Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік | Тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері | Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы | Тақырып. Өндіріс шығындары және пайда | Тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі | Таза монополия нарығы және монополиялық билік | Тақырып. Монополистік бәсеке нарығы | Тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері | Тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы | Тақырып. Капитал және жер нарықтары |


Читайте также:
  1. A) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшылар
  2. B) 7 күн, ал күрделі істер бойынша соттың ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін
  3. B) жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
  4. B) Сол мәселе туралы дау бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. D) Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады
  7. E) Әрбір іс бойынша істі қарауға әзірлеу міндетті

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Адам Смит және оның «көрінбейтін қол» қағидасы;

- Альфред Маршалл және оның еңбектері;

- Леон Вальрас және оның теориялары;

- Нарық: нарық жағдайындағы келісім шарттар және трансакциондық шығындар. Р. Коуздың нарық туралы теориялары;

- Өркениетті экономика жағдайында нарық теориясының жаңа мүмкіндіктері мен белгілері;

- Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері;

- Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары;

- Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Нарықтық тепе – теңдіктің статикалық моделі: салыстырмалы статика әдісі, жаңа тепе – теңдікке өту ережесі, т.б.;

- Әртүрлі игіліктерге деген сұраныс пен ұсыныс икемділіктерінің мағынасы мен сипаттамаларының кестесін жасау;

- Нарықты реттеу және бақылау: бағаға мемлекет тарапынан бақылау, салықтар мен субсидиялар, квоталау, т.б.;

- Сұраныс пен ұсыныс заңдарының универсалдылығы (жан - жақтылығы).

- Нүктелік икемділік және доғалық икемділік.

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Қай фактордың өзгерісі сұраныс қисығын оңға және солға өзгертпейді:

А) тауардың бағасы В) тұтынушылардың талғамы С) тұтынушылардың саны мен жас ерекшелігі D) күтім Е) табыс деңгейі

2. Нарықтағы ұсыныс қисығы қалай қалыптасады:

А) жеке ұсыныс көлемдерін қосу арқылы В) өнiмнiң әр денгейiндегi жиынтық шығынды есептеу арқылы С) нарықтық сұраныс қисығы арқылы D) өндiрiстiң техникалық тиiмдiлiгiн анықтау арқылы Е) ғылыми –техникалық жетістіктердің нәтижелері арқылы

3. Егер бағаның 8%-ға төмендеуi ұсыныс көлемiн 5%-ға төмендетсе, онда бұл ұсыныс:

А) икемсiз В) бiрлiк икемдi С) икемдi D) абсолюттi икемдi Е) абсолюттi икемсiз

4. Нарықтық сұраныс қисығы:

А) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің өсуін көрсетеді

В) тауар аса сәнді болғанда оның тұтыну мөлшерінің көрсетеді

С) тұрғындардың табыстары қысқарған кезде тауарлардың тұтыну мөлшерінің төмендеуін көрсетеді

D) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің азаюын көрсетеді

Е) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің өзгермейтіндігін көрсетеді

5. Мемлекет тепе-теңдік бағадан жоғары деңгейде Х тауары бағасының шегін белгіледі. Осының салдарынан:

А) осы тауардың артықшылығы орын алады В) осы тауардың тапшылығы орын алады

С) тепе-теңдік баға осы деңгейге дейін көтеріледі D) осы тауардың ұсынысы төмендейді

Е) тауардың көлемі бәрібір өзгермейді

6. Сұраныс бағасы дегеніміз – бұл:

А) ұсыныс көлемі арқылы анықталатын тұрақты баға

В) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын ең минималды бағасы

С) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын орташа бағасы

D) белгілі бір нарықтық ортада тұтынушының сатып алуға дайын тауарлары мен қызметтерінің ең кіші көлемі

Е) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын максималды бағасы

7. Егер нарықтық баға тепе-теңдіктен төмен орналасса, онда:

А) тұтынушылар сатып алмайды В) өндірушілер өнім ұсынысын арттырады С) тауар тапшылығы орын алады D) барлық тұтынушылар қанағаттандырылады Е) артық ұсыныс пайда болады

8. Қай ұғым адамдардың төлем қабілеті барлығын көрсетеді:

А) талап В) қажеттілік С) ықылас D) сұраныс Е) ұсыныс

9. Сұраныстың қиылысқан икемділігі дегеніміз – бұл:

А) сұраныс қисығының бойымен тауар бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса)

В) табыстың өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі

С) Х тауар бағасының пайыздық өзгеруіне орай Y тауарына деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі D) бағалардың, табыстың және басқа да факторлардың өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеру реакциялары Е) аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес

10. Егер тауардың қандай да болмасын көлемі бір бағамен сатылса, онда тауар сұранысы қандай?

