Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Организмнің әртүрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері

ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері | АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы | РАДИАЦИЯ КӨЗДЕРІ, ТАБИҒИ РАДИОАКТИВТІЛІК, ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУЫ | Аумақтың радиоактивті ластануы | Адамға сәуле алудың қауіпі | Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы | АТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ | Атты әсер ететін улы заттар | УЗ-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары | УЗ атауы |


Читайте также:
  1. Гр - Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бір немесе екі сағат ішінде адам көз жұмады
  2. Гр - Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бір немесе екі сағат ішінде адам көз жұмады
  3. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.

Жуйкені жансыздандыратын УЗ. Бұл топқа улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (ФОЗ) — зарин, заман, V — газдар жатады. ФОЗ организмге тыныс алу органдары, жара, тері, кілегейлі қабық, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Тері ұлпалары мен кілегейлі қабық арқылы ФОЗ тамшылы-сұйық, аэрозоль және бу тәріздес күйде әсер етеді.

ФОЗ организмге енгеннен кейін тыныс алуды, жүрек-тамыр жүйке және басқа жүйелердің қызметін күрт бұзады.

ФОЗ-дың зақымдау әсері үш дәрежеге бөлінеді:

♦ женіл зақымдау дәрежесі көз қарашығының қысылуын, көру қабілетінің күрт төмендеуін, көз боп маңдай төңірегінің сырқырауын, мұрыннан сілекей ағуды, кеуденің қатты қысылуын, жүректің айнуын, жалпы әлсіздікті тудырады;

♦ орташа зақымдау дәрежесі ауатамырдың тарылуы сал-дарынан демікпенің дамуымен, сондай-ақ жеңіл зақымдану дәрежесі кезінде байқалатын уланудың барлық белгілерінің күшеюімен сипатталады. Жүрек айниды, кейде құстырады, іш бұрап ауырып, өтуі мүмкін, кіші дәрет жиі келеді. Кілегейлі қабықтың көгеруі жүріс-тұрыстың бұзылуы (тен-селу), құрыспа байқалады.

♦ ауыр зақымдау дәрежесі ұстама тәріздес сипаттағы құрыспамен сипатталады, құрыспа кезінде тыныс алу біржола тоқтауы мүмкін. Тері жамылғылары көгеріп, дәрет алу жиілейді. Құрыспалар кейде 30 — 40 минутқа дейін созылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмексіз зақымданушы қаза болады.

ФОЗ -бен зақымданган кездегі алгашқы медициналык көмек өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен, сондай-ақ санитарлық дружиналар, санитарлар және санитарлық нұсқаушылар көмегімен көрсетіледі.

ФОЗ-бен зақымданудың тез өтуіне байланысты зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті жедел көрсету қажет.

УЗ зақымдану аймағындағы зақымданушыға газқағарды тез кигізіп, алдын ала беттің үстін химиядан қорғайтын жеке пакеттегі (ИПП — 8) сұйықпен сүрткен жөн. Зақымданудың алғашқы белгілері байқалысымен (қарашықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, тұншыгу, құрыспа) зақымданушыға шприц-түтіктің көмегімен антидот егеді (зақымданудың ауыр дәрежесінде — 2 доза, орташа дәрежесінде — 1 доза), ал жеңіл зақымданғандарға АИ—2 қобдишасындағы 2 таблетканы береді, ал улану белгісі өршіген кезде тағы бір таблетка береді. Бұдан кейін ИПП — 8 құралдарымен терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізіледі.

Тыныс алуы тоқтаған кезде жасанды демалдырады (химиялық закымдану аймағында жасанды демалдыруға болмайды!).

ФОЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде шприц-түтікпен бұлшық етке антидот енгізеді, ал зақымданған аймақтан тыс жерде зақымданушыны құстырады. Бұдан кейін барлық зақымданушыларды химиялық зақымдану ошағынан емдеу мекемесіне алып барады.

Жалпы улағыш әсердегі УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан.

Көгілдір қышқыл организмге тыныс алу органдары кілегейлі қабықтардың жарасы, тері ұлпалары, асқазан-ішек жолы арқылы өтеді. Көгілдір қышқылымен зақымданган кез­де ащы бадамның иісі келіп, ауызда ащы металдың дәмі пайда болады, ауыз қуысындагы кілегейлі қабықта қанның азаюы, таңдайдың құрғауы байқалады, жүрек айниды, бас ауырады, әлсіздік пен мазасыздық сезімі билейді. Кілегейлі қабықтар мен тері ашық түске енеді. Қарашықтар кеңейеді, көздің алмылары жыпылықтап, демікпе пайда болады. Зақымданушы мазасыз күйге түседі, жүріс-тұрысында оғаштық байқалып, қорқыныш сезімі билейді, есінен танады.

Жалпы улағыш әсердегі УЗ -мен зақымданган кездегі алғашқы медициналық көмек:

♦ зақымданушыға газқағарды тез кигізу;

♦ шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылғап ампуланы енгізу (көгілдір қышқыл антидоты);


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.| Определить необходимые важные стратегические решения для сохранения и укрепления конкурентоспособности

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)