Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Ортақ меншік құқығы

Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі | Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар | Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі | Дәріс. Заңды тұлғалар | Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде | Ызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде. | Дәріс. Мәмілелер | Дәріс. Өкілдік.Сенімхат. | Дәріс. Мерзімдер. Талап мерзімі. | Дәріс. Заттық құқық. |


Читайте также:
  1. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  2. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  5. Дәріс. Заңды тұлғалар
  6. Дәріс. Заттық құқық.
  7. Дәріс. Мәмілелер

1. Ортақ меншік ұғымы.

2. Ортақ үлесті меншік құқығы.

3. Ортақ бірлескен меншік.

Негізгі ұғымдар: үлестікменшікмүлікке билік ету, сатып алудың басым құқығы, ортақ бірлескен, ортақ мүліктегі үлестен ақы өндіріп алу, жекешелендірілген тұрғын ортақ меншік.

1. Заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (АК 209-бап 2-тармағы). Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқасысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерніде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едеуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Мысалы, үлесті меншіктің қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, азаматтар мен заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылар тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбінесе бірімен бірі туыстық қатынаста ғана болады.

 

2. Ортақ үлесті меншік құқығында оның әр бір қатысушысының белгілі бі үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес ол ортақ меншік құқығындағы үлес. Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді. Мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты 1\4, 1\2, 3\5 т.с.с. Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылар арасында бөлінбейді, ортақ мүліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестер тең де, тең емес те болыу мүмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң құжаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімдерінде өзгеше көзделмеген болса, олар тең болады (АК 210-бабының 1-тармағы).

Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-те меншік құқығы үшін көзделген барлық құқық өкілеттіктерін, яғни иемдену, пайдалану және билік ету құқытарын қамтиды.

Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады (АК 212-бабының 1-тармағы).

 

3. Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындағы үлестер бөлінбейді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.

Ортақ бірлескен меншік үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меғншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік (АК 219-бабы 1-тармағы).

Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзге де көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.

Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталады және олардың отбасылық қатынастарымен байланыста болғандықтан бірлескен меншік құқығы құқық мирасқорлығы ретінде басқа адамдарға өте алмайды. Ортақтас меншік иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті иеліктен шығара алады.

Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады (АК 220-бабы 1-тармағы). Бұл ортақтас меншік иелерінің әрқайсысы және олардың барлығы бірге бірлескен меншікті бүтін нәрсе ретінде теңдей негізде иемденуге және пайдалануға құқылы екендігін білдіреді. Мысалы, жекешелендірілген пәтерді бірлесіп иемдену және пайдалану.

Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 220-бабы 2-тармағы).


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Меншік құқығының ұғымы.| Дәріс. Міндеттеменің ұғымы мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)