Читайте также: |
|
1. Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі.
2. Міндеттемелік құқықтың тараптары.
Негізгі ұғымдар: міндеттеме тараптары, міндеттемеге қатысушылар, міндеттеменің пайда болу негіздері
1. Міңдеттемелік құқық — азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі, міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол — ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді
Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндетгемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі біржақты мәміленің түрі -конкурс — қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып алу-сату (көсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т.б.), кепілге салу (ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу, т,б.) сияқты міндетгемелер едәуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг, форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). Бұл процесс жалғасуда, Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз.
Міндеттемелік құқық екі үлкен бөлімнен тұрады:
1. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі. Мұның нормалары мыналарды реттейді:
- міндеттеме ұғымын және түрлерін; міндеттеменің туындау негіздерін;
- міндеттеменің орындалуын;
- міндеттеменың орындалуын қамтамасыз етуді;
- міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілікті;
- міндеттемеде тұлғалардың ауысуын; міндеттеменің өзгеруі мен тоқтауын;
- шарт — міндеттеме туындауының негізі.
2. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі бір типті міндеттемелерді
реттейтін жеке институттардан тұрады;
- шарттық міндеттемелер;
- шарттан тыс міндеттемелер.
2. Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкср мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтык мәнін анықтайды.
Соған байланысты ҚР Азаматтық кодексінде ТМД-ның басқа елдерінің Азаматтық кодекстерінде жоқ жаңа термин — "міндеттеменің қатысушылары" енгізілді. АК-ның 270-бабының 1-тарауында "тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттеменің қатысушылары болып табылады" - делінген.
Сондықтан, "міндеттеменің қатысушысы" ұғымы өзіне субъектілердің екі санатын қамтиды:
міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші);
үшінші жақ.
"Міндеттеме тараптары" ұғымына талдау жасағанда, бәрінен бұрын, міндеттемедегі тұлғалардың көптігі проблемасы кездеседі. АК-ның 286-бабында былай делінген: "Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан езгеше туыңдамайтындықтан міндеттеме).
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 503 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс. Ортақ меншік құқығы | | | Дәріс. Міндеттеменің тоқтатылуы. |