Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 211

 

Стр. 213

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұл хал қас қаққанша өтіп кететін, көз ілеспес қана бір кез екен. Шірене толқындаған теңіз

екеумізді де жоғары алып шығып, жағаға қарай айдап әкетті. Бастағы пилотка, иықтағы

қоржын сияқты жеңілдердің бәрін сыпырып алып, домалатып айдап жағаға лақтырғалы

келеді.

Аяғым жерге тие бергенде, арт жақтан соққан тағы бір толқын мені алып ұрды да, сүйреп

ортаға қарай қайта әкетті. Екінші бір толқын қағып әкетіп, домалай-домалай жұмырланып

қалған жаға тастарының үстіне ырғытып жіберді. Келер толқын етегіме жармасқанша,

жан-дәрмен дегенді түгел салып, құрғаққа шықтым. Қара теңіз қапылыста қауып бір

қалып, оп-оңай жұта алмаған соң, қанға құсып жағаға лақтырып кетті білем...

Кезімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен. Автоматымды алып,

оңтайлай бастадым...

Отставить! — деді ақырын ғана Мирошниктің дауысы...

Теңіз толқынынан әркім өзінше құтылып, толқынмен лықсып кеп жағаға түсіп жатыр.

Самед бөренедей серейіп, Володяның үстіне түсіп еді, түскен бойы қолдары Володяның

алқымын тауып алып, езіп тастай жаздады.

Бұл өзім—деп, үш рет құлағына айғайлап, әрең айырып алдым.

Нама боп кетіпті бұ?— деп, Самед айран-асыр болып отырып қалды.

Судан кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды көргенде әр түрлі асығыстық істеді.

Бірақ жау қолына түсіп қалдым ба деп «берілем!» деген біреуі болған жоқ... Қойны-

қонышы мұздай суға лық толып, местей бүлкілдеп жүріп, жастығын ала өлгілері келіп

жүр. Мыңда бір кездесетін, қапылыста келген ауыр сыннан ешкім сүрінбей өтті. Неге

екенін түсінер жай жоқ, жиырма жігіт үнсіз бір құшақтасып та қалыппыз. Киімдерден

шұрылдап суық су ақса, көзіңнен тамған тамшылар ыстық-ақ еді.

Жау жақ алдымыз биік жар қабақ екен біз соның тап астынан шығыппыз, теңізге қарасақ,

келе жатқан жалғыз қайық жоқ... Жарқырап аққан пулемет оқтары мен ракета жарығының

теңіз ортасына қарай ауғанына қарағанда, біздің полк шегініп кеткенге ұқсайды. Жағаға

жете алмаса, теңіз бетіндегі айқасқа кіре кетуге бұл полктың әзірлігі де жоқ еді. Ондай

дарақы «жан қиярлық» біздің жақтың арманы да емес еді.

Қабақты шолып керсек екі пулемет теңіз бетін жалқау ғана атқылап отыр. Біздің жайды

әлі ешкім білмеген сияқты. Көп қайықтың кейін бұрылғанын көріп отырған немістер,

жалғыз-жарым қайық жағаға келуге батылы барар деп ойламаған. Екі пулемет анда-санда

бір үн беріп, марғаулана бастапты. Жақын ауылдың иттері таласып жатқанда, тұмсығын

бүйірінен көтермей жатып қана, анда-санда бір мыңқ етіп қоятын иттер болушы еді, тап

сол сияқты.

Мынау жаға жұмақ екен... Тек палауы ғана жоқ...— деді Самед.

Палаусыз-ақ ішеміз де!—деп, әркім сауытын аузына апарып жатыр.

Әлдеқайда оң жағымызда көп зеңбірек барлығы байқалады. Жүн сабалағандай дүркіретіп,

жиі-жиі атады. Манаты қарбаласта миномет, пулеметтер қосыла арсылдасып еді, енді сөз

құлаштап ұратын зеңбіректерге беріліпті. Бұ да біздің, полктың кейін бұрылғанын

көрсетеді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)