А) абсолютті икемсіз В) абсолютті икемді С) икемді D) икемсіз Е) бірлік икемді

11. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі дегеніміз – бұл...:

А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы

В) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы

С) сұраныс көлемінің бағаның өзгеруіне орай реакциялық дәрежесі

D) ұсыныс көлемінің бағаның өзгеруіне байланысты реакциялық дәрежесі

Е) сұраныс табыс бойынша икемділікке ие болмайды

12. Технологиялық жетістіктер нені жылжытады:

А) сұраныс қисығын жоғары және оңға В) сұраныс кисығын төмен және оңға С) ұсыныс қисығын төмен және оңға D) ұсыныс қисығы өзгермейдi Е) ұсыныс қисығын оңға

13. Ұсыныс заңы ненi мазмұндайды:

А) баға түскенде ұсыныс солға ығысады В) баға түскенде ұсыныс деңгейi артады

С) баға көтерiлгенде ұсыныс қисығы оңға ығысады D) баға көтерiлгенде ұсыныс көлемi өседi Е) ұсыныс көлемi арт-қанда баға көтерiледi

14. Ұсыныс қисығы оңға жылжиды, егер:

А) салықтар өссе В) сол өнімді өндірудің тиімділігі артса С) сол өнімге сұраныс көлемі өссе D) басты ресустарға баға өссе Е) сол өнімге деген сұраныс көлемі азайса

15. Нарықтағы ұсыныс қисығы қалай қалыптасады:

А) нарықтық сұраныс қисығы арқылы В) өнiмнiң әр денгейiндегi жиынтық шығынды есептеу арқылы С) жеке ұсыныс қисықтарын қосу арқылы D) өндiрiстiң техникалық тиiмдiлiгiн анықтау арқылы Е) сыртқы экономикалық жағдайлар өзгерiсiнiң фирмаларға әсерiн анықтау арқылы

16. Абсолюттi икемсiз сұраныс қисығы қандай?

А) көлденең сызық В) қисайған сызық С) оң бағытталған қисық D) тік сызық

Е) терiс бағытталған қисық

17. В тауарының сұраныс функциясы берілген: Qd = 26-4p және ұсыныс функциясы: Qs = 8 + 2p. Егер баға 5 -ке тең болса, онда нарықта қандай жағдай орын алады?

А) артықшылық және Q сатылуы = 18

В) тапшылық, Q сатылуы = 6

С) тапшылық, Q сатылуы = 18

D) артықшылық және Q сатылуы = 8

Е) артықшылық және Q сатылуы = 1

18. Тепе – теңдік баға дегеніміз – бұл...:

А) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңескендегі қалыптасатын баға В) жекелеген сатып алушының тепе-теңдік бағасы С) жекелеген сатушының тепе-теңдік бағасы

D) өндірушінің ұзақ мерзімге белгілеген тепе-теңдік бағасы Е) көп шығын жұмсалған баға

19. Сұраныстың бағалық икемділігі нөлге тең. Бұл жағдайда:

А) осы баға бойынша тауардың кез-келген көлемін сатуға болады

В) тауардың осы көлемін кез-келген бағамен сатуға болады

С) тауардың кез-келген көлемі кез-келген бағамен сатылады

D) тұтынушылар тауардың көлемі мен бағасының өзгеруіне мүмкіндік бермейді

Е) ұсыныс өзгереді

20. Егер тауар бағасының 1% төмендеуi сұраныс көлемiн 2% көбейтсе, онда бұл сұраныс:

А) икемсiз В) икемдi С) бiрлiк икемдi D) абсолюттi икемсiз Е) икемділігі 1-ге тең

21. Сұраныс қисығы нені көрсетеді:

