Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 217

 

Стр. 219

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

қимылсыз, үнсіз отыр. Аттанғаннан бергі шаршағандығымыз енді ғана еске түскендей,

жауынгерлер, әлдеқандай ауыр ойға кеткендей, өз ішіне үңіліп кетіпті.

Күні кеше ғана енді осы етіктерімізбен Берлинге жетерміз деп қалжыңдасып едік. Енді,

міне, совет дүниесінен тыс, жат дүниенің қараңғылығына көз үйрене алмай, жүдеу

отырмыз. Бекіністің ішіндегілер де, сыртындағылар да осы күйде. Жауынгерлер еш

нәрсені елемей, ұйықтағысы келгендікті көрсетеді... Айқаста сергек болу үшін ұйықтап

алу керек. Екі сағатта бір ауыстырып тұрған күзет кезегіне қазір басқалар барады. Бірақ

ешкім үйықтай алған жоқ. Ұйықтаған боп жатқандар жай жатыр, ойда жатыр...

Хожа Насреддиннің бір айтқаны бар еді: сен не ойласаң, жауың да осыны ойлайды

деп еді... Володька, сен не ойлап отырсың?— деді Самед, мұндай мұңайысты көтермейтін

әдетімен.

Ұйықтап жатқанда оятып алсаң да, қалжыңдаса кететін әдетімен:

Жау бізді торға түскен торғайдай көріп, қазір келіп қалтасына салып алып жүре

бермекші... Соны ойлап отырмын,— деді Володя.

Ай-яй-яй!— деді Самед, басын шайқап.—Жауды еш уақытта өзіңнен гөрі ақмақ

санама деген қайда?.. Ақмақ болса, түн бойы неге тырп етпей жатыр? Олар біздің қанша

екенімізді біліп алғылары келіп үндемей отыр деп ойламайсың ба?.. Мынау

қараңғылықтың іші толған бізге қадалған кез, түрілген құлақ болар...

Оны сен қорыққаныңнан айтасың, Самед...

Жоқ, Володька... Келіншек алып, ер балаң болатын болса, менен оған сәлем

айтарсың: Хожа Насреддин — жау қорықсын десең, ең әуелі өзің қорықпа, құйрығын

қысып алған ит таланбай қалмайды деген...

Осы біз туралы айтқаны бар ма?— дейді Вася.

Самед мүдірместен:

Осыны тап бізге айтыпты!..— дейді.

Егор көптен бері бір түсіне алмай жүргенін анықтап алайын деген пішінмен:

Сенің қожаң соғыста болған ба өзі, жоқ па? Командир ме бір, комиссар болған

ба?— дейді.

Е-е-й, Егор, Егор...— дейді Самед.— Осы аңқаулықты қоймасақ, екеуміз бір күні

күлкі боламыз ғой... Хожа Насреддин әрі солдат, әрі командир болғанын әлі ұққан

жоқпысың? Ол мыңдармен жалғыз соғысқан!.. Оны жеңген жау болған емес!..

Бұрын Хожа Насреддинның атын естімеген Егор, оның кім екенін әлі айыра алмай жүр.

Өзім қазақ болғанмен Самед айтқан Хожа Насреддинға мен де бірталай таңданып жүрдім.

Әуелі Самед ылғи Хожаның өз сөздерін айтатын шығар деп қалып ем, бара-бара өзгере

беретінін аңғардым. Талай естіген әңгімелерім Самедтің айтуында мың құбылып,

замандардан аттап етіп, кейде тіпті ұзап алға шығып кетеді. Қытай, Индия, Америка

елдеріне барып палау жеп отырып:

Жолдастар, біздің тәжірибеден мынаны алсаңдаршы!..— деп аяғын еркін көсіліп

қояды...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 219 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)