Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Шарттың ұғымы және жағдайлары.

Дәріс. Заңды тұлғалар | Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде | Ызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде. | Дәріс. Мәмілелер | Дәріс. Өкілдік.Сенімхат. | Дәріс. Мерзімдер. Талап мерзімі. | Дәріс. Заттық құқық. | Дәріс. Меншік құқығының ұғымы. | Дәріс. Ортақ меншік құқығы | Дәріс. Міндеттеменің ұғымы мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар |


Читайте также:
  1. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  2. Акушерия және гинекология (ЖТД)_каз
  3. Акушерлік және гинекология_каз
  4. Альбуминнің айқын төмендеуі және альфа-глобулиндердің жоғарылауы
  5. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  6. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  7. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

 

1.Шарттың ұғымы

2.Шарт жасасудың кезеңдері.

3.Шартты өзгерту және бұзу.

Негізгі ұғымдар: шарттың нысаны, оферта, акцепт, шарт жасасу тәртібі,. Шарт жасасатын жер, шарт жасасу алдындағы даулар.

1.Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдалануы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығын дәлелдеген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелінген.

Азаматтық кодекстің 378 – бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімішарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт – мәмілені меңзейді. Сондықтан – да, осы баптың 2 – тармағы мәміле нормаларына мынандай сілтеме жасайды: шартқа екі жақты немесе көпжақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады.

Біржақты және көпжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқықлы. Шарттың көбі екіжақты болып келеді. Шарттың біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжербиелік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284 – бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатуға бас тартуға немесе тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындалмаған жағдайда келген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.

Алдына ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет істеу туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК – тің 390 – бабының 1 – тармағы). Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал, егер негізгі шартта нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Алдын ала жасалатын шатта негізгі шарттың мәнін, сондай – ақ, басқада елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс.

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемелерге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқада түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші ақ алады. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт - бұл тараптар несие берушіге емес, шартта немесе борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін асалған шарт. Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығыы – шартты орындау талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша берілген.

 

2. Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

АК-нің 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсынын жалпылама жасалса (мысалы, азамат «Караван» газетіне пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру болып табылады. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау – қабылдамау сатушының өіне байланысты.

Шарт жасасу қандайда бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды.

3. Шартты өзгерту дегеніміз – оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі.

Шартты бұзу дегеніміз – толықтай немесе, ішінара орындалмаған шартты АК-нің 367-377-баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.

АК-нің 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; сотттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан бір жақты бас тартудың нәтижесінде.

АК-нің 404-бабының 2-тармағында шартты орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген:

1. шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса;

2. белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса;

3. шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған нысанда жасалады (АК 402-бабының 1-тармағы).

Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әр түрлі: егер шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемесі тоқталса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады (АК 403-бабының 1-2-тармақтары).

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). 27.12.1994ж.

3.ҚР Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). 01.07.1999ж.

4.ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы. 24.03.1998ж.

5.ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы. 16.01.2001ж.

6.ҚР «Банкроттық туралы» Заңы. 21.01.1997ж.

7.ҚР «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы. 31.03.1998ж.

8.ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы. 31.05.1996ж.

9.ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. 19.06.1997ж.

10.ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы. 08.07.2005ж.

11.ҚР «Саяси партиялар туралы» Заңы. 10.07.2002ж.

12.ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы. 22.04.1998ж.

13.ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 08.05.2001ж.

14.ҚР «Дін бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы. 15.01.1992ж.

15.ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестік туралы» Заң күші бар Жарлығы. 02.05.1995ж.

16.ҚР «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы. 16.06.2004ж.

17.ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы. 16.04.1997ж.

18.ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы» Заң күші бар Жарлығы. 17.04.1995ж.

19.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы. 20.11.1998ж.

20.ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы. 18.12.2000ж.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Міндеттеменің тоқтатылуы.| Негізгі әдебиеттер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)