А) белгілі бір баға бойынша тұтынушының алатын жалпы пайдалылығын

В) белгілі бір баға бойынша тұтынушының алатын шекті пайдалылығының көлемін

С) берілген баға бойынша тұтынушы сұранысының қандай екендігін

D) тұтынушы белгілі бір пайдалылықтың мөлшерін алу үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге даярлығын Е) ұсыныстың өзгеруін

22. Сұраныстың бағалық икемділігі дегеніміз – бұл:

А) сұраныс қисығының бойымен тауар бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса)

В) табыстың өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі

С) У тауарының пайыздық өзгеруіне байланысты Х тауарының сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгеруі D) бағалардың, табыстың және басқа да факторлардың өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеру реакциялары Е) ұсыныстың өзгеруі

23. Икемді сұраныс деп біз қандай сұранысты айтамыз:

А) баға мен сұраныс көлемі бірдей пайызға өзгерген жағдайды айтады

В) сұраныс көлемі бағаға қарағанда аз өзгерген жағдайды айтады

С) сұраныс көлемі бағаға қарағанда артық өзгерген жағдай, сондықтан баға түскенде сұраныс көлемі артады

D) сұраныс қисығы оң көлбеулі болған жағдайды айтады

Е) баға мен сұраныс көлемінің бірдей мөлшерде өзгеруін айтады

24. Сұраныстың өзгеруі мен сұраныс көлемі өзгеруінің айырмашылығы неде?

А) сұраныстың өзгеруі кезінде сұраныс қисығы жылжиды (оңға немесе солға)

В) сұраныстың өзгеруі оны анықтайтын бағалық факторлардың өзгерісінен болады

С) сұраныс көлемінің өзгеруі бағалық емес факторлардың өзгерістері нәтижесінде орын алады

D) сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының жылжуы

Е) сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының солға жылжуы

25. Фирмаға салынатын салық мөлшерінің артуы:

А) сұраныс қисығын оңға жылжытады В) ұсыныс қисығын оңға жылжытады С) ұсыныс қисығы өзгермейдi D) ұсыныс қисығын солға жылжытады Е) нарықта ештеңені де өзгертпейді

26. Ұсыныс қисығы оңға жылжиды, егер:

А) салықтар өссе В) сол өнімді өндірудің тиімділігі артса С) сол өнімге сұраныс өссе

D) басты ресустарға баға өссе Е) ұсыныс көлемі артса

27. Егер де тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінен төмен болса, онда:

А) жұмыссыздық пайда болады В) артықшылық орын алады С) ресурстар қымбаттайды

D) тауар тапшылығы пайда болады Е) инфляциялық құбылыстар байқалады

28. Үкімет шығарылатын тауарға қосымша салық еңгізді. Бұл жағдай ұсыныс қисығына қалай әсер етеді?

А) солға жылжиды В) оңға жылжиды С) қисық өзгермейді D) ұсыныс қисығының көлбеу бұрышы өзгереді Е) ұсыныс қисығының көлбеу бұрышы өзгермейді

29. Ұсыныс қисығының теңдеуі берілген: S = a+b Р, баға нөлге тең болғанда ұсыныс көлемі қаншаға тең болады?

А) Q = а В) Q = а+b С) Q = -b D) Q = b Е) Q = bР

30. Сұраныс функциясы берілген: D = 10 - 2p, мұндағы р- тауар бағасы, D – сұраныс көлемі. Қандай бағада тауарға деген сұраныс нөлге тең болады?

А) 5 В) ½ С) -5 D) 10 Е) 2

31. Жеке сұранысқа әсер ететін факторлар:

А) тұтынушының талғамы В) тұтынушының табысы С) тауардың бағасы D) алмастырушы тауарлардың бағасы Е) аталғандардың барлығы дұрыс

32. Сағызға деген сұраныс баға бойынша икемді болса, онда оның бағасының төмендеуі:

А) тұтынушылардың сағызға деген сұраныс көлемін арттырады

В) тұтынушылардың сағызға деген сұраныс көлемін төмендетеді

С) азық-түлік өнімдерінің сұранысын арттырады

D) азық-түлік өнімдерінің сұранысын төмендетеді

Е) өндірушілердің ұсыныс көлемін арттырады

33. Сұраныс функциясы берілген: D =10 - 2p және ұсыныс функциясы: S = 4 + p. Тауардың тепе-теңдік бағасы қаншаға тең?

