Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 237
Стр. 239
Қазақстанның ашық кітапханасы
Маңдайының дәл ортасында жалғыз қара мең көрінеді. Оқ маңдайдың ортасынан
қадалыпты. Әлі бір тамшы қан шыққан жоқ...
—
Петя, Петя!.. Қош, ер Петр!..
«Фердинандтар» қақ қасымызға келіп алып, бірнеше рет дүркірете атты. Төбенің бұл жақ
беті оңай қалтылдай бастады.
—
Батыс жақтағы пулемет ұясының саңлауын жауып тастады,— деді Вася Гришин
келіп. Телефон алдақашан быт-шыт болып, енді бірімізге-біріміз келіп хабарласатын
болғамыз.
—
Пулеметтер түгел төбеге шығарылсын. Траншеяның түйіскен жеріне
орналасайық,— дедім.
—
Бұзылып қалған орталық бекіністі енді атпас. Мен байқап келейін! —деді Володя.
—
Бар...
Отырған ұямыздың көзі сығырайып, қараңғыланып барады. Көзің сығырайған соң, көрер
дүниенің де апшысы тарылып, алақандай ғана жер көрінеді. Кеше кешке Егор су алуға
барған бұлақ суы күміс теңгедей болып, күнге шағылысып жатыр. Орал суы қандай
жарқырайтын еді, шіркін, деген ой келе қалыпты. Каспий қандай шалқып жататын еді!..
Батыс пен шығысымыздан зеңбіректерімен атқылап жатып, жау солтүстігімізден жаяу
әскерін жіберіпті...
—
Солтүстіктен төбеге өрмелеп келеді,— деді Самед.
—
Траншеялардың түйіскен жерінде, төбеде тосамыз! Гранаталарды сол араға шығар!
—дедім.
Ақтық минуттарымызға арналған «граната» деген сөз де айтылып кетті...
Володя жүгіріп келіп:
—
Десант! Десант!—деді де, кірпіктерін қағып-қағып жіберді.
—
Теңіз бетінде айқас!.. Қара теңіз өртеніп бара жатқандай,— деген айғайлар әр
жерден шығып қалды.
Төбеге шығып алып, бірімізге-біріміз:
—
Десант, десант!—деп айғайлаймыз. Бәріміз көріп тұрған нәрсені бірімізге-біріміз
нұсқап көрсетіп жатырмыз...
Біздің төбе алыстан қараған адамға тұтана бастаған жанартау сияқты көрінетін болу керек.
Төбеміздегі шаң топырақтан аспан көрінбейді. Дәл үстімізге нөсер бұлты келіп қалғандай
түнеріп тұр. Топырақ шаңы етек жақта сирегірек. Теңіз бетіндегі айқастың от-жалыны
көрінбегенмен Қара теңіз ескі айнадай көмескіленіп болса да көрініп жатыр. Осы шаң
боранда бізді желкеден басқалы, сол жағымыздан жаудың жаяу әскері өрмелеп келеді.
—
Шыда, Самед!.. Вася, оң жағыңа қара!..
—
Отан үшін, ел үшін!..
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |