуына әкеледі. Ұсақ артериялар және артериолаларда қысымның төмендеуі артериа венозды қысымның айырмашылығының төмендеуіне, капиллярлардағы көлемдік, сызықтық жылдамдықтың баяулауына әкеледі, микрососудтардың тесіктері бітеліп, жұмыс істейтін капиллярлар саны азаяды. Ағзаға әкелінетін О2, қоректік заттар азаяды, зат алмасу заттары жиналады. Тамыр қысымы төмен болғандықтан жасуша сұйықтығы ұлпаға өтуі азаяды, жасуша аралық сұйықтық азайып, лимфа ағысы тоқтайды.

^ Ишемиялық белгілері – ұлпаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және микроциркуляция өзгерісіне байланысты. Ишемия аймағы бозғылт болады (қан тамырларының тарылуына, эритроциттердің аздығына байланысты). Ағза көлемі кішірейеді (қан толуы азаяды, ұлпа сұйықтығы азаяды), температурасы түседі.

^ Ишемиядағы компенсаторлы жағдайлар қанның коллатеральды жолмен әкелінуіне байланысты. Бұл ағзалардың анатомиялық, физиологиялық факторларына байланысты.

1.Артериалды анастомоздары жақсы дамыған ағзалар (ми). Анастомоздардың көлемінің қосындысы бітелген артерия көлеміне сай, бұл жағдайда ағзаның қан айналымы бұзылмайды.

2.Артерияның анастомоз сандары аз болғанда, ағзаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесі азайып, ауыр ишемия инфарктқа әкеледі.

Ишемияда бүкіл ағза артериялары дилятациясы (кеңеюі) дамып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды.

^ Ишемиядағы ұлпалар өзгерісі. Әр-түрлі ағзалардың ишемияға мезімталдығы әр-түрлі. ЖЖЖ өте сезімтал, мидың ишемияға ұшыраған аймағының қызметі бірден бұзылады. Келесі орындарда жүрек, бүйрек т.б. ішкі ағзалар. Қаңқа бұлшық еттерінің ишемиясы ауырсынумен, жасызданумен, қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ишемия тез арада тарқамаса инфаркт дамиды.

^ Ми ишемиясы және компенсациясы. Ми ишемиясы әкелуші артериялардың бітелуінде – тромбоз және эмболияда, артериялардың патологиялық спазмында дамиды. Анастомоздардың көптігіне байланысты қанмен қамтамасыз етілу тез орнына келеді.


^ Микротамырларда стазды түзетін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгерістері.

Формалық элементтердің тез деформацияға ұшырауы бұзылуы

 

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1075 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ми қан айналымының жіті бұзылысы| Микротамырлардағы қан ағымының сипаттамасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)