А) 2 В) 3 С) 2,5 D) 1 Е) 6/5

34. Сұраныс функциясы берілген: D =10 - 2p және ұсыныс функциясы: S = 4 + p. Егер мемлекет бағаны 4 деп бекітсе, онда нарықта қандай жағдай орын алады?

А) артықшылық = 6 В) тапшылық = 2 С) тепе-теңдік орын алады

D) артықшылық = 4 Е) тапшылық = 1

35. Сұраныс көлемі азайғанда сұраныс қисығы қалай жылжиды?

А) сағат тiлiне қарсы немесе қисық бойымен төмен В) сағат тiлi бойынша немесе қисық бойымен жоғары С) жоғары және оңға D) төмен және солға Е) мұндай жағдайда қисық тік сызыққа айналады

36. Егер белгілі бір тауарға деген сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:

А) сол тауардың бағасы өседі В) тауардың жалпы саны көбейеді С) ресурстарға деген баға төмендейді D) баға деңгейі төмендейді Е) сол тауарды өндіру үшін қажетті ресурстардың бағасы өседі

37. Мына төмендегі тұжырымдардың қайсысы икемсіз сұраныстың сипаттамасына жатпайды:

А) тауардың сұранысы икемсіз болғанда тұтынушылар бұл тауарды сатып алғанда өз табыстарының көп бөлігін жұмсайды

В) бұл тауар тұтынушылар үшін бірінші қажеттілікті тауарлар болып табылады

С) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі бағаның пайыздық өзгерісінен аз болып келеді

D) ауыстырушы – тауарлардың көп болуы

Е) нарықта алмастырушы - тауарлардың көп болмауы

38. Ұсыныс заңы дегеніміз – бұл:

А) нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағасы және көлемі арасындағы кері тәуелділік

В) тұтынылатын тауардың бағасы өскенде оған деген сұраныс көлемінің де өсуін сипаттайтын заң

С) нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағасы және көлемі арасындағы тура тәуелділік

D) өндіріс ауқымы кеңейгенде сол өндіріске жұмсалатын факторлардың саны өскен сайын оның әкелетін тиімділігінің төмендеуін көрсететін заң

Е) тауарлар мен қызметтер бағасы мен ресурстар бағасы арасындағы өзгеріс заңы

39. Нарықтағы тепе-теңдік баға дегеніміз:

А) кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алуы үшін төлейтін бағасы

В) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемін теңестіретін баға

С) үкімет тарапынан белгіленетін баға

D) өндірушінің өзінің тауарына белгілей алатын бағасы

Е) салық салынғаннан кейінгі қалыптасатын баға

40. Сұраныс қисығы солға жылжиды, егер:

А) тұтынушылардың табыстары өссе В) тұтынушылардың төлейтін салықтары өссе

С) тұтынушылардың саны өссе D) тауар ұсынысы өссе Е) тауардың бағасы жоғарыласа

41. Қандай шарт кезінде сұраныс баға бойынша икемді?

А) Ed > 1 В) Ed < 1 С) Ed = 0 D) Ed = 1 Е) Ed = 0,6

42. Басқа шарттар тұрақты болғанда баға деңгейі өссе, онда ол ұсыныс заңына қалай әсер етеді?

А) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі төмендейді В) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі артады С) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс төмендейді D) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс артады Е) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі өзгермейді

43. Баға 5%-ға төмендесе сұраныс көлемі 8 %-ға артады, онда берілген сұраныс:

А) икемсіз В) бірлік икемді С) икемді D) абсолютті икемді Е) абсолютті икемсіз

44. Егер тауар бағасының 2% төмендеуi сұраныс көлемiн 2,5% көбейтсе, онда бұл сұраныс:

А) икемсiз В) икемдi С) бiрлiк икемдi D) абсолюттi икемсiз Е) абсолютті икемді

45. Мыналардың қайсысы нарықтық жүйені сипаттайды:

