Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 219 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 220 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 221 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 224 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 227

 

Стр. 229

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

«Шығыс бағыттағы» Володя телефонмен айғайлап жіберді:

Келіп қалды, келіп қалды, жолдас командир!—деп екі қайырып,— біздің

самолеттер!—дегенді артынан қосты. Маған «келіп қалды» мен «біздің самолеттер»

дегеннің арасында бір шошынып, бір қуанып үлгіретін көп уақыт өткендей көрінді.

Әуелі аспан ақырын шымырлап қайнай бастағандай болып, лезде құйын келе жатқандай

гуілдеп кетті. Жарқылдап аққан найзагер ұшқыр самолеттердің ортасында тізбек ауыр

самолеттер келе жатыр. Жерден тырнадай өpe көтеріліп, жау самолеттері де қарсы

ұмтылып барады. Екі жақтың ұшқыр самолеттері шығыс жағымызда кездесіп қалып,

атысқа кірісті. Кейде «қап!..» деп қаласың да, кейде қуанып айғайың да шығып кетеді.

Бұл кезде дәл Керчьте немістің баяғы күші болмаса керек. Аспандағы айқас әуелі

солтүстікке қарай ойысып еді, ұзамай батысқа қарай ауып кетті.

Есіңде ме, Костя? Қырық бірінші жылы жаудың «қоқыр аласы» қандай ежет

түйілуші еді! Енді жөндеп айқасуға да шыдамауға айналыпты!— дейді Володя көзін

аспаннан алмай.

Біздің ауыр самолеттер еңкейіп келіп, төбенің айналасын төмпештей бастады. Окоптар

аударылып қалып, аяқ-қолы сереңдеп ұшқан денелер көрінеді. Бомба гүрсіліне үн қоса

Петр да гранаталарын қыза лақтырып жатыр. «Сәлем!» дегенді айтқым келіп, аспанға

қызылды-жасылды ракета атқыздым. Бізге шұғыл төніп қалған қауіп-қатер де біржола

ауып кеткендей, айналамыз жым болыпты...

Ауыр самолеттер төбемізге қайта айналып келіп «жау қайдалап!» жүрген сияқтанады. Біз

өзіміз байқаған қой» маларды нұсқап, қызылды-жасылды оқтармен сезікті жерлерді түртіп

көрсеттік. Жақын майданды ракеталарымызбен ымдадық...

Жылан ініне барып кірді!— деседі тұс-тұсымнан.

Көріп отырмын. Демалыңдар...

Осы қысылыста да Шеген бізбен бірге айқасып жүр-ау деген ой келеді. Әрбір оқыс

қимылдар, өжет түйілген самолеттер Шегендікі сияқтанып кетеді. Сен аспанда, мен

жерде, бірге айқасып, қатар алысып жатырмыз деп айғайлағым келеді.

Менің ойымды Шеген де сезінетіндей, айналамыздағы қауіпті жерлерді қазбалай соғып,

аударып кетіп жүр. Қорықпа, бауырым, қорғаның берік, сені ешкімге бермейміз дегендей

болады.

Бізде бекініс алатын күш жоқтығын сезген жау бейғам отырған күйін өзгерте алмай қалған

сияқты. Аспандағыны ататын зеңбіректері дүркіретіп-ақ атып жатқанмен құлатқан

самолеттері көп бола алмады.

Аспан қырандары, қасымызда бұғып тұрған танкіні төңкере кетіңдер... Анау

окоптарда жау бұғып қалды. Қазір бізге қайта ұмтылады... Қыра кетіңдер!— деп айғай

салғың келеді.

Самолеттер кетіп қалды. Қия жартастың жалғыз қорғаушысы болып тағы да өзіміз ғана

қалдық.

Кешке дейін жау бізді талай торлап келсе де, ала алған жоқ. Бекінісіміз әлсіз жеріне оқ

дарымайтын етіп жасалыпты. Кейде өзіміз құтыламыз; кейде әлдеқайдан жарқ ете түскен

ұшқыр самолеттер құтқарып кетеді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)