А) тек сұранысқа ие болған тауарлар ғана өндіріледі

В) нарықта ақпаратпен алмасу жүзеге асырылады

С) тапшылық мәселесі баға механизмі арқылы шешіледі

D) артықшылық мәселесі баға механизмі арқылы шешіледі

Е) аталғандардың барлығы дұрыс

46. Белгілі бір жағдайлар нәтижесінде белгілі бір фирманың табысы төмендей бастады. Сондықтанда бірқатар фирмалар нарықтан кетуі ықтимал. Осының салдарынан:

А) сұраныс қисығы оңға жылжиды В) ұсыныс қисығы оңға жылжиды С) сұраныс қисығы солға жылжиды D) ұсыныс қисығы солға жылжиды Е) ұсыныс қисығының бойында өзгеріс байқалады

47. Мыналардың қайсысы сұранысқа әсер ететін факторларға жатпайды?

А) берілген тауардың бағасы

В) берілген тауарды алмастыратын тауарлардың бағасы С) берілген тауарды толықтыратын тауарлардың бағасы D) салықтар мен дотациялар E) табыс көлемі

48. Сұраныс қисығының бойымен жылжып отыру мына тұжырымдардың қайсысын

сипаттайды?

А) тұтынушылар табысының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруі

В) бағаның әртүрлі деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі

С) тұтынушылар табысының өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеруі

D) бағаның әртүрлі деңгейіне сәйкес сұраныстың өзгеруі

E) тұрақты баға деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі

49. Қой етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты арттырды. Осының салдарынан:

А) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгереді

В) тек сиыр етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

С) тек қой етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

D) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгеріссіз қалады

E) сиыр еті мен қой етіне деген ұсыныс қисықтары өзгереді

50. Қара бидайдың бағасы төмендеген жағдайда:

А) ақ бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды В) ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды С) ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарылайды D) қара бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды E) қара бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды

51. Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео техника тауарлары арзандайды деп

естиді. Демек:

А) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды В) бұл тауарларды сату көлемі азаяды С) бұл тауарларға деген сұраныс азаяды D) бұл тауарларға деген сұраныс артады

E) бұл тауарларға деген сұраныс көлемі артады

52. Нарықтық сұранысқа мына факторлардың қайсысы әсер етпейді?

А) тұтынушылардың табысы В) алмастырушы тауарлардың бағасы С) толықтырушы тауарлардың бағасы D) ресурстардың бағасы E) сатып алушылардың саны

53. Студенттер асханасында шәй 20 теңгеден сатылатын. Егер кофенің бағасы 25% - ға өссе, онда:

А) шәйдің бағасы төмендейді В) кофенің сатылу көлемі артады С) шәйдің сатылу көлемі азаяды D) шәйдің сатылу көлемі артады E) шәйдің бағасы артады

54. Х тауарын өндіруге жұмсалатын материалдардың бағасы қымбаттады деп жорамалдайық, онда осының салдарынан осы тауарға деген:

А) сұраныс қисығы жоғары (оңға) жылжиды В) ұсыныс қисығы жоғары (солға) жылжиды

С) сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы жоғары жылжиды D) ұсыныс қисығы төмен (оңға) жылжиды E) сұраныс қисығы төмен (солға) жылжиды

55. Маркетологтар сіз басқаратын өндіріс шикізатының болашақта бағасы өсетінін

хабарлады. Менеджер ретінде сіз қандай шешім қабылдайсыз?

А) өндірілетін өнімнің көлемін арттырасыз В) ештенені өзгертпеуге тырысасыз

С) өндірілетін өнімнің көлемін азайтасыз D) өндірілетін өнімнің бағасын төмендетесіз

E) шикізат бағасының төмендейтіндігін күтесіз

56. Жаңғаққа деген сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өсетін болса, онда теңдестік баға:

А) өзгермейді В) өседі С) кемиді D) алдымен өседі, сосын кемиді E) алдымен кемиді, сосын өседі

57. Сұраныс Qd = 20 – P пен ұсыныс Qs = 10 + P функциялары берілген. Онда тауардың тепе – теңдік бағасы мен тепе – теңдік көлемі қандай болады?

А) P = 5; Q = 15 В) P = 10; Q = 12 С) P = 7; Q = 15 D) P = 15; Q = 15 E) P = 15; Q = 5


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 447 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.| Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)